Жауабы: 5550 л.
9. Қазақстандағы мұнай, газ және көмірдің негізгі кен орындары
6-есеп. 5 кг антрацитті жаққанда, 8,96 м3 көмірқышқыл газы (қ.ж.) газ түзілді. Антрациттегі көміртектің массалық үлесін есептеңдер.
Шешуі: реакция теңдеуі бойынша пропорция құрып, Антрациттің құрамындағы таза көміртектің массасын табамыз:
х г 8960 л
С + О2→ CO2
12 г 22,4 л
Бұдан: х = (8960 л ∙12 г ) / 22,4 л = 4800 г = 4,8 кг.
Демек, антрациттің құрамындағы көміртектіктің массалық үлесі:
ω(С) = (4,8 ∙100 ) / 5 = 96%.
Жауабы: 96%.
7-есеп. Азот пен пропанның 4 л қоспасын жаққанда түзілген өнімдерді кальций гидроксиді ерітіндісі арқылы өткізгенде, 16 г карбонат және 25,9 г гидрокарбонат түзілді. Газ қоспасындағы пропанның көлемдік үлесін анықтаңдар.
Шешуі: Азот жанбайтын болғандықтан, есептеулерді тек пропанға арнап жүргіземіз:
Реакция теңдеулері:
0,107 моль 0,32 моль
С3Н8+5О2 = 3СО2+4Н2О (1)
0,16 моль 0,16 мол
СО2 + 3Са(ОН)2 = СаСО3 + H2O (2)
100 г/моль
0,16 моль 0,16 моль
СаСО3 + CO2 = Са(НСО3)2 (3)
162 г/моль
Алдымен түзілген карбонат пен гидрокарбонаттың массаларын немесе зат мөлшерлерін біле отырып, (2) және (3) теңдеулер бойынша реакцияға түскен көмірқышқыл газының көлемін тауып алып, сосын (1) теңдеу бойынша жанған пропанның көлемін анықтаймыз.
Есептің шарты бойынша:
ν(CaCO3) = m(CaCO3)/M(CaCO3) = 16 г / 100 г/моль = 0,16 моль;
ν(Ca(HCO3)2) = m(Ca(HCO3)2)/M(Ca(HCO3)2) = 25,9 г/ 162 г/моль = 0,16 моль;
Σν(CO2) = 0,16 моль + 0,16 моль = 0,32моль;
ν(C3H8) = Σν(CO2) /3 = 0,32моль/3 = 0,107 моль;
V(С3Н8) = Vм ∙ ν(C3H8) = 22,4 л/моль ∙ 0,107 моль = 2,39 л.
Оның қоспадағы көлемдік үлесі:
φ(С3Н8) = V(С3Н8) / V(қоспа) 2,39 л / 4 л = 0,597 немесе 59,7%.
Термохимиялық реакциялар жайлы есептеулер
№1 Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі
2C2H2 + 5O2 4CO2 + 2H2O + 2610 кДж
болса, 2,5 моль ацетилен жанған кезде бөленетін жылу мөлшері
Шешуі:
2C2H2 + 5O2 4CO2 + 2H2O + 2610 кДж
2моль 2610 кДж
2,5моль х
Бұдан: х = (2,5 моль∙2610 кДж ) / 2моль = 3262,5 кДж
Жауабы: 3262,5 кДж
№2 Этанның жану реакциясының термохимиялықтеңдеуі
2С2Н6 + 7О2 → 4СО2 + 6Н2О + 3080 кДж
Реакция нәтижесінде 770 кДж жылу бөлінсе, жұмсалған (ќ.ж.) оттегінің көлемі
Шешуі:
2С2Н6 + 7О2 → 4СО2 + 6Н2О + 3080 кДж
7∙22,4л 3080 кДж
х 770 кДж
Бұдан: х = (7∙22,4∙770 кДж ) / 3080 кДж = 39,2л
Жауабы: 39,2л
№3 Термохимиялық теңдеуі бойынша
C2H4 + 3O2 → 2CO2 + 2H2O + 1400 кДж
нәтижесінде 9100 кДж жылу бөлінсе, жанған этиленнің массасы
Шешуі:
C2H4 + 3O2 → 2CO2 + 2H2O + 1400 кДж
30г 1400 кДж
х 9100 кДж
Бұдан: х = (30г∙9010 кДж ) / 1400 кДж = 182г
Жауабы: 182г
Оқушылардың білімдерін нақтылау, білімін дамыту,бақылау үшін тест әдісі қолданады. Базалық тестер, диагностикалық тестер, тақырыптық тестер және қорытынды тестер арқылы , яғни әр түрлі мақсаттағы тестілер жүйесін қолдана отырып, оқушылардың ҰБТ-ге дайындығын арттыруға болады. Тесттерді ашық, жабық,сәйкестік, сәйкестендіру, графиктік деп бөлуге болады. Бұл бөлімде органикалық химияның кейбір тақырыптарында қолдануға болатын әр түрлі дәрежедегі тесттер берілген.
Әр түрлі дәрежедегі тесттер
Достарыңызбен бөлісу: |