Мазмұны III. Мектеп қызметі – Үрдіс 23


келесі оқу жылына қойылатын міндеттер



бет13/16
Дата04.07.2018
өлшемі2,93 Mb.
#46575
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

келесі оқу жылына қойылатын міндеттер

Міне, осылай 2016-2017 оқу жылында мектептің ғылыми-әдістемелік мәселесін шешу бойынша үлкен жұмыс атқарылды: «Жаңа білім беру құзыреттіліктері саласындағы мектеп дамыту және жұмыс жүйесі», сондай-ақ мектеп ұжымы «Жаңа білім беру саласын дамыту арқылы педагогтың кәсіби құзіреттілігін жетілдіру» тақырыппен 2013-2017 оқу жылдарға арналған Мектепті дамыту Бағдарламасын жүзеге асыруда.

2017 -2018 оқу жылының басты мақсаты – мемлекеттік тілде оқитын сыныптардың қызмет етуін жалғастыру, негізгі орта буында (8-ші сыныптар) мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытудың қызмет етуін жалғастыру, бастауыш мектептегі гимназиялық сынып 5-ші сынып параллельдерінде, 8-Б сыныбына көптілділікті енгізуді жалғасытру (Қазақстан тарихы және география қазақ тілінде), 7-Д сыныбында (Қазақстан тарихы қазақ тілінде), 6-шы сынып параллельдерінде (Қазақстан тарихы және география қазақ тілінде), 5-ші сынып параллельдерінде (Қазақстан тарихы) облыстық сараптама шеңберінде көптілділікті меңгеру, ағылшын тілі тереңдетіп оқитын сыныптардың қызметін жалғастыру (5 сыныптар) болып табылады. ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен 10-а сыныптағы биология, 6-б сыныбындағы информатика мен биология бойынша факультатив сабақтарын оқыту жоспарлануда.

ҚР Білім беруді дамыту Бағдарламасының ережесіне сәйкес 2017-2018 оқу жылына мектептің әдістемелік жұмысындағы негізгі мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу және тәрбиелеу жұмысының тиімді формалары арқылы білім беру мен тәрбиелеу сапасын арттыру болады.

Педагогикалық ұжымның басты назарында қазіргі заман білім беру технологияларын толық көлемде меңгеру, жүйеге сын тұрғысынан бағалауды енгізу, электронды құрал-жабдық мүмкіндіктерін меңгеру, сондай-ақ оқыту-тәрбие үрдісінде құзыреттілікке бағытталған тәсілді қолдану сияқты тапсырмалар қала береді.

2017–2018 оқу жылында мектеп профильді сыныптарда оқыту мен тәрбиелеудің құзыреттілік-бағытталған тәсілдерді меңгеру мәселесі бойынша қаланың ЖОО-мен серіктестік етуді жалғастырады және «Оқу және Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы шеңберінде USAID-тің қолдауымен Қазақстан Ассоциациясы облыстық ұйымына негіз болып қала береді.

Осы аталған мақсаттар тоғыз блоктағы міндеттер бойынша жүзеге асады. Міндеттердің көбі дәстүрлі және көптеген жылдар бойы өзекті болып қала береді.


I блок. Оқытудың мақсаттар жүйесі

  1. Оқытуда сабақты жоспарлау және тапсырмаларды қою кезінде құзыреттілік тәсілді жүзеге асыруды толық көлемде үйрену.

  2. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу және тәрбиелеу жұмысының тиімді формалары арқылы білім беру мен тәрбиелеу сапасын арттыру.

  3. Критериймен бағалау жүйесін оқу үрдісіне енгізу үшін жағдай жасау.

  4. Сабақтың мақсат жүйесіне дарынды оқушылармен және үлгерімі төмен оқушылармен түзету жұмыстарын жоспарлап қосу керек.

  5. Біліктілік санатсыз, сонымен қатар екінші біліктілік санатты мұғалімдерге стандарт тақырыптарын, мониторинг пен диагностиканы толық мөлшерде жүргізу.

II блок. Оқыту технологиясы

Жоғары санатты және бірінші санатты мұғалімдерге (бірінші әдістемелік топ):

  1. Қазіргі заман технологияларын толық меңгеру, таңдалған технология аясында жүйелі түрде жұмыс жасауды жалғастыру;

  2. Меңгерілген технологияларға сәйкес сынып және пән бойынша оқу-әдістемелік кешені болу керек;

  3. Оқытуда құзіреттілік тәсілді тәжірибе жүзінде қолдануды жалғастыру.

Қалған мұғалімдерге (екінші әдістімелік топ):

  1. Білім беру технологияларын өз педагогикалық тәжірибесінде қолдану;

  2. Меңгерілген технологияларға сәйкес сынып және пән бойынша оқу-әдістемелік кешенін құру.

Сынып жетекшілерге:

    • Оқу-тәрбие үрдісіне Г.К.Селевконың «Технологию саморазвития личности школьника» енгізу және оны белсенді қолдану.

III блок. Бақылауды және өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру

- Мектепшілік бақылаудың басты бағыттары оқытудың нәтижелілігін бақылау, сонымен қатар оқу үрдісін одан әрі технологияландыру, алдын ала бағыттап және бағыттап оқытуды ұйымдастыру деп санау.

- 11-сыныптарда ҰБТ, 9-сыныптарда ОЖСБ өткізуге байланысты педагогикалық қызмет нәтижесін арттыру үшін мұғалімге жауапкершілік арту.

- Сабақ барысында мұғалім мен оқушының бақылау-бағалау қызметін жүйелі жоспарлау.

- Мектеп құжаттарын ресімдеуге қойылатын бірыңғай талаптардың орындалуын бақылауды күшейту.



IV блок. Оқушының интеллектуалдық даму деңгейін анықтау

Оқушылардың интеллектуалдық даму мониторингін жалғастыру:

  • «Исключение лишнего», «Образная память» т.б. әдістемесі бойынша 3-4 сынып оқушыларының танымдық қабілетін анықтау;

  • 5-9 сыныптарда топтық-интеллектуалдық тест әдістемесі бойынша негізгі ойлау операцияларының динамикасын зерттеу;

  • 10-11 сыныптарда Медник, Векслера, Будасси әдістемесі бойынша оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу.

  • Үлгерімі төмен оқушылардың жетістіктерін қадағалау.

  • Берілген қорытынды бойынша салыстырмалы саралау жүргізу.

V блок. Оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін есепке алу және дамыту

 Факультатив және үйірме сабақтары арқылы дарынды оқушылармен жұмысты күшейту және ОҒҚ жұмысында үлкен нәтижелерге қол жеткізу;

- Оқушылардың математика және физика бойынша қалалық пән олимпиадасына қатысуды қамтамасыз ету;

- Спорттық секциялардың, үйірмелерді және тәрбие орталықтарының жұмыстарын жалғастыру және белсендендіру;

- Г.К.Селевконың өзін-өзі дамыту технологиясы бойынша сыныптармен жұмысты белсендендіру;

- Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс нәтижесін арттыру, жазғы уақытта оқуға қалдырылатын оқушылардың санын азайту (8 оқушы және 1 оқушы екінші жылға қалдырылды);

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, 7-8 сынып үздік оқушыларының оқуға деген қызығушылықтарын түсірмеу.



VI блок. Басқару үрдісін жетілдіру

- 9-11 сынып оқушыларының кәсіби бейімділік қызығушылығын анықтау;

- 8-ші сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін қалыптастыру үрдісі;

- 9-11 сынып оқушыларын аттестацияға рейтингтік тәсілін енгізуді жалғастыру;

- 5-6 сыныптарда оқудың қызығушылық мониторингін жалғастыру;

- Мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту сыныптарында және гимназиялық сыныбындағы оқушылардың оқытудағы жетістіктерін қадағалау және одан әрі ынталандыру.


VII блок. Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету

    • 1. Мұғалімдермен сараланған әдістемелік жұмысты жалғастыру.

2. Оқытуда құзыреттілік тәсілді оқу тәжірибесіне енгізу үшін жағдай жасау, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу және тәрбие жұмысының тиімді формалары арқылы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын арттыру жұмысын жасау.

    • 3. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу және тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру жолдары» әрекетті семинарын үнемі жүргізу.

    • 4. Меңгерілген технологияларға сәйкес (ТИСО, RWCT, ЛОО т.б. техникалары) сыныптар және пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешеннің ӘБ құруды жалғастыру.

    • 5. ӘБ әдістемелік жұмысының және мұғалімдердің әдістемелік біліктілік мониторингін жалғастыру.

    • 6. Мұғалімдер шығармашылық тобының жұмысын жетілдіру.

    • 7. Сертификатталған мұғалімдер қатарынан желілік қауымдастық жұмысын ұйымдастыру.

    • 8. Жаңадан келген мұғалімдердің оқыту үрдісіндегі кәсіби, әдістемелік кемшіліктерін анықтау және оны шешуге ықпал ету.

    • 9. Бастауыш мектеп пен орта буын мұғалімдерінің сабақтастығы бойынша ортақ жұмыс жоспарын толық мөлшерде жүзеге асыру.

    • 10. Облыстық сараптама аясында көптілділікті енгізу бойынша жұмыспен айналысатын мұғалімдердің оң тәжірибесімен педагогикалық ұжымды таныстыру.

VIII блок. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру

2017-2018 оқу жылында аттестациядан өтетін келесі мұғалімдердің жұмысын басып шығаруға дайындау:

1.Бұрымбаева Н.М. 11.Мұқажанова Б.Е.

2.Канавец С.В. 12.Коптелова А.В.

3.Тасамбаева А.Т. 13.Байғабылова Ж.Т.

4. Кайсаринова Р.С. 14. Хасенова А.М.

5. Марченко М.В. 15. Юсупова Б.С.

6.Щетинин С.В. 16. Ищенко И.М.

7.Долголевец А.Қ. 17. Есимбаева А.К.

8. Пирожникова И.А. 18. Кайрбаева С.З.

9. Выренкова Ю.Ю. 19. Тычина И.В.

10. Тортопиди О.А.


IX блок. Мектептің материалдық-техникалық базасын дамыту міндеттері

1. Су ішетін бұрқақ орнату;

  1. 2. Дәретханаларда еден плиталарын ауыстыру;

  2. 3. Тар дәлізде, химия кабинетінде линолиумды ауыстыру;

  3. 4. Мектеп телімінің периметрі бойынша қоршауды ауыстыру;

  4. 5. Асханаға темір есік, шеберханаларға ағаш есіктер орнату;

  5. 6. Мектеп периметрі бойынша фундаментін жөндеу;

  6. 7. Кабинеттерде сынып тақталарын ауыстыру;

  7. 8. Күндізгідей жарық қылатын жабық шамдалдар, өртке қарсы плафондар сатып алу;

9. Кіреберісті, мектеп астындағы жайды жөндеу.


VІ. ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

1. Педкеңестер







Тақырыбы

Мерзімі

Жауаптылар

1

2017-2018 жылы білім беру үрдісін педагогикалық жобалау.

тамыз

Әкімшілік

2

Мектептің бастауыш және негізгі орта буынын оқытуда бейімделу мен сабақтастықтың өзекті мәселелері.

қазан

Копнышева М.В.

3

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу және тәрбиелеу жұмысының тиімділігін арттыру жолдары»

желтоқсан



Сарсикеева С. К.,

Шәкенова Б.М.



4

«1,2,5,7 сыныптарында білім берудің жаңа мазмұнын енгізу туралы»

наурыз

Копнышева М.В.,

Сарсикеева С.К.,

Тасамбаева А.Т.,

пән мұғалімдері



5

Оқу жылының аяқталуы бойынша педкеңестер

Сәуір, мамыр, маусым

Әкімшілік


2. Семинарлар


Айы

Іс-шаралар атауы

Жауаптылар

Жыл ағымында

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу және тәрбиелеу жұмысының тиімділігін арттыру жолдары» үнемі істегі семинар

Сарсикеева С. К.

Қыркүйек

Семинар-практикум

«Оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және педагогикалық міндеттер, оларды оқу үрдісінде қолдану семинар-жаттықтыру сабағы.



Сарсикеева С. К.

ӘБ жетекшілері



Қазан

«Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі» семинары

Психологтар Тортопиди О.А., Штукерт Ю.В.

Қараша

«Білім беру үрдісінде сын тұрғысынан бағалауды қолдану, жеке бас жетістіктерін бағалау және өзін-өзі бағалау әдісі»

Копнышева М.В.,

1 - 2-ші, 5-ші,7-ші сынып мұғалімдері



Ақпан

«Туған өлкенің тарихын білу шеңберінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру» тәрбие жұмысы бойынша семинар

Шәкенова Б. М.,

Сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі




Мектептің әдістемелік тақырыбы:

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу және тәрбие жұмысының тиімді формалары арқылы білім беру мен тәрбиелеу сапасын арттыру.

Мақсаты: оқу-тәрбие үрдісінің әдістемелік қамтамасыз етудің ұйымдастыру және үйлестіру, педагогтердің кәсіби шеберлік өсуінің әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.

Оларды жүзеге асыру үшін келесі тапсырмалар тұжырымдалды:


  1. Оқу және тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оқыту сапасын арттыру бойынша жұмысты жүйелендіру.

  2. Пәндік олимпиадаларға және интеллектуалдық сайыстарға қатысуға бағытталған дәлелді оқушылармен жұмысты тиімді ету.

  3. Үлгермеушілікті ескертуге бағытталған жұмысты жалғастыру.

  4. Оқу үрдісіне заманауи білім технологияларын енгізуді қамтамасыз ету.

  5. Білім беру үдерісінің диагностика мен мониторинг бойынша деректер қорын қалыптастыруды жалғастыру.

  6. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің оң тәжірибесін анықтау, жалпылау және тарату.



  1. 2017-2018 оқу жылына мектептің әдістемелік кеңес жұмысының жоспары



р/с

Істің мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар



1 отырыс

  1. 2017-2018 оқу жылында білім беру үрдісін ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарға, нұсқаулық-әдістемелік хатқа және ұсыныстарға сәйкес әдістемелік және инновациялық қызметтің стратегиясы мен тактикасын анықтау.

  2. 2017-2018 оқу жылында вариативтік бөліктің сағаттарын үлестіру.

  3. 2017-2018 оқу жылына мектептің оқу жоспарларын және бағдарламаларын, ЖММ жұмыс жоспарын, сертификатталған мұғалімдер жұмысының жоспарын, шығармашылық топ жұмысының жоспарын, ЖММ, «Максимум» ОҒҚ жұмыс жоспарларын бекіту.

  4. 2017-2018 оқу жылы дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен мектеп және ӘБ жұмысының жоспарын бекіту туралы.

  5. 2017-2018 оқу жылына бақылау жұмыстардың кестесін бекіту.



  1. Пәндік және әдістемелік апталықтарды өткізу кестесін бекіту.




  1. 2017-2018 оқу жылында мектептің желілік қоғамының қызметі туралы.

  2. Мектеп сайтын жүргізу туралы.

Қыркүйек

Сарсикеева С. К.


Тасамбаева А. Т.

Оқу-тәрбие ісінің меңг.

ӘБ жетекшілері,

Сертификатталған мұғалімдер

Трубецкая Т. Н.

Сирецану К. Т.
Сарсикеева С. К.

ӘБ жетекшілері

Жетекшілік ететін оқу-ісінің меңгерушілері, ӘБ жетекшілері

Жетекшілік ететін оқу-ісінің меңгерушілері, ӘБ жетекшілері

Алиева Г. Б.
Тасамбаева А. Т.




2 отырыс:

  1. 1 тоқсандағы оқыту үрдісінің мониторингі қорытындысы.

  2. Гимназиялық сыныптарда, жеке пәндерді тереңдетіп оқытумен сыныптарда, ағылшын және қазақ тілдерінде оқытумен сыныптарда оқытудың міндеттері.

Қараша

Аубакирова С.Қ.


Сарсикеева С.К.

Пән мұғалімдері





3 отырыс:

  1. Оқушылардың білім сапасының мониторингі, 1-жартыжылдықта оқу үрдісінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз нәтижелерді жою бойынша жұмысты жоспарлау.

  2. 1-жартыжылдықта мектептің әдістемелік жұмысының нәтижелілігі, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстың жағдайы.

  3. Оқу және тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ӘБ қызметінің мазмұны туралы.

Қаңтар

Аубакирова С.Қ.

Сарсикеева С.К.

Сарсикеева С.К.

ӘБ жетекшілері




4 отырыс:

        1. Көптілділік білімді енгізу: тәжірибе, мәселелер және келешек.

Наурыз

Сарсикеева С.К.

Пән мұғалімдері




5 отырыс:

        1. Мектептің даму бағдарламасын жүзеге асыру туралы (ағымды жылдың аралық мониторинг қорытындысы).

        2. Жас мамандармен жұмыс туралы есеп. Жас мұғалім мектебі қызметінің нәтижелілігі.

        3. «Максимум» ОҒҚ жұмысы туралы есеп.

        4. Мектеп мұғалімдерінің өнімді педагогикалық тәжірибесін жалпылау және үгіттеу қорытындысын шығару.

        5. 2017-2018 оқу жылында жұмыс қорытындысы бойынша мектеп педагогтерінің рейтингі.

Мамыр

Оразалинова З.Ж.

Сарсикеева С.К.

Трубецкая Т.Н.

Сирецану К.Т.
Сарсикеева С.К.

ӘБ жетекшілері

Сарсикеева С.К.




Әдістемелік кеңестің жедел отырыстары:

Қазан:

  1. Мектептің пәндік олимпиадасына дайындалу және өткізу туралы.

  2. Ғылыми жобалар жарысына, олимпиадаларға қатысу туралы: «Первый шаг в науку» ғылми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін оқушылардың ғылыми жұмыс тақырыптарын бекіту. Өнімді педагогикалық тәжірибені үйрену және жалпылау бойынша негізгі кезеңдермен танысу.

Желтоқсан:

- 1-жартыжылдықта мектептің пәндік ӘБ қызметінің нәтижелілігі туралы.



Ақпан:

- Мектеп мұғалімдерінің аттестация жүрісі туралы;

- курстық қайта дайындауды өткізу жоспарын орындау туралы.

Сәуір:

- емтихандық материалдардың мазмұнын дайындауға қойылатын талаптар туралы.




  1. 2017-2018 оқу жылына тәрбие жұмысы жоспары

Тәрбиелеудегі негізгі мақсат – конгруэнтті жеке тұлға бойында сана-сезім, мінез-құлық, эмоцияны дамыту.

Осыған байланысты №43 мектебіндегі тәрбиелеу жүйесі мыналар:

Оқушы – «тұлға» деген көзқарасты негізгі үш бағыт бойынша қалыптастыру қажет.



  • сана-сезім,

  • дене тәрбиесі,

  • адамгершілік ҚР білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы» жобасына сәйкес).

2017- 2018 оқу жылына тәрбиелеу міндеттері:

- нақты әрекеттер жүйесі арқылы, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы патриоттық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру (жауапты 1-11 сын.жет.);

- жеке тұлғаны дамытып оқыту құралы реттінде сынып жетекшілер инновациялық технологияларды жазғы демалысты ұйымдастыруда және сынып ұжымын тәрбиелеу қызметінде қолдану (жауапты 1-11 сын.жет.);
кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру;

- оқушылардың сабақтан тыс уақытын қамту мәселесі бойынша сынып жетекшілер және үйірме жетекшісі және спорттық секция нұсқаушысының сапалы әрекет етуін күшейту;

- қалалық тамыздық педоқуларға оқушыларды патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбиелеуде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру бойынша мектеп жұмысының тәжірибесін көрсету (жауапты тәрбие жұмысы жөнінде директордың орынбасары Б.М. Шәкенова);

- рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мәнмәтінінде мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру бойынша бағдарламаны енгізуді жалғастыру.

Жеке тұлға үш бағыттағы конгруэнтті әдіс арқылы дамиды:

1) нейропсихологиялық тұрғыдан,

2) лингвопсихологиялық тұрғыдан,

3) психологопедагогикалық тұрғыдан,

Осыны ескере отырып, тәрбие жұмысы 3 блок бойынша жоспарланады:



  • мінез-құлықтық,

  • интеллектуалдық,

  • эмоционалды - ерікті.

Мінез-құлықтық блок.

Тұлға – өзара қарым-қатынас жасау барысында туындар қалыптасады. 1-4 сыныптарда топтар қалыптасады, 5-8 сыныптарда топта тұрақты тұлғааралық өзара қарым-қатынас қалыптасады, 9-11 сыныптарда интегралды тұлға ерекшеліктері қалыптасады, сондықтан тәрбие жұмысының формалары төмендегідей: «Әдеп сауаттылығы» сабағы, әдеп ойындары, «Забота», «Қайырымдылық», «Рука помощи» акциясы, «Живи, книга» операциясы, «Умей сказать «Нет!» тренингтік сабақтар, «Умеешь ли ты общаться?» іскерлік ойыны.

Интеллектуалды блок. 1-4 сыныптарда өзін-өзі бағалау және талап ету деңгейінің тұрақталуы, 5-8 сыныптарда рефлексия дағдысы нығаяды және өзін-өзі басқара алады , 9-11 сыныптарда кәсіби құзіреттілік және талап ету, өзіне-өзіне баға беру деңгейі толық қалыптастасады.

Сондықтан тәрбие жұмысының формасы мынадай болады: «Умники и умницы» ойыны ғылыми жобаларды қорғау, кітапқұмарлар клубы, пән апталығы, дәріс-концерт, олимпиада және т.б.



Эмоционалды-еріктік блок.

Оқушының мінез-құлқына (оның еркіне) әсер ете отырып, мұғалім оны әрекетке тартады, нәтижесінде эмоция (сезім) пайда болады. Оқушы алған білімін қорытындылап, өмірлік тәжірибе алады.



Осы блоктың тәрбие жұмысын жоспарлай отырып, тренинг, әдеби кеш, бал (күзгі, жаңа жыл, түлектер), дебат, қызықты адамдармен кездесу сияқты формаларды жатқызуға болады.

Қыркүйек. ЖЖЕ онкүндігі. Денсаулық күні.



  1. Білім күні (1.09).

  2. Отбасы күні. Денсаулық күні.

  3. ҚР Тілдер апталығы (17.09).

  4. СӨС – Мектепте жарақаттанудың алдын алу.

  5. ЖЖЕ алдын алу.

  6. Дүниежүзілік бейбітшілік күні (21.09.).

  7. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде

шаралар.
Қазан. Құқықтық білім апталығы. Алкогольдің алдын алу.

  1. Құқықтық білім апталығы.

  2. Қарттар күні (1.10).

  3. Мұғалімдер күні.

  4. Күзгі бал.

  5. Бірінші сыныпқа өткізу.

  6. Рухани келісім күні (18.10.)

  7. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде

шаралар.
Қараша. Шылым шегудің алдын алу онкүндігі.

  1. Демалыстар.

  2. Мектеп олимпиадасы.

  3. Дұрыс тамақтану апталығы.

  4. «Екі жұлдыз» жобасы.

  5. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде

шаралар.
Желтоқсан. АИВ/ЖИТС алдын алу айлығы.

  1. Тұңғыш Президент күні.

  2. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған шаралар.

  3. БӨҰ «Жас Ұлан» қатарына балаларды өткізу.

  4. Жаңа жылдық мерекелер.

  5. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде

шаралар.
Қаңтар. ЖРВИ алдын алу

  1. Демалыстар.

  2. Құқықтық білім онкүндігі.

  3. Мектеп апталығы.

  4. Түлектермен кездесу кешіне дайындық.


Ақпан. Онкологиялық ауруларға қарсы күресу онкүндігі.

  1. Түлектермен кездесу кеші.

  2. Ашық есік күні. 9,11 сынып оқушыларының ЖОО, колледж өкілдерімен кездесу.

  3. Ауғанстан әскерін шығару күні


Наурыз. Туберкулездің алдын алу шаралары.

  1. «Загляни в мамины глаза». Аналарды құттықтау.

  2. Наурыз.

  3. Масленица.


Сәуір. Әскери-патриоттық тәрбие және қорғаныс-массалық жұмыс айлығы. Жарақаттанудың алдын алу. Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру онкүндігі.

  1. ЖЖЕ апталығы.

  2. Дене тәрбиесі мұғалімі Сейсембеков Г.Р. еске алуға арналған спорт апталығы.

  3. Жеңіс күні шараларын дайындау.


Мамыр. Бронхиалды астмаға қарсы күресу онкүндігі. Шылым шегудің алдын алу айлығы. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

  1. ҚР халқының Бірлік күні мерекесі.

  2. Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні.

  3. Соңғы қоңырау мерекесі.


Маусым. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

  1. Балаларды қорғау күні.

  2. Мемлекеттік рәміздер күні.

  3. Жазғы маусымның ашылуы.

  4. Түлектер кеші.


Шілде. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

1.Астана күні

2. БЖҰ «Жас Ұлан» қатарына балаларды өткізу.
Тамыз.

ҚР Конституциясы күні.



  1. Каталог: files -> loader
    loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
    loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
    loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
    loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
    loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
    loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
    loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
    loader -> Қарағанды тарландары


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет