Мазмұны III. Мектеп қызметі – Үрдіс 23


-2017 оқу жылында педагогикалық кадрлардың аттестатталуы



бет12/16
Дата04.07.2018
өлшемі2,93 Mb.
#46575
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

2016-2017 оқу жылында педагогикалық кадрлардың аттестатталуы.

Аттестаттау педагогикалық шеберлікті арттырудың мықты ынталандырмасы болды, жоспарлы түрде өтеді, жүйелілік, үздіксіздік, бақылау мен шығармашылықты ынталандыру қағидаларын жүзеге асыруға негізделеді.



Мектеп педагогтерін аттестаттау тәртібі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы бұйрығымен бекіткен «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес жүзеге асады.
Салыстырмалы талдау келесіні көрсетеді:


Санат / оқу жылы

2012-2013

2013-2014

2014-2015

2015-2016

2016-2017

Жоғары (иелену/ растау)

5 (3/2)

17 (8/9)

6 (3/3)

4/4

1/5

бірінші (иелену/ растау)

5 (3/2)

3 (3/0)

3 (1/2)

4/1

1/0

екінші (иелену/ растау)

10 (10/0)

3 (3/0)

9 (9/0)

3/0

5/0

БАРЛЫҒЫ

20 (26%)

23(30,3%)

18 (23%)

16(19%)

12(14%)

Соңғы 3 жылда мектептің 46 педагогы санаттарын растады және арттырды, бұл көрсеткіш мұғалімердің жалпы санынан 53%-ды құрайды.

Педагогикалық кадрлардың біліктілік өсу беталысы, олардың білім беру деңгейінің артуы сақталып келеді. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің саны үнемі артып келеді. Санаты жоқ педагогтердің санын оқу орнын аяқтағаннан кейін жас мұғалімдердің мектепке келуі құрайды.



Мұғалімдерді педагогикалық өтіл бойынша үлестіру


Өтіл/оқу жылы

2016-2017

3 жылдан кем

16

3-тен 8-ге дейін

16

9-дан 16-ға дейін

11

17-ден 20-ға дейін

10

20-дан көп

33




Мұғалімдерді жасы бойынша үлестіру


Жасы/Оқу жылы

2016-2017

30 жасқа дейін

27

31-ден 40-қа дейін

16

41-ден 50-ге дейін

21

50-ден жоғары

22



Мұғалімдерді өтіл және жасы бойынша үлестіру талдауы педагогикалық ұжымның толығуы мен тәжірибесі туралы куәландырады: 20 жылдан жоғары өтілі бар мұғалімдер 25,5%-ды құрайды. Мұғалімдердің арасында бірнеше зейнеталды жастың болуына қарамастан тұрақты жұмыс жасап отырған ұжымды сақтауға мүмкіндік беретін 8 жылдық өтілі бар мұғалімдер үлесінің өсуі байқалады.

Мұғалімдердің алдыңғы жасы – 30-ға дейін (27 мұғалім). Мектеп мұғалімінің орта жасы – 40 жас. 3 жасқа дейінгі өтілмен жас мамандар саны – 15 (жас мамандар саны 2013-2014 оқу жылында 1-ден ағымды оқу жылында 15-ке дейін өсті).

Жаңа бастап жүрген мұғалімдер ЖММ-де дайындықтан өтеді, сонымен қатар «ПроЛС» қалалық клубының сабақтарына қатысады. Олар үшін мектеп бұйрығы негізінде жетекшілер тағайындалған. Бірлескен жұмыс жоспар негізінде жүргізіледі. Жыл сайын оқу жылының соңында жас мұғалімдер фестивалі өту кезінде оқу қорытындысы шығарылады.



Әдістемелік жұмыстың маңызды бағыты педагогтердің үнемі біліктілікті арттыруы болып табылады. Мектеп педагогтері жоспарға сәйкес бес жылда бір рет БЖБАРИ, облыстық ПҚБАИ, ИнЕУ және ПМПИ жанындағы біліктілікті арттыру қалалық институттары негізінде курстық қайта даярлауды өтеді. 2013 жылдан бері мұғалімдердің жалпы санынан 19%-ды құрайтын 16 мұғалім деңгейлік курсты өтті (1-ші деңгей – 1, 2-ші деңгей -2, 3-ші деңгей - 12, жетекшілер-1).


Оқу жылы/ деңгей

1

2

3

Жетекшілер курсы

2013-2014

0

0

5

0

2014-2015

0

1

4

1

2015-2016

0

0

1

0

2016-2017

1

1

2

0


2016-2017 оқу жылында курстық қайта даярлауды 30 мұғалім өтті (мұғалімдердің жалпы санынан 35%-ды құрайды). Директорлар мен директор орынбасарларының курсын 3 педагог өтті, 1-ші сыныптардың 8 мұғалімі, 4 қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, 1 орыс тілі мен әдебиет мұғалімі, 1 дене шынықтыру мұғалімі, 2 ағылшын тілі мұғалімі, 1 музыка мұғалімі, 1 «Өнер» пәнінің мұғалімі мазмұнды жаңарту бойынша курстан өтті. «Роботты техника» бойынша курсты 2 информатика мұғалімі, ЖМЦ мұғалімдері үшін ағылшын тілінде курсты 3 мұғалім өтуде. Биология мұғалімі А.В. Зиневич ағылшын тілінде оқытуға Оңтүстік Кореяда қысқа мерзімді оқуға грант алды. Мектепте критерийлік бағалауды енгізу бойынша үйлестіруші жұмыс істейді, мектеп жаттықтырушылары А.Х. Қабыкенов пен С.К. Сарсикеева «Тәжірибедегі рефлексия» педагогикалық кадрларды кәсіби дамытудың білім беру бағдарламасы бойынша курсты тыңдаушылардың 2 тобын шығарды.



Қорытынды:

Келтірілген мәліметтерден сабақ беретін пәндер бойынша уақытында қайта даярлау курсынан өтеді, бірақ, қашықтықтан оқыту курсы арқылы мұғалімдердің біліктілігін арттыру белсенділігі төмен болып қалуда.



Шешу жолдары: мұғалімдерді педагогикалық шеберліктерін үздіксіз арттыруға ынталандыру, «Өрлеу», ПШО курстары арқылы біліктілікті арттыру жоспарын орындауды қамтамасыз ету.

2. Мектепті басқару

№ 43 мектепті басқару келесі сызба бойынша жүзеге асады:

Білім аясындағы диагностика және анализ сапасы

Тәрбие жұмысының талдауы және диагностикасы

Әлеуметтік жағдайдың талдауы


Психо-диагностика



Медициналық диагностика

Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ

Тәрбие жұмысы анализі және диагностикасы

Әлеуметтік жағдайдың талдауы

Психо-

диагностика



Медициналық диагностика

Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы

Басқару үдерісінің орталығында мектеп әкімшілігі тұр.



Әкімшілік мүшелерінің қызметтік міндеттері төмендегідей бөлінеді:
Директор Оразалинова З.Ж.


  1. Мектептің барлық қызмет түріне басшылық етеді.

  2. Мектептің шағын ауданындағы балаларды жалпы міндетті оқумен қамтамасыз ету.

  3. Педагогикалық ұжымды басқару, кадрлармен жұмыс.

  4. Кітапханамен жұмыс.

  5. Оқушының өзін-өзі басқару жұмысына бағыттайды.

  6. Қоғамдық және оқушылардың ата-аналарымен мектеп жұмысын ұйымдастырады, қамқорлық кеңесінің жұмысын бағыттайды.

  7. Асхананың жұмысын және оқушылардың тамақтануын ұйымдастырады.

  8. Мектептің ішкі жұмыс тәртібі, санитарлық-гигиеналық ережесі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етеді.

  9. Мектеп қаржысын басқарушы болып табылады.

  10. Мектеп құжаттары мен іс-жүргізу жұмысын дұрыс жүргізу, уақытында есеп беруді, мектеп мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді.


Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сарсикеева С.К.

  1. Мектептің әдістемелік жұмысы, әдістемелік кеңес жұмысына жауап береді.

  2. Орыс тілі мен әдебиеті, тарих, шетел тілдері, бейнелеу өнері, музыка, технология пәндері мұғалімдерінің жұмысын қадағалайды.

  3. 7-ші параллель сыныптардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырады;

  4. 5-11 сыныптардағы дарынды оқушыларымен жұмысты ұйымдастырады.

  5. ЖММ жұмысын ұйымдастыруға жауап береді.

  6. Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстарды бағыттайды және қадағалайды, осы пәндер бойынша оқыту кабинетінің жағдайын бақылайды.

  7. Педагогикалық тәжірибемен бөлісуді және мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

  8. Кадрлар жұмысымен айналысады.

  9. «e-learning» жүйесіндегі тексеретін пәндер бойынша мұғалімдерді бақылайды.


Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аубакирова С.К.

  1. Мектептің есеп беру жұмысына жауап береді.

  2. 9-сыныптарда ОЖСБ өткізуді қадағалайды.

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жұмысын қадағалайды.

  4. ТБМ-де мемлекеттік тілде оқытылатын бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысын қадағалайды.

  5. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім, білік және дағды сапасын бақылауды жүзеге асырады, қазақ тілі мұғалімдерінің сыныптан тыс жұмыстарын қадағалап, бағыттайды.

  6. ТБМ-де мемлекеттік тілде оқытылатын бастауыш сынып оқушыларының білім, білік және дағды сапасын бақылауды жүзеге асырады.

  7. Педагогикалық тәжірибемен бөлісуді және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, осы пәндер бойынша оқыту кабинетінің жағдайын бақылайды.

  8. 6-шы, 11-ші сынып параллельдерінің, ТБМ-де мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптардың оқыту-тәрбие жұмыстарын қадағалайды.

  9. Мектеп мұғалімдерінің аттестациясына жауап береді.

  10. Мектеп бойынша «Тілдер туралы Заңы» орындау жұмысына жауап береді.

  11. «e-learning» жүйесіндегі тексеретін пәндер бойынша мұғалімдерді бақылайды.

  12. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарттың орындалуына жауап береді.


Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөн. орынбасары Тасамбаева А.Т.

  1. Қорытынды аттестаттаудың техникалық хатшы міндетін атқарады.

  2. Мұғалімдердің жұмыс тәртібін есептеу және тарификация мәселесімен айналысады.

  3. Математика, физика, химия, биология, информатика, дене тәрбиесі, география мұғалімдерінің жұмыстарын тексереді, осы пәндер бойынша оқушылардың білім, білік және дағды деңгейін бақылайды және сыныптан тыс жұмыстарды тексереді.

  4. Қадағалайтын пәндер бойынша оқыту кабинетінің жағдайын бақылайды.

  5. Педагогикалық тәжірибемен бөлісуді және қадағалайтын мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, осы пәндер бойынша оқыту кабинетінің жағдайын бақылайды.

  6. 5,10-шы параллель сыныптардың оқыту-тәрбие жұмыстарын қадағалайды.

  7. Мектепте ақпараттандыру мәселелерімен айналысады.

  8. Үйде оқытылатын оқушылардың оқуын ұйымдастырып қадағалайды.

  9. Арнайы медициналық топтың жұмысын ұйымдастырып қадағалайды.

  10. «e-learning» жүйесіндегі тексеретін пәндер бойынша мұғалімдерді бақылайды.

  11. Дене тәрбиесі, еңбек мұғалімдерінің жұмыстарын қадағалайды.

  12. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімге денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бара алмайтын балаларға үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына жауап береді.


Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөн. орынбасары Копнышева М.В.


  1. Бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысын қадағалайды, педагогикалық тәжірибемен бөлісуді және бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

  2. Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік және дағды сапасын бақылауды жүзеге асырады.

  3. Бастауыш мектептің оқыту кабинеттерінің жағдайын бақылайды.

  4. 1-4 жұп-сыныптарының оқыту-тәрбие үрдісін және бастауыш мектептегі қосымша ақылы қызметпен оқитын сыныптарды қадағалайды.

  5. «e-learning» жүйесіндегі тексеретін пәндер бойынша мұғалімдерді бақылайды.

  6. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныштылықтан тәуелсіз білім мекемесіне құжаттарды қабылдау және есептеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына жауап береді.


Сыныптан тыс жұмыс жөніндегі орынбасары Шакенова Б.М.


  1. Барлық бағыттар бойынша мектептің тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып бақылайды.

  2. Сынып жетекшілері мен тәрбие орталықтарының жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсетеді, педагогикалық тәжірибемен бөлісуді ұйымдастырады.

  3. Мектепте балалардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастырады.

  4. Жалпыға міндетті оқу туралы Заңды орындау бойынша жұмысты бағыттайды.

  5. 8-ші сынып параллельдерінде оқу-тәрбие үрдісін қадағалайды.

6. «Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде аз қамтамасыз етілген отбасынан балаларға демалыс беру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартын орындауға жауап береді.
Директордың тәрбие жұмысы жөн. орынбасары Кайрбаева С.З.
1. СӨС қалыптастыру бойынша жұмысты бағыттайды.

2. Мектептің шағын ауданында жалпыға міндетті оқуды қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады, КІБ инспекциясымен бірлесіп жұмыс істейді, педагогикалық қараусыздан қалған балалардың жеке тәрбиесін ұйымдастырады.

3. Жетім және аз қамтамасыз етілген отбасынан балалардың тамақтануын ұйымдастыру сұрақтарына жауап береді.

4. Қаланың мектептен тыс ұйымдарымен өзара байланыс жасайды.



5. Оқушылардың сабақтан тыс уақытын қамту мәселесімен айналысады.
6. 9-шы сынып параллельдеріндегі оқу-тәрбие үрдісіне жетекшілік етеді.

7. «Шалғайдағы ауыл пунктерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мекемелеріне және қайта үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету үшін құжаттар қабылдау», «Жалпы білім беру мектептерінде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін тамақтануды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын орындауға жауап береді.


Мектепті басқару жүйесінде үш деңгей белгіленеді:

  1. Мектепті басқарудағы әкімшілік деңгейі.

  2. Басқарудың оқыту-әдістемелік деңгейі.

  3. Басқарудың тәрбиелеу деңгейі.


3. 2016-2017 оқу жылындағы ата-аналармен жұмысты талдау
Дұрыс тәрбие беру - отбасымен бірігіп қызмет жасап, тығыз қарым-қатынаста болғанда үлкен нәтижеге қол жеткізе алады. Сондықтан баланың жан-жақты дамуына және жақсы тәрбие алуына зор ықпалын тигізетінін есте сақтаған жөн.

Өткен оқу жылына келесі міндеттер қойылған:

- мектептің жалпы ата-аналар комитеті жұмысын жетілдіру;

- ата-аналармен бірге кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысын жалғастыру;

- оқушылардың сабақтан тыс уақытын қамту жұмысын ата-аналармен бірлесіп орындауды жалғастыру.

Ата-аналармен жұмыс бойынша алға қойылған міндеттерді жүзеге асыра отырып, оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысы сынып жетекшілер және Профилактикалық кеңес арқылы тәртібі нашар оқушылар, сабақтан қашу, яғни «тәуекел топтағы» балалар тізімі анықталып, олармен үнемі профилактикалық жұмыстар (сұхбаттасу, арқмен үнемі жалғасуда: бос уақытын қамту т.б.), рейдтер, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ата-аналарға кеңес беру сияқты жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп тұрды.

Ағымдағы оқу жылында сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог, инспектор оқушылар мен ата-аналарын жалпыға міндетті оқытудың құқықтық нормативті құжаттарымен таныстырып, демалыс алдында девиантты мінез-құлықты балалардың ата-аналары, балалар тәртібіне жауапты деген жазбаша ескертулер беріледі.

2016-2017 оқу жылында сынып жетекшілермен сөйлесу, мұғалімдермен оқушылардың үйлерін аралау, балалардың сабақ үлгерімі мен тәртібіне қарай, үнемі бақылауды аса қажет ететін оқушылар анықталды: 1 оқушы МУК, 12 оқушы – МІБ; оның ішінде 5 оқушы «тәуекел топқа» кіреді.

Мектеп ата-аналармен бірлесіп оқушылардың сабақтан тыс, демалыс кезіндегі бос уақытын қамтуды ұйымдастырады. Осы мақсатпен оқушыларды сабақта және сабақтан тыс үйірмелермен, спорттық секциямен қамту мониторингі жүргізіледі. Әсіресе жаз кезіндегі оқушыларды қамту мәселесі басты назарда.

Міне, көп жылдар бойы мектеп ата-аналар қоғамымен үш бағыт бойынша жұмыс істейді:



  1. Отбасы диагностикасы.

  2. Ата-аналар дәрісі.

Педагогикалық тұрғыдан жан-жақты бақылауды қажет ететін отбасы (жағдайы нашар отбасы, көп балалы отбасы, әлеуметтік жағдайы нашар отбасы).

Осы бағыттағы міндеттерді орындай отырып, мұғалімдер балалармен, ата-аналармен сөйлесу, оқушылардың үйін аралау арқылы, отбасы жағдайымен танысады, ата-аналармен, балалармен әңгімелеседі. Кейбір оқушылардың қандай жағдайда тұрып жатқанын білмейміз, сондықтан бұл балаларға дер кезінде көмек көрсетілмейді. Мектепте оқушылар деректері бар, оған ата-аналар туралы мәліметтер кіреді, яғни қажет жағдайда бірден байланысуға болады.

1-ші сыныпқа қабылдау кезінде бірінші сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайын алдын ала анықтау мақсатымен біз отбасы құрамын, (толық отбасы, ата-аналарымен немесе қамқоршымен т.б.) болашақ оқушы қоршаған ортасы қандай екендігін анықтаймыз. Болашақ 5-сыныптар үшін сынып жетекшілікті алдын-ала болжау мүмкін емес, сол себепті 5-сыныпқа келген оқушылардың әлеуметтік жағдайымен сынып жетекшісіне жаңадан танысуға тура келеді. Дегенмен оқу жылының басында бастауыш сынып мұғалімдері мен болашақ 5-сыныпта беретін мұғалімдер олармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Байқағанымыздай, ата-аналардың көбі тәрбиелеу жұмысына мән бере

қоймайды, тығырыққа тірелген соң, қолын бір-ақ сілтеп жүре береді, арнайы әдебиетке жүгінбейді, сондықтан мектепте ата-аналардың педагогика-психологиялық тұрғыдан жан-жақты хабардар болу өте маңызды. Осы бағыт ата-аналардың дәрісі, жеке сұхбаттасу, психолог, әлеуметтік педагог, КІБ инспекторы және мұғалімдердің кеңесі арқылы жүзеге асырылады. Өткен оқу жылында ата-аналарға арналған педагогикалық білім университетінің сабақтары жүргізілді:

- «Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу ерекшеліктері» 1-сыныптар;

- «Мадақтау мен жазалау туралы» (оқушылардың эмоционалдық жағдайы) - 2-сыныптар;

- «Отбасылық қарым-қатынастың оқуына және тәртібіне тигізетін әсері» 3-сынып;

- «Баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы отбасының рөлі» - 4-сыныптар;

- «5-ші сынып оқушыларының орта буынға бейімделу мәселелері» 5-сыныптар (мектеп психологы);

- «Өтпелі жастың қиындықтары және оның ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа тигізетін әсері» 6-сыныптар (психологтар);

- «Жоғары сынып оқушылар өміріндегі компаниялар» – 8-сыныптар (Ю.В. Штукерт, сынып жетекшілер);

- «Мамандықты дұрыс таңдауда ата-ананың көмегі» (арнаулы орта оқу орындарының өкілдерімен кездесу) - 9-сын. (Г.И. Ютлина, сынып жетекшілер);

- «Жауапкершілік, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау. Бұларды өз бойында қалай дамыту керек?» 10-сыныптар (психологтар, сынып жетекшілер);

- «Сабырлылық, балаға ҰБТ жақсы тапсыруға қалай көмектесу керек» - 11-сыныптар (психологтар, оқу-ісі меңгерушілері, сынып жетекшілер);

- «Болашақ бірінші сынып оқушылары» (О.А. Тортопиди, М.В.Копнышева).

Ата-аналарға кеңес беру, ұсыныс беру мақсатында нарколог дәрігері, фтизиатрмен кездесулер ұйымдастырылды.

Ата-аналар мен мектеп өзара тығыз байланыста болу үшін ата-аналар оқу-тәрбие үрдісіне, балалардың сабақтан тыс, ойын-сауық қызметіне кеңінен араласу қажет.

Дәстүрлі түрде мұғалімдер ата-аналардың көмегімен Астана қаласына туристік демалуға шығуды ұйымдастырды (1-4 сынып, сынып жетекшілер: Потарская Е.Н., Садовая И.Н.), өткен жылы 5-8 сынып оқушылары үшін «Жас дәурен» балалар лагері болды.

Аналар мен әжелерге арнап, тек қана мұғалімдер мен бастауыш сынып мұғалімдері емес, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары «Загляни в мамины глаза» атты мерекелік концерт қойды. Мектеп және қалалық мерекелер мен байқауларға арналған костюмдерді сатып алуға ата-аналар көптен-көп көмектеседі. Сонымен қатар «Екі жұлдыз», «Әй, жарайсың!» атты мектеп жобасына белсене қатысты. Өткен оқу жылында «Бірлік» жобасы шеңберінде «Мы заявляем о себе!» таланттар фестивалінде көпбалалы отбасыдан Аянбек Ерболат пен Рахметов Азамат қатысты. Сайыстың нәтижесі бойынша Аянбектің отбасы 3-ші орын алды.

Дәстүр бойынша ата-аналар Наурыз, Жаңа жыл мейрамдары, мектеп түлектері кеші, «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылдауды өткізуге де атсалысады.

Мектеп пен отбасы, соның ішінде ата-аналар патрулі кезекшілігі жұмысын ортақ ұйымдастыратын сыныптардың ата-аналар комитеті үлкен көмек көрсетеді.

Осы оқу жылы жалпы мектеп ата-аналар комитетінің жұмысы белсендірілді. Жалпы ата-аналар жиналысында 5 адамнан тұратын ата-наналар комитеті таңдалды. ҚР БжҒМ 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығын жүзеге асыруда ата-аналар белсене қатысады, сондай-ақ оқушыларды тамақтандыру бойынша бақылау комиссиясы құрамына кіреді.

Дегенмен, ата-аналардың оқыту мен тәрбие үлдісіне тигізген пайдасы зор болғанмен, аздап проблема туындап тұр. Тіркеуде ата-аналық міндетін дұрыс орындай алмайтын қолайсыз отбасы ретінде 1 отбасы тұр. Бұл

А. Бердугажинованың отбасы (3-Е сынып). Ата-аналардың бәрі мектеппен ортақ әрекетке түспейді: өз баласының сабақ үлгеріміне, тәртібіне, сыртқы киіміне көңіл бөлмейді. Осындай ата-аналармен тіл табыса алмау себебі - ата-аналар бала тәрбиесінде жіберген кемшіліктерді көрмейді, мойындамайды.

Келесі оқу жылында алға қойылатын міндеттер:



  • жалпы мектептік ата-аналар комитеті жұмысын жүйелі түрде жалғастыру;

  • ҚР БжҒМ 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығын толығымен жүзеге асыру;

ата-аналармен бірлесіп кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру.


  1. 2016-2017 оқу жылында психологиялық

қызметтің атқарған жұмысы жөнінде есебі
Мектеп психологиялық қызметінің жұмысы қызметтік тәсілдеме шеңберінде құрылады. Қызметтік тәсілдің мақсаты өмірлік іс-әрекеттің субъекті ретінде баланың тұлғасын дамтыу болып табылады.

Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысы негізгі 3 бағыт бойынша қызмет етеді: диагностика, профилактикалық кеңес беру, психологиялық тану. Психологиялық көмек балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып беріледі.



Диагностикалық бағыт. Осы бағыттағы жұмыс орта және жоғары буындағы оқушылардың интеллектуалдық деңгейін, мектепке бару кезінде оқуға даярлық көрсеткіштерімен танысу, саламатты өмір салтын дұрыс қалыптастыру үшін эмоциялық жағдайын анықтаудан тұрады. Бірінші сыныпқа баратын балалардың барлығы бейімделу кезеңінен өткен соң, МЭДИС әдістемесі және өзін-өзі реттеуді дамыту деңгейі, қызметті, зейіннің жеке қасиеттерін ұйымдастыру, «Қарапайым тапсырмалар тесті» әдісі бойынша жедел жады көлемі диагностикасы бойынша мектепте оқуға дайындығы және интеллектуалдық деңгейді анықтау үрдісіне қатысады.

Осы әдістеме бойынша баланың жеке интеллекті жөнінде жалпы мәліметті анықтауға әбден мүмкін. Алуан түрлі тапсырмалар арқылы баланы жан-жақты қырынан тануға болады. МЭДИС әдістемесі арқылы сөйлеу құрамын, сандық және сапалық қатынасты, логика және математикалық қабілеттерін байқауға болады. МЭДИС тапсырмалары суреттер ретінде берілген, сол себепті олардың оқи алмайтынына қарамастан балаларды тестілеуден өткізуге болады. Диагностика нәтижесі 1,2 кестеде көрсетілген.



Кесте 1. Мектеп оқуына дайындық диагностикасының нәтижелері


сынып/деңгей

жоғары

орта

төмен

1 А

9

6

9

1 Б

11

4

12

1 В

13

12

1

1 Г

5

12

8

1 Д

5

7

9

1 Е

12

5

6


Кесте 2. 1-В сыныбының мектеп оқуына дайындығы жөнінде қайта өткізілген диагностикасының нәтижелері


сынып/деңгей

жоғары

орта

төмен

1 В

17

8

0

Диагностика нәтижелері бойынша 3 түзету-дамыту тобы құрылды. Осы топқа түскен оқушылар интеллектуалдық қабілеттер мен танымдық үрдісті дамытуға бағытталған, түзету сабақтарына қатысты. МЭДИС әдістемесінің нәтижесі бойынша: 2016-2017 оқу жылында 45 бірінші сыныпқа баратын балада мектепте оқуға деген даярлығы төмен екендігі анықталды. Интеллектуалдық қабілеттері төмен немесе өте төмен деңгейдегі балалар түзету сабақтарына қатысып жүрді. Түзету сабақтары аптасына бір рет 30 минуттан өткізіліп тұрды. Түзету-дамыту сабақтарының нәтижелері бойынша 3 оқушыға ПМПК өтуге ұсынылды.

Әсіресе, балалардың сандық және сапалық қатынастағы құбылыстарды айыру түсінігін атап өту қажет, бірінші сыныптағы балалардың көбінде төмен дейгей байқалады. Мектеп ұжымы осы бағытқа басты көңіл аудару қажет.

«Қарапайым тапсырмалар тесті» әдісі өзін-өзі реттеуді дамыту деңгейін, қызметті, зейіннің жеке қасиеттерін ұйымдастыру, жедел жады көлемін анықтайды.


Жан-жақты әрекеттерді бағалауға мүмкіндік береді: берілген нұсқаулық бойынша түсіну және әрекет ету қабілеті және ерікті өзін-өзі реттеу.

Тест топтық әдіспен өткізіледі. Тестті орындауға кететін уақыт – 5-7 минут.

Диагностика нәтижелері 3 кестеде көрсетілген.

Кесте 3. Қарапайым тапсырмалар тесті диагностикасының нәтижелері


сынып/деңгей

жоғары

орта

төмен

өте төмен

1 А

2

8

16

1

1 Б

0

14

11

2

1 В

7

14

3

0

1 Г

2

11

11

0

1 Д

1

10

11

3

1 Е

1

11

11

1

Диагностика нәтижелерінің талдауы 70 бірінші сынып оқушыларында өзін-өзі реттеудің төмен және өте төмен деңгейін көрсетті. Диагностиканың нәтижелері бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға дайындығының төмендігін дәлелдейді.

Сонымен қатар 1-сыныптарда диагностиканың келесі түрлері өткізілді: "Проставь значки" әдістемесі – бір нәрседен екінші нәрсеге ауысу қабілетін анықтау және тыңдай білу; қысқа мерзімді көру есін анықтау әдістемесі, есту жадысын анықтау әдістемесі. «Лесенка» өз-өзінің деңгейін анықтау әдістемесі. Диагностиканың нәтижелері бойынша барлық мұғалімдер ұсыныстар алды.

Бастауыш буындағы 2,3-ші сыныптарды интеллектуалдық бағытта тексеру үшін Замбицявичене Э.Ф. сөздік-логикалық ойлау қабілетін анықтау әдістемесі қолданылды. Осы әдістеме арқылы сөздік қор, интеллектуалды жалпылау операциясы, абстрактау, жалпы белгілер мен құбылыстарды анықтау, логика т.б. қалыптастыруда баланың даму деңгейін анықтауда септігін тигізеді.



Диагностика нәтижелері 4,5 кестелерде көрсетілген.
Кесте 4. Сөздік-логикалық ойлау зерттеу әдістемесі диагностикасының нәтижелері

2 сынып

сынып/деңгей

жоғары

орта

төмен

өте төмен

2 А

3

12

10

0

2 Б

0

12

8

3

2 В

2

17

7

0

2 Г

4

11

7

0

2 Д

1

12

8

4

Кесте 5. Сөздік-логикалық ойлау зерттеу әдістемесі диагностикасының нәтижелері

3 сынып

сынып/деңгей

жоғары

орта

төмен

өте төмен

3 А

11

9

1

1

3 Б

7

10

0

1

3 В

4

13

4

1

3 Г

14

6

1

0

3 Д

4

16

4

0

3 Е

9

14

1

0

4-ші сынып параллельдерінде зияткерлік саласын зерттеу үшін ГИТ әдістемесі өткізілді. Диагностика нәтижелерінің талдауы 4-ші сынып параллельдеріндегі барлық оқушылар жастарына сәйкес зияткерлік деңгейі барын көрсетті.

Бастауыш буындағы оқушылардың эмоциялық жағдайын тексеру үшін М. Панфилованың «Кактус» әдісі бойынша қобалжу мен агрессия диагностикасы жүргізілді.

Орта буында зияткерлік даму деңгейін өлшеу үшін арналған «Матрицы Равена» топтық зияткерлік тесті қолданылады. Тапсырманы орындау кезінде 3 негізгі психикалық үрдіс іске қосылады:

1) зейін, зейінділік (зейін қабылдау мен түсінуден бөлінеді);

2) қабылдау, түсінгіштік;

3) ойлау, алғырлылық.

Тапсырмаларды орындау кезінде зейін қатты күшейеді, шешімге талпынысты (қызығушылық) қолдайды. Ол толық көлемде зейін қоюды және бөлуді талап етеді. Зейіннің төмендеуінен үнемі қателіктер пайда бола бастайды. Зейіннен басқа ерік пен эмоция шығады.



2-11 сыныптарда жыл сайын әлеуметтік жағдай әдістемесі жүргізіліп тұрады, негізгі мақсаты - мектеп ұжымында бейімделу деңгейі төмен, сондай-ақ сыныптағы оқушылар арасында мінез жағынан зерек, әрі алғыр балаларды анықтау болып табылады. Оқушылардың эмоциялық жағдайын анықтау үшін қобалжу, агрессия, өзін-өзі бағалауды анықтауға арналған тестілеу жүргізіледі. Диагностика нәтижелері №6,7,8 кестелерде көрсетілген:


Оқу жылы

2016-2017

оқу жылы

Деңгей

Жоғары

17

Орта

83

Төмен

353

барлығы:

453



Кесте 6. 2016-2017 оқу жылында 5-11 сынып оқушыларының

үрейлілік деңгейінің мониторингі


Оқу жылы

2016-2017

оқу жылы

Деңгей

Жоғары

84

Орта

225

Төмен

198

барлығы:

507


Кесте 7. 2016-2017 оқу жылында 5-11 сынып оқушыларының

агрессия деңгейінің мониторингі


Оқу жылы

2016-2017

оқу жылы

Деңгей

Жоғары

88

Орта

227

Төмен

243

барлығы:

558


Кесте 8. 2016-2017 оқу жылында 5-11 сынып оқушыларының

Өзін-өзі бағалау деңгейінің мониторингі
9-11 сыныптар арасында кәсіптік бағдарлау бойынша тестілеу жүргізілді. Барлық әдістеме балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, алынған. Осы нәтижелермен сынып жетекшілер, сондай-ақ кейбір ата-аналар мен оқушылар таныстырылды. Оқушыларды, ата-аналарды және сынып жетекшілерін диагностика нәтижелерімен таныстыру кезінде, түзету және дамыту, қабілеттердің қандай да бір түрлеріне нақты ұсыныстар берілді.

Психологиялық түзету-дамыту бағыты. Осы бағыттағы негізгі жұмыс жеке және топтық формалар арқылы жүргізіледі. Психологиялық түзету-дамыту бағыты аясында психологиялық диагностиканың нәтижесі бойынша 1-5 сынып оқушыларымен жұмыс жүргізілді. Сонымен түзету сабақтарына 1-сынып оқушылары қатысты. Сабақ аптасына бір рет өткізіліп тұрды.

2-ші сынып оқушылары үшін агрессия деңгейін төмендетуге және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған топтық сабақтары өткізілді. 4-ші сынып оқушылары үшін агрессия деңгейін төмендетуге, ұжымның бірігуіне, декватты өзін-өзі бағалауға тренинг сабақтары өткізілді;

5-ші сынып оқушылары үшін сыныптың ынтымақтастығына, сезімталдықты дамытуға, агрессия деңгейін төмендетуге бағытталған тренинг сабақтары өткізілді; 6-шы сынып оқушылары үшін «Агрессияны басқару» тақырыбына тренингтік сабақтар өткізілді; 7-ші сынып оқушылары үшін коммуникативті және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сыныптың бірігуіне бағытталған тренингтік сабақтар өткізілді. 8-ші сынып оқушылары үшін конфликті ситуацияларды конструктивті тұрғыдан шешуге, коммуникативтік дағдыларды дамытуға, эмоциялық қысымнан арылу, өзін-өзі басқару әдістерін меңгеруге бағытталған тренингтік сабақтар өткізілді. 9-шы сынып оқушылары үшін кәсіби бейімделуге бағытталған тренингтер өткізілді. 10-11 жұп-сыныптары арасында оқу жылы ағымында жоғары сынып оқушыларының ҰБТ тапсыруға, оның бойында көшбасшы қабілетін қалыптастыруға бағытталған қарым-қатынас және өзара қарым-қатынас жасау тренинг сабақтары, сонымен қатар есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту ережелері жүйелі түрде өткізіліп тұрды. Жеке 10-шы сынып оқушылары үшін «Тайм менеджмент» тақырыбына тренинг өткізілді.

Консультациялық-профилактикалық бағыт. Осы бағытқа жаңадан келген оқушылармен, оқуда немесе өзара қарым-қатынас жасау барысында қамығып қысылатын, өмірлік ауыр жағдайға тап болған балалармен жеке сұхбаттасу жатады. Сонымен 2016-2017 оқу жылы ағымында әлеуметтік-психологиялық қызмет ата-аналарға, балаларға және педагогтарға 314 жеке және топтық кеңес берілді.

Әрдайым жеке сұрақтар бойынша ата-аналар мен мұғалімдерге кеңес беріліп отырады. Негізгі мәселе – балалардың сабақтан қашуы, үйден кетуі, оқудағы үлгермеуі, оқуға деген қызығушылығы жоқ, тәрбие беруде ата-аналардың қарамауы, әлеуеттегі төмен деңгейі, конфликтті ситуацияларға жақын, қобалжу және агрессия болып табылады.

Мектепішілік бақылауда, МУК есепте тұрған тәуекел топтағы оқушылар басты назарға алынады. Осындай бақылау балаларды үнемі жүйелі түрде бақылауды, қадағалауды, әлеуметтік-психологиялық қызмет пен мектеп қызметкерлері тарапынан қамқорлық етуді талап етеді. Әлеуметтік-психологиялық қызмет осы балалармен жақсы тіл табысуды көздейді. Сонымен 2016-2017 оқу жылында психологиялық қызмет жағынан төменде аталған оқушыларға аса көңіл бөліп келді: Каримов Д., Пикулин Д., Руди Г., Пунтусов В., МедведевН., Каверин Т., А Исломова С., Третьяков В., Пстовой А., Керимов А., Ахметжанов Т., Лапаев О.

2016-2017 оқу жылында балалар үйіне орналастырылған Е. Клецкова мен Д. Назарованың істері КІБ-ке шығарылды. Сот шешімі бойынша кәмелеттік жасқа толмаған Д.Назарованы қамқоршылыққа алу әжесіне берілді.



Психологиялық тану. Осы бағыт мектеп психологының жұмысында көбіне ата-аналар жиналысына, сынып сағаттарына қатысу және педагогикалық ұжым алдында сөз сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Жиналыстың негізгі тақырыптары: «Психологическая помощь первоклассникам в адаптации к школьной среде», «Адаптация учащихся к условиям обучения в средней школе: проблемы и задачи» 5 сыныптар, «Трудности возраста и его влияние на отношения между родителями и детьми» 6 сыныптар, «Стрессоустойчивость, как помочь ребенку успешно сдать ЕНТ» (11 сын.), «О поощрении и наказании» 2 сыныптар, «Отражение семейных отношений на обучении и поведении ребенка в школе» (3сын.), «Я на свете не один» (10 сын.), «Проблема отцов и детей в современном обществе» (7 сын.), «Умение жить среди людей» (8 сын.), «Роль родителей в процессе выбора профессии и самоопределения подростков» (9 сын.), «Роль семьи в формировании личности ребенка» (4 сын.), «О будущих первоклассниках».
V. Жалпы қорытынды шығару және

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет