Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары



бет124/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары

Криминалистикалық тіркеуге келесідей объектілер алынады: белгісіз қылмыскерлер – жазадан бас тартып тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрген; қамауға алынған айыпкерлер; қайыр тілеу мен босқындап жүруіне байланысты ұсталған тұлғалар; қылмыс жасаған, бірақ қоғамдық ықпал немесе жағдайдың өзгеруі бойынша шаралар қолдануға байланысты қылмыстық жазадан босатылған тұлғалар; сотталған адамдар; хабар-ошарсыз кеткен тұлғалар; өзі жөнінде мәліметтер беруге жағдайы жоқ, балалар және қарттар үйіндегі, емдеу мекемелеріндегі науқас адамдар; танылмаған мәйіттер, қылмыс салдарынан және аяқ асты қайтыс болған тұлғалар; ұрланған, жоғалған, алынған және өз еркімен өткізілген атыс қарулары; ашылмаған қылмыстық істер бойынша оқиға болған жерден табылған қару-жарақтар, патрондар, оқтар, бытыралар, гильзалар; ұрланған және іздестірілмеген, сондай-ақ ұсталған тұлғалардан алынған заттар; қылмыспен байланысты нөмірленген заттар (фотоаппараттар, бейнекамералар, сағаттар, ұялы телефондар және т.б.); анықталмаған автомотокөлік құралдары; жалған ақшалар; баспаханалық әдіспен, компьютерлік және басқа да көбейткіш құралдарымен жасалған жалған құжаттар (диплом және т.б.); есірткі немесе күшті әсер ететін емдеу дәрілерін алу үшін жасалған жалған рецептер; жасырынудағы қылмыскерлерге тиесілі күші жойылған, ұрланған құжаттар; оқиға болған жерден алынған иіс іздері; ұрланған және іздестірудегі, болмаса қылмыскерлерден алынған, сондай-ақ қаңғып жүрген малдар (пригульный скот); ашылмаған қылмыстар бойынша оқиға болған жерден табылған қол іздері; осындай істер бойынша табылған бұзу құралдары мен қарулардың іздері; теміржол көліктеріндегі жүктер мен заттарды ұрлау фактілері; ашылмай қалған қылмыстарды жасау әдістері және басқалары.


Криминалистикалық тіркеу жүргізу кезіндегі бекітудің негізгі әдістеріне – ауызша суреттеу, фотосуретке түсіру және дактилокөшірілімдерді жасау жатады. Соңғысы тіркелетін тұлғалардың қол саусақтарының бедер іздерін алу арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу ақпараттарын сақтау үшін қолданылатын әдісіне байланысты - картотекалар, фотоальбомдар, іздердің коллекциялары пайдаланылады.
Қазіргі кезде тәжірибеде қылмыстық тіркеуге электронды-анықтауыш техникалары да қолданылады. Оны пайдалану кезінде тіркемелік мәліметтер белгілі бір кодпен жазылады және олар компьютерге енгізіледі.
Тіркеу бойынша тексеру кезінде негізінен мынандай мән-жайлар анықталады. Криминалистикалық тіркеудің міндеттеріне келесілер жатады:
а) көрсетіліп отырған тұлға тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса, оның жеке басын (тұрғылықты мекен-жайы, бұрын сотталғандығын, қылмыс жасау түрі мен әдісін, жазасын өтеу мерзімі мен орнын, ісі қысқартылғандығын, іздестіруде жүргендігін, қайыр тілеу мен босқындап жүргендігі үшін ұсталғандығын, сыртқы белгілерін, шұғылданған кәсібін, басқа да бейімділігін, мысалы: есірткіге немесе ішімдікке) сипаттайтын мәліметтер;
ә) қандай да бір тәсілмен жасалған, ашылмаған қылмыс ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; сезікті туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;
б) атыс қаруы кімнің атынан тіркелген; ол ұрланған емес пе; қылмысты жасау кезінде пайдаланылған жоқ па;
в) бұл қарудан атылған оқ және табылған гильза немесе патрондар тіркеуде тұрған жоқ па; олар қашан, қайдан және кімнен алынды;
г) осы адаммен қалдырылған және ұсынылып отырған қол саусақтарының іздері тіркеуде тұрған жоқ па; бұл адам туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;
д) танылмаған мәйіт тіркеуде тұрған жоқ па, хабар-ошарсыз кеткен тұлғамен кімнің және қандай адамның сыртқы бейнесі ұқсас;
е) осындай әдіспен жасалған және ұсынылып отырған жалған ақша белгілері тіркеуде тұрған жоқ па; оларды жасаушылар туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;
ж) автомотокөлік құралының нақты иесі кім; автокөлік иесіз емес пе; автокөлік қандай да бір жол-көлік оқиғасына қатысы бар ма;
з) ұрланған ретінде көлік құралының техникалық құжаты тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса ол кімнің атында тіркеуде тұр, ұрлануы туралы қандай мән-жайлар бар;
и) жүргізуші қандай да бір жол-көлік оқиғасына қатысты емес пе, ол әкімшілік жауаптылыққа тартылған жоқ па;
к) белгілі бір куәлік ұрланған куәлік ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; бұл куәліктің иесі іздестірілуде ме;
л) мұндай баспаханалық құжат немесе осы әдіс бойынша есірткі заттарын алу үшін жасалған рецепт тіркеуде тұрған жоқ па; осындай құжаттарды жасайтын нақты тұлғалар туралы мәліметтер бар ма;
м) белгілі бір нөмірленген зат немесе оның бөлшегі (бейнекамера, фотоаппарат, ұялы телефон, автокөлік двигателі және т.б.) тіркеуде тұрған жоқ па; оның иесі жайлы қандайда бір мәліметтер бар ма;
н) қандай да бір сыртқы белгілері бойынша жеке басы анықталмаған адам науқас ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; қандай да бір белгілері бойынша жеке басы анықталмаған науқас тұлға хабар–ошарсыз кеткендер қатарында тіркеуде тұрған жоқ па; бұл жеке басы анықталмаған тұлға кім (оның қол саусақтарының іздері дактилоскопиялық картотекаларда бар ма);
о) теміржол транспортымен тасымалданған жүктер ұрланған заттар қатарында тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса, олардың: ұрланған уақыты, табылған жері, ұрлау тәсілі, оның (буып-түйілуін қосқанда) нақты сипаттамасы, қылмыстық істің нөмірі, істі қозғаған орган, заттардың қайдан табылғандығы және кімнен алынғандығы туралы мәліметтер бар ма.
Тексеруге байланысты жіберілетін сұраулар тиісті ақпараттық –іздестіру картасының тіркеу бланкілеріне тексерілетін объект жөніндегі мәліметтері толық көрсетіле отырып жазылады.
Кейбір жағдайларда заттарды тексеру үшін міндетті түрде тексерілетін объектінің өзін жібереді. Мысыалы: ақшалай белгілерді, қару, патрон, оқ, гильзалар, саусақ іздері және т.б.
Сұрауларды құрастыру қала аудандық ішкі істер органдардағы тіркеуді жүргізетін, сонадай-ақ қылмыстық–іздестіру бөлімшелерінде жұмыс істейтін тиісті полиция қызметкерлеріне тапсырылады. Орталықтандырылған тіркеу орталығы дұрыс нәтиже бере алмаса, сұраулар жергілікті тіркеу бойынша тексеруге жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет