Білім алушылардың іс-әрекеттері :
c
үрейленбеңіз, білім беру ұйымының педагогтары мен қызметкерлерін тыңдаңыз
күдікті затты ұстамаңыз, ашпаңыз және жылжытпаңыз
c
қажет болса, қорғанысты қамтамасыз ететін заттардың артына паналаңыз (ғимараттың бұрышы, баған, қалың ағаш, автомобиль)
объектіден кету, мүмкін болмаған жағдайда-күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтыққа пана болу
анықтау уақыты мен орнын бекітіңіз
Күдікті затты анықтаудағы әрекеттер АЛГОРИТМІ
Білім беру ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдардың іс-әрекеттері :
c
күдікті затқа қол тигізбеңіз, жақындамаңыз, қозғалмаңыз
иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналаңыздағы адамдардан сұхбат алыңыз
күдікті заттың табылғаны туралы Ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112"бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне дереу хабарлау
мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын бекітіңіз
осы заттың жанында радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы телефонды пайдаланудан бас тарту
қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз ету
күдікті затқа және қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз ету
дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білуі керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарлауға болмайды
күдікті заттың пайда болуын және оны табу жағдайларын сипаттауға дайын болу
қажет болған жағдайда қорғауды қамтамасыз ететін заттарды (ғимараттың бұрышы, бағанасы, қалың ағаш, автомашина) паналап, бақылау жүргізу
Жарылғыш құрылғы немесе жарылғыш құрылғыға ұқсас зат анықталған кезде ұсынылатын эвакуация және қоршау аймақтары:
граната - 50 метр;
салмағы 200 грамм тротил жарылғыш – 45 метр; жарылғыш құрылғы - кемінде 200 метр;
0,33 литрлік сыра банкі - 60 метр;
дипломат (кейс) - 230 метр.
жол чемоданы - 350 метр;
жеңіл автокөлік-кемінде 600 метр;
шағын автобус - 920 метр;
жүк көлігі (фургон) - 1240 метр.
Достарыңызбен бөлісу: |