Сұрағы: Иманды адам деп кімді айтамыз? Жауабы: Иман деген араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Пайғамбарымыздың Алла атынан түсірілген хабарларымен бұйрықтарын қабылдап, мойндау мен орындауды иман дейді.
Алла Тағала адамды иман арқылы адам еткен. Демек адамның о бастағы міндеті – талпыну мен жетілу. Имандылық ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оның мәнісі - Алланың біреу екеніне одан басқа Алла жоқ екеніне сену. Алланың барлығына сену, кітаптарына сену, жақсылық, жамандықтың тағдырын Алладан деп сену – имандылық, - деген белгілі діндар - Халифа Алтай қажы
Өмір заңдылықтарына сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен міндеттерін, мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшгіл адамды иманды дейміз.
«Шындық» тобы Ақбаянға қосатындарыңыз бар ма?