Мазмұны: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет1/17
Дата07.02.2022
өлшемі174,5 Kb.
#96037
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
000745ca-e5a1c15c


Мазмұны:
І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім

1.1. Имандылық қастерлі қасиет


1.2. Мұсылман дінінің өміршеңдігі
1.3. Имандылық – тәрбие негізі
1.4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім:
Қазіргі кезеңде имандылық пен инабаттылық, қайырымдылық пен мейірімділік, осындай адами қасиеттерімізді негіздеуші дініміздің бар екенін біліп оны дәләдеу.
Осындай дініміз тұрғанда басқа дінге еліктемей болшаққа мол сенім артып, адамгершілігі мол адамзат болу.


ІІІ. Қорытынды

Ұсыныстар


Пайдаланылған әдебиеттер


Аннотация




Кіріспе
Адамзат тарихына екі мың жылдан асып барады. Соншама уақыттан бері таңның атуын, күн мен түннің белгілі бір мөлшерде ғана ауысуын әбден үйреншікті қабылдаудамыз. Ешбір ғылым мұны өзі атқара алмайды. Жыл мезгілдерінің ауысуы да дәл осылай. Осы реттілік пен таңғажайып ұлы үйлесім механизмі ешқашан бұзылмаған. Солай бола тұра осы ұлы реттіліктің мәнін жаратылған табиғатқа телуіміз неткен сауатсыздық? Адам баласы да сол баяғыдай: туады, есейеді, дүниеден өтеді. Олардан біздің бүгінгі айырмашылығымыз: киім, тағам, көлігіміз басқаша. Өзінің ғаламдағы орнын тану үшін адам қаншама білім саласын тудырған! Бірақ бұлар да басты білімге әкелетін әрекеттер ғана.
Адамның пейілі, құлқы өзгерген бе? Бұл сауалға дүниежүзі әдебиеті мен тарихынан толық мағлұмат алуға болады. Тарихтағы соғыстар басқаға үстемдік көрсетіп оны бағындыру, отарлау, жою... Әдебиеттегі сонау алғашқы аңыздардағы аңқау адамнан басталған Петрарке, Данте, Шекспир, Бальзак, Сервантес, Пушкин, Толстой, Достоевский, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы адам бейнесінен адал мен арамды ажыратудағы түрлі әрекеттерін көреміз. Тарихтағы соғыстардан адам тәнінің күресін аңғарсақ, әдебиеттен пенденің жан арпалысын байқаймыз. Інжіл, Зәбур, Таураттағы білімнің, соны дәлелдеп тұрған оқиғалардың жалғасын тек Құраннан табамыз. Бұл шынайы ғылым сөзі адамның бастан кешкен бүкіл пенделік қателерін көрсетумен қатар оны құрқарар жолды анықтап берумен айқындалған.
Ислам діні – адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ басуымен көгалды шалғын, көк майсалы жерге айналды. Мұсылмандық Орта Азияға, оның ішінде қазақ еліне біздің дәуіріміздің VIII ғасырында ене бастады. 751 жылы Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста мұсылмандардың жеңісі бүкіл Орта Азиялық аймаққа Ислам дінінің ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты. Қасиетті Құран Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ғылым, білім жанданды. Көптеген қалалар салынды. Онда медреселер мен ғылыми ошақтар жұмыс істеді. Жергілікті халық арасынан Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұни, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири секілді өз шығармаларында гуманизмді марапаттаған терең ойлы ғұламалар шықты.
Біз – өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Солай бола тұрса да, соңғы кездерге дейін қазақтар көшпелі болды. Соның салдарынан ұлы далада туып өсіп, дүниежүзілік өркениетке үлес қосқан көптеген мұсылман ғалым бабаларымыздың аттары ғасыр парақтарында қалып қойды. Мысалы, Абай, Ыбырай, Шоқан бабаларымыз. Жаратқан бізге тәуелсіздік сыйлап, өз елімізге тән рухани, діни, мәдени жәдігерлерімізді қайта жаңғыртуға қол жеткізіп, олардың біразын анықтап маңдайымыз жарқырап жатқанымыз да бар. Ілгеріде өткен бабаларымыз, мысалы, Абай атамыз бізге рухани мол мұра қалдырып кетті. Оларды игеріп қана қоймай, зерделеп, қастерлеуіміз керек. Әдебиетіміз бен мәдениетіміз ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпымыз бен мінез-құлқымыз, халықтық болмысымыз, өмір салтымыз, тәрбиеміз, менталитетіміз де, Қазан төңкерісі әкелген жасанды арзан құндылықтарға емес, Ислам мәдениеті негізінде қалыптасқан. Ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі, тіпті елдігіміз, бүгінгі тәуелсіздігіміз. Сол себепті рухани мұрамызды да осы тұрғыдан зерделеу қажет деп есептеймін. Олай болса Исламның інжу-маржан асыл құндылықтарын ардақтау, оны игеру, қорғау, ілгері дамыту, халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүріне қаншалықты сіңісті болғанын зерделеу – бүгінгі біздің міндетіміз.
Абай атамыздың дін жөніндегі түсінігінің өз кезеңі үшін прогрестік мәні зор. Абай Ислам дінін үгіт – өсиет ете халықты, жастарды имандылыққа, терең білімге, өнерге, адамның асыл қаситеттеріне шақырады. Қазақ даласында Ислам дінін үстемтаптың идеялогиялық құралына айналдырып, дінді дәріптеуші дүмше молдалар мен сопылар, ишандар мен имамдар, қажылар мен қазіреттердің іс – әрекеттері мен теріс қылықтарын аяусыз әшкерелейді.
Халыққа пайдасы аз, құлқынның құлы, жемқор, пайдақұмар молдаларды, олардың жасанды бет пердесін бейнелі сөзбен келістіріп әшкерелеуде Абайға тең келетін ешкім жоқ. Игі үгіттерге ұмтылу жолында Абай Сократ пен Аристотельге, Байрон мен Гетеге, Низами мен Науаиге, Пушкин мен Толстойға жақын, рухтас. Ол ешкімді дініне, нәсіліне, ұлтына қарай бөлмей, «Адам – адамға дос» деген халықтар достығын дамытуға үн қосып, жаппай ынтымақ, имандылық, достық идеясының жаршысы болды. Егер мұсылман ғұламалары «ақыр заман», «қиямет қайым» дегендерді ғасырлар бойы халық санасына сіңіріп, табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірдегі өзгерістерді, ғылымдағы жаңалықтарды сол «ақыр заман» мен «қиямет қайымның» таяп келе жатқанының белгісі деп түсіндірсе, Абай ескі заманның орнына жаңа заман, жаңа заманның орнына жақсы заман келеді деп, өз халқын жақсылық атаулыға, имандылыққа, білімге үндеді: «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел», «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» деп тәңірге табынып, уақытты босқа өткізбей, әркімді өмірден өз орнын табуға шақырады.
Абай атамыз дінге қоғамның маңызды институты ретінде қарады. М.Әуезов пікірінше, Абай үшін дін адамның жеке басының моральдық жетілуінің құралы болған. Абай дін мәселесін қарасөздерінде де алға тартып, оның әлеуметтік мәнін, мазмұнын ашады. Дінге беріле сенеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп, құдайдың барлығына жұртты мойындатуды жөн санайды.
Абай атамыз «Отыз сегізінші қара сөзінде»: Құдай тағала дүниені кәмалатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды – әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ. Кімге достығың болса, достық шақырады. Ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің.
Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.
Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.
Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты – адамгершілік жолы. Ақын өзінің көптеген шығармасына «адам бол» деген этикалық принципті арқау етеді. Абай «адам» деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл ақынның түсінігінде адам – ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы. Осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі нағыз иманды адам дейді.
Халқымыз Ислам дінін қабылдағаннан кейін ондағы адамның жаратылысына тән құндылықтар салт – дәстүріміз, әдет – ғұрыптарымыз бен наным – сенімдеріміздің негізіне айнала бастады. Бұл әдет – ғұрыптар мен сенімдердің негізгі қайнар көзі – Құран аяттарынан бастау алып жатса, олардың көбі Исламның екінші негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттерден тұрады.
Дүние жүзінде Аллаға құлшылығынан бастап, мінез-құлқы, адамгершілік қаситетері, саясаты, әкімшілік басқару істері, тәлім-тәрбиесі, әлеуметтік жұмыстары, әскери шаралары секілді әмбебап іс – әрекеттері мен жеке басына қатысты қарапайым амалдарына дейін үлгі ретінде ұсынылып, ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа беріліп, әр бір іс-әрекеттеріне дейін қайталанып келе жатқан Мұхаммед пайғамбардан басқа ешқандай жан жоқ.
Біздің қазіргі әдет-ғұрып деп ұстанып жүрген ата – баба мұраларының көпшілігін бабаларымыз сол кезеңдерде «сүннетті ұстану» ниетімен қалыптастырған. Бұған дәлел – көптеген әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдеріміздің хадис және сүннеттерімен үндесіп жаттуында. Енді осы үндестіктердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін:

  1. Әрбір істің бастауында «Бисмилла» сөзінің айтылуы. Бұл әдет мына хадистен туындаған: «Бисмиллаhпен басталмаған әрбір істің соңы келте»

  2. Сәлемдесу. «Сәлем – сөздің анасы», дейді дана халқымыз. Пайғамбарымыздан бір күні «Қандай амал ең қайырлы?» – деп сұрағанда: «Адамдарға тамақ беру және таныған, танымағандардың бәрімен амандасу», – деген.

  3. Нанды жерге тастамау, оны құрметтеу, жерге түскен нанды алу, нанның қиқымын баспау, нанды бір қолмен бөлмеу. Халқымыздың нанды құрметтеуі, жерге түскен қиқымды да баспай, жоғары көтеріп қоюы Пайғамбарымыздың: «Нанды құрметтеңіздер. Себебі, ол жер мен көктің берекеті», – деген өсиетінен туындағаны анық.

Ислам дінінде ата-анаға қатты мән беріліп, адамзаттың ішіндегі ең қастерлі де сыйлы жан ретінде құрмет көрсетілген. Құран аяттары мен хадистерде ата-ананы сыйлау, оларға қарсы келмеу, қолғабыс болып, айтқанын екі етпеу, қартайғанда көңілдеріне қаяу түсірмей, қамқорлық көрсету мәселелері жиі айтылған.
Адамзаттың ардақтысы хазрет Пайғамбардың хадистеріне сүйеніп, Шал ақын:
Мекке менен Мәдине жолдың ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Ата менен анаңды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші, – деп халыққа өсиетін айтса, Шортанбай ақын:
Атаңды сыйла анаңмен
Меккені іздеп таппаққа, – деп, ата-ананы сыйлауға үндейді. Ал Ақтамберді жырау:
«Меккені іздеп нетесің,
Меккеге қашан жетесің?
Әзір мекке алдыңда
Пейіліңмен сыйласаң
Атаң менен анаңды!» – деп ата-анаңа көрсеткен сый – құрметің құдай жолын қуып, Меккеге барумен пара-пар деген ойды қорытады.
Адамды өзін өрде жүргендей сезінетін, ал шын мәнінде оны өрге емес, керісінше құрдымға сүйрелейтін жағымсыз қасиеттердің бірі – өркөкіректік. Пайғамбарымыз өркөкірек, тәкаппар адамдар жайлы: «Бір күні бір адам әдемі киімдерін киіп алып, маңғазданып кетіп бара жатыр еді. Шашын тараған, өз-өзіне көңілі толып, жұртқа өзін көрсеткісі келген әлгі адамды Алла тағала жердің түбіне түсіріп жібереді. Қиямет күніне дейін жердің астында тыпырлаған күйінде қалды» – деген. Тәкаппарлықтың абырой әкелмейтінін жақсы білген аталарымыз:
Құдайдың барын білмеген
Айтқан жерге жүрмеген,
Менменсіген зор кеуде
Қисық жүріп кете алмас,
Аспанменен өте алмас,
Алдындағы жолығар
Құдайдың құрған тезіне… - деп оны сынайды әрі халықты бұл жаман қылықтан бойды аулақ салуға, ізгілікке, қарапайымдылыққа шақырады. Мұсылмандықты ту еткен халқымыз: «Ұлық болсаң кішік бол», «Кішіпейіділікпен кішіремейсің» деп, ұрпақты кішіпейіл болуға шақырған.
Алла тағала Құран Кәрімде: «Мұсылмандар – бауыр», – деген. Хақ Расул да өз хадистерінде осыны ескертіп: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Мұсылман – бауырына қастандық жасамайды, оны дұшпанға тастамайды. Кім мұсылман бауырына жәрдем етсе және оның кем-кетігін толықтырса, Алла тағала оған жәрдем етеді.» Осыны кейінгі ұрпаққа қатаң ескерткен халқымыз:
Жаңағы айтылған тәрбиелер ұлттық дәстүрге айналған сүннеттердің бір-бір тамшысы десек артық айтқанымыз емес. Себебі, мұсылман елі болғандықтан әрбір тыныс тіршілігімізде құран мен сүннетті негізгі өлшем етіп алған халқымыздың ғасырлар бойы жалғасқан өмір жолында бұл қазына жыл өткен сайын толыға түседі.
Елімізде дін айналасында атқарылып жатқан шаруалар да аз емес. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы қазақ жерінде әлемдік дәстүрлі діндер өзінің бейбітшілік рухын ұялатқанын мәлім етті. Ұлтаралық, дінаралық татулығы бар елдің шоқтығы әрқашан биік болмақ! Қазіргідей берекесі мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымыз – Елбасының салиқалы саясатының арқасы. 130 ұлт пен ұлыстың аспанына бейбітшілік көгершінін қондырған Елбасының саясатын қолдаймыз!
ІІ. Қазақ Хандығы кезінде араб жазуы қолданылып, діни оқу кең өріс алады. Қазақ Хандығының астанасы Түркістан қаласында, басқа да қалаларда мешіт, медреселер салынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет