Мазмұны Ітарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері



бет3/4
Дата26.08.2017
өлшемі1,36 Mb.
#29471
1   2   3   4



Осы айтылғандарды қорытындылай келіп аталған әрбір қимылдың өзіндік мазмұны- оқушыда бұрыннан бар білім мен дағдылар негізінде қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асырылатын нақты қимылдар жиынтықтарынан тұратындығын атап өткен жөн.Әрбір қимыл дамып қалыптасудың белгілі бір кезеңінде ғана болып, тек өзіне ғана тән рөлді атқарады.Өзіндік әрекеттің үшінші компоненті құралға танымдық оқу әрекеті жатады.Өзіндік әрекет арқылы жүзеге асырылатын танымдық оқу әрекетінің түпкі мақсаты- тұлғаны қалыптастыру.Өзіндік жұмысқа бейімделу өзіндік танымдық әрекетті қажетсінуді тудырады.Оның белгілеріне: білімді қажетсіну, білімді ғана емес оны игеру жолын тереңірек меңгеруге құштарлық, оқу материалына сын көзбен қарау,бір мәселе бойынша өз көзқарасының болуы, өз бетінше ойлау, өзінің тіршілік әрекеті және ары қарай білімін көтеру үшін жаңа білім алуға ұмтылуы жатады.

Өзіндік жұмысқа бейімдеу негізінен оқушы тұлғасы арқылы жүзеге асырылғаны мен оған бейімделу мұғалімнің қатысуымен жүретін процесс.Біз анықтаған өзіндік жұмысқа бейімдеу жүйесі толығымен субьектінің өзіндік байланысты өзгерістерді байқауына мүмкіндік береді. Өзіндік жұмыс және оның құрам бөлігінің біріне жататын өзіндік басқару тұтас бір дидактикалық жүйе құрайды.Осы тұрғыдан, біздің пікірімізше өзіндік басқару мен өзіндік бақылау ұғымдарын ішкі процестері жағынан қарастыру оқушының оқу- танымдық әрекетінің көкейкесті күйін талдауға, оның дамуын болжауға мүмкіндік береді.Енді осы мәселені теориялық түрде негіздейік.Бүл тұрғыдан бірінші ретте оқушының өзінің оқу- танымдық әрекетін ұғынуы, оны реттеу және жетілдіруімен көрінетін өзіндік бақылау негізделеді және оған өз тұлғасының дамуы жағдайында өзіндік жүмысқа бейімделуге алғашқы сатысына баса назар аудару қажет.Өзіндік бақылауға бейімдеудің алғашқы кезеңдерінде өзіндік басқару әрекеті жеткілікті болмайды.Өзіндік бақылауға бейімдеу мақсатын жүзеге асыратын өзіндік басқару оқушылардың теориялық білімді терең игеруге , оның көмегімен өз білімін тұрақты түрде толықтырып және жаңартып отыруды қажетсінуді әдетке айналдыруды және ойлау әрекетін дамытып, өзіндік бақылауға бейімдеудің тиімді әдіс, тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.Оқушыны өзіндік бақылауға бейімдеудің педагогикалық концепциясының басты мақсаты баланың өзіндік еркін дамуында педагогтың кәсіби көмек көрсетуі болып табылады.

Өзіндік жұмыс әдістері.

Өзіндік жұмыстар барша әдістер жүйесінің қай-қайсысына да тән оқу шарты.Мектеп тәжірибесінде ежелден келе жатқан тәсіл- оқу жұмысының бір бөлігі сабақта орындалады, ал ұмытып қалмас үшін , оқушы оны үйде қайталап , берілген тапсырмаларды орындап, бекітеді.Өзіндік оқу жүмысы ұйымдасу, орындалу формасына орай сыныптық және үйдегі болып , екіге бөлінеді.Сынып жұмыстарының басты міндеті - бақылау, ал үй жұмыстарының міндеті - бекіту, қорытындылау, бақылау реттестіру.Сыныпта ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар оқушылардың ырықты зейіні мен өзбетінше ойлау қабілетін дамытады, мінезіндегі дербестік қажетін қалыптастырады.



Тірек болар білімдар мен ептіліктерді іске қосып,пайдалану үшін өзіндік дайындық жұмыстары өткізіледі.Дайындық келесідей формада болуы мүмкін: қандайда деректерді қайталау, салыстыру,әрекет тәсілдерін еске түсіру.Өзіндік оқу жұмыстары қатарына ең алдымен оқушылардың кітап немесе басқа білім көздері бойынша оқу материалдарымен өзбетінше танысуы кіреді.

Ал өзіндік тексеріс жұмыстары ретінде оқушының сыныпта және үйде орындайтын оқу тапсырмаларының бәрі пайдаланылады.

Мұғалім әрдайым өзіндік жұмыстар тиімділігін қамтамасыз ететін барша жағдайлар мен шарттарды ескерген жөн.Мұндағы мақсат - оқу мазмұны мен әдістемесін анықтап алу.Әр сабақтағы өзіндік жұмыстар өз ерекшелігіне не, осыған орай олардың формалары мен орындалу әдістеріне байланысты өзгереді.Бірақ, бәріне қойылатын талаптар жалпыға бірдей ортақ.Олардың

арасында аса маңыздысы - өзіндік жұмыстарды жеңіл әрі дұрыс орындауға

қажет тіректердің жеткілікті болуы.

Өзіндік жұмыстың орындалу сапасы мен жеделдігі тапсырманы бастапқы

ұсыну тәсіліне тәуелділігіне қарай өрнектелді, оқушыларға түсінікті ме,мұндай қиыншылық негізіндегі тапсырмаларға дайын ба,бұл тапсырмаға ұқсас жұмыстар бұрын орындалды ма және т.б.

Өзіндік жұмыстың бір түрі - жаңа материалмен оқушыларды оқулық

бойынша таныстыру.Таныса отырып оқушы өзбетінше мақсат белгілейді,

белгісіздерін анықтайды, бастыларын бөліп алып, әрекеттер бірізділігін түзіп,

олардың орындалуына бақылау қояды.

Сыныпта және үйде орындалатын өзіндік жұмыстарды жоспарлай отырып,

мұғалім келесі талаптарды ескергені жөн:



  • сабақ құрылымындағы өзіндік жұмыстар орнын күні ілгері байыптау;

  • өзіндік жұмыстардың оқу іс- әрекетінің басқа оқу әдістері және
    формаларымен үйлестіру жолдарын қарастыру;

  • өзіндік жұмыстарды орындау барысында туындауы мүмкін
    қиыншылықтарды алдын ала көре білу ;

  • тапсырма формаларын анықтау;

  • қажетті дидактикалық материалдарды іріктеу;

  • оқушы жүмыстарын тексеру мен өзіндік тексерудің тиімді тәсілдерін
    ойластыру.

Жалпы қорыта айтқанда өзіндік жұмыстың мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту.Мұғалім сабақта әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет.Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ окушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді.Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілетті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан- жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет