Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Кохлеарлы имплантталған балаларды топтастыруы



бет18/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
3. Кохлеарлы имплантталған балаларды топтастыруы

Ғылымның қазіргі заманғы даму тенденциясын ескере отырып, есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды топтастырудың басқа да жолдарын қарастырған жөн. Олар медицинаның, техниканың және компьютерлік технологиялардың дамуымен байланысты. Оларға кохлеарлы имплантацияны және верботональды әдісті жатқызуға болады. Кохлеарлы имплантация жасалғаннан кейін балалардың естіп сөйлеу тілін қабылдауын дамытудың тиімділігіне бірнеше этиологиялық факторлар әсер етеді, (1995 жылы 15-17 мамырда Америкада өткен конференция «Балалар мен ересектерге арналған кохлеарлы имплантацияны дамыту») соның ішінде естімеушіліктің жалғасуы және естімеушіліктің басталу уақыты негізгі болып табылады. Сондай – ақ ресейлік (Л.В.Андреева, И.В.Королева, В.И.Пудов) және шетелдік (M.M.Baptista, A.G.Bell, L.Birkenshaw–Fleming, J.A.Mohammed, C.Flexer, E.Garcia, және т.б.)есту қабілетінің жоғалту уақыты, сөйлеу тілінің жағдайы, кохлеарлы имплантация жасайтын кездегі естіп сөйлеу тілін қабылдау ерекшелігіне байланысты балаларды келесі топтарға бөледі:



  1. Долингвальді имплантталған балалар – бұлар туғаннан естімей қалған және сөйлеу тілі қалыптасқанға дейінгі есту қабілетін жоғалтқан балалар жатады. Бұл топқа жататын балалар арасында белгілі бір айырмашылық бар. Біріншіден, КИ жасаған уақытқа байланысты (ерте жаста, мектепке дейінгі жаста, мектеп жасында). Екіншіден, баланың ерте жасында коммуникациясының қалыптасуына қолайлы жағдайдың жасалуы яғни есту аппаратын қолдану және ерте педагогикалық көмек көрсету. Осыған байланысты кей балаларда дамудың ерте жасында – ақ, вокализацияға қарым –қатынас символы ретінде сүйену, «көзбен көз» контактісін ұстау, дыбыстық реакция кезінде кезектілікті сақтау сияқты сөйлеу тілінің даму белгілері байқалады. Бірақ бұл белгілер есту бұзылысын байқай салысымен есту аппаратын тағып, ерте педагогикалық көмек көрсетілген балаларда ғана байқалады. Қарым – қатынастың дамуының осындай бастапқы белгілері жоқ басқа балаларда қатынас жасауға еш қатысы жоқ қозғалыс – дыбыстық реакциялары байқалады. Сонымен қатар оларда шынайы жесттер пайда болады, нәтижесінде ойлау әрекетінің сипаты өзгереді.

Соңында барлық балаларда естіп сөйлеуді қабылдау мен сөйлеудің дыбыс айту жағын дамытуды реабилитациялау кезеңінің ұзақтығы әр түрлі болады.

  1. Прелингвальді имплантталған балаларға есту тәжірибесі бар және прелингвальді кезеңде есту қабілетін жоғалтқан яғни 1.5 – 5 жастағы балалар жатады. КИ жасайтын кезде олардың көбінің ауызша сөйлеу тілі қалыптасқан және оны қарым – қатынас құралы ретінде қолданады. Сондай – ақ олардың ауызша сөйлеу тілінің деңгейі әртүрлі болып келеді: біреулерінде – байланыстырылған синтаксистік құрамы бар, ал басқаларында – бір – екі сөзден тұратын сөйлемі бар. Олардың кейбіреуі ерте жастан бастап есту аппаратын тағып, сурдопедагогпен тиімді дайындалған. Бұндай балалардың естіп сөйлеуді қабылдау реабилитациясының ұзақтығы естуді жоғалту уақытымен имплантация жасаған уақыт аралығының ұзақтығына байланысты. Ол аралық неғұрлым қысқа болса, естуді қалпына келтіру реабилитациясы соғұрлым қысқа болады.

  2. Постлингвальды балалар – баланың сөйлеу тілінің дамуының сензитивті кезеңі аяқталғаннан кейін есту қабілеті жоғалту. Олардың мидағы есту және сөйлеу орталықтары және сөздік хабарламаларды өңдеу процестері қалыптасқан және өзіндік сөйлеу тілі сақталған. Ғалымдардың ойынша, кохлеарлы имплантация жасалғаннан кейін бұл балаларда өз сөйлеу тілі және айналадағы адамдардың сөздерін түсінуі тез қалпына келеді.

Келесі топтастыру верботональды әдіс негізінде жасалған. Ол верботональды жүйе бойынша Халықаралық симпозиум материалдарында ұсынылып (Хорватия 1997), есту қабілеті зақымдалған балалардың естуінің, сөйлеуінің және коммуникациялық қабілеттерінің дамуының мүмкіндіктерін ескеруді қамтамасыз етеді. Бұл топтастыру естудің зақымдалуы мен сөйлеу тілін түсінуі арасындағы тығыз байланысты орнататын критерийлерге және естудің зақымдалуының әртүрлі деңгейінде есту аппаратын қолдану маңыздылығын анықтайтын мәліметтерге негізделеді.

Есту қабілетінің «жеңіл» зақымдалуы кезінде мынадай көрсеткіштер анықталады: естудің төмендеуі 25-40 дБ аралығында 6 метрден 4 метрге дейін сөйлеу тілін түсінеді, анық сөйлейді. 40 дБ шекарасында есту қабілеті зақымдалған жағдайда өздеріне айтылған сөзді толық естімейді, сөздік қоры аз, ұғымдар мен олардың мағыналарын дұрыс түсінбейді.

Есту қабілетінің «шамалы» зақымдалуы: 41-55 дБ аралығында 4 метрден 1 метрге дейін сөйлеу тілін түсінеді, анық сөйлеуінде бұзылулар байқалады: дыбыс айтуында (бір дыбысты басқа дыбыспен алмастыру, кейбір дыбыстардың мүлде болмауы), дауыс тембрінің өзгеруі, сөйлеу тілінің синтаксистің құрылымының бұзылуы (мысалы, сөздердің дұрыс байланыспауы). Осы себепті бала міндетті түрде есту аппаратын тағу керек.

Есту қабілетінің «қаттырақ» зақымдалуы: 56-70 дБ аралығында 1 метрден 0,5 метрге дейін қашықтықта сөйлеу тілін қабылдайды, дауыстың қатытылығына қарамастан сөйлеу тілін түсінуі қиындайды, анық сөйлеуінде ауыр бұзылулар байқалады: дыбыстарды айтпау, аффрикаттарды қолданбау, сөзде және буындарда дыбыстарды алмастырып айту. Есту аппараттары қарым қатынас жасау үшін де, оқыту үшін де қажет.

Есту қабілетінің «ауыр» зақымдалуы: 71-90 дБ аралығында сөйлеу тілін 0,5 метрден құлақ түбіне дейінгі қашықтықта қабылдайды, сөздік материалдарды түсінуі тек арнайы оқыту мен мақсатқа бағытталған сабақтар барысында ғана жүзеге асады. Есту аппараттарын үнемі қолданып жүрулер керек.

Есту қабілетінің «тым артық» зақымдалуы: естудің төмендеуі 91 дБ және одан да жоғары аралықта, сөйлеу тілін қабылдай алмайды, туылғаннан немесе сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін есту қабілетін жоғалту жатады. Есту аппараттары еріннен оқуға көмектеседі.



Естуді жоғалту деңгейін анықтау

Естудің жоғалуы, дБ

Сөйлеу тілін қабылдай алатын қашықтығы, м

Естімеушілік

91

-

Жеңіл

25-40

6-дан 4-ке

Шамалы

41-55

4-тен 1-ге

Қаттырақ

56-70

1-ден 0,5-ке

Ауыр

71-90

0,5-тен құлақ түбіне дейін

Тым артық

91-ге дейін

құлақ түбінде кейбір дауысты дыбыстар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет