Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Сурдопедагогтың кәсіби іс - әрекеті және тұлғасы



бет34/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

Сурдопедагогтың кәсіби іс - әрекеті және тұлғасы

Қазіргі заманғы талаптарға сай сурдопедагогтың педагогикалық мәдениеті есту қабілеті зақымдалған тұлғалалардың дамуын (жеке тұлғалық, танымдық, сөйлеу) және өмірлерінде сапалы өзгертулер (оқу, еңбек және т.б.) енгізуге бағытталған кәсіби іс әрекетті жүзеге асыру дайындығынан көрінеді.

Сурдопедагогтың педагогикалық мәдениетінің спецификалық жағын құрайтын білімдерге: отандық педагогика мен сурдопедагогиканың әдіснамалық негіздері; дамудың зақымдалуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін, дамудың әр кезеңіндегі жеке психологиялық ерекшеліктерін, есту қабілеті зақымдалған балалардағы осы бұзылуларды түзету және орнын толтыру жолдары; есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға білім беру қағидалары, мақсаттары, міндеттері, формалары мен әдістері, түзете-дамытып оқыту және әлеуметтік оңалтудың ерекшеліктері.

Сурдопедагогтың алдына қойылатын шығармашылық міндеттерді шешу үшін ол белгілі бір біліктіліктердің кешенін игеру керек:

гностикалық біліктіліктер психологиялық­-педагогикалық және арнайы білімдерін көтеріп тұру үшін қажет;

зерттеушілікке арнайы әдебиеттерді талдау, оқушылармен оқу іс-әрекетін ұйымдастырғанда әдістемелік тәсілдердің тиімділігін анықтау, оқыту, тәрбиелеу, түзету-педагогикалық көмек көрсету тәжірибесін ғылыми-практикалық әдістермен зерттеу жатады;

болжамдыққа оқыту-тәрбиелеу үрдісінің түзете-дамыту әсерін күшейте отырып болжамдау жатады;

ұйымдастырушылыққа оқыту, тәрбиелеу және түзету-педагогикалық көмекті тиімді ұйымдастыра білуі жатады;

диагностикалыққа оқушыларды күнделікті мақсатқа бағытталған зерттеу жатады.

Сонымен қатар, сурдопедагог төмендегідей әдістерді білуі керек:



  • зақымдалу түрін анықтайтын диагностикалау;

  • баланың психикалық дамуының жас ерекшелік нормасына сай дамуын анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізу;

  • есту қабілеті зақымдалған балалар мен ересектерді, олардың ата-анасына кәсіби кеңес беру;

  • білім беру мекемесінде, отбасында жағымды психологиялық жағдай орнатуға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізу;

  • арнайы білім беру мекемелерінде есту қабілеті зақымдалған балаларға оқу пәндерін оқыту;

  • есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеу;

  • ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жүргізу.

Сурдопедагогтың кәсіби іс-әрекеті есту қабілеті зақымдалған оқушылардың тәрбиесіне, жеке тұлға болып калыптасуына, бар бұзылыстарын түзетуге, олардың әлеуметтік бейімделулеріне әсер етеді. Кез келген сурдопедагог, кай жерде болмасын есту қабілетін жоғалтқан адамды (ересек немесе бала) кездестірген кезде оның жағдайы мен қажеттілігін түсініп, бағалай біліп, әдістемелік немесе педагогикалық көмек көрсете білу керек.

Қазіргі заманда сурдопедагогтың қызметі кеңейіп отыр, сурдопедагог тек арнайы мекемелерде ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік орталарда – отбасында, кеңес беру пункттерінде, әртүрлі жастағы естімейтін жіне нашар еститін балалармен, жасөспірімдермен, ересектермен жұмыс істей білуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет