Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы



бет195/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы


Типтік ситуациялар – тергеу әдістемесінің ерекшеліктерін (типтік тергеу болжауларының, типтік мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу құралы мен тәсілдерін) алдын ала анықтауға мүмкіндіктер беретін, тәжірибеде барынша жиі кездесетін тергеу ситуациялары.
Нақты ситуацияны тексере отырып, тергеуші типтік мәселелерді шешу жөніндегі білімді қолданады, шындықты ескере отырып, оларды жаңа жағдайға сәйкес өзгертеді (модернизациялайды). Тергеу ситуациясын, бағалау кезінде заңмен қарастырылатын екі жағдай туындайды – шешім қабылдауға дайындалу кезінде тергеудің бағыты бойынша және тергеу әрекетін жүргізу бойынша. Жекеленген тергеу ситуациясы тергеу жағдайы (ретінде) сияқты қолда бар немесе жоқ ақпараттарға, адам өлтіру қылмысы жөніндегі көмекші мәліметтер мен дәлелдеулерге, мәліметтердің күшіне, тергеушінің өзінің мүмкіндігі мен құралдарына, қоршаған ортадағы жағдайларға және т.б. қатысты анықталады.
1-ситуация – қылмыс анықталған (ашылған), қылмыскер ұсталған және оны жеке басы анықталған. Кейде тергеудің бастапқы кезінде шынайы мақсаты мен ниеті, ал кейде оның кінә формасы да анық емес болады. Қылмысқа қатысушылар да анықталмауы мүмкін. Жәбірленушіні өлтірген кездегі әрекет құқыққа қайшы болып табылатындығы немесе табылмайтындығы алғашқыда айқын болмайды (мысалы, қажетті қорғану кезінде).
2-ситуация – қылмыс анықталмаған (ашылмаған), бірақ мәйіт бар (жасырылмаған), ешқандай инсценировка жасалмаған және ол бірден табылған немесе қылмыс біте салып көпке ұзамай табылған. Қылмыскер белгісіз. Қылмыскердің ізіне түсу мен оны ұстау бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндіктер бар. Сондықтан да типтік болжаулар да осындай ұқсас ситуацияларда болып келеді. Бұл қылмыскердің жеке басы (немесе сезіктінің араласатын ортасы) жөніндегі болжаулар, мүмкін болатын дәлелдемелер туралы болжаулар және қылмыскердің жасырынған жері жөніндегі іздестіру болжаулары.
Болжауларды тексеру үшін қылмыстық істі талдау нәтижесінде келесідей көрсеткіштердің қолдануы мүмкін:

  • 21-жасқа дейінгі ер адамдарды қасақана өлтіру қылмыстары тұрғын-үйлерден тыс жерлерде олардың таныстары мас күйінде жеке бас араздықтарына байланысты өшін (есебін) алу, жан-жалдасу немесе төбелесу кезінде жасалған;

  • 5 жастан 16 жасқа дейінгі ұл балаларды қасақана өлтіру қылмыстары тұрғын-үйлерде немесе оның жанында, олардың өз әкелерімен, өгей әкелерімен, болмаса шешесімен бірге тұратын адамдармен жасалған;

  • 23 жасқа дейінгі ер жынысты адамдарды өлтіру қылмыстарының 75%-зы жаппай демалу кезінде 17-22 жас аралығындағы оқиға болған жерден 1,5 км-ге дейінгі қашықтықта тұратын ер адамдармен (көбінде жәбірленушінің таныстарымен) жасалған;

  • 28-ден 57-ге дейінгі жастағы әйелдерді өлтіру қылмыстарының 50%-зы тұрғын жайлардан тыс жерлерде жасалған, бұл қылмыстарды олардың күйеулері немесе ашыналары мас күйінде жыныстық қатынасқа түсуге байланысты жасаған.

3-ситуация – қылмыс ашылған, жақын арада жасалған, бірақ оның механизмі белгісіз. Мәйіт табылып, оның жеке басы анықталған. Өзін-өзі өлтіргендігі, немесе бақытсыздық жағдайдан өлгендігін, немесе өзінің табиғи өлігі жөнінде көрсететін мәліметтер бар, бірақ қылмыстың ізін жасыру үшін исценировка жасау мүмкіндігі туралы күмән бар. Мұндай ситуацияларда болжаулар тергелетін оқиғаның механизмі жөнінде құрылады, содан кейін қылмыстың ниеті мен қылмыскердің жеке басы бойынша болжаулар жасалады.
4-ситуация – қылмыс ашылмаған, танылмаған мәйітті тауып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мәйіттегі жарақаттар қылмыстың жасалғандығын көрсетеді, бірақ мәйіт адам танымастай жағдайда болғандықтан, оны сыртқы бейне белгілері бойынша тану соншалықты қиын. Мұндай ситуацияларда болжаулар алдымен қылмыс құрбанының жеке басы бойынша құрылады және тексеріледі.
5-ситуация – қылмыс ашылмаған және бұрын жасалған (жасалғанына көп уақыт болған), қылмыс жасалған деп жорамалдауға болады. Себебі адам басының және басқа да мүшелерінің, сүйектері киімдерінің қалдықтарымен табылған, бірақ өлімнің себебі белгісіз (тергеудің бастапқы кезінде), қылмыс жасалған деп болжауға болады, сондай-ақ қылмыс жасалмаған, өлімнің себептері басқа да жағдайларға байланысты болған деп те болжауға болады.
6-ситуация – қылмыс ашылмаған, мәйіт бөлшектелген және бұл бөлшектер жасырылған. Қылмыстың барлық элементтерінің ішінен тек қылмыстың ізін жасыру тәсілі мен мәйіттің бөлшегі табылған жер ғана белгілі. Ең алдымен болжаулар қылмыстың механизмі мен оның құрбанының жеке басы бойынша құрылады және тексеріледі. Қылмыс құрбанының жеке басын анықтау кезінде қылмыс жасалады деп болжанылған қылмыскер жөніндегі қажетті болжаулар ғана емес, сонымен қатар оның ізін жасырғандағы туралы болжаулар құрылып тексерілуі тиіс.
7-ситуация – адам жоғалған. Қылмыс ашылмаған, оның жоғалғанына көп уақыт болған, мәйіттің табылмауына байланысты, ол өлді деп жорамалданады. Өлді деп жорамалданған құрбанның жеке басы белгілі, бірақ оған қатысты барлық басқа мәліметтер, деректер (жағдайлар) анықталмаған. Жоғалу себептері жөнінде келесідей алғашқы типтік болжаулар жасалады: біреу өлтіріп кеткен, өзін-өзі өлтірген, қылмыс жасап туыстарынан және соттан бой тасалап тығылып жүр, өліп қалды немесе ауруханада басқа біреудің атымен емделіп жатыр және т.б. Қылмыс жөніндегі болжау дәлелін тапқан кезде басқа болжаулар өздері-ақ шығып қалады. Құрбанның жеке басын, оның өмір сүру жағдайы мен басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтау – қылмыстың жасалған жері мен уақыты, мақсаты мен ниеті, сондай-ақ қылмыскердің жеке басы туралы болжаулар құруға мүмкіндіктер береді.
8-ситуация – жаңа туған нәрестенің мәйіті табылған. Қылмыс нәрестенің шешесімен немесе оған жақын басқа да адамдармен жасалуы мүмкін. Алғашқыда анықталатын мәселелер, өлімнің болу механизімін анықтау, яғни нәресте дүниеге тірі болып келді ме және оның өлімінің себебі неде (қандай). Бұл мәселелерді анықтаудан кейін міндетті түрде нәрестенің шешесін іздестіру шараларын ұйымдастыру қажет.
Адам өлтіру қылмыстарын тергеуді жоспарлаудың ерекшіліктері –тергеушілердің алдын ала тергеу барысында әртүрлі формалардағы арнайы танымдарды пайдаланулары мен жедел-іздестіру органдарымен өзара тығыз байланысынан тұрады. Жоспардың нақты мазмұны көптеген тергеу ситуациясына байланысты анықталады. Мәселен, күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған кездердегі уақыттың тығыз кезінде тергеушінің міндеті – қылмыстың іздерін бекіту мен қылмыскерді ұстауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру. Мұндай жағдайларда ең алдымен оқиға болған жерді және мәйітті қарау, қылмысты көзімен көрушілерді анықтау мен олардан жауап алу, сот-медициналық сараптама тағайындау, қылмыскерді «ізі суымаған» қылмыстар бойынша іздестіру, бөгет, тосқауыл қою шараларын жүргізу, сезіктіні ұстау кезінде одан жауап алу, куәландыру, киімдерін алу және қамау, оны тануға көрсету әрекеттері жоспарланады.
Бөлшектелген мәйіттің бөлшектері табылған жағдайларда тергеудің бастапқы кезеңіндегі тергеушінің жоспарлау шаралары қылмыс құрбанының жеке басын және қылмыстың жасалған жерін анықтау мәселелеріне тәуелді болып табылады. Жоспарда келесі мәселелер қарастырылады: мәйіттің бөлшектері мен оның табылған жері; мәйіттің мүшесі бойынша жетпеген (жоқ) бөлшектерін іздестіру; сот-медициналық, криминалистикалық және басқа да зерттеу түрлерін жүргізу; мәйітті тануға көрсету; қылмыс құрбанының, сезіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу.
Адамның жоғалуына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуді жоспарлау қылмыстың жасалу уақыты мен ол бойынша қылмыстық іс қозғалған уақыт арасындағы кеткен уақыттарды, сондай-ақ қылмыстың жасалған жеріне байланысты мәліметтерді қылмысты жасау және оның ізін жасыру тәсілдерін, айыпкердің жеке басы туралы мәліметтердің жоқтығын ескере отырып жүзеге асырады. Мұндай ситуацияларда тергеу жоспары адамның жоғалуына байланысты түскен арыздарды алдын ала тексеру нәтижесі есепке алына отырып құрылады. Істің мән-жайына байланысты тергеу жоспарына – хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрғын-жайлары мен жұмыс орындарын қарау, оның туысқандарынан және таныстарынан жауап алынады, жоғалып кеткен адам мен оны қоршаған адамдардың жеке басын зерттеуге және мәйітті іздестіруді ұйымдастыруға бағытталған шараларды кіргізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет