Мазмұны: I. Кіріспе



бет4/4
Дата12.12.2023
өлшемі92,41 Kb.
#196453
1   2   3   4
Байланысты:
биотехнология өндіріс.срс

Қорытынды
Микробиологиялық синтезге арналған өнеркəсіптік өндірісте субстрат алу үшін ағаштың өзі емес ағаш өңдеудегі жаңқа, ағаш үгіндісі қолданылады. Ағаш гидролизі үрдісінен алынған ерітіндіні гидролизат деп атайды, микроорганизмді өсіру үшін субстраттың сапасын моносахарид құрамына қарай бағалайды. Гидролизаттағы қант құрамы ағаштың тегіне байланысты жəне гидролиз əдісіне жəне басқа да факторларға байланысты. Азықтық ашытқыны алуда целлюлоза өндірісінің қалдығы сілтілі сульфит кеңінен қолданылады. Кальций гидросульфиті жəне күкірт қышқылды ортада ағашты қайнату үрдісінде сілтілі сульфитті пайдаланады. Целлюлоза бұл үрдісте сақталады, бірақ сілтілі сульфит ерітіндісіне лигнинге, гемицеллюлозаға, шайырға, майға, минерал тұзға ауысады. Сульфитті қалдық арнайы өңдеуден өткеннен кейін, биотехнология өндірісінде этил спиртін жəне азықтық ашытқы алуға болады. Гидролизат алдында сулы немесе қышқыл гидролиздеуде ағаштың гемицеллюлозасы жəне пентозды қант жəне декстрині пайдаланады. Ацетонбутил бардасы – микробиология өндірісінің қалдығы, органикалық еріткіштердің − ацетон жəне бутил спирті. Микробиологиялық синтезге арналған барданы шламды бөлгеннен кейін қолданады. Барда құрамында көмірсу, клетчатка, азот құрайтын жəне күлді заттардан тұрады. Өндірістік қоректік ортада азот көзі болып ақуыздар, пептидтер, бос аминқышқылы атқарады. Көбінесе өндірістік ферментация үрдісінде жүгері экстракті, соя ұны немесе ашытқы гидролизаты қолданылады. Минералды азот құрайтын затта көбіне жиі күкірттің аммоний тұзы немесе азот қышқылы қолданылады. Биосинтездеуге азот көзі ғана емес ортаның жалпы құрамы да байланысты, əрбір продуцент-штамм үшін ортадағы азот пен көміртегі қатынастары үлкен рөл атқарады. Жүгері экстракты – ашық сарғыш, қара қоңыр түсті біркелкі қою массадан тұратын сұйықтық. Экстрактының химиялық құрамы жүгерінің сортына байланысты, өсіру, сақтау жəне кептіруге жəне суға жібіту үрдісінің жағдайына байланысты.

22
Экстрактының құрғақ зат құрамы 48-50 % кем болмауы керек, есеп бойынша жалпы азот құрайтын заттар құрғақ экстрактыда 40-50 % дейін (6,4-8 % жалпы азот) болады. Жібіту үрдісінде жүгері ақуызын ферментативті гидролиздеуге болады, нəтижесінде экстрактының азот құрамдас затының 50 % амин қышқылынан, полипептид жəне ақуыздан тұрады. Сонымен қатар, экстрактыдағы жалпы фосфордың құрамы 5%-ға жуық, бір бөлігі органикалық қышқылға байланысқан фитин (кальций-магнилі тұз инозитфосфорлы қышқыл) түрінде болады. Одан басқа экстрактыда «В» тобындағы витаминдері кездеседі.


23

Пайдаланған әдебиеттер:


1. Өндірістік биотехнология негіздері: оқу құралы − 9786010403246



24

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет