Температураның абсолютнөлі – молекулалардың ілгерілемелі қозғалысы толығымен тоқтайтын, Әлемдегі барлық физикалық денеде болатын температураның ең төменгі шегі.
Идеал газ − молекулалар арасындағы өзара әрекеттесудің потенциалдық энергиясын ескермеуге болатын, молекулалары арасындағы арақашықтық молекулалардың өлшемдерінің біршама үлкен болатын газдың физикалық моделі.
Зат мөлшері – берілген денедегі молекулалар санының 0,012 кг көміртектегі атомдар санына атынасына тең шама.
Глоссарий
Макроскопиялық параметрлер – тұтастай термодинамикалық жүйелердің немесе денелердің қасиеттерін олардың ішкі құрылыстарын ескермей, тұтастай сипаттайтын шамалар.
Микроскопиялық параметрлер − молекулалық әлемді мысалы, молекулалардың жылдамдығын, оның массасын, энергиясын сипаттайтын шамалар.
Моль – 12 г көміртекте қанша атом болса, сонша молекуладан тұратын зат мөлшері.
Мольдік масса – бір моль мөлшерінде алынған заттың массасы.
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы Mr – берілген зат молекуласы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасына тең шама.
Глоссарий
Термодинамикалық параметрлер – дененің күйін сипаттайтын макроскопиялық шамалар: қысым, көлем, температура.
Термодинамикалық тепе-теңдік – тұйық денелер жүйесінің барлық макроскопиялық параметрлерінің ұзақ уақыт бойы өзгермей тұратын кездегі күйі.
Температура – макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.
Термометр – зерттеліп отырған ортамен байланысу арқылы температураны өлшеуге арналған құрал
Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланылған әдебиет
Закирова Н.А., Аширов Р.Р.
Физика: жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Н.А.Закирова, Р.Р.Аширов –