3 сынып Тақырыбы: Отбасы мүшелері Сілтеме



Дата12.09.2020
өлшемі13,52 Kb.
#63695
түріСабақ



3 сынып

Тақырыбы: Отбасы мүшелері

Сілтеме: қазақ тілі оқулығы , әдістемелік құрал

Сабақтын мақсаты: Балаларды өзінің отбасылары, олардың мейірімділігі мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талпындыру. Отбасы мүшелерінің іс - әрекеттерін баяндауға, байланыстырып сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету.

Міндеті: Отбасына және туған үйіне деген махаббат сезімін тудыру. Өздерін қоршаған ортадағы адамдармен, туыстарымен жақсы қарым - қатынаста болу әрекеттерін жетілдіру

Негізгі идея: Отбасы -әр адамның шағын  отаны.

Отбасы шағын-мемлекет.



Күтілетін нәтиже:оқушылардың сөздік қорлары молаяды,өз отбасы туралы әңгіме құрай алады

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: диалогтік оқыту,сын тұрғысынан ойлау,АКТ пайдалану

Тапсырмалар:1 Психологиялық кезең

2. «Ой қозғау»

3.Топтастыру

4.Оқулықпен жұмыс

5.Бес жол өлең құру

6.Кері байланыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.Сыныпты түгендеу.Ауа-райы туралы әңгіме

ІІ. Қызығушылығын ояту «Сиқырлы сөздер»

- Балалар, сендер бір - бірлеріңмен доссыңдар, ендеше бәріміз «сиқырлы сөздер» ойынын ойнайық.
(Балалар бір - біріне жақсы тілектер айтады)

ІІІ. «Ой қозғау»
Теледидардан бейнеролик көрсетіледі. Бірнеше балалардың отбасы мүшелерінің жұмыс жасап жатқан сәттерінен үзінділер көрсету.
- Балалар, біз теледидардан кімдерді көрдік?
- Дұрыс айтасыңдар, бұл адамдарды бір сөзбен жалпы қалай атаймыз?

ІV. « Топтастыр» жұмбақ жасыру

Маған да, саған да,


 Жақын туыс бес адам.
 Ұш әріптен тұратын.
 Онға оқы, солға оқы
 Өзгермейді еш одан.
 Бәрі-де өз жұртың
 Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)
 Аймақ құру

V.Сергіту сәті

Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым –атам.

Балаң үйрек-апам.

Ортан  терек –ағам.

Шылдыр  шүмек –мен.

Кішкене  бөбек- сен.

Бір үйде  біз нешеуміз?

Бір  үйде бесеуміз

VІ. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбекетеп оқу.

— Отбасы мүшелерінің суретерін пайдаланып өз отбасыларыңды құраңдар.

— Өз отбасың туралы айтып бер.

— Өз үйіндегі отбасы мүшелерінің міндеттерін ата

— Отбасына өзің қанлай көмек көрсетесің?


VІІ.Рефлексия: балаларды қызықтыра түрлітүсті жұлдызшалардың қызыл түстісін анасын жақсы көрсе, көк түсті — әкесін, сары түстісін алатындар әжесін, жасыл түсті — атасын жақсы көргендер алсын деп ұсынылады.бәрің де өздеріңнің отбасындағы адамдарды жақсы көреді екенсіңдер.

Сабақты бағалау

Үй тапсырмасы:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет