Міне, осылай 2017-2018 оқу жылында мектептің ғылыми-әдістемелік мәселесін шешу бойынша үлкен жұмыс атқарылды: «Жаңа білім беру құзыреттіліктері саласындағы мектеп дамыту және жұмыс жүйесі», сондай-ақ мектеп ұжымы «Жаңа білім беру саласын дамыту арқылы педагогтың кәсіби құзіреттілігін жетілдіру» тақырыппен 2013-2017 оқу жылдарға арналған Мектепті дамыту Бағдарламасын жүзеге асыруда.
2018 -2019 оқу жылының басты басымдықтары мемлекеттік тілде оқитын сыныптардың қызмет етуін жалғастыру, негізгі орта буында мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытудың қызмет етуін жалғастыру, (6, 9-шы сынып параллельдерінде), бастауыш мектептегі гимназиялық сынып (2, 3-ші сынып параллельдерінде), және 6-шы сынып параллельдерінде, 9-Б сыныбында көптілділікті енгізуді жалғастыру (Қазақстан тарихы және география қазақ тілінде), 8-Д сыныбында (Қазақстан тарихы және география қазақ тілінде), 7-ші сынып параллельдерінде (Қазақстан тарихы және география қазақ тілінде), 6-шы сынып параллельдерінде (Қазақстан тарихы және география қазақ тілінде) облыстық сараптама шеңберінде 7-ші сынып параллельдерінде көптілділікті меңгеру, ағылшын тілін тереңдетіп оқитын сыныптардың қызметін жалғастыру болып табылады. ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен 11-А сыныптағы биология, 7-Б сыныбындағы информатика, 8-Г сыныбындағы биология бойынша факультатив сабақтарын оқыту жоспарлануда.
ҚР Білім беруді дамыту Бағдарламасының ережесіне сәйкес 2018-2019 оқу жылында мектептің әдістемелік жұмысындағы негізгі мақсаты – «Тиімді оқытуды ұйымдастыру шарты ретінде білім мазмұнын жаңарту үрдісін басқару» болады.
Педагогикалық ұжымның басты назарында қазіргі заман білім беру технологияларын толық көлемде меңгеру, жүйеге сын тұрғысынан бағалауды енгізу, электронды құрал-жабдық мүмкіндіктерін меңгеру, сондай-ақ оқыту-тәрбие үрдісінде құзыреттілікке бағытталған тәсілді қолдану сияқты тапсырмалар қала береді.
Осы аталған мақсаттар тоғыз блоктағы міндеттер бойынша жүзеге асады. Міндеттердің көбі дәстүрлі және көптеген жылдар бойы өзекті болып қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: |