Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Тәжірбиелік және зертханалық сабақтар 4 Студенттің өздік жұмысы Глоссарий Агроқабылдау



бет2/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,71 Mb.
#13054
1   2   3   4   5   6

3-4дәріс
Тақырып:Топырақ режімдері және оларды егіншілікте реттеу жолдары

Мақсаты: Топырақ режімдері және оларды егіншілікте реттеу жолдарымен түсіндіру

Міндеті: Топырақ режімдері және оларды реттеу жолдарын үйрету

Кілт сөздер: су режімі, жылу режімі, ауа режімі,қоректік заттар

Дәріс жоспар:

  1. Ылғал топырақ режімдерінің басты элементтерінің бірі

  2. Топырақтың ауа режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары

  3. Топырақтың жылу режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары

  4. Топырақтың коректік заттар режімі және оны егіншілікте реттеу

1. Ылғал топырақ құнарлылығының басты элементтерінің бірі, сондықтан ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін артырудағы алатын орны ерекше.

Өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілігі топырақтың технологиялық қасиеттеріне, меншікті кедергісіне, өңдеу мерзімі мен тәсілдеріне, танаптағы ылғал қорына байланысты.Топырақтың ылғал көздеріне негізінен атмосфералық жауын-шашын жатады.Ол қатты (қар, бұршақ, қырау) және сұйық түрінде (жаңбыр) түседі.

Қазақстанда жауын-шашын шамалы жауады. Көлденең ендік бойынша оның жылдық мөлшері 100мм-ден (шөлейт және шөлді аймақтар) 360-400 мм-ге (орманды-далалы аймақ) дейін ауытқиды.Таулы және тау бөктері аймақтарында жауын-шашын мөлшері біршама көбірек, яғни 450-600 мм-ге дейін жетеді.Өсімдіктер үшін жауын-шашынның мөлшері ғана емес, сонымен қатар жауу мезгілі мен сипатының маңызы бар. Мысалы, вегетация кезінде және ақжауын түрінде түскен жауын-шашын өсімдіктер үшін пайдалы.

Топырақтағы ылғал қорының келесі көзі – жер бетінен 3 метр тереңдіктен жоғары жатқан ыза (жерасты) сулары.

Атмосфера қабатында түзілетін бу тәріздес ылғал өсімдікке тікелей су көзі болмағанмен жанама әсер етеді.

Республикның суармалы оңтүстік және оңтүстік–шығыс аймақтарындағы қолдан суару топырақтағы ылғал көзінің келесі түрі болып табылады. Танаптағы ылғал қорын молайтуда ол тиімді агротехникалық шара болып саналады.

Топырақ ылғалдылығыжауын-шашын мөлшеріне, ауаның температурасына, өсімдіктердің ылғалды пайдалану дәрежесіне байланысты өзгеріп тұрады.Топырақтағы ылғал әр түрлі формада болады. Олардың бастылары: гравитациялық су, капиллярлық су, гигроскопиялық су, қабыршақты су, бу тәріздес су.

Гравитациялық су дегеніміз топырақ агрегаттарының аралықтарындағы ірі қуыстылықтар арқылы өз салмағымен жоғарыдан төмен қарай жүретін су. Ол бос суға жатады, сондықтан өсімдіктер оңай сіңіреді. Бұл судың негізгі көздері атмосфералық жауын-шашын және қолдан беретін су. Егер топырақта шамадан тыс көп су болса, ол барлық капиллярлық емес қуыстылықтарды толтырып, ондағы ауаны атмосфераға ығыстырып шығарады, сөйтіп топырақтың ауа режімін нашарлатып, өсімдіктердің өсуіне кері әсер етеді. Гранулометриялық құрамы жеңіл құм және құмдауыт топырақтарда гравитациялық су ұзақ ұсталмай тез төменгі қабатқа өтіп кетеді.

Капиллярлық (түтіктік) су топырақтың капиллярлық қуыстылықтарында орналасады. Олар топырақтың ылғалды қабатынан құрғақ қабатына, яғни әр бағытта менискілік күштің әсерінен қозғалатын ылғал.Бұл ылғал әрқашан жылжымалы күйде болады, сондықтан өсімдіктер оңай сіңіре алады.

Гигроскопиялық су–ауаның ең жоғарғы ылғалдылығында топырақ молекула түрінде сіңірген және оның бөлшектерінің бетінде үлкен күшпен берік ұсталып тұратын ылғал. Оны өсімдік пайдалана алмайды, себебі ол топырақ бөлшектерінің арасында диффузиялық жолмен тек ғана бу түрінде қозғалады және оны топырақтан ажырату үшін 1050С температурада 6 сағат бойы кептіру керек.Топырақтың гигроскопиялық ылғалдылығы тұрақсыз. Егер ауаның ылғалдылығы 100 пайыз болса, онда топырақ бөлшектерінің бүкіл бетін гигроскопиялық ылғал жабады. Мұндай жағдайды топырақтың толық, немесе максималды гигроскопиялылығы деп атайды.

Топырақтың гигроскопиялығы оның гранулометриялық құрамына, органикалық заттардың мөлшеріне, тұздардың құрамына байланысты, сондықтан ол әр түрлі топырақ типтерінде бірдей болмайды. Мысалы, гранулометриялық құрамы жеңіл құмдарда 0,5 пайыз, құмдақ топырақтарда –3-4 пайыз, ал гранулометриялық құрамы ауыр балшықты және саз- балшықты топырақтарда 6-8 пайызға дейін жетеді.Максималды гигроскопиялық топырақтағы өсімдік пайдалана алмайтын судың өлі қорын анықтау үшін қажет. Ол пайызбен, т/га немесе м3 /га есептеледі.



Топырақтың ылғалдық қасиеттеріне оның су өткізгіштігі, ылғал көтергіштігі, ылғал сиымдылығы, ылғал жоғалтқыштығы жатады.

Су өткізгіштік–топырақтың суды сіңіріп өз бойынан өткізу қабілеті. Ол топырақтың минералогиялық, катиондық, гранулометриялық құрамына, құрылымына, тығыздығына, қаттылығына байланысты. Борпылдақ, құмды және құмдауыт топырақтардың су өткізгіштігі жоғары, ал тығыз, сазды, сазбалшықты топырақтардікі нашар болады. Топырақтың су өткізгіштік қабілетінің пайдалы және зиянды жақтары да бар. Егер су өткізгіштік қабілеті төмен болса, онда ылғал топырақтың жоғарғы бетінде жиналып қалады да сай-салаға ағып кетедінемесе органикалық қалдықтардың шіріуіне, микроорганизмдердің тіршілігін баяулатуға, әкеп соғады. Ал, топырақтың су өткізгіштігі шамадан тыс жоғары болса, онда жауын-шашын мен қолдан берген сулар тамыр жүйесінен әрі қарай тез өтіп кетеді де, суды өсімдік сіңіре алмай, ылғал текке ысырап болады.Топырақтың гранулометриялық құрамы ауыр типтерінде оның су өткізгіштігін арттыратын негізгі әдіс–топырақтықопсыту, құрылымын жақсарту, органикалық заттардың қорын молайту.

Ылғалсиымдылық–топырақтың суды сіңіріп және ұстап қалу қабілеті. Мысалы, құм өз салмағының 25 пайызындай, ал балшықты топырақ 70 пайызындай суды сіңіріп ұстап тұра алады.Ылғал сиымдылықтың ең төменгі капиллярлық және толық түрлері бар.

Ең төменгі немесе табиғи сусиымдылық дегеніміз табиғи жағдайда топырақтан гравитациялық су ағып кеткеннен кейінгі қалған ылғалдың мөлшері.

Капиллярлық сусиымдылық топырақ түтіктерінде ұсталатын ылғалдың ең көп мөлшері

Толық сусиымдылық деп топырақтың барлық қуысталықтарындағы ылғалдың ең көп мөлшерін айтамыз. Ол қар ерігеннен кейін, немесе суарғаннан соң пайда болады.Топырақтың сусиымдылығы оның гранулометриялық құрамына, құрылымына және басқа қасиетеріне байланысты.



Ылғал жоғалтқыштық–топырақтан судың буланып ұшып кетуі, яғни жоғалуы.Ол топырақтың түсіне, ауаның температурасына мен ылғалдылығына, тығыздығына, оның беткі қабатының формасына байланысты. Мысалы, ауаның температурасы жоғары, ылғалдылығы төмен, топырақ беті тегіс болмаған жағдайда одан ылғал көп мөлшерде буланып ұшып жоғалады және керісінше болады.

Топырақтың ылғалдық режимін реттеу үшін үш бағытта агротехникалық шаралар жүргізілуі қажет.

Бірінші, танаптарда су қорын жинауға бағытталған шаралар.Оған қар тоқтату, көктемдегі қар суын танаптарда ұстап қалу, танаптарды парға қалдыру, оларға биік өсімдіктерден ықтырма себу, танаптардың жиегіне ағаш алқабын отырғызу, қолдан және көлтабан суару жатады.

Екінші, жиналған су қорын танаптарда сақтауға бағытталған шаралар.Бұл топқа ылғал жабу, яғни ерте көктемде топырақты тырмалау жатады. Ғылыми-зертеулер мен өндірістік тәжірибенің деректеріне қарағанда тырмаланбаған танаптарда көктемнің әрбір тәулігінде бір гектар жерден 50-100 м3 су буланып ұшып кетеді екен.

Егін сепкенге дейін арамшөптерді жою керек. Өйткені олар өздерінің өніп-өсуі үшін жиналаған су қорының біраз мөлшерін және жауын-шашынның 20 пайызын пайдаланады.

Үшінші бағыт жиналған және сақталған су қорын егіншілікте тиімді пайдалануға бағытталған шаралар. Оған егінді дер кезінде және қысқа мерзімде себу жатады. Өйткені, жоғарыда көрсетілгендей әр бір кешіккен күн топырақтағы ылғалдың буланып ұшып кетуіне әкеліп соғады.



2.Топырақтың ауа режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары

Топырақтағы газ алмасу дәрежесіне оның ауа қасиеттерінің әсері бар. Оған ауа сиымдылығы мен ауа өткізгіштігі жатады.

Ауа сиымдылық дегеніміз топырақтың өз бойына белгілі бір мөлшерде ауаны сіңіріп ұстап тұру қабілеті. Ауа сиымдылығы белгілі бір уақыт ішінде (секунд, минут, тағы басқа) 1см2 көлемдегі топырақтың 1 см тереңдігіне өтетін миллиметр есебімен алынған ауа мөлшері.

Қазақстанның барлық топырақ-климат аймақтарында ауа режимін әр түрлі агротехникалық шаралар жүргізу арқылы реттеуге болады. Оған топыраққа органикалық тыңайтқыш беру, әсіресе көң төгу жатады. Бұл топырақтың құрылымын жақсартып, ондағы ауа мен ылғалдың арақатынасын өзгертеді, аграциясын жақсартады.

Топырақты әртүрлі тереңдікте негізгі, егін себер алдында және егін сепкеннен кейін өңдеу. Осының арқасында топырақ қопсып, оның құрылымы мен құрылысы жақсартып, ауаның топыраққа сіңуі жеңілденеді. Қуаңшыл аймақтарда топырақтарды каток арқылы тығыздау керек, өйткені соққан желдің әсерінен ондағы аз ылғалдың өзі ұшып кетеді.Шамадан тыс ылғалданған жерлердегі артық суды жою шаралары топырақтың ауа режімін жақсартады.

Сор және сортаңталған жерлерде топырақтың ауа режімін жақсарту үшін оны гипстау керек.Топырақтың ауа режімін реттеудегі ең тиімді агротехникалық шара – қысқа айналымды отамалы-парлы, асытықты-парлы ауыспалы егістерді енгізу және игеру.



3.Топырақтың жылу режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары

Топырақтың жылу режімін реттеу үшін оның жылулық қасиеттерін білу керек. Оларға топырақтың күн сәулесін сіңіру және оны кеңістікте тарату, жылу сиымдылығы, жылу өткізгіштігі, температура өткізгіштігі жатады.Топырақтың температурасы күн энергиясын сіңіру және оның кеңістікке тарауының айырмашылығына байланысты. Өйткені, жерге түскен күн сәулесінің бір бөлігі топыраққа сіңіп, оны қыздырады да, ал қалған бөлігі әуе кеңістігіне таралып кетеді. Оны альбедо деп атайды.



Жылу сиымдылығыдегеніміз белгілі бір мөлшердегі топырақты 10С қыздыруға қажетті жылуды сіңіру қабілеті.Топырақтың салмақтық және көлемдік жылу сиымдылығы бар. Бір грамм топырақты 10С-қа қыздыру үшін керек жылу мөлшерін салмақтық, ал 1см3 топырақты 10С қыздыруға қажет жылу мөлшерін көлемдік жылу сиымдылғы деп атайды.

Жылу өткізгіштік- топырақтың өз бойынан жылуды өткізуі. Ол 1 секунд ішінде көлденеңі 1см2, қалыңдығы 1см топыраққа өтетін каллория есебімен алынған жылу мөлшері.

Температура өткізгіштік деп топырақтың біркелкі қызып, температурасының бірдей болуын айтады.

Топырақтың жылу режимін аймақтың климат ерекшеліктеріне қарай әр түрлі реттейді. Мысалы, республиканың солтүстік жақтарында жылу жетіспегеннен зардап шексе, ал оңтүстікте оның көптігінен зиян келеді.

Қыстыгүні танаптарда қар тоқтату тек ылғал мөлшерін ғана көбейтіп қоймай, сонымен қатар жердің терең тоңданбауына, көктемде тез жібіуіне, сөйтіп микроорбиологиялық процестің ерте басталуына әсер етеді.

Жазғытұрым өсімдіктерді үсіктен сақтау үшін жылу сүйгіш өсімдіктерді кеш себу, жүзім-жеміс ағаштарына, көкөністерге түтін салу, ағаштардың қатты қызып кетпеуі үшін олардың діңгектерін әктеу қажет.

Өсімдіктердің санын өзгерту арқылы олардың жылу режимін реттеуге болады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет