Шетел мемлекеттеріндегі жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құрылуы Жемқорлыққа қарсы тұру (төзбеушілік) мәдениетін құру дамыған елдердегі жемқорлыққа қарсы мәдениет стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Швеция және Ұлыбритания сияқты Еуропа елдерінде азаматтардың ақпараттарға қол жетімді болуы, құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық нормаларды сақтауы- мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының кепілі.
Латвияның жемқорлыққа қарсы білімінің тәжірибесі өз кезегінде посткеңестік елдің жемқорлықты Транспэренси Интернешнл қабылдауы бойынша Индекс рейтингінде көтерілуіне мүмкіндік берді.
Жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудағы шетелдік тәжірибенің құрылуын зерттеу және азаматтардың жемқорлыққа қарсы құқықтық танымын қалыптастыруда қандай шаралар жасалғаны және онда қандай әдістердің қолданылғаны туралы ақпараттарды алу және жемқорлықты болдырмаудың қандай түрлері бар екенін бағамдау, жемқорлықтың шығу деңгейін бәсеңдету туралы ізденіс жұмыстарын жүргізу ең бір маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен танымын түсіну жемқорлыққа қарсы жұмыста қарама-қайшылықтардың туындауын болдырмауға және жемқорлыққа қарсы күресте дұрыс стратегия мен жол табуға мүмкіндік береді.