§ 19. Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық
теориясының негізгі теңдеуі
Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары
Молекулалық-кинетикалық теорияның (МКТ) үш қағидасы:
1. Барлық заттар бөлшектерден – араларында бос аралықтары бар молекулалар мен атомдардан тұрады.
2. Заттың бөлшектері үздіксіз және бейберекет қозғалыста болады.
3. Зат бөлшектері бір-бірімен өзара әрекеттеседі
МКТ I қағидасының тәжірибелік дәлелдемесі
МКТ І қағидасының сенімді дәлелі – ағылшын физигі Дж. Рэлейдің молекулалардың массалары мен өлшемдерін анықтауы болып табылады. Ол олеин майының тамшылары су бетінде қалыңдығы бір молекуланың қалыңдығындай қабатпен жайылады деп болжап, оның өлшемін анықтады:
d= ;
мұндағы d − молекула диаметрі, V – тамшы көлемі, жайылған тамшының көлемі, S − тамшы ауданы
Молекуланың көлемін деп алып, заттың барлық көлеміндегі молекулалар санын анықтады:
Молекуланың көлемін деп алып, заттың барлық көлеміндегі молекулалар санын анықтады:
Тамшы массасы мен ондағы молекулалар саны белгілі болғанда, Дж.Рэлей бір молекуланың массасын есептеп шығарды:
Салыстырмалы молекулалық және мольдік масса. Зат мөлшері. Авогадро саны
Салыстырмалы молекулалық масса, мольдік масса, зат мөлшері және олардың өлшем бірліктері Халықаралық өлшемдер мен салмақтардың Бас конференциясында енгізілген.