Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Қазіргі сурдопедагогиканың пәндік салалары



бет11/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
3. Қазіргі сурдопедагогиканың пәндік салалары

Сурдопедагогика – есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға білім беру теориясы мен практикасын жүйелейтін, жалпылайтын арнайы педагогиканың саласы болып табылады. Сурдопедагогиканың пәндік саласы – есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың әр жас кезеңінде білім алу мәселелері және осы адамдардың арнайы қажеттіліктерімен мүмкіндіктерін есепке алу ерекшеліктерін анықтау. Ғылыми зерттеу және педагогикалық бағыттағы пәндік салаларына қарастырайық.



Сурдопедагогика тарихы есту қабілеті зақымдалған тұлғалаларды оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен практикасының тарихи дамуын және солардың қазіргі арнайы білім беру мәселелерімен өзара байланысын зерттейді.

Салыстырмалы сурдопедагогика әртүрлі елдердің есту қабілеті зақымдалған тұлғалаларды оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен практикасын, қазіргі әрекет етіп жатқан жүйемен ұқсастығын немесе айырмашылыған айқындау мақсатында талдайды және салыстырады.

Ерте жас сурдопедагогикасы есту қабілеті зақымдалған балаларды ерте жастан бастап даму ерекшеліктерін зерттеуге негізделіп, уақытында көрсетілген кешенді медициналық–психологиялық–педагогикалық көмектің есту қабілеті зақымдалған балаларды ерте жастан әлеуметтендіру мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет