Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§4. Кейінгі тергеу әрекеттері



бет208/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§4. Кейінгі тергеу әрекеттері

Алаяқтық қылмысын тергеудің кейінгі кезеңінде тергеуші қылмыстық іс бойынша жиналған материялдарды жүйелейді және оған талдау жасайды, жоспар құрып, қажетті схемалары мен кестелерін сызып, сот сараптамасын тағайындайды, айыпкерден қосымша жауап алады және олардың қатысуымен беттестіру жүргізеді, куәгерлердің санын көбейтуге шаралар қолданады, тану үшін көрсету әрекеттерін және тергеу эксперименттерін жүргізеді. Осы аталған кезеңде тергеуші: алаяқтың кінәлілігі туралы алынған мәліметтерді тексеру; жаңа дәлелдемелерді жинау; бұрын қылмысқа қатысқан белгісіз кейіпкерлер мен алаяқтарды анықтау; қашып жүрген қылмыскерді іздестіру; алаяқтық нәтижесінде алынған ақшалай қаражаттарды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүліктер мен құндылықтарды іздестіру; айыпкердің жеке басын анықтау; алаяқтық қылмысын жасауға себеп болған жағдайларды анықтау әрекеттерін жүргізеді.


Тергеудің кейінгі кезеңіндегі тергеушінің жүргізетін тергеу және басқа да әректтерін нақтылап қарастырып өткен жөн.
Қарастырылып отырған қылмыстық істердің категориясы бойынша жүргізілетін сот сараптамасының шеңбері – алаяқтың қолданылған тәсілі мен анықталуға жататын жағдайларға байланысты өте кең.
Алаяқтарды әшкерелеу үшін, олардың қылмыс жасау кезінде қалдырған қол, аяқ іздеріне дактилоскопиялық, трасологиялық сараптама жүргізіледі. Бүтінді бөлшек бойынша анықтау қажеттігі туындаған жағдайда трасологиялық сараптама тағайындалады. Жасанды құнды бұйымдарды сатқан кезде гемологиялық сараптама жүргізеді. Қаржы-шаруашылық операциялармен бүркемеленіп жасалған аляқтық әрекеті кезінде сот-бухгалтерлік сараптама жүргізілуі мүмкін.
Қолжазба сараптамасына қолжазуды және жекеленген жазбаларды, қосып жазуды, жалпы мәтінді жазған орындаушыны анықтау үшін құжаттар жіберіледі. Мұндай жағдайларда кәсіпорындардың құрылтай шарттарына (келісімге), мәмілеге, қолхаттарға қойылған қолдары, кіріс және шығыс құжаттарындағы қосып жазу жазбалары зерттеледі.
Машинкамен басылған, баспаналық және басқа да әдістермен басылған құжаттардың қолдан жасалғандығын анықтау үшін құжаттарды техника-криминалистік зерттеу сараптамасы тағайындалады.
Құжаттарды техника-криминалистік зерттеу сараптамасы құнды қағаздардың, лицензиялардың, сертификат сараптамасының, төлем карточкаларының, банктік және қаржылық-бухгалтерлік құжаттардың, поспорттар мен куәліктердің жалғандығын және оларды жинау әдістерін анықтайды. Жалған құжаттарды жасаған кезде немесе оны пайдаланған жағдайда техникалық құралдарда (ксерокстер, факс-модемдер, принтерлер) зерттеудің обьектісі болуы мүмкін.
Әртүрлі ақпараттарды жинау, жүйелендіру үшін автоматтандырылған құралдарды, бухгалтерлік есепті басқару жүйесіне енгізіп ЭЕМ-ді (ЭВМ) қолдану кеңінен таралып отыр. Заңды тұлға атынан жасалатын әрекеттерде ЭЕМ-ді (ЭВМ) жиі қолданады, сондықтан да алаяқтық қылмысын тергеу үшін акционерлер мен салымшылардың компьютерге енгізген қаржы операциялары мен жиналған ақша қаражаттары жөніндегі мәліметтерді тексеру қажеттілігіне байланысты компьютерлік-криминалистік сараптама тағайындалады. Сараптаманың бұл түрі ЭЕМ (ЭВМ) қолданушысын және программистті анықтауға, ақпараттық өзгерісті қалпына келтіруге, рұқсат етілмеген әдісті қолдана отырып компьютер жүйесіне кіру фактісі мен әдісін анықтауға мүмкіндік береді.
Айыпкерден қосымша жауап алу тергеудің алғашқы кезінде бұрын белгісіз болған көріністер бойынша берген түсініктемелерін нақтылау және анықтау мақсатында алғашқы ұсынған құжаттары туралы түсініктерді, сондай-ақ сот сараптамаларының қорытындысы бойынша түсініктер алу үшін жүргізіледі.
Айыпкер мен алаяққа қатысқан басқа да қатысушылардың берген жауаптарында қарама-қайшылық туындаған жағдайда беттестіру әрекеті, сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттері жіргізіледі.
Тергеу эксперименті кезінде айыпкердің алаяқтық механизмі құрамына кіретін әрекеттерді және басқа да операцияларды жасау мүмкіндігі терсеріледі. Оларға: жалған құжаттар мен көмекші техникалық құралдарды дайындау; жәбірленушінің жеке мүлкін иеленуге байланысты жасалған айла әрекетті немесе басқа да әрекеттерді бақылау мүмкіндігі жатады.
Келтірілген материалдық шығынның орнын толтыру және мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеуші тінту жүргізіп, мүлікке және почта-телеграф жөнелтілімдеріне тоқтам салады, мекемелер мен ұйымдарға сұраулар жіберіледі.
Айыпкердің иелігіне жататын тұрғын-жайларды іздестіруші қатарына, тұрғын-жайларды бөлетін және оларды тіркейтін бөлімдер, техникалық инвентаризация бюросы, нотариалды кеңселер, жылжымайтын мүлікті, тұрғын-жайларды жекешелендіру қорының бөлімдері кіреді. Ауылдық жердегі жеке меншік үй, саяжай, коттедж, жер учаскелері жергілікті атқару органдарымен анықталады. Көлік құралдарын сату, сатып алу, иелену, пайдалану жөніндегі мәліметтер МАИ-лары арқылы анықталады. Ал транспорт құралдарын шетелден әкелу жайлы мәліметтерді кеден комитетінен анықтап білуге болады.
Акционерлік қоғамдар өздері шығаратын акциялар мен олардың сертификаттарын, банктік-чектер мен жинақ кітапшаларын, депозиттік сертификаттар мен несиелік карточкаларды, вексельдерді есепке алады.
Салық инспекциясы арқылы айыпкердің жылдық табысы туралы декларацияны өткізгендігі және ол қандай мүлікке немесе көлік құралына байланысты салық төлегені жөніндегі мәліметтер анықталады.
Айыпкердің шетелде жылжымайтын мүліктері және шетелдік фирмалар мен банктерде салынған салымдары бар, не жоқ екендігі туралы мәліметтерді тергеуші Қазақстан Республикасы ІІБ-ң Интерполының Ұлттық орталық бюросы арқылы анықтайды.
Айыпкерге тиесілі мүлік анықталған жағдайда сот шешімі шыққанға дейін, оның сақталуына шаралар қолданады.
Бағалы заттар мен ақшалар Ішкі Істер органдарының қаржылық-бөлімшелеріне сақтауға беріледі, автокөліктер жол полициясының арнайы тұрақтарына қойылады. Тұрғын-жайларындағы жиһаздар мен өзге де заттар, мүлікке тоқтам салу туралы тізімге тіркеледі. Бағалы қағаздар, оларды шығарған эмиттерге міндетті түрде айыпкердің есептік пластикалық карточкасы бойынша тоқтата тұруды хабарлай отырып алынуға тиіс.
Айыпкердің есептік карточкасы бойынша банктік және қаржылық ұйымдарға «стоп листі» арқылы төлемдерін тоқтатуын талап етуі мүмкін.
Банктік есебінде ақшалай немесе валюталай қаржысы болса, оларға тоқтам салу туралы қаулы жіберіледі.
Сонымен қатар, алаяқтық басқа да заңды және жеке тұлғаларға жалға берген мүліктері мен кепілдікке берудің обьектілеріне, яғни заттарға да тоқтам салынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет