2.2.Екінші сыныпта әдебиеттік оқу сабағын оқыту барысында пәнаралық байланысты пайдаланудың әдістері
Қазақстандағы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазақ мемлекеттілігінің құрылу кезеңінен бастап ұзақ уақыт бойы елдегі болып жатқан саяси - әлеуметтік және мәдени өзгерістердің көрсеткіші болып табылады. Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін, меңгеруге ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Өмірдегі бүгінігі өзгерістер мектеп өміріне де үлкен ықпал етуде. Мектептегі әрбір оқушы сабақ талабын қанағаттандыратындай болуы шарт. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, оқушыға ой салатындай сабақ өткізуі қажет.
Қазіргі мұғалім өзгермелі жағдайға тез бейімделіп, педагогикалық үрдісті жүйелі жүргізуге бағытталған, ойлаудың жаңа типін меңгерген шығармашыл болуы тиіс.Материалистік дүниетануды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамына адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүретін микро, макро орта, көпшілік хабарларын тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетануды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқауды үйрену керек.Дүниетанудың психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік компоненттерді қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс – әрекетпен салыстыру кере.
Дүниетануды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқущылардың диаликтикалық-материалистік дүниетануын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған бастауыш мектепте оқылатын барлық пәндердің қатынасы бар. Оқу пәндерінің мазмұны материалистік бола тұра, олар өздігінен тәрбиелік күйді қамтамасыз ете алмайды. Ол үшін бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек:Мұғалімнің дүниетану негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезендерінің нақты жоспарлануын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңінде бастауыш мектеп оқушыларының дүниетануын қалыптастыру ісінің жүйесінде әр бір оқу пәнінің орнын анықтау, пәнаралық байланысты анықтау, негізгі философиялық, саяси – әлуметтік және адамгершілік идияларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды айқындалған идияларды маңһғыналы ойлауға жетелейді, оларды пәндерді оқудың бүкіл уақыты бойында логикалық және деректік сипатына қарай күрделенетін ретпен тізбектей орналастырып, бірнеше басқышқа бөледі.Үшінші кезеңі дүниетануы қортындыларын топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде оқылатын материалдан шығатын дүниетану қортындыларын тақырыптарға сәйкес бөлу және оларды сабақ жоспарларында, оқушылардың өзіндік жұмысы үшін берілетін тапсырмаларда белгілеу жүзеге асады. Бесінші кезеңде оқушылардың оқуын, дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс-әрекетінің тәсілдерін, оқытудың әдістері мен формаларын анықтайды.
Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру. Дүниетану идияларын менгеруге оқушының белсенді және орынды қатынасы оның ақиқат екендігіне сенімін қалыптастырады. Алған білімді менгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі. Білім тиек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып, тәжірибеде тексеріліп, іс-әрекеттің жетекші идиясына айналса, дүниетану сипатын алады. Оқушының қатынас тәжірбиесін жүйелі жинауы. Көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен бекіту, оқушыны қоршаған орта оны қоғамдық –саяси белсенділікке, өз бетіндік іс-әркетке және жауапкерлікке итермелейтіндей жағдайға қоюды талап етеді.
Мұғалім –ғылыми дүниетану иесі және оны жүзеге асырушы. Жалпы, оқушының дүниетанудағы әрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, кең ой-өрісті және берік көзқарасты адам болуы керек. Бұл жерде бірінші орынға қарапайым, шын жүректен, ақиқаттықпен оқушының жан дүниесін баурайтын тәрбиешінің сөзі, оның өзіндік сенімі қойылуы керек.
Пәнаралық байланыстың бірден – бір бастауы мұғалімнің шығармашылық ізденісі болып табылады. Әр түрлі оқу пәндерінің өзара байланысы негізінде алынған пәнаралық білім, білік, дағдылар сабақтан тыс іс - әрекеттерде де қолданылуы тиіс. Осы білімдерді игеру, біліктіліктерді қалыптастыру, дағдыларды дамыту барысында тәрбие үрдісінде іске асады.
Ең бастысы қазіргі уақытта әрбір ұстаз нақты деректерді, нақтылы оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. Ол деректердің өзара байланысын, бір – біріне әсерін, басты әлеуметтік, экономикалық немесе рухани ортақ белгілерін бір – бірімен байланыстыру керек .
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы көркем шығармалар негізінен халық ауыз әдебиеті үлгілерін және балаларға арналған белгілі жазушылардың туындыларын қамтиды.[30,6б.]. Сонымен бірге әдебиет теориясының түрлері: теңеу, эпитет, метафора, негізгі ой, ұқсас, гипербола қарапайым түсініктер беріледі. Бұл түсініктер әрбір бөлімді қорытындылауда түрінде де және мәтін соңында тест тапсырма түрінде де берілген. Суретшілердің тілі – бояу, сазгерлердің тілі – саз, ал жазушылардың тілі – сөз. Оқушылар бұған: Отан, туған жер, табиғат құбылыстары адам еңбегі жайында шабыттана жырлаған ақын – жазушылардың шығармаларын оқи отырып, көз жеткізеді.Оқушылар мәтіндерді оқып қана қоймай, саналы түсінуі үшін әрбір шығарманы дұрыс талдауға үйрету – мұғалімнің басты міндеті.
2002 жылы «Атамұра» баспасынан бастауыштың 2-сыныбына арналған жаңа буын оқулықтары қайта басылып шықты. Мектеп оқушылары «Әдебиеттік оқу» оқулықтарының жетілдірілген нұсқасын, оқулықтың 2 басылымын қолдарына алды. Оқулықтың құрылымы мен мазмұнында аздаған өзгерістер көрініс тапты. Оқулықты жетілдіру барысында пәнаралық байланысқа негізделген материалдар сұрыпталып, Республика мектептері мұғалімдерінің ұсыныс – пікірлері ескерілді. Онда оқу жылына 136 сағат, аптасына 4 сағаттан бөлінген. Жаңа буын оқулықтарында көрнекті қазақ жазушыларының шығармаларымен қатар туысқан халықтар әдебиеті өкілдері шығармаларының аударма мәтіндері оқуға ұсынылған: «Менің алыстағы достарым» (4-сынып), «Біздің тілейтініміз–достық» (2-сынып) тарауларының мазмұнының Распе, Киплинг, Э. Хемингуей, Бертольд Брехт, М. Пришвин, К. Чуковский, Леонардо Да Винчи, К. Ушинский, И. Тургенов, Р. Фархади, Ш. Аймауытов т.б. шығармалары құрайды.[31,112б.].
Оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына сай іріктеліп алынған аталмыш шығармалар мәтінмен жұмыстың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл мәтіндерді оқу барысында оқушылар әр түрлі ұлт өкілдерімен, географиялық атаулармен, әр түрлі мемлекеттер астанасымен, құрлықта, суда өмір сүретін жан – жануарлармен танысады. Бастауыш мектептің 2-сыныбына арналған «Ана тілі» оқулығында М. Зверевтің «Білгір қарға», В. Сухомлинскийдің «Шымшық пен көртышқан», Бертольд Брехттің «Қысқы құстармен әңгіме», М.Пришвиннің «Қыранның ұясы», Леонардо Да Винчидің «Қайырымдылық», К.Ушинскийдің «Шыдай біл» атты шығармалары аударма тілінде берілген. Бұлардың барлығына ортақ негізгі тақырып – құстар өмірі, олардың түрлері, мекен ету ортасы, қорегі, қысқы, жазғы тіршілігі, табиғатқа, адамға тигізетін пайдасы, көркем мәтінде кейіпкерлер әрекетінде әр түрлі оқиғалар ортасында танылады. Сонымен бірге төмендегідей кестені толтыру балалардың дүниетанымын арттыра түседі.
Қарғаның түрлері
|
Қоректенуі
|
Пайдасы
|
Зияны
|
Қара қарға, ұзақ қарға, сауысқан қарға, ақ тұмсық қарға
|
Жәндіктермен, өсімдіктермен
|
Зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртады
|
Пайдалы құстардың жұмыртқалары мен балапандарын жейді
|
В. Сухомлинскийдің «Шымшық пен көртышқан» мәтінін оқытуда баса назар аударатын нәрсе – құстардың қысқы, жазғы тіршілігі. Мәтін кейіпкері шымшық – кішкентай ғана сұр құс, жазда біздің жаққа ұя салып, қыста Африкаға ұшып кетеді. Қанаты кішкентай болғандықтан бір күн ұшып, бір күн жермен жорғалап, өзен жағасындағы көгалдағы қызыл шілік түбіне салған ұясына деген сұрағына: «Отаным шақырады», - деп жауап береді. Осы орайда балаларға Отан, туған жер туралы білетін өлең жолдарын айтқызып, Отанын сүюге, қадірлеуге баулу. Құстардың қайтуы, келуі жайлы да маңызды деректер бере кеткен жөн.[32].
Бертольд Брехттің «Қысқы құстармен әңгіме» өлеңін оқытуда құстардың қысқы тіршілігі туралы тереңірек әңгімелеуге болады. Мәтін торғай, тоқылдақ, бұлбұл құстардың балапандарымен әңгімесі – диалог түрінде берілген.Құстарды атуға, оларға жаманшылық жасауға болмайтынын ұғындырумен қатар, бастауыш сынып оқушысының шамасы келетін қамқорлық жасау жұмыстарының түрлері туралы да айтылады. Төмендегі мәтінді оқып, мазмұнын талдау нәтижесінде құстарды үйір ету, қолдан ұя жасау, қосымша жем беруге арналған жемшашар (аласа, кенересі бар тақтайша) жасап, іліп қоюдың маңызын түсіндірген жөн. Ал, К. Ушинскийдің «Шыдай біл» атты мәтінінде ағайынды Қораз бен Мекиеннің бастан кешкен қызық оқиғалары баяндалады. Қораз шыдамсыздығының арқасында әр түрлі ауруға душар болады. Осы орайда мұғалім балаларға үй құстары туралы тереңірек білім беруіне мүмкіндігі мол.
Сонымен, пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық сипаты арасындағы байланысты құру.Пән материалдарын оқып үйрену оның мазмұнын, мағынасын, толық түсіну - оқушылар үшін күрделі психологиялық үрдіс. Сондықтан пәнаралық байланыс зерттеліп отырған материалды жүйелілікпен меңгеруді талап етеді. Нашар ұйым - оқушылардың басым көпшілігінің сабақ үстінде бостан–бос отыруы. Сабақтың мазмұнының тар шеңбердегі оқу тақырыбымен шектелуі, жаңаша оқыту технологиялары мен пәнаралық байланыстың ескерілмеуі үлкен қателіктердің бірі болып саналады. Тәжірибесі аз мұғалімдер пәннің бүкіл өтілген материалдарын (пәншілік) байланыстырып ұйымдастырмайды, жаңадан алынған білім мен іскерлік дағдыларын бекітпейді. Нәтижесінде оқушылар жаңа материалдармен танысып үлгермей жатып, аз уақыттың ішінде оны естен шығарады, тек оның түсінігіне ғана жақындайды.
Шығармашылықпен еңбек ететін тәжірибелі мұғалім сабақты басқаша құрады. Ол әр сабақтың мазмұнын бір ғана оқулық тақырыбы материалдарымен толықтырмай, оқушылардың ертеректе алған білімдерін басқа пәндерден білімдері мен түрлі технологияларды пайдаланып, қызықтыру арқылы байланыстырып отырады.Сабақты қайталау мен қорытындылаудың дидактикалық талабы – жаңадан алынған білім мен бұрынырақ берілген білім арасынағы байланыстың дұрыс жолға қойылуы. Кезінде осы мәселе бойынша К. Ушинский «Щвецарияға педагогикалық саяхат» атты хаттарында былай деп жазды:«Әр сабақта бұрынғы жатталғандар нақтыланады, әр сыныпта өткен материалдар беріледі, ал нәтижесінде тек қана ең күшті ойлар мен сөздер ғана шықпайды, сонымен қатар фактілік мәліметтердің тамаша бет – бейнесі де шығады. Көңілмен зейін қоса меңгерілген білім адам есіне қайта оралып, тек қана өзі айқынырақ және белгілі орнап қана қоймай, өзіне жаңа білімдерді тарту қабілетіне ие болады. Сабақтың кең көлемдегі тақырыптық аумағы бір мезгілде нақтылы міндеттердің көп санын шешуге мүмкіншілік береді. Кейбір білімдерді мұғалім алғаш рет мәлімдейді. Ал енді бір білімдер қайталанып, оқушылар есінде берік бекітіледі. Бұл кезде жаңа білімдер пәнаралық байланыс негізінде игерілетіндігі өте маңызды. сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды шарты пәнаралық байланыс болып есептеледі. Мәселен, оқушылардың қай сыныпта болсын кемінде 7-8 пәннен білім алады. Олардың 3-4-і (музыка, денне шынықтыру, орыс тілі, бейнелеу) басқа педагог мұғалімдердің қолында. Егер де мұғалімдер дара–дара, бір–бірінің жетістіктеріне сүйенбесе және көмек көрсетпесе, сабақтарда бірнеше пәннен алынатын біліммен, мектеп өзге пәндерден таныс материалдармен байланыспаса, онда оқу – тәрбиелік үрдістің нәтижесіне елеулі зиян келеді.
