Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі



бет199/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі

Ұрлық жөніндегі қылмыстық істерді қозғау үшін тек себептер ғана емес, сонымен қатар жеткілікті негіздер болуы қажет. Себептер қатарына жәбірленушілердің және ұйым өкілдерінің ұрлық жөніндегі арыздары жатады. Қылмыстық іс, сонымен қатар, ұрлықтың жасалғандығы туралы жедел-іздестіру сипатындағы мәліметтерді алу арқылы да қозғалуы мүмкін. Ұрлық жөніндегі істерді қозғау негіздеріне – ұрлықтың болғандығын куәландыратын мәліметтер және ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізу керек екендігін сипаттайтын мәліметтер танылады. Осындай мәліметтерді алу үшін жәбірленушіден, ұйым өкілдерінен және басқа да түскен арыздарды тексеру қажет. Тәжірибе көрсеткендей, ұрлық туралы арыздар мен хабарларды тексеру – қылмыстық істерді қозғау туралы сұрақтарды дұрыс шешудің, осы қылмыстарды тез арада және толық ашу мен тергеудің міндетті шарты. Ұрлық туралы арыздарды дұрыс тексермеу қылмыстық істі негізсіз қозғауға немесе қозғаудан негізсіз бас тартуға әкеп соғуы мүмкін.


ҚІЖК-ң баптарына сәйкес ұрлық туралы арыздарды тексеру үшін: жасалынған ұрлық туралы мән-жайларға қатысты толық түсініктеме алу керек (нақты қандай зат жоғалды, жоғалғандық қандай жағдайларда анықталды, жәбірленушінің ұрлық жасауы мүмкін деген адамдар туралы пікірлері). Қылмысты ашу үшін маңызы бар заттар мен құжаттар (мысалы, ұрланған сағаттың паспортын, ақша ұрланған кезде төлем карточкалары т.б.) сұралуы керек.
Тексеру шараларын жүргізу нәтижесінде ұрлықтың жасалғандығын куәландыратын мәліметтер алынса, қылмыстық іс қозғалады және тергеу жүргізіледі. Тергеу барысында келесі мән-жайлар анықталады: ұрлық орын алды ма, оны инсценировкалау болған жоқ па; ұрлық қайда және қашан жасалынды; не ұрланды; ұрланған заттың белгілері, бағасы (құны) қандай; қылмыспен келтірілген зиянның мөлшері қандай; ұрлық жасаудың әдіс-тәсілдері мен құрал-жабдықтары; кім ұрлады (орындаушы мен азғырушылар, олардың мінездемесі); ұрланған заттарды кім өткізді және қайда; келтірілген зиянды өтеу үшін не істеу керек; ұрлықтың жасалуына мүмкіндік туғызған жағдайлар.
Тергеу жоспарының негізін мазмұны ұрлықтың сипатымен, оны жасау тәсілдерімен және тергеу жүргізушіде бар мәліметтермен анықталатын болжаулар құрайды. Мәселен, мемлекеттік мүлікті ұрлау кезінде келесідей жалпы болжаулар ұсынылады және тексеріледі: ұрлық шынымен орын алды; ұрлық болған жоқ; арызданушы шатасуда; ұрлықтың жасалғандығы жалған. Оларды тексеру барысында жеке болжаулар да ұсынылуы мүмкін: ұрлық материалды жауапты тұлғаның қатысуынсыз бөтен адамдармен жасалды; ұрлық осы объектінің қызметкерлерімен, бірақ материалды жауапты тұлғалармен емес; жетіспеушілікті жасыруға тырысатын материалды жауапты тұлғалардың көмегімен бөтен адамдардың ұрлықты жасауы.
Жеке меншікті, азаматтардың жеке мүлкін ұрлауды тергеген кезде ішкі істер органдарына белгілі ұрлықшы-гастролерлер, тіркеуде тұрған ұрлықшы-қылмыскерлер, қалтаға түсушілердің қатыстылығы туралы болжаулар ұсынылады.
Ұрлық қылмыстарын тергеу мен ашудың нәтижелігі тергеушінің осы іс бойынша жұмыс істейтін криминалдық полицияның жедел қызметкерінің жұмыс сапасына, тергеу әрекеттерінің жедел-іздестіру шараларымен сәйкес келуіне байланысты. Сондықтан тергеу жоспарында тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру жолымен анықталатын мән-жайлар көрсетіледі. Осы мән-жайларды анықтауға бағытталған нақты әрекеттер тергеу жоспары мен іс бойынша жүргізілетін жедел-іздестіру шараларының жоспарларында өзара келісілініп көрсетіледі. Бұл жоспарды құру мен жүзеге асыру криминалдық полиция қызметкеріне жүктеледі. Ұрлық қылмыстарын тергеу барысында төмендегідей ситуациялар байқалынады:
1-ситуация – ұрлық жасауда сезікті адам ұсталған. Ол оқиға болған жерде немесе тікелей қылмыс жасалғаннан кейін ұсталуы мүмкін;
2-ситуация – қылмыскер ұсталмаған, дегенмен ол туралы мәліметтер бар, мысалы, жәбірленішінің туысы немесе танысы болып табылады;
3-ситуация – қылмыскер жөнінде ешбір мәлімет жоқ.
Тергеу жүргізілетін тергеу ситуациясына байланысты жоспар келесідей мәселелерді қарастыруы керек:

  • сезікті болмаған жағдайларда – ұрлық және ұрланған заттардың белгілері туралы мәліметтерді полиция органдарына хабарлау; ұрланған заттарды есепке алу және оларды өткізу жолдарына мүмкіндігінше жол бермей жабу; жасалынған ұрлық туралы мәліметтерді білетін тұлғаларды және ұрлық жасаған адамдарды анықтау; қылмыс жасалынған жерден табылған іздерді анықтау және оларды есеп бойынша тексеру; ұрлықтың мән-жайы мен оны жасаған адамдар туралы (ұрлық объектісіне кім қызығушылық танытты, қылмысты жасау үшін қолданылған құрал-жабдықтарды қолдануға кімнің мүмкіндігі болды және т.б.) қосымша мәліметтер алу; қылмыскерді іздестіру мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізу, ұрлық жасалынған мекеменің сезікті қызметкерлеріне жедел тексеруді жүргізу; инсценировкаланған ұрлықты ашуға бағытталған шараларды жүргізу;

  • егер ұрлықты жасаған адам туралы мәліметтер болса – қылмыскердің ерекше белгілері туралы жедел-қызметкерлеріне, базар қызметкерлеріне, темір жол және өзен вокзалдарындағы, аэропорт және медициналық айықтырудағы полиция қызметкерлеріне мәліметтер беру; қылмыскердің портретін жасау; жеке іздестіруді жүргізу; автоматтандырылған ақпаратты-іздестіру жүйесі (АИПС) бойынша қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтерді тексеру және есепке алу.

