4. 5-6-шы сыныптарда оқу уәждемесінің мониторингін жалғастыру;
5. Мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту және гимназиялық сыныптарында оқушылардың оқытудағы жетістіктерінің уәждемесін қадағалау.
VII блок. Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету
1. Семинарлар, кеңес берулер, жаттықтыру сабақтары, конслиумдар жүйесі арқылы мұғалімдермен сараланған әдістемелік жұмысты жалғастыру;
2. Білім беруді жаңғырту жағдайларында білім беру мен тәрбиелеу сапасын арттыру бойынша жұмыс жасау.
3. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайларында оқу және тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру жолдары» әрекетті семинарын үнемі жүргізіп отыру.
4. ӘБ әдістемелік жұмысының және мұғалімдердің әдістемелік біліктілік мониторингін жалғастыру.
5. Мектептің, қаланың және облыстың шығармашылық топтарға мұғалімдердің қатысуларын арттыру.
6. Сертификатталған мұғалімдер қатарынан желілік қауымдастық жұмысын ұйымдастыру және мектеп сайтында көрсетіп отыру.
7. Жаңадан келген мұғалімдердің оқыту үрдісіндегі кәсіби, әдістемелік кемшіліктерін анықтау және оны Жас Мұғалім Мектебі және тәлімгерлердің кеңестері арқылы шешуге ықпал ету.
8. Бастауыш мектеп пен орта буын мұғалімдерінің сабақтастығы бойынша ортақ жұмыс жоспарын толық мөлшерде жүзеге асыру.
9. Облыстық эксперимент аясында көптілділікті енгізу бойынша жұмыспен істейтін мұғалімдердің оң тәжірибесімен педагогикалық ұжымды таныстыру.
10. Семинарлар, жаттықтыру сабақтары, жеке кеңес берулер жүйесі арқылы озық педагогикалық тәжірибені қорытуға дайындық бойынша мұғалімдердің әдістемелік қолдауын жүргізу.