Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


II-ТАРАУ. ҚÛËÌÛÑÒÛҢ ÊÐÈÌÈÍÀËÈÑТИКАЛЫҚ ÑÈÏÀÒÒÀÌÀÑÛ



бет175/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

II-ТАРАУ.
ҚÛËÌÛÑÒÛҢ ÊÐÈÌÈÍÀËÈÑТИКАЛЫҚ ÑÈÏÀÒÒÀÌÀÑÛ


§1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері

Қылмыстарды тергеудің жекелеген әдістемесі олардың криминалистикалық сипаттамасымен тығыз байланысты. Көптеген ғылыми мақалаларда, ҚР-ның және жақын шетелдердегі қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларда криминалистер аталған түсініктерге байланысты өздерінің пікірлерін дұрыс деп есептейді.


Алғаш рет “криминалистикалық сипаттама” түсінігі Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры П.И. Люблинскиймен 1927 жылы ұсынылды. Ол криминалистикалық сипаттаманы криминалистикамен қатар, сот медицинасы, криминалдық психологиядан құралатын ілім ретінде қарастырды. Осылардың негізінде қандай да бір оқиғаның криминалистикалық сипаттамасы қалыптасуы қажет. Ол үшін П.И. Люблинский “не, қайда, қашан, кім, кімнің көмегімен, неге, қандай әдіспен” деген классикалық рим формуласын қолданды.
Осы кезден бастап, кеңестік криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесін зерттей және жалпылай отырып, жекелеген қылмыс түрлеріне тән белгілермен, бірқатар заңдылықтарды анықтады.
1966 жылы В.А. Сергеев криминалистикалық өзгешеліктері бар қылмыстардың ерекшелігін криминалистикалық сипаттама деп атауды ұсынып, бұл түсініктің күрделі құрылымға ие екендігін атап көрсетті.
1967 жылы А.Н. Колесниченко барлық қылмыстарға криминалистикалық маңызы бар жалпы белгілер тән екендігін айтты. Профессор С.П. Митричев қылмыстарды зерттеу кезінде криминалистикалық маңызы бар типтік белгілерге назар аудару қажет деп есептеді. Аталған зерттеулердің әрқайсысы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының элементтерін өз тұрғысынан бөліп көрсетті.
1974 жылы криминалистика кафедра меңгерушілерінің бүкілодақтық семинары болып өтті. Аталған семинарда барлық қатысушыларға жекеленген қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасын оқып зерттеу, сондай-ақ оны тергеу әдістемесінің құрамдас бөлігі ретінде қарау және криминалистиканың оқу бағдарламасына енгізу ұсынылды. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы – криминалистикадағы жеке теориялық ілім болып табылатындығын атап өткен жөн.
Барлық криминалистер криминалистикалық сипаттаманы қылмыстың ақпараттық үлгісі (моделі) және қылмыстардың белгілерінің жүйесі ретінде қарастырады. Криминалистердің пікірлері бойынша, криминалистикалық сипаттаманың тәжірибелік маңызы – оның ғылыми негізделген нұсқауларды жасауға, тергеушінің дұрыс бағытталған қызметін қалыптастыруға, тергеудің неғұрлым обьективті жолдарын, әдіс-тәсілдерін таңдауға, сондай-ақ жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикасын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде.
Криминалистикалық сипаттама түсінігінің күрделілігіне байланысты барлық криминалистердің көзқарастары бірдей. Дегенімен де, криминалистикалық сипаттама қандай элементтерден тұратындығына келетін болсақ, ол элементтердің саны жөнінде бірыңғай ойлар қалыптаспаған. Криминалистикалық сипаттама түсінігі мазмұнының күрделілігін оңай дәлелдеуге болады, бірақ оның құрамына қандай элементтерді енгізу туралы осы уақытқа дейін біртұтас көзқарас айтылмаған. Криминалистикалық сипаттама түсінігінің қалыптасуының алғашқы кезеңіне кейбір авторлар оның қатарына қылмыстың қылмыстық-құқықтық, процесуалдық сипаттамаларын енгізеді. Атап айтсақ, И.А. Возгрин криминалистикалық сипаттама осы екі сипаттамадан құралу қажеттігін ерекше атап көрсеткен. Дегенмен де, кейінірек ол өз көзқарасын өзгертіп, төмендегілерді криминалистикалық сипаттама элементтері қатарынан шығарып тастады.

  1. бастапқы ақпараттың сипаттамасын;

  2. қылмыстық қол сұғушылықтың пәні туралы мәліметтерді;

  3. қылмысқа дайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері мен олардың қылмыстық әрекеттерінің зардабы жөніндегі мәліметтерді;

  4. қылмыскер мен жәбірленушінің тұлғалық ерекшеліктері туралы мәліметтерді;

  5. қылмыстың неғұрлым кеңінен тараған ниет-себептері туралы жалпылама мәліметтерді;

Р.С. Белкиннің, И.Ф. Пантелеевтің, А.Ф. Савкиннің пікірлері бойынша, түрлік криминалистикалық сипаттаманы қалыптастыру кезінде қылмыстық-құқықтық сипаттаманы ескеру қажет деп санайды. Бірақ бұл қылмыстық-құқықтық сипаттаманы криминалистикалық сипаттаманың құрылымына енгізудің негізі болып табылмайды. Осы пікірді профессор Г.А. Мозговых та ұстанады. Оның ойы бойынша, дәлелдеу пәні туралы мәселеге де көңіл аудару қажет. Бұрынырақ криминалистикалық сипаттама туралы ілім қалыптаспай тұрып, жеке әдістемеге дәлелденуге жататын мән-жайларды енгізу дұрыс деп есептеген. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын жеке әдістемеге енгізгеннен кейін дәлелдеу пәні арқылы криминалистикалық маңызы бар белгілерді айқындаудың қажеттілігі жойылды.
И.Ф. Пантелеев, А.Ф. Савкиндер өз еңбектерінде: “дәлелдеу пәні мен түрлік криминалистикалық сипаттама – әр түрлі түсініктер” деп өте орынды көрсеткен. Дәлелдеу пәнінің түсінігі сот дәлелдемелер теориясына тән және ол дәлелденуге жататын маңызды мән-жайлардың қажетті жиынтығын көрсетеді. Дәлелдеу пәні мен криминалистикалық сипаттама арасында дәлелдеу теориясы мен қылмыс туралы ілім арасындағыдай байланыс бар.
Қазіргі уақытқа дейін криминалистикалық сипаттама элементтерінің саны туралы бірыңғай көзқарас жоқ. Бірақ типтік криминалистикалық сипаттамада мынадай элементтерді бөліп көрсетуге болады:

  • қылмыс жасау тәсілі;

  • қылмыстық қол сұғушылықтың пәні;

  • қылмыскер мен жәбірленушінің ерекшеліктері;

  • қылмыс механизмі, т.б.

Криминалистикалық сипаттаманың осы және өзге элементтері түрлік криминалистикалық сипаттамада неғұрлым жан-жақты қарастырылса, соғұрлым бұл түсінік тәжірибеде үлкен бағаға ие болады.
Криминалистикалық сипаттама – қылмыстарды табу, тергеу және алдын алудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс анықтауға ықпал ететін қылмыс туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнына белгілі бір категориядағы қылмыстарды жасаудың элементтері, осы элементтердің арасындағы криминалистикалық маңызы бар байланыстар туралы мәліметтер жатқызылады. Криминалистикалық сипаттаманың ақпараттық негізін тергеу тәжірибесін зерттеу нәтижелері құрайды.
Криминалистикалық сипаттама туралы ілім – криминалистикалық әдістеменің құрамдас бөлігі болып табылады. Криминалистикалық сипаттаманың жалпы ережелері – криминалистикалық әдістеменің жалпы теориялық бөлімінің маңызды жағы. Ал жекеленген қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасы осы қылмыстарды тергеудің криминалистикалық әдістемелерінің құрылымдық элементі.
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімді қалыптастыру – криминалистика ғылымының дамуына да, тергеу тәжірибесінің одан әрі жетілдірілуіне де ықпал етеді.
Криминалистикалық сипаттаманы тәжірибелік қолданудың негізгі бағыттары:

  • қылмысты ашу, болжаулар жасау:

  • қылмыскер тұлғасы туралы болжау жасау;

  • қылмыс туралы ақпараттың мүмкін болатын шеңберін дұрыс анықтау үшін із қалдыру механизмі туралы мәліметтерді табу жөніндегі жұмыстарды қолдану;

  • тергеушінің тергеу әрекеттерін (сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден жауап алу және т.б.) жүргізу кезінде тактикалық әдіс-тәсілдерін анықтау үшін;

  • тиімді және дұрыс тактикалық шешім қабылдау үшін.

Әрі қарай, криминалистикалық сипаттама тергеу әдістемесінің барлық мазмұнына енгізіледі және қандай да бір жеке тергеу ұсыныстарын негіздеу үшін қолданылады деп ойлауға барлық негіз бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет