Мазмұны І кіріспе ІІ негізгі бөлім


§9. Толқындар интерференциясы



бет12/28
Дата21.05.2020
өлшемі0,59 Mb.
#70215
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
3диплом

§9. Толқындар интерференциясы.

         Бірнеше тербелістік немесе толқындық процестердің кеңістік пен уақыт бойынша үйлесімді жүрісі (жүруі) когоренттілік түсінігімен байланыстырылады. Толқындар когоренттілігі дегеніміз – уақыт бойынша олардың фазалық айырмашылығы тұрақты болуы. Бірдей жиіліктегі толқындар ғана когорентті болуы мүмкін. Кеңістіктегі қос (немесе бірнеше) когорентті толқындарды олардың әртүрлі нүктелеріне салар болсақ осы толқындар фазалары арасындағы қатынасқа тәуелділіктегі нәтижелеуші толқындардың күшеюі немесе әлсіреуі орын алады. Бұл құбылыс толқындар интерференциясы деп аталады.

         Бірдей А0 амплитуда мен жиілікті және фазалардың тұрақты айырмашылықтарында тербелетін S1 және S2 (10 – сурет) нүктелік көздерден қозатын екі сфералық когорентті толқындар салынуын қарастырамыз. (3.7) – ге сәйкес,



 

мұндағы r1 мен r2 – қарастырылушы В нүктесіне дейінгі толқындар көздерінің қашықтығы, k – толқындық сан, 1 және 2 – қос сфералық толқындардың бастапқы фазалары бойынша В нүктесіндегі нәтижелеуші толқындар амплитудасы мынаған тең:



Когоренттік көздер үшін бастапқы фазалар айырмашылығы (1 – 2)  const болса, онда әртүрлі нүктелердегі қостолқындардың салыну нәтижесі толқындар жүрісінің айырмасы деп аталатын  r1 – r2 шамасына тәуелді болады.



k (r1 – r2) – (1 - 2) =  2m       (m=0,1,2,…..)            (9.1)

нүктелерінде нәтижелеуші тербеліс амплитудасы АА0/r1 + А0/r2 болатын интерференциялық максимум бақыланады.



k (r1 – r2) – (1 - 2) =  (2m+1)       (m=0,1,2,…..)         (9.2)

нүктелерінде нәтижелеуші тербеліс амплитудасы  АА0/r1 + А0/r2  (m=0,1,2,…..) болатын интерференциялық минимум бақыланып, сәйкесінше интерференцияланушы минимум немесе максимум тәртібі деп аталады. (9.1) және (9.2) жағдайы мынаған  алып келеді:

 r1 – r2  const                                           (9.3)

         (9.3) мәні S1 мен S2 нүктелеріндегі фокусты гиперболалық теңдік түрінде болады. Нәтижелеуші тербелістің күшеюі немесе әлсіреуі байқалатын нүктелердің геометриялық орны 1 - 20 шартына жауап беретін гиперболалар түрінде болады (10 – сурет). Қос интерференциялық максимумдар арасында (10 – суреттегі тұтас сызықтар) интерференциялық минимумдар (10 – суреттегі штрихты сызықтар) орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет