§3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
Ұрлық істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттері ретінде оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіден, өз көзімен көрген куәлардан жауап алу, сезіктіні ұстау және жауап алу, тінту әрекеттері жүргізіледі. Оқиға болған жерді қарау – қажетті тергеу әрекеті ретінде сапалық жағынан қылмыстың дұрыс ашылуына өз септігін тигізетін тергеу әрекеті. Қарауды жәбірленуші немесе материалды жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізген дұрыс. Ал ұрлық істері бойынша жүргізілетін оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетіне криминалист-маманның міндетті түрде қатыстырылуы қылмыс іздерінің жиі кездесіп анықталуымен байланысты.
Қылмыскерлерді және ұрланған заттарды ізін суытпай тұрып тез арада табу үшін іздестіру қызметіндегі иттерді қолдану жақсы нәтиже береді.
Техникалық құрал-жабдықтар мен әдістердің көмегімен жүргізілген қарау тергеу әрекеті тергеуді жүргізуші тұлғаға басқа жолмен анықтауға мүмкін болмайтын дәлелдемелерді алуға жол береді.
Достарыңызбен бөлісу: |