Сезікті белгілі болған жағдайларда жоспарланған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларының негізгі міндеті – сезіктінің орналасқан жері мен оның қылмысқа қатыстылығы туралы дәлелдемелерді анықтау болып табылады. Осы мақсатта сезіктінің туыстарына, көршілеріне заттарды (оқиға болған жерде қалдырылған, жоғалтылған) тану үшін көрсету; сезіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізу; тінту кезінде табылған заттарды алу және тану үшін көрсету; қылмыскерді әшкерелеу мақсатында сараптама тағайындау және жүргізу; сезіктіні ұстау мен жауап алу әрекеттері жүргізіледі. Ұрлықтың сипаты мен тергеу жүргізілетін тергеу ситуацияларына байланыссыз жоспарда кейінге қалдырылмайтын – оқиға болған жерді қарау, жәбірленуші және көзбен көрушілерден жауап алу, ал сезікті анықталған және ұсталған жағдайларда оның тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізу сияқты тергеу әрекеттері көрсетілуі керек. Мекемеде жасалынған ұрлық істері бойынша міндетті түрде инвентаризация және аудит жүргізу жоспарланады.
Ұрлықты тергеуді жоспарлау көбінесе қалыптасқан тергеу ситуациясына және ең алдымен тергеудің алғашқы кезеңінде сезікті адамдардың бар-жоғына байланысты.
Тәжірибе көрсеткендей қылмыстың осы категориясын тергеу кезінде анықтама органдары қылмыскерлерді қылмыс жасау үстінде ұстау жағдайлары (пәтерде, дүкенде, дәріханада, қоймаларда және өзге де материалды құндылықтарды сақтайтын орындарда орнатылған күзет сигнализациясының қосылуы нәтижесінде), “ізі суымаған қылмыстар” бойынша немесе жәбірленушіден, куәдан, көзбен көрушілер немесе көршілерден жауап алу кезінде ұрлық жасауы мүмкін қылмыскерлерді нақты көрсетуі арқылы ұстау жағдайлары кездеседі. Осындай жағдайларда жоспарлау ұсталған сезікті адамдардың тергеліп жатқан оқиғаға қатыстылығын көрсететін дәлелдемелерді анықтау мен жинауға және де ұсталған адамдардың бұрын жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруге бағытталады. Бұл істер бойынша жоспарлау болжауларды ұсынуға, тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оларды тексеруге бағытталады.
Көп жағдайларда қылмыскер қылмыс жасағаннан кейін жасырынып үлгіріп, тергеудің басында сезіктінің белгісіз болу жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда болжауларды ұсынғанда және тергеу жоспарын жасағанда қажетті дәлелдемелерді жинауға, сезіктіні анықтау мен ұстауға көңіл бөлінеді. Осындай жоспар бойынша жұмыс істегенде ең бастысы ұрлық жасауы мүмкін адамдарға қатысты болжауларды ұсыну мен тексеру болып табылады. Яғни, жасалған қылмыстың мән-жайлары ескеріліп, оларға егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі және де осындай қылмыстарды бұрын ашып тергеу кезінде жиналған тәжірибе қолданылады. Осыны есепке ала отырып, жоспарда келесі тұлғалармен ұрлықтың жасалу мүмкіндігін қарастыратын болжаулар ұсынылуы тиіс:

  • осындай қылмыстар үшін сотталғандар, күмәнді өмір сүретін (маскүнемдер, шығу тегі белгісіз заттарды сату арқылы өмір сүретіндер, үйінде қонбайтындар және т.б.) бұрын сотталмағандар;

  • қылмыс жасау мақсатында қалалар мен облыстар арасында көшіп жүретіндер;

  • бас бостандығынан айыру орындарынан қашқандар;

  • көршілес территорияларда осыған ұқсас қылмыстар жасағандар (қол сұғушылықтың объектісі мен затын таңдау ерекшелігімен, қылмысты жасау уақыты және қылмыскердің басқа да әрекеттерімен анықталады).

Тергеу жоспарында куәлардың көрсетпелерін, табылған іздерді және басқа да заттай дәлелдемелерді қолдану сұрақтары маңызды орын алу керек. Егер өз көзімен көрген куәлар қылмыскердің түрін есінде сақтап қалса, онда криминалист-мамандарға фоторобот жасап көбейтіп, оларды барлық жедел-іздестіру бөлімдеріне, учаскелік инспекторларға, патрульды қызмет қызметкерлеріне тарату тапсырылады. Егер де қылмыскерлер маскіде болып немесе қандай да бір жағдайларға байланысты олардың түрлерін көру мүмкін болмаса, онда өз көзімен көрген куәлардың сипаттауы бойынша ұқсас киімдерді таңдап (бас киім, пальто, костюм, жейде), оны манекенге кигізіп суретке түсіру (мүмкіндігінше түрлі-түсті фотосурет қолдану) және барлық белгілерін сипаттау арқылы оны іздестіру кезінде қолдану ұсынылады.
Қылмыскерлердің ерекше белгілері туралы куәлардың көрсетпелері табылған іздерді және заттай дәлелдемелерді зерттеу жолымен толықтырылуы мүмкін. Криминалистік бөлімшелерде бар әдістемелер аяқ киім іздері бойынша қылмыскердің бойының ұзындығын және жынысын, жүру ерекшелігін, аяқ киім түрін, типін, фасонын, көлемін, оның киілу және жөнделу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Қолдардың іздері бойынша олар бойының ұзындығын, жасын, із қалдырған тұлғаның алақанының және саусақтарының ерекшеліктерін анықтай алады. Ұрлық жасау кезінде қалдырылған бұзу іздері арқылы қылмыскердің бойы, дене бітімі, кәсіби дағдылары және физикалық ерекшеліктері анықталады. Қылмыс жасау кезінде көлік құралдары қолданылса, сарапшы-криминалист олардың іздері бойынша көліктің түрін, маркасын, моделін және қозғалыс бағытын анықтайды. Қалталық ұрлықтарды ашу әдістемесі осы қылмыстардың басқа түрлерінен ерекшеленеді, ал оларды тергеу айтарлықтай қиындық туғызады, өйткені қылмыскер жасырын және қысқа уақытта әрекет етеді. Ал жәбірленуші тіпті ұрлықшыны білмек түгелі кейде қай жерде, қай уақытта ұрлағанын да білмейді.
Тергеу әрекеттерінің кезектілігі ұрлықшы қылмыс үстінде ұсталған ба, әлде оның жеке басы тергеу барысында анықталатындығына байланысты. Егер қылмыскер ұрлық жасау үстінде ұсталынса, ең алдымен жеке тінту жүргізіледі, ұстау орнына қарау жүргізіледі, жәбірленушілер мен куәлар анықталады, қылмыскердің жеке басы мен тұрғылықты жері анықталады. Қылмыскерден жауап алынады, іс үшін маңызы бар заттар алынуға жатады және оларға қарау жүргізіледі, олар іске айғақты заттар ретінде тіркелуі мүмкін. Одан кейін қылмыскердің тұрғылықты жері мен ұрланған заттар жасыруы мүмкін жерлер тінтіледі. Ұрлықшы ұсталған кезде жеке тінту яғни қылмыс жасау кезінде қолданған құрал-саймандарды ұстара, ашқыштар, фомкалар, үшкірленген тиын ақшаларды, табу мақсатында жүргізіледі. Ұстау кезінде ұрланғандығы өзіне мәлім емес жәбірленушілер де болуы мүмкін, сондықтан оларға өздерінің заттарын тексеру ұсынылуы керек.
Қылмыскер ұрлық үстінде ұсталынбаса, белгісіз болса, ең алдымен жәбірленушіден жауап алынады, куәлар мен өз көзімен көрушілер анықталынып олардан жауап алынады, ұрланған заттар жатқан жерлер қаралады, қажетті жағдайларда оқиға болған жерге қарау жүргізіледі.
Ұрлықты тергеу тәжірибесі осы қылмысты инсценировкалау жағдайларының кездесуін көрсетеді. Ұрлықты инсценировкалау мүмкіндігіне байланысты болжаулар оқиға болған жерді қарау барысында негативті жағдайларды анықтаған кезде-ақ пайда болады: қажетсіз есікті бұзу белгілерінің болуы, үй-жайдың сыртқы жағында сынған әйнек бөлшектерінің болуы, кесілген ілмелі құлып табылған жағдайларда металл ұнтақтарының болмауы және сол сияқты. Мұндай болжаулар арызданушыдан жауап алу кезінде де пайда болуы мүмкін. Арызданушы ұрланған заттың көлемі, сақтау орны туралы, ұрланған заттың белгілері туралы көрсетпелер беру кезінде шатасып, қандай да бір мән-жайларды көңілге қонымсыз түсіндіруінен көрінеді.
Айтылған инсценировкаланған қылмыс туралы жорамал отбасы мүшелерінен, көршілерінен, қызметтестерінен жауап алу кезінде де пайда болуы мүмкін, егер олар арызданушының отбасындағы нашар жағдайы туралы, оның спирттік ішімдіктерді ішетіндігі туралы хабарласа, сонымен қатар, ұрланған құндылықтардың оның иелігінде тіптен болмағандығы туралы көрсетпелер берсе.
Инсценировка туралы ақпарат жедел қайнар көздерден, азаматтардың хаттарынан арызданушы жасалынған ұрлық туралы хабарламаға дейін біреумен жалған арыз беру туралы, осының алдында мүлікті сақтандыру туралы шарт жасағандығы туралы, ұрланған сымақ заттарды сату жолдары туралы сөйлескендігін көрсететін мәліметтер алынуы мүмкін.
Тергеу жоспарында инсценировкаланған ұрлық туралы болжауды тексеру мақсатында куәлардан жауап алу әрекеттері қарастырылады. Жауап алу кезінде арызданушы ұрланды деген заттарды немесе құндылықтарды сатқандығы, ол затты біреуге сыйға тартпақшы болғандығы туралы, қылмыс жасалған кезде қайда болғандығы, арызданушының өмір салты, оның байланыстары, отбасындағы қарым-қатынасы және басқа да сұрақтар анықталуы керек.
Инсценировкаланған ұрлықты тексеру мақсатында трасологиялық сараптама – бекітуші құрылғыларды бұзу механизмін анықтау үшін тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар, тергеу экспериментін жүргізуді жоспарлау керек, оның көмегімен қылмыскер пәтерге есіктегі, қабырғадағы, төбедегі тесіктер арқылы кіре алды ма және форточка, терезедегі торлар арқылы «ұрланған» заттарға ұқсас заттарды алып шығара ала ма деген мәселелерді шешуге болады.
Ұрлық қылмыстарын тергеу барысында қылмыскерлерді және ұрланған заттарды анықтау үшін жедел-анықтамалық және криминалистикалық тіркеулердің қолданылу мүмкінділігін қарастыру керек. Мысалы, егер қолдың іздері табылса, оларды тіркеудегі қолдың іздері бойынша тексеру (ішкі істер органдарының криминалистикалық бөлімшелерінде) жоспарлануы қажет. Бұл сонымен қатар, осы қылмыскерлердің бұрын жасаған қылмыстарын ашуға мүмкіндік береді. Бір тұлғамен жасалынған қылмыстар бойынша қылмыстық істерді бір өндіріске біріктіру олардың тезірек ашылуына және толық ақпарат алуға мүмкіндік туғызады. Егер «нөмерлі заттар» деп аталатын заттар (сағат, магнитофон, радиоқабылдағыш, автокөлік құралдары), бейнелену өнерінің заттары, әртүрлі коллекция заттары ұрланса, оларды сәйкесінше есепке алуды қарастыру керек. Бұл ұрлықты ашуды едәуір жеңілдетеді.
Ұрланған заттарды өткізуі мүмкін жерлерді: ломбард, базар, барахолка, темір жол, автовокзалдар және басқа да объектілер тексеруге қойылуы тиіс.
Сезіктілерді қала көліктерінде, парктерде, би алаңдарында, кинотеатрларда және басқа да қоғамдық орындарда ұстау шараларын жоспарлау кезінде қоғамдық мүмкіндіктерін осы мақсатқа қалай тиімдірек қолдануға болатыны ойластырылуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет