Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Арнайы мектеп – интернатты басқару міндеттері



бет126/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
1. Арнайы мектеп – интернатты басқару міндеттері

Арнайы мектеп – интернатты басқарудың негізгі міндеттері:

- мақсат – міндеттерін анықтау, олардың маңыздылығына қарай реттеп, соларға сәйкес мектеп – интернаттың жұмысын жоспарлау.

- кадрларды орналастыру, міндеттерін анықтау

- мектепішілік ақпараттар жүйесін және кері байланысты ұйымдастыру

құр- мектеп – интернаттың қалыпты жұмыс істеуіне қажетті метериалды – техникалық базасын у және қолдау:

- мектпе басшыларының және мұғалімдер мен тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігі мен біліктілігін арттырып отыру;

- педагогикалық ұжымда жағымды психологиялық жағдай құру.

Арнайы мектеп – интернаттың директорына ұйымдастырушылық қабілеті бар, жоғары дефектологиялық білімі бар, есту қабілеті зақымдалған балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 3 жылдан кем емес мұғалімдер тағайындалады. Директорды мектеп ұжымы таңдауына болады. Арнайы мектеп – интернат директорының міндетіне есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелермен, емханалармен, естімейтіндер қоғамдастығымен, қаланың, ауданның, ауылдың қоғамдық ұйымдарымен байланысты орнату жатады.

Мектеп – интернат директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қызметі күрделі және жауапты болып келеді: егер арнайы мектеп – интернатта 22 сыныптан артық сыныптар болса, онда директордың оқу ісі – жөніндегі орынбасарлары екеу болады, біреу бастауыш сыныптар жұмысын, екіншісі – жоғары сыныптар жұмысын басқарады. Директор орынбасарлары оқу тәрбие процесінің жоғары сапада болуына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуына, оқушылардың ақыл – ой дамуының, естуінің жағдайы мен сөйлеуінің ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу процесінде жекелеп оқытуды жүзеге асыруды бақылап отыруға жауапты, сурдопедагогиканың заманауи талаптарына сәйкес қалдық естуін дамыту, сөйлеуін қалыптастыру және түзету жұмыстарын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етеді.

Арнайы мектеп – интернатта тұрақты қызмет атқаратын басқару түріне педагогикалық кеңес жатады.

Педагогикалық кеңес жұмысы екі бағытта жүзеге асырылады: 1) өндірістік – іскерлік сұрақтарды қарастыру; 2) арнайы мектептің ғылыми – педагогикалық іс - әрекетін ұйымдастыру және басқару.

Педагогикалық кеңесті мектеп директоры басқарады. Педагогикалық кеңестің мүшелеріне оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер, естіп қабылдауын дамыту сыныбының мұғалім – дифектологы, дәрігер, кітапханашы, ата – аналар камитетінің төрағасы кіреді.

Педагогикалық кеңесте мектеп – интернаттың жұмыс жоспары мен оның бөлімдерін бекітеді. Тоқсан бойынша және жыл бойы мектеп – интернаттың жұмысын талқылайды, бағалайды, үйірмелер, клубтар туралы, оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы шешімдер қабылданады.

Педагогикалық кеңесті дайындау және өткізу төрт кезеңнен тұрады: педагогикалық кеңестің жұмысын бір жылға жоспарлау; педагогикалық кеңеске дайындалу; пед. Кеңесті өткізу; пед. кеңестің шешімін жүзеге асыру, және жүзеге асқанын бақылау.

Оқу – тәрбие процесінің және оқушылар мен тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігінің деңгейін көтеруге себепші әдістемелік бірлестік жатады. Әдістемелік бірлестікті тәжірибелі мұғалімдер мен тәрбиешілер басқара алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет