Штерн тәжірибесі МКТ ІІ қағидасының дәлелдемесі ретінде
1920 жылы неміс физигі Отто Штерн молекулалардың орташа жылдамдықтарын анықтау үшін тәжірибе жүргізді.
мұндағы R − сыртқы цилиндр радиусы, r − ішкі цилиндрдің радиусы.
Молекулалар арасындағы өзара әрекеттесу күштері МКТ ІІІ қағидасының дәлелдемесі ретінде
100 -суретте графиктер берілген: 1-график – атомдар арасында тебілу күшінің, 2-график – атомдардың тартылыс күшінің олардың арасындағы арақашықтыққа тәуелділігіне сәйкес келеді, 3-график- молекулалық өзара әрекеттесудің қорытқы күші.
§ 18. Термодинамикалық жүйелер мен термодинамикалық параметрлер. Термодинамикалық жүйелердің тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйлері. Температура – зат кинетикалық энергиясының өлшемі ретінде
Шаблоны презентаций с сайта presentation-creation.ru
Термодинамикалық жүйелер мен термодинамикалық параметрлер
Өзара және қоршаған ортамен жылулық әрекеттесу жүріп тұратын денелердің жиынтығын термодинамикалық жүйе деп атайды
Молекулалық дүниені сипаттайтын шамаларды,мысалы, молекулалар жылдамдығын, оның массасын, энергиясын микроскопиялық (грек. «микрос» – кішкене) шамалар деп атайды
Макроскопиялық (грек. «макрос» – үлкен) параметрлер деп, тұтастай термодинамикалық жүйелердің немесе денелердің қасиеттерін олардың ішкі құрылыстарын ескермей сипаттайтын шамаларды айтады.
Дененің күйін сипаттайтын макроскопиялық шамаларды термодинамикалық параметрлер деп атайды. Термодинамикалық параметрлерге V көлем,p қысым, T температура жатады
II Термодинамикалық тепе-теңдік. Температура - молекулалардың жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі
Термодинамикалық тепе-теңдік – тұйық денелер жүйесінің барлық макроскопиялық параметрлері ұзақ уақыт бойы өзгермей тұратын кездегі күйі.