Мазмұны: бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру кезеңдерін талдау



бет3/3
Дата07.12.2022
өлшемі47,25 Kb.
#161683
1   2   3
Байланысты:
Баяндама 10 дәріс

Жағдаяттық тапсырмалар

1. Балаңыздың мектепке қадам басып келуіне бар жағдайды жасадыңыз. Ал, бірақ балаңызда сабаққа деген ынта, зейін жоқ. Сіз не істер едіңіз?


2. Бала мектептен үйге келді. Өткізілген сабақтардан ештеңе ұқпағанын айтты. Сіз қалай жәрдем берер едіңіз?
3. Балаңыз мектеп табалдырығын аттамай тұрып әріптерді қосып оқи алаты. Бірақ мектепке барған соң жүргізіп қосып оқи алмады. Үйден қандай жұмыстар жүргізесіз?


Қорытынды

Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Бала бірінші сыныпқа барып оқушы атанған соң, мектеп түлегі болғанша түрлі қиындықтар туындауы мүмкін. Осындай кезең сәттерде ата-ана, мұғалім бірігіп балаға көмек беруіміз керек.


2.2. Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жаднама жасау
Құрметті ата-ана! Мектепке қабылдау бірінші сынып оқушысының өміріндегі ең маңызды сәт. Мектеп алды даярлық тобы оқушысына тән қамқорлық, талаптар мен міндеттерге толы өмірмен алмастырады. Әрине бұл бірінші сынып оқушысы үшін жауапты салтанатты сәт қана емес, сонымен қатар ата-ана үшін өте үлкен жауапкершілік.
Бұл үшін не істеу керек? Күнделікті күн тәртібін ұйымдастырыңыз толыққанды тамақтану, жақсы ұйқы, таза ауада серуендеу. Мектепке дейін баланың қолының ұсақ моторикасын дамыту, кітапқа деген қызығушылықты қалыптастыру, күнделікті тәртіпті сақтауға үйрету, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру қажет. Әрі қарай, сіз мектепті анықтауыңыз керек. Ата-ана ретінде сіз мектепті таңдап баланы мектеппен таныстырыңыз, егер мүмкін болса баланы дайындық сыныбында анықтаңыз.
Өткен жылдан бастап мектепке қабылдау үшін құжаттарды тапсыру мерзімі өзгерді. Құжаттарды қабылдау сәуір айының басынан тамыз айына дейін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және қағаз жеткізгіште білім беру ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 1-сыныпқа даярлық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін сізге төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
үлгі бойынша өтініш;
жеке басын куаландыратын құжаттың түпнұсқасы;
денсаулық туралы анықтама (форма № 63 және форма №026);
3x4 см өлшемді баланың 2 дана көлеміндегі фотосуреттері.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Жақсы ата-ана болуды үйренеміз 3 жастан 7 жасқа дейін. Қазақстандағы БҰҰ балалар қоры

2. Педагогика. А.Макаренок
3. Ақылды бала. Д. Сигел, Т.П. Брайсон
4. Баланы жазасыз тәрбиеле Е.Ертайұлы
5. Балам жақсы болсын десеңіз Ә. Тұрақұлова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет