Мектепке дейінгі жас сурдопедагогикасы есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі жастағы балалардың даму ерекшеліктерін ғылыми түсінуге негізделіп, арнайы педагогикалық көмек аясында оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру осы балалардың қалыпты әлеуметтенуін қамтамасыз ететінін зерттейді. Арнайы мектепке дейінгі мекемелерде, біріктіріп оқыту және отбасында тәрбиелеу жағдайында білім беру ортасын ұйымдастырады.
Естімейтін оқушыларды арнайы оқыту– сурдопедагогиканың кең дамыған саласы. Естімейтін балалардың психологиялық дамуының заңдылықтарын зерттеуге сүйене отырып білім беру және еңбекке даярлау бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулар жасалады. Осыған байланысты естімейтін және дамуында күрделі кемістігі бар естімейтін оқушыларды ажыратып оқытудың ғылыми–практикалық негізі жасалған. Түзету–педагогикалық бағдараламаларды құрастыруға ерекше көңіл бөлінеді.