Оқтар келесідей түрде бөлініп топтастырылады: калибрі бойынша (кіші, орташа, ірі); құрылысы бойынша (қабықты, қабықсыз, жартылай қабықты); басқа бөлігінің формасы бойынша (үшкір қырлы, дөңгеленген, доғал, басы үшкір емес, бас бөлігі тегіс ұшты). Сонымен қатар, сауыт бұзар (бронебойная), сауыт бұзар-өртегіш, өртегіш (зажигательный), жарылғыш түріне (разрывной) топтастырылады. (РИСУНОК 32: Сурет 32. Оқтың кейбір түрлері және бөлшек атаулары: А-сүйірленген; Б-доғаланған; 1-түпкі бөлігі; 2-алдыңғы бөлігі; 3-оқтың ұшы; 4-диаметрі; 5-биіктігі) (РИСУНОК 32-1: Сурет 32-1. Оқтардың түрлері. Шартты белгілер: 1-қабығы (болат, мельхиор, томпак); 2-қорғасын; 3-алюминий; 4-томпак; 5-тұтанғыш құрам; 6-із қалдыратын құрам; 7-жарылғыш құрам.)
Әдеттегі оқтар – олардың болаттан жасалған өзегі (сердечник) болады, бұл өзекті қорғасын жабылғысы қаптан тұрады, ал қорғасын жабылғысы болатпен қапталады.
Тығын – қолдан немесе зауытта жасалынуы мүмкін.
Зауыттан шығарылатын тығындар киізден жасалынады. Кейінгі кездерде патронға тығынның орнына ішіне бытыра немесе картечь салынған полиэтилендік контейнерлер қолданылады. Ал қолдан жасалған тығындар қолға түскен кез-келген материалдардан, атап айтқанда: картоннан, қағаздан, матадан, киізден және т.б. жасалады.
Гильзалар – аңшы мылтығына арналған гильзалар: металдан, картоннан немесе қағаздан, пластмассадан жасалған гильзалардың төменгі жағы міндетті түрде металмен қапталады. Бұл гильзалардың формасы цилиндрлі болып келеді. Автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған қарулардың гильзалары тек қана металдан жасалады, ол пішіні жағынан: цилиндрлі, шөлмекті, конусты болады.
Гильза құрылысының негізгі бөлшектері – қалыптан (корпус), түпкі қалпақшадан (донышка гильзы), қалпақшаның жиегінен (фланец), капсюль ұяшығынан (түпкі қалпақшаның ортасындағы) тұрады.
Гильзалардың түпкі қалпақшаларында – шығарылған зауыттың белгісі, калибрі, шығарған жылы және т.б. белгілер көрсетілуі мүмкін. (РИСУНОК 33: Сурет 33. Әскери патрон гильзаларының түрлері және бөлшек атаулары. А-бөтелке тәріздес; Б-цилиндрлі; 1-гильзаның аузы; 2-гильзаның еңісі; 3-гильза қабырғасы; 4-жиегі; 5-түбі; 6-капсюль; 7-маркілік (зауыттық) белгісі; а-гильза аузының диаметрі; б-гильзаның биіктігі.)
III. Сот-баллистикалық зерттеу объектілерінің біріне бөгеттен қалған ату іздерін де жатқызып, оларды екі топқа бөліп жіктеуге болады: -атудан қалған негізгі іздер;
-атудан қалған қосымша іздер. Атудың негізгі іздеріне – снарядтан (оқтан, бытырадан, картечьтен) пайда болған зақымдар жатады. Снарядтың энергиясына, бөгеттің қаттылығына және қалыңдығына, олардың кездесу бұрышына байланысты зақымдар өтетін және өтпейтін болып бөлінеді.
Өтетін зақымдар снарядтың бөгеттен өту нәтижесінен пайда болады. Олар тесіп өтетін және өтпейтін “соқыр” болып келеді. Өтпейтін зақымдар снаряд бөгетке енбеген жағдайларда пайда болады. Оларға үлкен емес шұқырлар, жанама зақымдар (снаряд объектінің тек шетін немесе беткі қабатымен өтеді), тайып кету іздері (рикошет) (снарядтың бөгет бетімен жанасып ұшу бағытын өзгертуі). Рикошеттің бөгет бетіндегі ізі тырналып (бороздка түрінде) ең жіңішке және ұзын жағы оқтың ұшып шығу жағына қарай бағытталады.
Атудың қосымша іздеріне – атумен қатар жүретін құбылыстың әрекеттері нәтижесінде пайда болатын іздер. Жақын арақашықтықтан ату кезінде пайда болатын қосымша іздер жақыннан ату іздері деп аталады. Қосымша іздердің пайда болуында порохтық газдардың, оқпан ауызының жалынының, порохтың өртенбеген түйірлері, капсюльдік құрамның ыдыраған бөлшектерінің, майлау бөлшектерінің және басқа да заттардың атқаратын рөлі үлкен. Атумен қатар жүретін құбылыстардың нәтижесінде келесідей іздер пайда болады:
түйісу белбеуі (поясок обтирания) – оқтың кіретін жері жиектерінің ластануы, ол күйеден, металл бөлшектерінен, майдан тұрады. Түйісу белбеуі ату арақашықтығына байланыссыз пайда болады. Шыны, керамика, кафель, пластмасса және басқа да үгілетін бөгеттерде түйісу белбеуі байқалынбайды, өйткені мұндай бөгет бөлшектері оқпен түйісу кезінде бұзылып ұшады, оны жұмсақ заттар, маталардың бетінен көре аламыз.
майлану қыртыстары (шөгінділер): оқпанның майлауымен байланысты, онда тапаншадан майлар 150 см-ге дейін ұшады. Бірінші атыстан кейін майдың болмауы да мүмкін;
күйе қыртыстары (шөгіндері) кіретін саңылаудың жан-жағында орналасып, жақыннан ату нәтижесінде пайда болады. Мысалы: «Макаров» тапаншаларының жүйесінде 40 см-ге дейін). Егерде бөгет 0,5-тен 5 см-ге дейін арақашықтықтағы бірнеше қабаттардан тұрса, ату қашықтығы 1000 м болса да күйенің екінші қабатта пайда болуын көре аламыз. Бірінші қабатта күйе іздері болмайды;
бөгетте порох түйірлерінің қыртыстануы мен енуі. Бұл белгі жақыннан ату нәтижесінде пайда болады;
күйіп қалу – бұл жылулық жағынан жалынның бөгетке әсер етуі. Ол өте жақыннан және нысанаға тақап атудан пайда болады;
бөгеттің ішін-ара қирауы порохтық газдардың әсерінен болады және нысанаға тақап және өте жақыннан атудан байқалады;
қару-жарақ бөлшектерінің іздері. Адамға тақап атудан денесінде, маталарда оқпан ұңғысының іздері пайда болады – штанцмарка.
Атқан кезде пайда болған зақымданудың формасы, өлшемі және солардың кіру және шығу іздерінің және де каналдардың ерекшеліктері зерттеледі.
Кіру саңылауы сыртқы келбеті жағынан домалақ, оқтың бойлық кескініне дейін болады. Бірақ көбінесе бұл зақым домалақ, ал жиектері оқтың қозғалу бағытына қарай шеңберленіп келеді.
Оқ бөгетпен соғылу нәтижесінде бөгеттің бөлшектерін ұшырып түсіреді, «минус материал» атты құбылыс пайда болады. Егер бөгет осал болса радиалды және концентрлік сызықтарды байқауға болады.
Кіру саңылауының бірден-бір белгісі болып жан-жағында күңгірт түсті жиектің - түйісу белбеуі болып табылады.
Шығу саңылауы әдетте қисық пішінді болып кіру саңылауынан бірнеше есе үлкенірек болады. Оның шеттері оқтың ұшу бағытымен бағытталады. Саңылаудың жанында бөгет болуы мүмкін. Ату жарақатының каналы барлық жерінде бір диаметрлі немесе шығу саңылауына қарай бара-бара үлкеуі мүмкін.
Бөгеттегі талшықты материалдардың талшықтары снарядтың қозғалысына қарай бағытталады.
Ату жарақаты құрғақ ағашта әдетте домалақ пішінді, ал дымқыл ағашта – сопақша немесе саңылау тәрізді болып келеді. Дымқыл ағаштағы саңылау оқтан гөрі кішірек болып келеді. Шығу саңылауы әдетте дұрыс емес пішінді болып, талшықтары оқтың қозғалысына қарай бағытталады және де бұл ағаштың жаңқалары да байқалады.
Шыныда болатын ату жарақатының пішіні оқ калибрінің диаметрінен үлкенірек болады. Қозғалыс барысында шыны үгітіліп сынықтарға айналады. Егер атыс жақыннан болса, онда шыны порохтық газдың күшімен ұшырылып кетеді. Оқ өткен шыныда иреленген радиалды және концентрлік саңылаулар байқалады. Баяу жылдамдықтағы снарядтан пайда болған саңылау снаряд диаметрінен кішірек, ал радиалды саңылаулар тік сызықты болады.
Трикотажды материалдардағы зақымдар әдетте домалақ пішінді болады, ал басқа материалдарда жіпшелер негізі мен арқауы тік бұрышта қиылысса, саңылау төртбұрышты болады. Матаның шыныдан айырмашылығы, матада түйісу белбеуі байқалынады және жіпшелері оқтың қозғалыс бағыты бойында орналасады. Егер мата оқпен емес шегемен тесілсе, онда «минус материал» құбылысы болмайды.
Оқ арқылы тесілген металдың жиектерін тегістеу кезінде «минус материал» құбылысы көрінеді. Жиектері оқтың қозғалыс бағытына қарай бүгіледі, ал саңылау оқтың өлшеміне қарай сәйкес келеді.