Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға орта және жоғары типтегі мамандандырылған білім беру



бет104/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
3. Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға орта және жоғары типтегі мамандандырылған білім беру

Қазірігі заманда естімейтіндерді мектептен кейінгі жүйеде барлық деңгейде алғашқы мамандықтан жоғарғы білім алуға дейінгі жан-жақты дамыту міндеті жүзеге асуда. 1976 жылдан бастап кәсіби білім сапасы мен деңгейін көтеруге ерекше көңіл бөлінді.

Алғашқы және орта мамандандырылған орта білім алу жүйесі қайта қарастырылды. Осымен бірге осы оқыту негізінде арнайы мамандандырылған мекемелерде жүзеге асты.

«ҚР Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау туралы заңы», «Білім беру заңы», т.б. заңдар туралы оқытудың интегративті, инклюзивті формасы дами бастады. Мамандандырылған оқуға қабілеті бар есту қабілеті бұзылған тұлғалар оқу мекемелеріне қабылдана бастады. Аталған мекемелерде есту қабілеті бұзылған тұлғаларға психологиялық кедергілер құрылды.

Қазірігі уақытта мамандыққа оқытудың келесі үлгілері бар:


  • Оқытудың интегрцияланған, инклюзивті түрі;

  • Оқытудың аралас түрі;

  • Арнайы оқыту мекемелері;

  • Оқытудың дистанционды түрі;

Есту қабілеті бұзылған тұлғаларды қалыпты дамыған тұлғалармен біріктіріп, оқытатын жоғары мамандандыру мекемелеріне төмендегілерді жатқызамыз:

  • Абай атындағы ҚазҰПУ, психология және педагогика факультеті, «Дефектология» бөлімі;

  • Алматы сервис колледжі;

  • Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы ЖМУжәне т.б.

Оқытудың араласқан үлгісі немесе интегрция студенттерінің жекелеген топта білім алуын сипаттайды. 1999 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ -да есту қабілеіті бұзылған студенттерді жалпы оқыту жүргізіледі. Жыл сайынғы әдіс 6-7 адамды құрады. I-ІV курс арлығында есту қабілеті бұзылған 10 шамасында студент оқытылады: интернальды интеграция-экстернальды интеграция естімейтін және еститін тұлғаларды біріктіре дәріс беру. Оқытудың араласқан үлгісі орта мамандандыру мекемелерінде жиі қолданылады.

Есту қабілеті бұзылған тұлғалармен қызықты жұмыс әдісі Жүргенев атындағы көркем-өнер мемлекеттік академиясында жүргізілді.

Оқытудың араласқан формасы Абай атындағы ҚазҰПУ-да психология-педагогика факультетінің, «Дефектология» бөлімінде болды.

Бастапқы мамандыққа оқыту төрт жұмыс мамандығымен жүзеге асрылды: ЭЕМ операторы, ағаштан бұйымдар жасаушылар, көркемдеуші суреттеуші студенттер жұмыс мамандығынан басқа орта, жалпы білім бағдарламасы бойынша білім алады, сонымен қатар оларға сәйкес аттестат беріледі.

Қазіргі кезеңде оқытудың дистанционды түрінің дамуы туралы көп айтылады. Оқушылар осы оқытудың дұрыс, дұрыс емес жақтарына пікірлерін білдіреді.

Бүгінде оқытудың дистанционды түрі арқылы негізінде мүгедектерге ұсынылады.

Есту қабілеті бұзылған тұлғалар 10 түрлі мамандық бойынша білім алады: сурдопедагог, тігінші, тіс техникасы, көркем-суретші, дизайнер, т.б.

Білім беру мекемелерін дамыту стратегиясы арнайы сынып топтарында есту қабілеті бұзылған тұлғаларды мамандыққа дайындау және кешенді жалпы білім беруге бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет