Мазмұны Алғысөз Кіріспе Жемқорлыққа қарсы мәденеиет: түсінік, құрылым, міндеттері мен қызметі


Жемқорлыққа қарсы мәденеиет: түсінік, құрылым, міндеттері мен қызметі



бет2/28
Дата06.02.2022
өлшемі67,43 Kb.
#81220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
жемкорлык

Жемқорлыққа қарсы мәденеиет: түсінік, құрылым, міндеттері мен қызметі
1.1 Жемқорлық ұғымы, оның тарихи түбірі

Жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымын түсіну «жемқорлық» деген антиәлеуметтік көріністің мазмұнын, тарихи түбірін анықтап алмай түсіну мүмкін емес. Жемқорлық ұғымы заманауи және қоғамдық-саяси әдебиеттерде кеңінен қолданылады.


«Жемқорлық» деген сөзі ( латынның «согитрег» сөз шыққан) көптеген мағынаны білдіреді:бұзу, сатып алу, құлау,асыра сілтеу, жолдан тайдыру, притон, тұрақсыздық, жұмысты бұзу, бұзылуға жеткізу, бүлдіру, фальцифицировать, арамдау, намысын таптау; «со» сөзалды көпмағыналы етістігімен бірге қолданылатын «штреге» қосымшасы (бұзу, сындыру, заңды бұзу, келісімшартты бұзу) деген мағыналарды көрсетеді, жемқорлық – бұл бірнеше субьектілердің іс-әрекеті арқылы жүзеге асатын әрекет.
Сонымен қатар латын тіліндегі «corruptiо» сөзі «сатып алу», «жіктеу»деген мағынаны білдірсе ; «сыбайластыру» етістігі біреуді ақшамен немесе басқа да материалдық құндылықтармен «сатып алу» дегенді білдіреді.
Рим құқығында «corrumpire» сөзі «бұзу, құрту, қирату, зиянын тигізу, кесірін тигізу, сатып алу, сонымен бірге «арамдау, төмендеу, нашар жағдай, жолдан таю (көзқарастың немесе көзқарастың өзгеруі)» деген мағына береді.
Барлығымызға белгілі трактовкалар қатарында жемқорлық түсінігі жөнінде
латынның «corruptio» термині екі түбірлес сөздерден «cor» (жүрек, жан, ес) және «ruptum» (бұзу, қирату) шыққан делінген.Сондықтан да жемқорлық сөзінің төркіні лауазымды тұлғаларды сатып алуда немесе олардың баюында емес, әлеуметтік жүйе бірілігінің ыдырауында, сонымен қатар азаматтардың өздерінің жеке бас пайдасы үшін атағын, лауазымын пайдалана отырып мемлекеттік билік жүйесіне, мемлекеттік заңды мүдделеріне сатқындық жасауы.
Мемлекеттік шаралар арқылы жемқорлықпен күрес туралы алғашқы жазбаларды тарихшылар б.э.д. ХХIV ғасырларға – шенеуніктер арасындағы жемқорлық іс-әрекеттің алдын алу және жауапкершілігін арттыру мақсатында жасаған мемлекеттік реформасы көрсетілген шумерлер қағаны Урукагин заманына жатқызады.
Тіпті төртінші мыңжылдықтар шамасындағы Ежелгі Вавилон патшасы Хамураппи заңында және египет фараондарының заңдарында жемқорлық жөнінде жаупкершіліктің болғандығы белгілі.
Жемқорлық туралы нақты анықтама Рим империясы заманындағы Заңда 12 кестеде көрсетілген.Рим империясының құлауының негізгі бір себептерінінің бірі жемқорлық екендігін айтып өту керек. Пара алу сол кезеңдерде мемлекеттік орындарда және мемлекеттік орындарға тағайындауда жандана түсті.
Император Мауррия кезіндегі ежелгі Үнді өркениетінде де жемқорлық іс-әрекеттердің тізімі қырыққа жеткенігі туралы айтылған.
Жемқорлықты көрініс ретінде ежелгі грек ойшылдары Платон және Аристотел зерттеген, олар жемқорлықтың шығу себебін мемлекеттік басқаруда болмауы тиісті пайдакүнемдіктің болуы деп көрсетті. Жемқорлық туралы шығыс өркениеттерінде де көрсетілген. Әл Фараби шенеуніктер лауызымын өздерінің қабілеттіліктеріне қарай алуы тиісті деп санаған.
ХII ғасырдағы Қытайдың ұлы саяси ағартушысы Ванг Анши жемқорлықтың негізгі себептерінің біріне нашар шенеуніктер мен нашар заңды қосады.
Еуропалық буржуазиялық революция кезіндегі Ш.Монтескье заманында мемлекеттік басқару үшін жемқорлықтың бұзу әрекеті күшті болатындығы көрсетілген. Гегель халыққа өздерінің кірісі мен шығысы туралы есеп беріп отырғандығы туралы грек заңы туралы айтып өткен.
Мемлекетте нарықтық қатынастардың орнаумен мемлекеттің экономикалық мүддесіне қауіп төнуі мүмкін, ол бірінші кезекте ұлттық тауар өндірушілердің заңсыз әрекеттерінен, олармен сыбайласқан чиновниктерден, соның нәтижесінде жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстың саны көбеюде. Алайда бұл қылымыстар глобалды проблема емес, бұл мемлекеттің тұрақтылығына, заңның үстемдігіне қауіп төндірмейді.
Алайда өзекті мәселелердің бірі болып осы қылмыстарды алдын алумен олармен күресудегі тактикалық стратегияның болмауында.
Қазіргі таңда ортақ қалыптасқан ой, жемқорлық – ол өте күрделі құбылыс, оны бірнеше тұрғыдан алып қарастыруға болады, тарихи, әлеуметтік – саяси, құқықтық және т.б. ешқандай мемлекет жемқорлықтан сақталған емес, еш мемлекет онымен күресте абсолютті жеңіске жеткен жоқ. Сондықтан жемқорлықпен күрес әрдайым және жергілікті жерлерде міндетті түрде жүргізілуі тиіс.
Жемқорлық негізі 1990 жылдары заманауй көрініс тапты.Оның қылмыстық іс механизмі тек қана тиімді ғана емес, қоғам өзгерістеріне тез бейімделгіштігін көрсетті.Қылмыс әлемінің серкелері заңды түрдегі кәсіпкерлер қатарына енуге, ал белгілі бір капитал жинақтаған соң «өздерінің» адамдарын билік орындарына, сонымен қатар құқық қорғау органдарына кіргізуге әрекет етті.Мелекет және қоғам 90-шы жылдары халық алдында өзіндік ерекшелігімен және жағымсыз белгілерімен кең етек жайған жемқорлық сияқты көрініспен бетпе-бет келді.
Сол сиқты қажет емес тенденциялардың алдын-алу үшін мемлекет жемқорлыққа қарсы саясат жүргізіп және жемқорлыққа қарсы заңдылық құру жұмыстары жасалынды. Бұл бағыттағы жұмыстар белгілі бір дәрежеде жүйесіз жүргізілді, нәтижесінде қарапайым адамдар өздерінің адамгершілік ұстанымдарында бағдарсыз болды да,өмірлік жағдайларға қалыптасқан шындықтың дұрыстығы шешімін табуды қажет етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет