Естіп қабылдауын дамыту және дыбыстап айтуын қалыптастыру жеке сабағы. Аталған сабақтың негізгі мақсаты – балаларды сөйлеу тілін есту арқылы қабылдауғы үйрету, есту зейінін дамыту, есту-көру арқылы қабылдауға сүйеніп дыбыстап айтуын қалыптастыру. Аталған сабақтар екі құрам бөліктен тұрады: дыбыстап айтуын қалыптастыру және жеке есту аппараттары, электроакустикалық аппаратуралар арқылы есту арқылы сөйлеу тілін қабылдауды дамыту.
Әуенді-ырғақ сабақтары. Аталған сабақтар естімейтін балалардың естіп қабылдауын, дыбыстап айтуын, қозғалыс белсенділігін дамытуға әсер етіп, музыкамен байланысты басқа да біліктіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Осылардың ішінде: музыка ойнап тұрғанда би және гимнастикалық қозғалыстарды орындау, қарапайым музыкалық аспаптарда ойнау, фонетикалық ритмикаға сүйеніп анық сөйлеуін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |