Аталған компоненттерді жеке-жеке қарастырып өтейік. Порох – түтінді (қара), аз түтінді (механикалық араласқан түтінді және түтінсіз), түтінсіз болып келеді. Түтінсіз порохтар кең тараған, олар пішіні мен түсі бойынша ерекшеленеді.
Капсюль – оқ-дәрінің тұтандырғышы.
Снаряд – дегеніміз оқ-дәрі (патронның) лақтырғыш элементі, оған: бытыра немесе картечь, оқтар жатады. Бытыра мен картечь зауытта немесе қолдан жасалуы мүмкін. Өндірісте бытыраның үш тобы (ОМ, ОТ, СТ) және аңшылық картечь (КО) кең түрде шығарылады. Бытыра диаметрі өлшеміне байланысты (1,5-тен 5,0 мм-ге дейін) нөмір бойынша ерекшеленеді (11-ден 1-ге дейін). Картечьтің нөмері болмайды, ол тек қана диаметрі арқылы ерекшеленеді (5,25-тен 10,00 мм-ге дейін) бытыра мен картечь зауытта қорғасыннан жасалады. Зауытта жасалған бытыра шар тәрізді болып келеді, оның беті тегіс және жылтырап тұруы мүмкін. Қолдан жасалған бытыра немесе картечь – қорғасыннан, шегеден, темірден және басқа да қолда бар материалдардан жасалынуы мүмкін. Қолдан жасалған бытыра мен картечь форма жағынан әртүрлі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |