|
|
бет | 21/24 | Дата | 03.11.2023 | өлшемі | 214,65 Kb. | | #189262 |
| Байланысты: биология тапсырмаларыБалықтар
1.Шеміршекті балық:
А) жолақ акула+
В) табан
С) сазан
Д) шортан
Е) аққайран
2.Уылдырықтау бұл-
А) балықтардың көбею кезіндегі күрделі инстинкті мінез-қылығы+
В) өрістегіш балықтардың шалғай жерлерді жүзіп өтуі
С) ұрапғына қамқорлық жасауы
Д)көбею жағдайы
Е) шартты рефлекс
3.Балықтың дене бөлімдері:
А) тұлға
В) бас, құйрық
С) бас, тұлға, құйрық+
Д) бас, тұлға
Е) баскөкірек, құйрық
4.Балық мына мүшесі арқылы тыныс алады:
А) хтитнді демтүтік арқылы
В) өкпе арқылы
С) терісі арқылы
Д) мальпигий арқылы
Е) желбезек арқылы+
5.Сазанның миы:
А) бес бөлікті+
В) үш бөлікті
С) төрт бөлікті
Д) бір бөлікті
Е) екі бөлікті
6.Балықтардың жүрегі:
А) бір қуысты
В) көп қуысты
С) үш қуысты
Д) төрт қуысты
Е) екі қуысты+
7.Сүйекті-шеміршекті балықтар:
А) шоқыр, бекіре+
В) табанбалық, сазан
С) австралия мүйізтісі, африка қабыршақты балығы
Д)латимерия
Е) акула, тұтасқанат
8.Балықтардың дене температурасы байланысты:
А) ұлпаларда майдың болуына
В) қоршаған орта температурасына+
С) майының болуына және қорегіне
Д) балықтың қозғалуына
Е)қорегінің түріне
9.Балықтардың денесін берік ұстауға көмектесетін жүзбе қанаты:
А) аналь
В) көкірек
С) арқа
Д)құйрықасты+
Е) құрсақ
10.Сүйекті балық:
А) көк акула
В) тікенекті жұп балық
С) тұтасбалық
Д) шортан+
Е) жолақ акула
11.Торсылдағы болмайтын балық:
А) акула+
В) шортан
С) жайын
Д) треска
Е) алабұға
12.Балықтан бөлінетін қою ақ сұықтық-шоғал:
А)жұмыртқа жасушасының өнімі
В) аталық бездің ұрығы+
С) уылдырықтар
Д) нәжістер
Е) шабақтары
13.Шеміршекті балықтар класына жататын отряд:
А) майшабақ тәрізділер
В) латимерия тәрізділер
С) бекіре тәрізділер
Д) тұтасқанаттылар (скаттар)+
Е) албырт тәрізділер
14.Шеміршекті балықтарда басқалараға қарағанда жоқ мүше:
А) бассүйек
В) қабыршақтар
С) жүзбеқанаттар
Д) торсылдағы+
Е) омыртқа жотасы
15.Балықтардың қанайналым жүйесі:
А) екі қанайналым шеңберлі
В) тұйық емес
С) төрт қанайналым шеңберлі
Д) үш қанайналым шеңберлі
Е) бір қанайналым шеңберлі+
16.Акула балығының систематикалық тобы:
А) сүйекті
В) сүйекті-шеміршекті
С) саусаққанаттылар
Д) қостыныстылар
Е) шеміршекті+
17.Балықтардың судың бағытын, ағын күшін қабылдайтын мүшесі:
А) көруі
В) естуі
С) бүйір сызығы+
Д) иіс сезуі
Е) торсылдағы
18.Балықтың арнайы сезім мүшесі бұл:
А) бүйір сызығы+
В) сипап сезу
С) иіс сезу
Д) көру
Е) есту
19.Басқа балықтармен салыстырғанда акула мен скатта жоқ мүше:
А)желбезек қақпағы+
В) жүзбеқанаттар
С) бассүйегі
Д) бауыры
Е) ішегі
20.Кейбір балықтарда дыбыс шығаратын мүше:
А) жүзбеқанат
В) желбезек
С) аузы
Д) торсылдақ++
Е) құйрығы
21.Акуланың өте жақсы дамыған сезім мүшесі:
А) есту
В) торсылдақ
С) сипап сезу
Д) дәм сезу
Е) иіс сезу++
22.Балықтың жүрегінің құрылысы:
А) 2 жүрекше және 2 қарынша
В) 1 жүрекше және 2 қарынша
С) 1 жүрекше және 1 қарынша++
Д) 2 жүрекше және 1 қарынша
Е) 1 жүрекше және толық дамымаған бөлімі бар 1 қарынша
23.Балықтар торсылдақтың көмегімен:
А) тез қозғалады
В) судың бағыты мен күшін сезеді
С) судың түбіне түсіп, қайта бетіне шығады++
Д) газ алмасуға қатысады
Е) тамақты қорытады
24.Балықтардың бүйір сызығы:
А) жылдам жүзу әрекеттерін реттейді
В) су ағысының күшін, бағытын, тербелісін, кедергілерді сезеді++
С) денесін қалыпты ұстауға көмектеседі
Д) дене тепе-теңдігін сақтайды
Е) жан-жағына бұрылады
25. Қанайналым жүйесі бір шеңберлі, жүрегі екі бөлімді жануар:
А) құс
В) балық++
С) ит
Д) бақа
Е) кесіртке
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|