Әрбір сабақ оқушыларды қоршап тұрған дүниені тану жолының бір көрінісі. Міне, осы жолмен қазіргі кездегі ғылым, техника және мәдениет негіздерімен қаруландырып, мұғалім өз оқушыларын өмірге дайындайды. Бір жерде тоқырап тұрып қалу немесе аршындап алға басу сабақ кезінде оқушыларда білімнің тиімді жинақталуына байланысты екені даусыз нәрсе, әр сабақта оқушылар өздерінің жұмысы барысында жаңа дағды мен іскерлікке ие болады. Сондықтан мұғалім оқытудың пәндік жүйесі жағдайында бір өзі жеке дараланбай, керісінше ұжымдағы әріптестерімен ынтымақтасып, пікірлесіп жұмыс істегені жөн. Мазмұнды меңгеріп, ұғыну оңай жүзеге аспайды. Оқушы оқулықтағы материалдарды ұғынуда біраз кедергілер мен қиындықтарға кездеседі. Тәжірибеде байқалғаны мұндай қиындықтарды жеңуде пәнаралық байланысты технологияның жаңаша түрлерімен жүргізу ерекше рөл атқарады.Мысалы: бастауыш сыныптарда «Ана тілі» сабағындағы әңгіме, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтел, поэзиялық минуттар, экскурсиялар осы пәнді тереңірек ұғындыруға көмектеседі. Бұлар оқушылардың ұғымталдығын, оқиғаны ұзақ есте сақтауын, тіл шеберлігіне, ой ұшқырлығын, тапқырлығын шыңдауға ықпал жасайды.
Білім мазмұнын айқындауда әдебиеттік оқупәніне ерекше мән беріп отырған себебіміз – әдебиеттік оқу дүниетанымның негізі болып табылады.
Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқупәнін оқыту барысында пәнаралық байланысты үнемі ескеріп отыру қажет. Пәнаралық байланыс білім, білік және дағдының тұтас жүйесінің дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін орынды қолдана білуіне көмектеседі. Әдебиеттік оқу пәнінің басқа пәндермен байланысын сөз еткенде, ең алдымен тақырыптық байланыстар негізіне әр түрлі жағдайларда қарастырылатын жалпы түсініктер мен ұғымдар алынады. Бастауыш сыныптардағы пәндердің басты мақсаты – оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оларды қоршаған ортаның әсемдігін өнер түрлері арқылы түсіне білуге тәрбиелеу. Аталмыш пәндердің мазмұнына байланыстырып сөйлеу дағдыларына үйретуге, әр түрлі жанрдағы мәтіндердің формасы мен мазмұны арасындағы үйлесімнің мәнін ұғынуға мүмкіндік береді.
Әдебиеттік оқупәнін басқа пәндермен тығыз байланыста өткізу үшін бастауыш сынып мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі мол тақырыптарды оқу үрдісінде алдын ала анықтап алуы қажет.Оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың көптеген жолдары бар: пәнаралық байланысқа негізделген сұрақтар мен тапсырмалар, көрнекі құралдар, әдеби – тарихи оқиғалар, проблемалық ситуациялар, пәнаралық байланыс мазмұнындағы оқу проблемасы және әңгіме сұхбаттар, пәнаралық байланысқа негізделген сұрақтар әр пәннен бұрын алған білімдерін қайта жаңғыртып, жаңа оқу материалын меңгеруге, оларды пайдалануға мүмкіндік беретін мазмұнда болуы керек. Бастауыш сыныпта оқушылар әр алуан мәтін түрлерімен (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) танысады, оларды дұрыс құрастырып, айтуға және әдеби, ғылыми танымдық мәтіндердің ерекшеліктерін бақауға үйренеді.[33].Сабақта оқушылардың сөйлеу қызметін ұйымдастыру барысында оларды өздіктерінен сөйлеуге итермелейтіндей өз беттерімен мәтін құрастыратындай жағдай туғызу маңызды. Осы мақсатта ұсынылған мәтінді сөзбе – сөз қайталауды және өз жанынан сөз қосып айтуды талап ететін сюжетті-рөлді ойындарды пайдалану қажет. Бұл үшін мұғалім ұсынылатын оқиға орнын (орманда, дүкенде, ауылда), сөйлеушілерді (досы, інісі, ағасы, апасы т.б.), сөйлеу мақсатын (біреу туралы әңгімелеу, қандай да бір затты сипаттау, өз ойын дәлелдеу т.б.) түсіндіріп өзгертіп отырады.
Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуге оқушылар сюжетті суреттер, оқулықтағы безендірулер, өздіктерінен оқығандары мен естігендерінің мазмұны, диафильмдер мен кинодан көргендері, өздерінің байқағандары бойынша әңгіме құрап айту арқылы үйретіледі. Әңгімелеп айту барысында сөйлемдердің логикалық және граматикалық байланысын бұзбай және мәтінің құрылысын (басы, негізгі бөлімі, соңы) сақтау дағдысын қалыптастыруға баса назар аударылады. Мәтінмен жұмыс кезінде мұғалім, бір жағынан оқушылардың қатесін түзетуге бағытталған жұмыс жүргізсе, екінші жағынан баяндаудың мазмұны мен түрін жетілдіру жұмысын ұйымдастырады.Бастауыш мектепте әдебиеттік оқупәнін оқытудағы пәнаралық байланыс, негізінен алты пәннің байланысын қажет етеді. Ол пәндерге музыка, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, математика және дүниетану, дене шынықтыру жатады.
Әдебиеттік оқупәні негізінен, оқушыларға имандылық, адамгершілік тәрбие беруге бағытталған. Мектептерде әдебиеттік оқумен бенелеу өнері пәндерін, әдебиеттік оқумен музыка пәндерін, өнер саласының элементтерін пәнаралық байланыста оқыту оқу пәндерінің эстетикалық бағыттылығын жүзеге асыруға негізделеді.Осы орайда әдебиеттік оқумен бейнелеу өнері сабақтарын байланыстыра оқытуға мүмкіндік мол. Себебі әдебиеттік оқусабағында оқушылардың ой - өрісі дамып, тіл байлығы жетіле түссе, бейнелеу сабағы кезінде баланың ойлау жүйесі, әр нәрсені байқағыштығы ізденісі қалыптасады. Мұндай сабақ баланың есінде берік сақталады.Себебі, оқушыларда өнер туралы білімдерді, сұлулықты танып–білу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру нақты тіл, сөз арқылы әңгімелеу, түсіндіру әдістері көмегімен, әрі көрнекілік пен тәрбиелік әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде іске асырылады.Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімдері бейнелеу өнері сабақтарында мейлінше әдеби тілде, әрі әсем сөйлеуі қажет.
Қазақ педагогы Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» деген еңбегінде балаларда сұлулық сезімдерді қалыптастыру жөнінде былай жазады: «Бала маңайында сөйленетін сөздер әдепті, сұлу болуға тиісті. Баланы сұлулықпен таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін, неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын, түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне, осыларды естісе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді.Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу сабақтарын музыка пәнімен мейлінше көбірек үйлестіру қажет. Әр сабақ сайын өтілетін тақырыпқа байланысты сабақтың мақсатына қарай музыкалық шығармаларды молынан қолданған жөн.Бастауыш сыныптардың барлығында өтілетін әдебиеттік оқупәнінің халықтың – дәстүрлі, өнер тақырыбындағы сабақтардың өтілу желісін қазақтың күйлерімен байланыстыру көп пайдасын тигізіп, оқу нәтижесінің жоғары болуына мол ықпал жасайды. Ұлттық күйлер мен халық әндері, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктеріне байланысты сезіміне зор әсер етіп, қиялы мен ойлауына ықпал етеді. Тек ескертетін жайт: күйді, әнді ырғағына қарай таңдап алып, дыбысын қатты етпей, сабаққа кедергі жасамайтындай етіп пайдалану керек.
Мәселен, 2-сыныптағы «Әдебиеттік оқу» пәніндегі Міржақып Дулатовтың «Наурыз» әнін музыка әуенімен байланыстыруға болады. Көз алдарына наурызды елестете отырып, үнтаспадан «Наурыз думан» әні 2-3 минут баяу естіліп тұрады. Сол арада оқушылар алтыбақан, киіз үй, наурыз көже пісіру үшін қазанның суретін салады. Осылайша оқушылар өз суреттері бойынша ауызша айтып шығады. Балаларға М. Дулатовтың «Наурыз» өлеңін мәнерлеп оқытып, наурыз мерекесіне қатысты әңгімелер, өлеңдер, бата–тілектер, әндер, мақал–мәтел, жұмбақтар айтқызуға болады. Жоғарыдағы көрсетілгендерді оқытудың жаңа технлогиялары арқылы жүзеге асыру оқушының есіне берік орнығады.
«Әдебиеттік оқу» пәнінде еңбекке баулу пәнінің элементтері, әсіресе тәжірибелік оқу іс - әрекетінде анық көрінеді. Сәнді бұйымдар жасау, қолөнер бұйымдарымен танысып, олардың жасалу жолдарынан мағлұматтар алу әдебиеттік оқу пәнімен ұштасады. «Ана тілі» пәнінде берілген мына тақырыптарды «Кітап» (М. Иманжанов), «Екі балықшы» (А. Байтұрсынов), «Еңбекпен ел көгерер» (ертегі С. Көбев), «Киіз үй» (Н. Айтов) байланыстырып өтуге тиімді. Мәселен, кітап туралы ана тілінен бірегей мағлұматтар беріп, оқушылардың ой - өрісін дамытып, ал еңбекке баулу сабақтарында жыртылған кітаптарды желімдеп, қаптап, таза ұстауға үйрету, «Екі балықшы» әңгімесін оқып беріп, үйде балық ұстауға арналған қармақ істеуге болады. Сондай–ақ «Еңбекпен ел көгерер» тақырыбындағы берілген әңгімені ана тілінде жан – жақты әдіс – тәсілдермен меңгертіп, еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды жер аударып, көшет егіп, оны дұрыстап өсіруге баулу. Н. Айтовтың «Киіз үй» тақырыбын жан–жақты пәндермен байланыстыруға болады. Мысалы, қазақтың киіз үйі әдебиеттік оқупәніне халықтың көшпенді өміріне тән тұрмыс - тіршілігінің бір басты сипаты ретінде қарастырылса, бейнелеу өнерінде – архитектуралық ғимарат, еңбек пәнінде – киіз үйдің ши тоқу, киіз басу, әр түрлі баулары сияқты бөліктерін дайындау біліктіктерін меңгертудің объектілері ретінде қарастырылады. [34].
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Сабақтың тақырыбы: Бала Мұхтар мен Абай
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру Қазақтың ұлы ақыны Абайды таныту. Шығармадағы негізгі ойды таба білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: әңгімені мәнерлеп оқу және танымдық білімін арттыру, ой - өрісін жан – жақты жетілдіру, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
3. Тәрбиелік: Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, оқуышыларды өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мұхтар, Абай суреті, ребус, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, тест сұрақтары , домбыра, бүктеме.
Әдіс – тәсілдер: мұғалімнің сөздік әсері (түсіндіру, хабарлау), сұрақ – жауап әдісі, ішінара ізденушілік әдісі.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: білімді жүйелеу
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, математика, дүниетану, еңбек пәндерімен байланыстыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Оқушыларды сабаққа даярлап алу.
Оқушылар дөңгеленіп отырады. Бір – бірлерінің қолын ұстайды.
Балалар, мен бүгін өте көңілдімін. Сендер ше?
Әрбір атқан таң шуағы адамға жақсылық, қуаныш алып келеді.
Балалар, бүгін қандай күн?
Бүгін бейсенбі. Әдебиеттік оқу сабағы.
Бір–біріміздің қолымызды қысып, жүрегімізден жылы тілектер айтайық.
ақылды бол бақытты бол
инабатты бол өтірік айтпа
кішіпейіл бол үлкеннің алдын кеспе
ата – анаңды сыйла шыншыл бол
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырма «Қоңыр қозы» деп аталады. Мәтінді түсініп, мазмұнын айтқызу, суретін салу.
Сұрақтарға жауап беру:
Табиғатты суреттеп берші.
Мұхтарға мінездеме бер.
Әуез қарт қайда бармақ болды?
Абай ауылы қалай көрінді?
Сырмақ үстінде кімдер отыр?
Балалар не істеп жатыр?
Мұхтар неге ойынға қосылмады?
Ол қайда қарап қалды?
Жалпы сыныпқа сұрақ:
а) Мәтін неше бөлімнен тұрады?
ә) Бөлімдерге қандай ат қойдық?
б) Ұлттық ойындарды ата.
«Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Қан талапай», «Алтыбақан», «Ақсүйек».
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру.
- Балалар, барлығымыз мына ребусты шешіп көрейікші. Кім тез шешер екен?
1. Ребус. Бала Мұхтар мен Абай.
- Ал, балалар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы осылай аталады. Барлығымыз тақтаға қарайықшы. Мұхтар мен Абай деген сөздер неліктен бас әріппен басталып тұр?
- Себебі, олар жалқы есімдер. Жалқы есімдер әрқашан бас әріппен басталып жазылады.
2. Әңгіменің авторының Тұрсын Жұртбаев екендігін таныстыру.
3. «Бала Мұхтар мен Абай» жазушы Мұхтар Әуезовтың балалық шағынан мағлұмат береді.
4. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
5. Сөздікпен жұмыс жүргізу.
Сыз – дымқыл, ылғал су.
Белдеу – киіз үйдің туырлығының сыртынан бастыра тартылып байланысатын арқан.
Мінісат – мінілетін ат, көлік.
Тал түс – дәл түс, шаңқай түс.
6. Үлестірмелі қиындымен жұмыс
Сұрақтарға жауап беру арқылы суретті көрініс шығарады.
Абылай ханның азан шақырып қойған аты кім?
«Абай жолы» романын кім жазған?
Қазақ даласына алғаш мектеп ашқан кім?
Ш. Уәлиханов туралы қай әңгімеде айтылады?
Қазақтың күйшілерінің бірі?
Мемлекеттік хатшы кім?
7.Абайдың ақылшысы әрі досы кім?
Венн диаграммасы арқылы Абай мен Мұхтарды салыстыру арқылы ұқсатықтарын, айырмашылықтарын ортақ қасиеттерін тапқызу.
7. Мақал – мәтелдер айтқызу. Мақалдың мағынасын ашу. «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбек – еңбек бәрін жеңбек».
8. Сергіту сәті.
Абайдың суретін көрсете отырып, Абайды біз өзімізге алғаш әріп үйреткен әліппе оқулығынан да өлеңдерін танып білеміз.
Абай кім? Абай – ақын, сазгер, аудармашы, ойшыл, данышпан.
Ол кісінің балаларға арнап жазған қандай өлеңдерін білеміз?
Қыс, Жаз, Жазғытұрым.
Балалар, Абай атамыз тек қана ақын ғана емес, сонымен қатар сазгер де болған. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалдыр», «Желсіз түрде жарық ай» т.б. бірнеше әндері бар.
Қане, олай болса, айтып көрейікші, сынып бойынша домбырамен бас жағын сүйемелдеп, содан соң келген жерінен бастап үнтаспа арқылы айтқызу.
Қорытындылауға сөзжұмбақ пайдаланамын.
Абайдың келешегінен үміт күткен сүйікті балаларының бірі.
Абайдың анасының есімі.
Абайдың өз бетімен ізденіп оқыған шығыс ақындарының бірі.
Абайдың «Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдері не жайында жазылған?
Абайдың 46 бөлімнен тұратын нақыл әңгімелері қалай аталады?
Мұхтардың қасқырдың бөлтірігі жайлы әңгімесі қалай аталады?
Сөзжұмбақ
М
а
ғ
а
Ұ
и
у
я
л
а
ж
н
Х
а
ф
и
з
Т
а
а
б
и
ғ
ө
т
қ
а
р
А
с
к
ө
к
с
е
е
Р
з
к
Бағалау
Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу.
Нақыл сөзін дәптерге жазу. «Көктем» тақырыбына сурет салу.
Пән: Әдебиеттік оқу(2-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Ермек Өтетілеуов әңгімесі «Қайрат» (2-сынып).
Сабақтың мақсаттары:
а) Тақырып мазмұнын меңгерту. Дұрыс,
сапалы, мәнерлі оқу дағдысына тәсілдіру. Сәндік қорын молайта отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
ә) Спорттың адам өміріндегі маңызын, оның денсаулыққа пайдасын түсіндіру. Спорт түрлері Қазақстанның танымал спортшыларымен таныстыру;
б) Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру, өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу.
Пәнаралық байланыс: Дене шынықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кітаптар: "Қазақстанның танымал
спортшылары", "Спорт әліппесі, суреттер".
I. Психологиялық дайындық.
Спортпен шұғылдан,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үйге қандай тапсырма берілді?
2. Әңгімедегі оқиға спорттың қай түріне арналған? (Велоспорт)
3. Өзің спортты жақсы көресің бе?
....
Күрес
......
Спорт
Велоспорт
Шахмат
Жеңіл атлетика
Гимнастика
4. Әңгіме кейіпкері Тұйғын ескенде кім болып шықты?
5. Оның чемпион болуының басты себебі неде деп ойлайсың?
6. Өзің спорттың қай түрімен айналысқан болар едің ?
Мұғалім: Спортты сүйіп, онымен ерінбей шұғылданған бала өсімін бүкіл әлем білетін атақты спортшы бола алады. Ондай спортшы елінің де атын шығарады, халқының құрметіне бөленеді. Біздің ауылымыздан түлеп ұшқан атақты спортшыларымыз да бар. Азия, әлем чемпионаттарының жүлдегері:М.Бананова самбо күресінен Батыс Қазақстан облысы бойынша тұңғыш рет спорт шебері атағын қорғаған. Б.Хайруллин қазіргі кезде мектепте спорт секциясының жаттықтырушысы А.Саукелин ағайларымыздың атын атауға болады. Біздің еліміздің танымал спортшыларын білесіңдер ме? (Толтыру.)
Спортшылар
Сергіту сәті.
III. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту.
Дене шынықтыру сабағында жаттаған ақын Е. Өтетілеуовтың спорт түрлеріне арнаған өлеңдерін жатқа айтқызу.
Мұғалім:
- Бүгін Е. Өтетілеуовтың жаңа шығармасын оқимыз. Ол шығарма өлең түрінде емес, әңгіме түрінде жазылған. Шығарманың атым мына сөзжұмбақты шешсек табамыз:
Тігінен
1. Қазақтан шыққан алғашқы чемпион.
2. Аяғыма байладым
Қос таяқпен айдадым.
3. Хоккей ойнына қажет құрал.
4. Палуандар айналысатын жекпе-жек түрі.
5. Қырға сүйреп мінем, ойға мініп түсем.
6. Әйгілі американ боксшысы.
Ш
К
А
Ш
Ү
Ш
Қ
А
Й
Р
Т
А
А
А
Ң
Б
Е
Н
Й
Ж
Ғ
А
С
А
С
Ы
Ы
О
М
Н
Ұ
Қ
А
Н
2. Мағынаны тану.
1) Сөздік жұмысы: құрбысы - досы, құрдасы; басын тұқыртып - төмен түсіріп; немқұрайды - селсоқ, көп мән бермей; қолқанат - көмекші.
2) Мәтінді рөлге бөліп оқу.
3) Сұрақтарға жауап алу.
а) Әңгіме кімдер туралы?
ә) Екі құрбы арасында қандай әңгіме болды?
б) Олардың әңгімесі неге үзілді?
в) Шахман ағайға екі бала қалай көмектесті?
г) Шахман ағай Оразға неге риза болды?
4) Мәтінді бөлімдерге бөлу.
Мұғалім: Спортпен шұғылданған баланың денсаулығы мықты, өзі әлді, тезімді, икемді, ісі нәтижелі болады. Ондай бала сабақты да жақсы оқиды. Еліміздің келешегін жалғастыратын жігерлі, білімді азамат болып шығады. Сондықтан спортпен айналысуды әдетке, қажеттілікке айналдырыңдар.
Мәтінде әңгіменің түйіні қандай жолдарда берілген?
- Қайраты бар кісінің - берекесі бар ісінің.
IV. Қорытынды. Ой толғаныс.
1. Венн диаграммасы бойынша жұмыс.
Ұйқас құрау
Жүреміз, бәріміз күлеміз,
Спорттың пайдасын білеміз,
Онымен достасып жүреміз,
Сайрандай жігерсіз балааа
"Шынық - деп ақыл сап жүреміз.
"Әлжуаз, болбыр деп кулеміз,
Әрдайым шынық деп жүреміз", -
сияқты түрлі нұсқалары болды.
V. Үй тапсырмасы:
1. "Қайрат" деген әңгімені оқу.
2. Екі балаға мінездеме жазу.
3. "Спорт" сезі шығатындай сөзжұмбақ құрып келу.
Күні:
|
Пәні: Әдебиеттік оқу
|
Мұғалімі:
|
Сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жүсіпек Аймауытов. Қартқожаның туған жері
|
Сабаққа негізделген
оқу мақсаты
|
Әңгіменің негізгі идеясы туған жеріді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың өз Отанына деген мқтанышын туғызу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
|
Әңгімені негізгі идясы туған жер екенін білу
|
Оқушылардың басым бөлігі
|
Өз ойын нақтылап. Тұжырым жасайды.
|
Кейбір оқушылар
|
Туған жерге деген сезімдерін туралы айтады, тұжырым жасайды.
|
Табыс критериі
|
1.Жүсіпек Аймауытов туралы айтып өту
2. Әңгімеге түсініктеме беріп өту.
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарлаған жаттығулар, төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелер жазыңыз
|
Басталуы:
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
15. 40 – 14. 25.
3 минут
|
Психологиялық ынтымақтастық орнатады.
Сынып ережесін құру.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар.
Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды
Өнер табам деп келдім.
Парақша ішіндегі атаулар бойынша топталады.
1 топ Отан
2 топ Атамекен
3 топ Туған ел
4 топ Туған жер
|
|
Алдынғы оқу
5 минут
|
Үй тапсырмасын пысықтау
Қайталау. «Сертпелі доп» арқылы еске түсіру.
|
|
Ортасы
25 минут
|
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем! »
Сөзжұмбақты шешу. «Отан» сөзіне құрылған.
Әр топ тез, әрі қатесіз шешуге талпынады.
Дайын болған топтар қорғайды.
Ауыл бейнесі кескінделген суретпен жұмыс.
Суретке зер салып қара, суретте нелер бейнеленген.
Жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
Қысқаша әңгіме кім құрастыр екен?
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.
Жазушы Ж.Аймауытов туралы оқушылардан сұрай отырып, «Пікір ағашына» жаздыру.
Мәтінмен жұмыс. Көрнекті жазуші Жүсіпбек Аймауытовтың атақты «Қартқожа» романынан келтірілген үзіндіде бала Қартқожа өз ауылының бейнесі қалайша әсер еткенін бақылап отыру тапсырып, оқулықтағы мәтінді мұғалім қз оқиды.
Б) Мәтін оқылып біткенен кейін сөздік жұмысы жүргізілді.
Қотан – қой жататын үй маңы (Сөйлем құратылады: Қой қотанға келді.)
Үй басы - әр үй. ( Үй басы Наурызға әзірленуде.)
Ашамай – алдыңғы, артқы қастарының басы айқастырылып, балаға арналып жасалған ер (Ашамайға отырды.)
Ет бауыр жақын - өте жақын туыс.( Ет бауыр жақын адамы келді.)
Шерсіз – қайғы-мұңсыз. ( Жүрегі шерсіз,таза адам екен.)
Жетесіз – ақылсыз,ақымақ. ( Жеті атасын білмеген жетесіз.)
Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға тізбектей оқыту,сұрақтарға жауап алу.
Сұрақтар:
- Қартқожаға не нәрселер қатты әсер етті?
( кешкі ауыл көрінісі, ауыл адамдарының қарбалас жұмысы )
- Мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсерлі болып көрінді? Көз алдыңа не елестеді?
( Әркімге өз мекені ыстық. Адам баласы ешқашан кіндік қаны тамған жерін ұмытпайды.)
|
|
Аяқталуы
8 мин
|
Үйге тапсырма
Ілияс Жансугіровтың шыармашылығымен танысу .
Бағалау
Сабақтың рефлекциясы:
«Сэндвич арқылы»
|
|
Қосымша ақпарат
Саралау
|
Бағалау
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және
Еңбекті қорғау
Ережелері.
АКТ – мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
|
|
«Бағдаршам» әдісі бойынша өзара бағалау
|
Әдебиет
Интербелсенді тақта
|
Рефлекция
Сабаққа оқу мақсатары шынайы ма?
|
|
|
Бүгінгі сабақтан оқушылар не білді?
|
|
|
Жаңа тақырыпты аша алдың ба?
|
|
|
Берілген уақытты тиімді пайдалана алдым ба?
|
|
|
Мен сабағымның
Жоспарыма түзетулер
Енгіздім және неліктен?
|
|
|
Күні:
|
Пәні: Әдебиеттік оқу
|
Мұғалімі:
|
Сынып 2 «Г»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жақан Смақов «Отан»
|
Сабаққа негізделген
оқу мақсаты
|
Оқушыларға Отан туралы түсінік бере отырып,
өлең мазмұнын түсіндіру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар
|
|
«Отан» өлеңін мәнерлеп оқиды
|
Оқушылардың басым бөлігі
|
Өз ойын нақтылап. Тұжырым жасайды.
|
Кейбір оқушылар
|
Шығармашылық қабілетерін артырады,Отанынға, табиғатына деген сүйіспеншілігін ашып айтады.
|
Табыс критериі
|
1. Жақан Смақов туралы айтып өту
2. Өлеңге түсініктеме беріп өту.
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарлаған жаттығулар, төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелер жазыңыз
|
Басталуы:
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
15. 40 – 14. 25.
3 минут
|
Психологиялық ынтымақтастық орнатады.
Сынып ережесін құру.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар.
Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды
Өнер табам деп келдім.
Парақша ішіндегі атаулар бойынша топталады.
1 топ Отан
2 топ Атамекен
3 топ Туған ел
4 топ Туған жер
|
|
Алдынғы оқу
5 минут
|
Үй тапсырмасын пысықтау
«Қартқожаның туған жері» әңгімесінен түсінік айту.
|
|
Ортасы
25 минут
|
Ж.Смақов (1932-1974) – қазақ балалар әдебиетінің көрнекті тұлғасы, ақын. Ол Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданындағы Ынталы жерінде дүниеге келеген. Оның «Сәбилерге сәлемдеме», «Қаз-қаз бас», «Жүз бір жұмбақ» кітаптары жарық көрген.
«Сен маған, мен саған». (сұрақ – жауап, «Кубизм стратегиясы» бойынша)
1.Отан дегенді қалай түсінесің? (топтастыру арқылы.)
Атамекен ата-анаң
Жерің елің
досың
Ауылың
2.Туған жерінің табиғаты неге ақынға ыстық көрінеді?
3. «Ойлан, тап!» (мақалды құрастыр)
Басталады, отбасынан, Отан.
4. ыстық, да, оттан, Отан.
5. сүю, парыз, Отанды.
6. Туған, туың, тік, жерге.
Сергіту сіті.
Қарлығашқа ұқсайық
Қане қанат жасайық
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық..
|
|
Аяқталуы
8 мин
|
Үйге тапсырма
Отан туралы тақпақтар жаттап келу .
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Сабақтың рефлекциясы:
«Сэндвич арқылы»
|
|
Қосымша ақпарат
Саралау
|
Бағалау
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және
Еңбекті қорғау
Ережелері.
АКТ – мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
|
|
«Бағдаршам» әдісі бойынша өзара бағалау
|
Әдебиет
Интербелсенді тақта
|
Рефлекция
Сабаққа оқу мақсатары шынайы ма?
|
|
|
Бүгінгі сабақтан оқушылар не білді?
|
|
|
Жаңа тақырыпты аша алдың ба?
|
|
|
Берілген уақытты тиімді пайдалана алдым ба?
|
|
|
Мен сабағымның
Жоспарыма түзетулер
Енгіздім және неліктен?
|
|
|
Практика кезінде бізді теориялық білімімізді практикада іске асыру мақсатында мектепте педагогикалық іс-тәжірибеден өткен кезде, іс-тәжірибе барысында, жалпы білім беретін орта мектепте әдебиеттік оқу мен қазақ тілін өткізу барысында пәнаралық байланыс жасау маңызды екенін түсіндім. Бір айға созылған іс-тәжірибе кезінде мен әрбір тақырыпты өзге сабақтармен барынша байланыстыра өтуге тырыстым. Мысалы, Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына өту барысында тарих пәнімен байланыстыра отырып, жауынгер ақынға қатысты түсірілген фильмді көрсеттім. Әрбір сабағымда слайд, фильм көрсету арқылы сабақты жаңаша әдіспен өткізуге тырыстым. Байқағаным, балалар дәстүрлі сабақтан гөрі, пәнаралық байланыс жасау арқылы өткен сабақты тез меңгереді, әрі есінде жақсы сақтайды. Сонымен бірге, оқушыларға пәнаралық байланыста негізделген көптеген тапсырма беретінмін. Нәтижесінде, балалар әрбір тапсырманы қызығушылықпен орындады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі күнгі кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелердің бірі бастауыш мектеп сатысында оқушының білімді күтілетін нәтижелерге қарай сапалы білімнің болу, білім берудің қоғамдық әлеуметтік мәні туралы Ж.Аймауытов: «Ана тілі - халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларынбасынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі»-.дегендей бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу сабағында пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, оқушыларға білім беру мен жалпы мақсатты жүзеге асыруда бірқатар педагогикалық талаптарды орындау қажет деп санаймыз;
-мұғалімдер мен оқушылардың өзара әркеттерінің жеке тұлғаға бағдарлануы арқылы дүние жүзіндегі ғылыми-техникалық прогресстің ілгерілеуі – әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыру технологиясының жаңа сатыға көтерілуін талап етеді.
Елбасымыз кезекті Жолдауында: «Ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады. Кез келген «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады»,– деп атап көрсетеді.Сонымен қатар «Сабақ өту - жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер»,– дейді Ж.Аймауытов. Расымен де, мұғалім болып, бала оқыту - оңай шаруа емес. Кез- келген педагог өз сабағының қызықты, әрі тартымды өтуі үшін өз сабағымен қатар, жалпы білім беретін басқа да пәндерге байланыс жасау арқылы білім беруі тиіс. Пәнаралық байланыс ең алдымен, жалпы оқу үдерісінің, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуына септігін тигізеді. Барлық мұғалімге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.
Сонымен қатар, оқушының интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзіңің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екені туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді. Әрбір мұғалімнің көздейтін мақсаты – оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыру. Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, оқушылардың ойының тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады.
Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша берілетін теорияларды түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімін жүйелейді.
Сонымен бірге пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едәуір мәнге ие екенін көре отырып оқушылардың белсенді өмірлік көзқарас ұстанымында, обьективті ақиқат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық әркетінің бірлікті жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Қорыта келе, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларға пәнаралық байланыстардың маңызына былай тоқталуға болады;
Оқу пәндерінің арасына өзара байланыстың дамуына жағдай туғызады.
Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етілуі;
Оқушылардың бойына дүниетанымды қалыптастыруы білім мазмұнына барлық құрамды бөліктердің байланысын талап етеді;
Пәнаралық байланыс педагогикалық әркеттердің ғылыми тиімді ұйымдастырылуына жол ашады.
«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі», – демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыра отырып жоспарлау бүгінгі күннің талабына сай екенін біздің жасаған ізденіс жұмысымыздың жетістігі болар еді.
Бүгінде тәрбиеге жаңаша көзқарас мәселесі оны іске асырушы мұғалімдерге де жаңа талаптар қойып отыр, яғни ұстаздың жеке басының үлгі-өнегесі, рухани сапалық қасиеттерінің жоғары болуы, болмысы мен білім өрісінің биіктігі, кеңдігі, оқушылар бойында ұлттық менталитетті қалыптастыруда шешуші роль атқаратынын белгілі болып отыр. Тәрбие ісі оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасына құрылатын болғандықтан, олардың өзара әрекеттесуі әлеуметтік ортада іске асырылады. Баланың басқалармен қарым-қатынасы, өмір сүруі, өмірге деген көзқарасы, түсінігі осы ортада қалыптасады. Ұлы ойшыл Абайдың «Әркімді заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандастарының бәрі виноват»,- деуі де адам тәрбиесінің қоғамдық ортамен тығыз байланыстылығына саяды.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру – бұл негізінде дүниедегі барлық заттың құбылыстардың бір бірімен өзара байланыстылығы туралы оқушының бойына сіңіріп, сезіне отырып, өз болысын тануын артыра түсу деген ұғымды білдіреді деп тұжырымдаймыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.-Астана: Елорда 2014. -23б
2. Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиясы, Алматы, 2000. 7 б.
3.Қазақстан Республикасында дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлкеттік Бағдарламасы. - Астана, 2010
4.Назарбаев Н.А.ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлкеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы.-Астана 2012.
5.Тұрғанбаева Б.А., Муфтибекова З., Алтаева К. Әдебиеттік оқу Алматы, 2013.3 б.
6 .Амирова А.С. Дидактика, Алматы. 2013. 98б.
7.Бержанов К., Мусин С., Педагогика тарихы, Алматы. Мектеп. 2003. 22б.
8.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Алматы, 2000ж. 103-108б.
9. Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі,
Алматы, Дәуір. 2011. 138-141б.
10.Игенбаева Р.Т. Жоғарғы мектеп педагогикасы, Алматы, 2010. 33б.
11.Аскарова А.Т., Раймқұлова Ж.Ә., Панова А.Н., Орынбасар Д.Ш., Білім беру
жүйесіндегі заманауи технологияларды қолдану ерекшеліктері, Шымкент.
2014. 8б.
12.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика
және психология, Алматы. «Мектеп» 2002ж.25б.
13.Қоянбаев Р.М., Ыбыраймжанов Қ.Т. Педагогикалық сөздік Түркістан 2006.17б.
14.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері, Алматы. 2002. 64б.
15. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялар Алматы, 2012. 116-124б.
16. Бабаев С.Б., Оразов Ш.Б., Бабаева К.С. Педагогика, Алматы, 2008.40б.
17. Харламов И.Ф. Педагогика, Москва. 2007. 40б.
18.Қоянбаев Р.М., Ыбыраймжанов Қ.Т.Жалпы бастауыш білім беру
педагогикасы, Түркістан. 2005. 113б.
19. Волохова Е.А., Юкина И.В. Дидактика, Ростов-на Дону. 2004. 75б.
20.Абилова Ж. Қазақстаның болашағы білімді ұрпағында, Бастауыш мектеп,
№11. 2009. 17 б.
21.ЖұмабаевМ.Педагогика, Алматы.2002. 33б.
22.Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. Оқу құралы. Алматы: РБК, 1992. 93 б.
23 .Дуйсембекова Ш.Д.Дидактика. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2010.118 б.
24.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. Оқу құралы. - Алматы:
ҚМПУ, 1990.44б.
25 .Халитова І. Әлеуметтік педагогика, Алматы. 2007. 192б.
26 .Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология, Тараз.2003. 57б.
27 .Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы, Алматы, 2007. 114б.
28.Ұзақбаева С. Қазақ халық педагогикасы, Алматы. 2013.42б.
29.Педагогикалық ізденіс, Алматы, Рауан. 1990.
30.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы. 2005.6б.
31 .Тұрдалиева Ж.Г. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі,
Астана. 2007ж. 112-124 беттер.
32.Әуелбаев Ш., Наурызбаева Ә., Ізғұттынова р., Тәжімбетова С. Ана тілі
1-сынып, Алматы, «Атамұра» 2008ж.
33.Иманбекова Б.И., Мадиева А.Т. Әдебиеттік оқу, 2- сынып, Алматы 2011.
34.Иманбекова Б.И., Жаманқұл П.Қ., Муфтибекова З. Әдебиеттік оқу, Алматы,
2012.
35.Муфтибекова З., Жаманқұл П.Қ. Әдебиеттік оқу, Алматы, 2012 40б.
36.Бейсенғалиева А. Сөз тапқанға қолқа жоқ, Алматы. 2000 7-16 беттер
37.Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі, Алматы. 2004
Достарыңызбен бөлісу: |