Мазмұны жыл тақырыбы, мақсаты мен міндеттері 3



бет43/76
Дата25.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#145018
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Қорытынды:

  • 2015-2016 жылдарға қойылған мақсаттар орындалды, яғни оқушылардың саламатты өмір салтын қалыптастыру шаралар кешені жүзеге асырылды, сондықтан мектептің СӨСҚ бойынша қызметі қанағаттанарлық деңгейде деп атап өткен жөн.

2015-2016 оқу жылына қойылатын міндеттер:
- оқушылардың денсаулығын сақтау мәселесі бойынша мектепішілік (медқызметкері – ТЖ жөніндегі орынбасар СӨС бағыты – СӨС координаторы – сынып жетекшілер – оқушылар – ата-аналар) және мектептен тыс әрекет ету қызметі (ҰСӨСҚО, ШЖҚ «ПОНД» КМК, БҚО, «Здоровая нация» ОФ, БК, №2 емхана т.б.);
- жоспарға сәйкес және белгіленген мерзімде ата-аналармен бірлесіп, оқушыларды шынықтыруға, саламатты өмір салты мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесінің толық мөлшерде орындалуын қамтамасыз ету;
- мамандардың көмегімен АИВ/ЖИТС, онкология, туберкулез, шылым шегудің алдын алу, САЗ қолдану, адамгершілік-жыныстық тәрбие мәселелері бойынша оқушылардың хабардар болу деңгейлерін арттыру.


IV. Оқыту мен тәрбиелеуді тиісті

деңгеймен қамтамасыз етудегі жағдай


  1. Кадрлар құрамы туралы мәліметтер

Білім сапасы – педагогикалық құрам сапасы негізінде анықталады. Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы «ҚР жалпы орта білім беру орта мектептері қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы» ережесіне сәйкей келеді.


Жылдар бойы мектепте тұрақты педагогикалық ұжым қалыптасты. 2015-2016 оқу жылында мектеп ұжымында 85 педагог, оның ішінде әкімшілік қатары – 5, аға тәлімгер – 1, кітапханашы – 1, психолог – 2, әлеуметтік педагог қызмет атқарады. Жалпы педагогтар санын алғанда: ер адамдар - 11,8%, әйелдер құрамы - 88,2% құрайды.
Кадрлардың тұрақтамаушылық көрсеткіштеріне қарағанда, мұғалімдердің басым көпшілігі тұрақты жұмыс атқарып келеді.
Психологиялық диагностика көрсеткіші, педагогикалық ұжым арасындағы қарым-қатынас жылы, жақсы екенін, өзара сыйластық пен сенімге ие екендерін аңғартады. Жалпы мектеп ұжымындағы қызметкерлер өз білімін жетілдіруге, дамытуға құштар.
Мектепте оқушылардың жеке дамуына жағдай жасайтын, оқытуды жоғары деңгейге көтеру үшін тынбай еңбек етуге дайын, жоғары білікті педагогикалық ұжым қалыптасты.
2015 жылдың 1 қыркүйегіне барлық педагогикалық қызметкер – 85.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет