Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Дәріс. Есту қабілеті зақымдалған балалардың классификациясы



бет16/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
2 Дәріс. Есту қабілеті зақымдалған балалардың классификациясы

  1. Медициналық топтастырулар

  2. Психологиялық педагогикалық топтастырулар

  3. Кохлеарлы имплантталған балаларды топтастыруы


1. Медициналық топтастырулар

Есту қабілеті зақымдалған балалар мен ересектердің есту функциясының бұзылысын топтастыру тек дәрігер­-оториноларингологтардың ғана емес, сонымен қатар сурдопедагогтардың да қызығушылығын тудырып отыр. Оториноларинголияда естудің зақымдалуын емдеу мен алдын алуға мүмкіндік беретін медициналық топтастырулар жасалған. Педагогикалық топтастырулар есту қабілеті зақымдалған әртүрлі балаларға арнап тиімді абилитациялық, түзету­-педагогикалық және оңалту көмек көрсетуге және жекелей оқытуға бағытталған.

Медициналық топтастырулардың ішінде Л.В. Нейманның (1961) топтастыруы кеңінен қолданылады. Сөйлеу жиілігінің диапазонында (500, 1000, 2000, 4000 Гц) естуді жоғалту деңгейіне байланысты, нашар естушіліктің 3 деңгейін бөліп көрсеткен.

І­-деңгей ­– естудің зақымдалуы 50 дБ-ден аспайды, 1м-ден аса қашықтықта сөйлеу тілін қабылдауы мүмкін;

ІІ­-деңгей ­– естудің зақымдалуы 51 дБ­-ден 70 дБ аралығында, сөйлеу тілін 1 м­-ден аз қашықтықта қабылдауы мүмкін;

ІІІ­-деңгей ­– естудің зақымдалуы 71 дБ­-ден басталып 75-80 дБ аралығында жатады, сөйлеу тілін құлақтың түбінен де түсінуі мүмкін емес.

Осы аталған топтастыру негізінде «естімеушілік» диагнозы 75-80 дБ­-ден асқанда қойылады.

Қабылдау жиілігінің көлеміне қарай қалдық естуі бар естімейтін балаларды төрт топқа бөледі.

Бірінші топ ­– ең төмен жиілікті, 128-256 Гц, қабылдайды, сөйлеу тілінің дыбыстарын ажырата алмайды, құлақ түбіндегі қатты дауыстарға және жақын қашықтықтағы қарқынды дыбыстарға (айқай және т.б.) ғана қарайды.

Екінші топ ­-128, 256, 512 Гц аралығындағы жиілікті қабылдайтын балалар, құлақ түбінен айтылған қатты дауысқа қарайды және төмен жиіліктегі форманттарды (о және у) және жақын қашықтықтан қоршаған орта ортадағы қарқынды дыбыстарды ажыратады.

Үшінші топ ­- 128, 256, 512, 1024 Гц аралығындағы төмен және орташа жиіліктерды қабылдайтын балалар; құлақ түбінен айтылған сөзге қарайды, үш­-төрт дауысты дыбыстарды ажыратады, кейбір таныс сөздерді таниды.

Төртінші топ ­– 128, 256, 512, 1024, 2048 Гц аралығындағы жиіліктердің кең диапазонын қабылдайтын балалар; олардың көбі құлақ түбінен айтылған сөйлеу тілін естиді және жақын қышықтықтан барлық дауысты дыбыстарды, кейбір дауыссыз дыбыстарды, жекелеген сөздер мен фразаларды ажыратады.

Естудің зақымдалуын медициналық топтастырудың басқа да тәсілдері бар, олар мыналарды ескере отырып топтастырылады: естудің төмендеуінің сипаты, оның есту анализаторында шоғырлануы, зақымдалу себептері, сөйлеу тілінің жағдайы.

Отоларинголог Б.С. Преображенский ұсынған нашар естушілікті топтастыруда қоршаған ортамен сөйлеу арқылы қарым қатынас жасау қиынға соғатын естудің тұрақты төмендеу деңгейі анықталған.

Б.С. Преображенский ұсынған нашар естушілікті топтастыру

Нашар естушілік деңгейі

Сөйлеу тілін қабылдайтын қашықтық, м

Қалыпты сөйлеу

Сыбырлап сөйлеу

Жеңіл

6-дан 8-ге дейін

3-тен 6-ға дейін

Шамалы

4-тен 6-ға дейін

1-ден 3-ке дейін

Айтарлықтай

2-ден 4-ке дейін

Құлақ түбінен 1-ге дейін

Ауыр

Құлақ түбінен 2-ге дейін

0-ден 0,5-ке дейін

Қалыпты және сыбырлап сөйлеу тілін қабылдау деңгейін анықтау үшін M. Portmann және Cl. Portmann (1959) естудің жоғалтуын децибелл арқылы анықтайтын тональды аудиометрияға сүйеніп, параметрлерін бөліп көрсеткен.

Қалыпты және сыбырлап сөйлеуді қабылдау деңгейін анықтау

Сөйлеу тілін қабылдайтын қашықтық, м

Естуді жоғалту, дБ

Қалыпты сөйлеу

Сыбырлап сөйлеу

Норма

Норма

35-ке дейін

4-5

0,5-0,8

35

2-4

0,25-0,5

35-45

1-2

0,25-0,5

45-50

0,25-1

Құлақ түбінен

50-60

Құлақ түбінен

Естімейді

65

1997 ж. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы (БДҰ) жалпыға бірдей нашар естушіліктің деңгейін Халықаралық топтастыруды бекітті.

Естудің төмендеу деңгейі

Естуді жоғалту, дБ

І

26-40

ІІ

41-55

ІІІ

56-70

IV

71-90

Естімеушілік

91 және одан да жоғары

Нашар естушіліктің деңгейін анықтау үшін төрт жиіліктегі: 0,5; 1; 2; 4 кГц, орташа мәндерді алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет