Мазмұны Ітарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері


Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде



бет2/4
Дата26.08.2017
өлшемі1,36 Mb.
#29471
1   2   3   4

1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа , дәстүрсіз түрлері де пайда болуда.Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда.Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда.

Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.Сыныптық -сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды.Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады.Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу жүмысы, тәжірибелік -зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жүмыс түрлерін жатқызуға болады.



Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлеледеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятып, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.

Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту.Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор.

Ол барлық оқу пәндерінде , әсіресе физика, химия, биология, тарих сабақтарында кеңінен қолданылады.Бұл оқушылардың оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар: Біріншісі - кіріспе экскурсия деп аталады.Ол сабақта күрделі тарауда тақырыптарды өтер алдында үйымдастырылады.

Екіншісі - ілеспелі экскурсия деп аталады.Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізіледі. Үшіншісі - қорытынды экскурсия.Ол күрделі немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау,бекіту мақсатын көздейді.ХVШ ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты.Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге байланысты ұйымдастырылады.Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады.Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отырып, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады.Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді.Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданып, олардың міндеттері , мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады. Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді.Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау.Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп,жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді.Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар. Пәндік үйірме жүмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар.Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдай туғызып отырады.Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және консультация сабақтары да ұйымдастырылады.

Сынақ жүмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат -бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.Сынақ жүмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақьлау және топтық, практикалық - лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.

Үйдегі оқу жұмысы - оқушылардың үйде өз бетімен орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.Сондықтан да оны кейде оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады.Оқушының үйдегі оку жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады.Оның маңызы оқыту жүмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше.Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады.Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл- ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстары.

Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдеріне олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде.Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес,оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. А.Байтұрсынов : оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын.Жалпы білімге деген құштарлық- кез келеген сыныптағы балаға тән қасиет.Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу -бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей. Ал,В.Г.Лембергтің пікірінше,өзіндік жүмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

  • жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;

  • жұмыстың жемісті аяқталуына оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

  • жұмысты өз еркімен,қалауымен орындауы.

Оқушының-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі- оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті.Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары ,сөзсіз,ой еңбегінің мәдениетімен байланысты.Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңуде табандылық еске сақтау,кітаппен жұмыс,байқау және жазба жұмысын жүргізе білу,ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру,өзін бақылай білуі керек.Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар ,нұсқаулар беруі;

  • жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

  • мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері;

  • олардың жүмысты өз еркімен және қалауымен істеу,оған әсер ететін
    мотивтер.

Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы- осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

1.Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.



2.0қуға деген қабілетінің артуы.

3.Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру 4.Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.

5.Өз ойының дербестігі.



Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу,бақылау,жаттығу,экперимент жүргізіуі іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.Репродуктивтік жұмыстарға- оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жүмыстары(көшіріп жазу,жаттығулар, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу,сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т.б.) жатады.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал- тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар -оқушының өздігінен баяндама , реферат, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т.б.Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады,ойлауды жандандырады және оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады. Оқушылардың танымдық белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.Оқыту процесінде оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.

Сыртқы белсенділік дегеніміз-оқушы әрекетінің сыртқы көріністері(белсенді қимыл қозғалыстары, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігі - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушының өзіндік жұмысы оқу материалдарын нығайта түсу,жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету,бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша XXIғ. іске асыруға тиісті өзекті проблемасы болып табылады.Р.Г.Лемберг , Е.Я.Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және тағы басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өзіндік жүмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру,ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады.Соңғы онжылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық, әдіснамалық проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағыттарда қарастырылады:

-оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);

-оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов);

-дербестік- өзіндік ұстаным, рухани практикалық білім ретінде ;



-дербестік жеке тұлғаның қасиеті мен сапасы ретінде (К.А.Абульханова, К.КПлатонов);

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру проблемасын ғалымдар А.Х.Аренова, А.Я.Савченко айналысты.Өзіндік оқу іс- әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік
шығармашылық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.Өзіндік іс-
әрекеттің қажеттілігі оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып өзіндік
ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді.Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді.Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік оқу іс- әрекеті ұғымын дамытуды біз философиялық категориялар бірлігінде қарастырамыз:

  • іс- әрекет - бұл жалпыға ортақ;

  • танымдық іс-әрекет-оқу іс-әрекеті- жалпы;

  • оқушылардың өзіндік оқу іс- әрекеті- жеке;

Іс-әрекеттің негізінде танымдық іс әрекет дамиды.Танымдық іс- әрекет өзіндік оқу іс- әрекетіне айналып, жеке тұлғаның интегративті білімін қамтамасыз етеді.Ғылыми педагогикалық зерттеулерде "өзіндік жұмыс" ұғымына бірнеше анықтамалар берілген:

  • оқыту үрдісінде енгізілген оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің
    тікелей қатысуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалану және танымдық іс- әрекеттерінің нәтижелері арқылы іске асады (Б.П.Есипов);

  • оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімнің бақылауынсыз
    орындауы (Р.М.Микельсон);

  • өзіндік оқу іс- әрекеті дегеніміз- бұл дидактикалық ұғым, ғылыми
    практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік
    т
    әсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін- өзі бақылауы,өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративт білімі(А.Х.Аренова);

Өзіндік жұмысқа бейімдеу - оқушыны өзін-өзі дамытатын белсенді тұлға ретінде өзін тануға,өзіндік дамуға, өзін бақылап бағалауға қабілетті,мұғаліммен тең диалогтық қарым -қатынасқа түсе алатын тұлға ретінде қалыптастырушы фактор.Біздің пікірімізше оқушыларды өзіндік жұмысқа бейімдеу тиімді болу үшін мынадай шарттар керек:

  • өзіндік жұмыстың мәні мен қызметтері нақтыланып ашылуы;

  • өзіндік жұмысқа бейімдеуге арналған арнайы дидактикалық жүйе
    жасалынуы;

  • тиімді қызмет ететін және дамытуға қабілетті арнайы жүйе анықталып
    тэжірибелік сынақтан өтілуі

Өзіндік жұмыстың түпкі мақсаты оқушының оқу - танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындауы арқылы өзінің оқу процесін жетілдіруі.Біз анықтаған жүйенің өзіндік жұмыс блогына:өзіндік әрекет, өзіндік басқару және өзіндік бағалау компоненттері жатды.

Өзіндік әрекет блогының мақсатына өзіндік жұмысқа бейімдеуді жүзеге асыратын әрекет қимылдарды оқушының өзінің таңдап алуы, оларды алдын-ала жоспарлауы жатады.Өзіндік әрекет білім беру процесінің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс, оның мақсатын айқындаудағы мұғалімнің миссиясы оқушының оқыту процесіндегі өзінің ролін мойындауына қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Айталық, өзіндік бақылау әрекеттері жүйесі десек , өзіндік әрекет оның бір бөлігі ретінде бірнеше қимылдардан тұрады: өзіндік білім алуды жоспарлау, алған білімін жүйелеу, қорытындылау және түзетіп отыру, білімін реттеу,түзету,өзінің танымдық әрекетін біліміне сай жоспарлау жатады.Аталған компоненттер өзара тығыз байланысты біртұтас жүйені құрайды.

Өзіндік бағалау толыққанды процесс ретінде белгілі бір мақсатта оқушының өзіндік басқаруы және өзіндік әрекеті аясында іске асады.Олай болса біз өзіндік әрекетті ұйымдастыруға арқау боларлық танымдық тапсырмаларды дидактикалық құрал ретінде қарастыра отырып олардың өзара байланысын шартты түрде төмендегі суреттегідей нақтылаймыз.(1 сурет)

2 - сурет.



Өзіндік әрекет қимылдары

Мазмұны

1 .Оқушының өзінің оқу-танымдық әрекетінің күйін анықтап талдай білу

- бастапқы жағдайды және алға қойған мақсатпен немесе берілген үлгілермен салыстырып өзінің оқу- танымдық әрекетінің нэтижелерін белгілеп бағалау; -өзінің оқу-танымдық әрекетінің нәтижелерінің өзіндік жұмыстың қалай үйымдастырылғандығына тэуелділігін анықтау; - өзінің оқу- танымдық әрекетін эдіс- тәсілдер, мазмүл, тиімділікті жүзеге асыратын технологияны орынды бағалау, талдау, бақылау.

2.Өзінің оқу-танымдық әрекетінің процесін жоспарлай алуы және қү-растыра білуі

-өзіндік жріыс және бақылауды жүзеге асыру әрекетінің оқу материалын жоспарлау; -өзіндік жұмыс пен өзіндік бақылау үшін оқу материалының мазмұнын іріктеп алу; -өзінің оқу-танымдық әрекетінің жоспарланған нэтижелерін тексеру; -өзінің жеке басының және оқу-танымдық әрекетінің перспективасын, қажетті уақытты жоспарлау;

З.Өзініңоқу танымдық әрекетін реттеп түзету және жетілдіру

-жіберілген қателерге және олардың себептеріне талдау жасау; -жіберілген қателерді жөндеу жолдарын анықтау; -алынған фактыларды қорытындылап, өзінің оқу әрекетін теориялық тұрғыдан ұғыну және өзіндік жү-мыс және бақылау бойынша білімін, білігін және дағдысын шығармашылықпен қолдану негізінде болашақ перспективаларын анықтап әрі қарай жетілдіру;

3- сурет.

4- сурет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет