Мазмұны: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет17/17
Дата07.02.2022
өлшемі174,5 Kb.
#96037
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
000745ca-e5a1c15c
философия 5, макроэкономика 5, макроэкономика 9, 7 класс 39 сабак литература
Қорытынды: Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық сеніммен айта аламыз. Екінші тірегі – салт – дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Салтынан, әдет – ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым – зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.
Міне, осындай басты – басты үш қасиетті берік ұстаған ата – бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә, келер ұрпақ алдында қарабет те біз болмақпыз. Данышпан Абай бір қара сөзінде: «ата – бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен… Екіншісі намысқор келеді екен,»- деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік. Иманымызды ту етіп, соған жету үшін бар күш – жігерімізді салып, аянбай еңбек етейік дегім келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Кемелдік кілті

  2. Бес ғасыр жырлайды: екі томдық. – Алматы,1989. - Т.1.-93-97 бб.

  3. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл». – Алматы, 2003. – 110- б.

  4. Абай. Қарасөздері. Алматы «Өнер» 2005ж.

  5. Абай Шығармалары ІІ томдық толық жинағы. Алматы «Жазушы» 1995ж.

Аңдатпа


Осы мақалада Ислам діні имандылыққа жетелейтіні, имандылық деген ұғымда үлкен мәні, мағынасы бар екендігі туралы айтылады. Имандылыққа – адамның ар-ұжданы, тазалығы адамгершілігі, әдептілігі, мейірімділігі, қайырымдылық, жомарттық, ақкөңілдік, кеңпейілділік, адалдық, шыншылдық, сенімділік, сауапшылдық, әділдік, ізеттілік, инабаттылық жатады. Ал, Дін мен білім әр уақытта бірін-бірі қолдай отыра дамиды. Сонда ғана жастарың тәрбиелiк жүйесiнiң негiзгі рухани - адамгершiлiк құндылықтар ашылады.

Аннотация



В статье говорится, о том, что религия Ислам ведет к гуманизму, в данном слове лежит большой смысл, большое значение. К гуманизму относится совесть, чистота, духовность, тактичность, справедливость, добрата, искренность,верность, блогадарность. А религия и образование всегда развивается в взаимо поддержке. Только в этом случае открывается главная основа воспитателной системы – духовно - нравственные ценности.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет