Қазақстан Республикасының ҚК-нің " " бабымен_______қарсы қозғалған
№ — санды қылмыстық іс бойынша жасалған тергеу
Ж О С П А Р Ы
Тергеу болжаулары
| Анықталатын сұрақтар, істің мән-жайлары |
Тергеу әрекеттері: жедел-іздестіру
және басқа да
жұмыстар
|
Орындау мерзімі
|
Орындау кімге жүктеледі
|
Шаралардың орындалу нәтижесі
|
Осы кестеде көрсетілгендей нысаңда әр болжау бойынша жеке жоспар жасауға болады. Кейбір көп көріністі істер бойынша әр көрініске жеке-жеке жоспарлар да жасалады.
Жалпы тергеу жоспарына қосымша, оны толықтыруға бағытталған, жиналған айғақ мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін жоспарлаудың басқа да түрлері қолданылады. Мысалы, көп көріністі істер бойынша тергеп отырған қылмысқа қатынасы бар әр айыпкерге "жеке есеп" карточкесі толтырылады. Онда осы айыпкерге инкриминацияланған қылмыстық әрекеттер және оның осы қылмысқа қатысқандығын дәлелдейтін деректер келтіріледі. Жауапқа тартылған қылмыскерлердің саны көп, күрделі және көп көріністі істерді жоспарлаудың "шахматты ведомость" деген түрі де жиі қолданылады.
Мұндай жағдайда бірінші бағанға осы іс бойынша жауапқа тартылған айыпкерлердің аты-жөні жазылады да, одан кейінгі бағандарға қылмыстың жеке-жеке көріністері жазылады. Айыпкер қай қылмысты көрініске қатынасты болса сол бағанға "х" деген белгі қойылады. Осы жоспарлау тәсілін төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.
Қылмысты 1 көрініс. 2 көрініс. 3 көрініс. 4 көрініс.
жасауға
қатынасқандар.
1. Айыпкердің
аты-жөні х х х
2. Айыпкердің
аты-жөні х х х
3. Айыпкердің
аты-жөні х х х
Кейбір өте үлкен істер бойынша күрделі, бірнеше торлы басқару жоспары да жасалады. Мұндай көп торлы кестеде тергеушінің бірнеше бағытта істейтін жұмыстары көрсетіледі. Оның ішіндегі неғұрлым маңызды жұмыстарды, қай бағытта және қандай тергеу шараларын орындау үстінде қандай кедергілердің, қиындықтардың кездесетіндігін алдын ала белгілеп алуға болады.
Тергеудің әр кезеңінде істелетін жұмыстарды жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Тергеудің бастапқы кезеңінде кідіртілмейтін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстарының жүргізілуі жоспарланады. Тергеудің кейінгі кезеңдерінде жоспарға кіретін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары негізінен айыпкердің жауабынан туындайтын мәселелерді тексеруге бағытталады. Ол үшін айталық, сот-сараптамасын тағайындау, тергеу экспериментін жүргізу, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тағы басқа да осыған ұқсас тергеу әрекеттерін өткізу жоспарланады.
Жалпы қылмыстық іс бойынша жасалатын тергеу жоспарымен қатар кейбір күрделі тергеу әрекеттерін, атап айтқанда, жауап алу, тергеу экспериментін жүргізу де жоспарланады. Мұндай жоспарда тергеу әрекетін жүргізгенде анықталатын сұрақтар, оны жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық тәсілдер, сонымен қатар осы тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру үшін өткізілетін басқа да ұйымдық жұмыстар көрсетіліп, белгіленеді. Мұндай тергеу әрекеттерінің жоспары жалпы тергеу жоспарының бір элементі есебінде саналып, осы жоспардағы мәселелерді шешуге бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |