18 Қандай тәртіпке бір идеологияның үстемдігі тән?
А) демократиялық
Б) авторитарлық
В) либеральдық
Г) тоталитарлық
Д) аристократиялық
19 Ұлттық (нәсілдік) критерийге негізделген тоталитарлық режимді қалай атайды?
А) солшыл
Б) оңшыл
В) шекті
Г) төменгі
Д) жоғарғы
20 Таптық критерийге(әлеуметтік) негізделген тоталитарлық режимді қалай атайды?
А)солшыл
Б)оңшыл
В)шекті
Г) төменгі
Д) жоғарғы
6.9 Саяси партиялар
1 Мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билікті жүргізуге қатысуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағы қалай аталады?
А)саяси режим
Б)сайлау жүйесі
В) камарилья
Г)саяси партия
Д) саяси клубтар
2 «Партия» сөзінің тура мағынасы?
А) байлау
Б) кесінді
В) салт-дәстүр
Г) бөлшек
Д)бүтін
3 Саяси партияның қандай тұжырымдамасы шындыққа сай келмейді?
А) партия – адамдарды әжептәуір көп уақытқа дейін біріктіретін ұйым
Б) партияның мақсаты –билікті қолға алып, жүзеге асыру
В) партия белгілі бір идеологияны қолдайды
Г) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуын қамтамасыз еткісі келеді
Д) халық басшылығымен үнемі байланыс жасап отыратын тұрақты жергілікті ұйымы жоқ одақ
4 Мемлекеттік билікті жалғыз партияның қолында шоғырландыруын қандай жүйе деп айтамыз ?
А) мажоритарлы
Б) бипартиялық
В)үшпартиялық
Г) бірпартиялық
Д) миноритарлық
5 Марксизм қандай белгілерге қарап партияларды буржуазиялық , ұсақ буржуазиялық және жұмысшылар деп бөлді?
А) таптық қатынасына
Б) мамандығына
В) мүлкіне
Г) жастарына
Д) азаматтығы
6 Партияларды бұқаралық және кадрлық деп жіктеуді кім енгізді?
А) К.Маркс
Б) М. Дюверже
В) Р.Ж. Шварценберг
Г) Дж.Сарторри
Д) К.Поппер
7 Қоғамды біртіндеп өзгерту арқылы дамытуды қолдайтын партиялар?
А) радикалды
Б) экстремистік
В) реформистік
Г) консервативтік
Д) революциялық
8 Қоғамды түбегейлі өзгертуге тырысатын саяси партияларды қалай атайды?
А)радикалды
Б) кадрлық
В) реформистік
Г) консервативтік
Д) революциялық.
9 Қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипатын, ерекшеліктерін сақтап, қоғамдық өзгерістерден бойларын аулақ ұстауға тырысатын партияларда белгілеңіз?
А) радикалды
Б) экстремистік
В) реформистік
Г) консервативік
Д) революциялық.
10 М. Дюверженің пайымдауынша мұндай партиялар сайлау кезінде ғана жұмысын қызу жүргізіп, сайлаушылардың дауысын алуға тырысады?
А)бұқаралық
Б) кадрлық
В) реформистік
Г) консервативтік
Д) революциялық
11 Бұқаралық партияға тән емес белгіні көрсетіңіз?
А) жалпыға бірдей сайлау құқығын енгізгеннен кейін пайда болады
Б) бұқара халықты саяси тәрбиелеуге негізделген
В) жаңа сайлаушылардың мүшелік жарғысын тарту мақсатына қызығушылық танытады
Г)нақтылы партиялық құрылымы мен тәртібі жоқ
Д) дамыған идеологиялық бағдарламасы бар
12 Сайлау кезінде (билеуші режим бойынша)жеңіске жеткен, үкімет басына келген партия түрі?
А) оппозициялық
Б) кадрлық
В) реформистік
Г) консервативтік
Д) билеуші.
13 Сайлау кезінде (билеуші режим бойынша ) жеңіліске ұшырап, үкіметтік орындарға келе алмаған партияны қалай атайды ?
А) оппозициялық
Б) кадрлық
В) реформистік
Г) консервативтік
Д) билеуші.
14 Мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты жүзеге асыратын, негізгі мақсаты билікке талас болып келетін саяси институтты қалай атаймыз?
А)лобби
Б)БАҚ
В)саяси клуб
Г)саяси партия
Д)кәсіподақ.
15.Екіпартиялық жүйенің дамуының классикалық үлгісі ретінде қайсы елді алуға болады?