Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері



бет181/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Қылмыс жасау жағдайы

Қылмыс оқиғалары обьективтік шындық процестерімен және қылмысқа қандай да бір қатысы бар тұлғалардың жүріс-тұрысымен өзара байланысты болатын: уақыт, жер және қоршаған ортаның нақты жағдайларында орын алады. Қылмыс жасау жағдайларын анықтау және талдау арқылы қылмыс іздерін, куәларды, т.б. мән-жайларды анықтау жөнінде өте бағалы криминалистикалық ақпараттарға қол жеткізуге болады.
Р.С. Белкиннің анықтауы бойынша: «қылмыс жасау жағдайы – бұл нақты өмірлік жағдайлар. Оның құрамына оқиғаға қатысушылардың жүріс-тұрысы, осы қатысушылардың әрекеттеріне ықпал ететін немесе кедергі болатын әр түрлі жағдайлар кіреді».
Ал В.А. Образцов заң оқулықтарында қылмыс жасау жағдайларының мазмұнына: “қылмыс жасалған жердің, уақыттың сипаттамасымен қатар, сол жердің территориялық, климаттық, демографиялық ерекшеліктерін де енгізуді” – ұсынған.
Қылмыс жасау жағдайларының элементтерін табу және талдау тергеудің неғұрлым тиімді жолдарын анықтау үшін өте бағалы криминалистикалық ақпаратты ұсынады. Қылмыс жасау жағдайлары туралы осы және басқа да мәліметтерді талдау және жалпылау нақты қылмысты тергеу барысында қылмыскердің жұмыс орны мен мекен-жайын анықтауға көмек келтіреді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет