Мазмұны Кіріспе 3 1 БӨлім. Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері 4


Танымдық процестердің этнопсихологиялықерекшеліктерін есепке алу,негізіндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша тәжрібелі эксперементтік жұмыс



бет6/6
Дата15.09.2017
өлшемі0,81 Mb.
#33120
1   2   3   4   5   6

2.3.Танымдық процестердің этнопсихологиялықерекшеліктерін есепке алу,негізіндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша тәжрібелі эксперементтік жұмыс.


Тәуелсіз Қазақстан Республикасының парасатты азаматы қалыптастыру, болашақ ұрпаққа әлемдік ғылым мен өркениет деңгейінде білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығын, мәдениетін, ойлау қабілетін шынайы этнопедогогикалық және этнопсихологиялық негізде қайта жаңғырту, іскерлігі мен біліктілігін замана талабына сай жоғарғы деңгейге көтеру, әр азаматтың Қазақстан мемлекетіне деген сезім парызын бекіту, ұлтаралық шынайы достық пиғылын қалыптастыру қазіргі Республика мектептерінің әсіресе, Қазақ мектебінің басты мұраты мен мақсаты екені даусыз. Бұл мақсаттарды шешудің жолдары оқу – тәрбие процесін этнопедогогика және этнопсихология негізінде қайта құруда болып отыр. Сондықтан:

1. Этнопедогогика мен ұлттық психологияның үздіксіз тәрбие үрдісінен шығу – от басы, балабақша, мектеп арасын белектемей қайта біртұтас тәлім – тәрбие жүйесін жасау, от басымен әулеттерді мемлекет пен мектептің дәргейі алдындағы жауапкершілігін жоғары көтеріп, жолға қою, балабақшаларды тікелей мектептердің қарамағына беру, сөйтіп біртұтас этнопедогогикалық және ұлттық психологиялық жүйелі оқу – тәрбие үрдісін жасау. Қысқарта айтсақ, ұлттық мінез қалыптастыру арқылы Бүкілхалықтық., Қазақстандық МЕНТАЛИТЕТ негіздерін салу қажет.

2. Мектептер мен балабақшаларда ҰЛ және ҚЫЗ балаларды бөліп, жеке оқытудың жаңа құрылымына көшу. (Мәселен АҚШ – та 205 мектепте бөліп оқытылады екен). Ұл мен қыздың этикалық, эстетикалық, моральдық, биоэнергиялық, биоритмикалық, астрологиялық, физиологиялық, жыныстық тұрмыстық және кәсіптік дамуы мен қалыптасуы әртүрлі деңгейде өтетіндігін ескермей, оларды бір мектепте, бір сынып, бір партада 10 жыл бойы қатар отырғызып бір рецептімен тәлім – тәрбие беріп жүргендігіміздің кереғар іс екендігін есермеу ұлт және ұрпақ алдындағы кешірілмес күнә.

3. Әрбір этностың - халықтың өзіне тән ұлттық психологиясы, мінезқұлқы мен этикасы, эстетикалық талғамы, моральдық т.б. ерекшеліктерінің болатындығын мойындай отырып, аралас типтегі мектептердің (орыс, қазақ, ұйғыр, дүнган, корей т.б.) ғылыми үрдіске сай келмейтіндіктерінен оралдың қазіргі ахуалын қайта қарау қажет. Ұлттық мектептердің жаңа құрылымын жасап, таза ұлттық тәлім – тәрбиенің негізін қалаған жөн. Әрбір ұлттық мектеп өзіндік ұлттық ықылымдарды басшылыққа алып, оларға өз халқының тарихын, этикасын, эстетикасын, философиясын, логикасын; риторткасын, музыка, сәулет және бейнелеу өнерін, қолданбалы қол өнерін, фольклорлық әдебиетін яғни, тарихи санасын жетілдіретін пәндерді батыл ендірген жөн. Бұл бағыт жасөспірімнің алдымен адами – саналылық, ұлттық – даралылық, танымдық - нанымдық, сезімталдық қабылдау, ойлау қасиеттерін дамытады. Қазіргі мектепте ғылым – білім негіздерін академиялық тұрғыдан жөнсіз тықпалай беру жасөспірімнің психикасын бүлдіріп, жасанды – жанды роботқа айналдырып жүр. Соның нәтижесінде сәзім мүшелері, санасы толық жетіліп үлгермеген жасөспірімнің адамилық қасиеті техногендік сипатқа ие болуда.

4. Әлі де ана тілінен толық қанықпай, ұлттық ой санасы тұтана қоймаған жас бүлдіршіндерге бөтен тілдерді оқыту үлкен қателікке апарады. Бұдан ана құрсағында басталған бүлдіршеннің генетикалық ұлттық ерекшелігіне зақым келеді. Өйткені 4 – 12 жас аралығында болатын мутациялық кезеңдегі бүлдіршіннің психикалық ахуалына мұның кері әсер ететіндігін яғни физиологиялық дамуының тежелуіне әкеліп соғатындығын белгілі болып отыр.

5. V – IX кластардың оқу – тәрбие процесі тек бір мақсатқа - оқушының псифизиологиялық мүмкіндігін айқындап, дарындылығын анықтауға бағытталуы тиіс.

6. X - XI кластарда балалардың психикалық даму дәрежесі бірдей емес екендігі белгілі. Сондықтан дарынды шәкірттерге таңдамалы пәндерді тереңдете оқыта отырып, өз қабілеттерін сарқа пайдалана алуына мүмкіндік тудыру қажет.

Бұл пікірлер “ДӘСТҮР” тұжырымдамасы мен оқу жоспары түрінде Білім министрлігіне ұсынылып бекітілген. Қазіргі таңда “ДӘСТҮР” тұжырымдамасы бағыттарында Алматы облысының Райымбек ауданы Абай атындағы орта мектеп, № 1 Кеген орта мектебі, Қаскелең ауданының Әл – Фараби атындағы орта мектептері жұмыс істеуде. Бұл мектептерде оқушылардың тәрбиелілік, білімділік дәрежесі көтеріліп, қабілеттілік, дарындылық қасиеттері айқындала бастады. Жоғары класс оқушыларының ұлттық ойлау жүйесі мен қоғамдық - философиялық көзқарастары қалыптасуда. Болашақта осы мектеп түлектерінің интеллектуалдық мүмкіндіктері жоғары жәрежеде болады деп ойлаймыз.[66]

Біздің көзқарасымызда халық дәстүрі дегеніміз – ұлттық даму процестерінің: (таным, наным, сенім, ұғым, мінез, құлық және салт) қалыптасқан жиынтық формасы. Діни, рухани, мәдени, ғылыми нысандарының жетістіктері, кәсіби тұрмыс әрекеттері мен қарым – қатынастарының тарихи – қоғамдақ тәрбие шаралары. Ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, қоғам игілігіне айналған дәстүрлер өзіне тән ұлттық ерекшеліктері мен құндылықтарын жоймай, қайта жаңарып, жаңғырып отырады. Біз оларды халық дәстүрлерінің сипаты мен мазмұнына, қоғамдақ қызметіне қарай топтастырамыз. Зерттеу барысында қазақтың ұлттық даму табиғатын анықтайтын процестеріне талдау береміз. Бұл процестердің үздіксіз бірізділікте дамитынын танымнан бастап дәстүрге дейін ұлттық даму процесінен өтетіндігін сөйтіп, ұлттық, этногенездік сипатқа ие болатындығын дәлелдеуге талпынамыз.

Зерттеу барысында біз қазақтың халық педогогикасына ықпал еткен факторларға (табиғат, нәсілдік, ұлттық психологиялық әлеуметтік, этномәдениеттік, тарихи және тіл), оның даму процестеріне (таным, наным, сенім, ұғым, әдет, ғұрып, мінез, құлық, салт және дәстүр) тоқталамыз. Белгілі ғалымдардың (Ш.Уәлиханов, Л.Гумилев, М.Жұмабаев, Г.Н.Волков т.б.) ой – пікірлерін басшылыққа ала отырып олардың теориялық негіздерін ашып көрсетеміз. Қазақ халқының этногенездік ұлттық жаратылыс ерекшелігіне (құрылымы) діни нанымдарға (анимистік, тотемистік, шаманистік), соған байланысты ұлттық психологиялық ахуалдың қалыптасуына, оның ұлттық тәрбие процесіне тигізіп отырған әсері мен себеп – салдарына тоқталамыз.[67]

Халық педогогикасының даму процестеріне (таным, наным, сенім, ұғым, әдет, ғұрып, мінез, құлық, салт, дәстүр) этнологиялық сипаттама жасаймыз. Психология, педогогика, философия, этнопедогика, этнопсихология ғылымдарының қағидаларын, этика, эстетика, логика, риторика, өнер мен мәдениет құндылықтарын негізге ала отырып, олардың даму процестерінің әрбір кезеңіне анықтама береміз. Олардың этнопсихологиялық ерекшеліктері мен этнопедогогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетміз. Халық педогогикасының этнологиялық сипатын осылайша жан – жақты мазмұндау көпсалалы қазақ орта мектебінің оқу – тәрбие процесінде ұлттық дәстүрлерді тиімді пайдаланылуда көмектеседі.

Әдетте, қазақ халқының ұлттық этногенездік табиғатында халық педагогикасы дәстүрлерінің мазмұны мен мүмкіндіктері берік орын алған.Біз осыны ескере отырып,халық дәстүрлеріндегі тәрбиелік процесінің мазмұнын анықтау үшін, ұлттық даму процестерінің әрбір сатысына талдау береміз және қазақ халқының ұлттық өнері, мәдениеті, әдебиеті, моралдық, этикалық, эстетикалық, әлеуметтік тұрмыстық нысандарының сараптап, халық педагогикасы дәстүрлерінің әдіснамасына тоқталамыз.

Қазақ даласының көмеңгер ойшылдарының (Қорқыт ата, Әл Фараби, Ж.Баласағұни, А.Иасауи т.б) би шешендері мен ақын-жыраулардың халық педагогикасы дәстүрлері саласындағы философиялық, диалектикалық, этикалық, эмперикалық, интелектуалдық, дүниетанымдық, иманигүлдік ой-толғамдары және ғұлама ағартушылар мен педагогтардың (Шоқан, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов т.б ) ұсынған этнопсихологиялық, этнопедагогикалық, дидактикалық идеялары зерттеліп отырған проблеманың ғасырлар бойы көкейкестілігін жоғалтпағанын, ұлттық тәрбиеде мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.

Олардың ой-пікірлерінде халық педагогикасы дәстүрлерін бала тәрбиесінде пайдалану туралы ортақ тұжырымдар кездеседі.



  • қазақ халқының ұлттық мектебін жасау, оны басқа халықтардың педагогикалық ықпалына түсірмеу, ұлттық дербестігін сақтау, демократиялық принципті ұстану.

  • қазақ мектебінде тек ана тілінде оқыту, оқу тәрбие процесін халық педагогикасы дәстүрлері негізіндегі құру.

  • жасөспірімнің алдымен сезімін, ұлттық танымын дамыту, оны дамытуда қазақ ауыз әдебиетілн, фольклорлық мұзыканы, шешендік өнерін, ұлттық философияны, моралдық тәрбие ұстанымдарын, ұлттық медицина, ұлдардың, қыздардың, немерелердің, келіндердің тәрбие дәстүрін, мектепке дейінгі нәресте тәрбиесін т.б. тәрбие бағыттарын пайдалануды ұсынды.

Біз бұл ұстанымдарды ұлттық мектептің оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалану тұжырымдамасын және тәрбие бағдарламасын жасауда негізге алдық.Тұжырымдаманың стратегиялық және тактикалық бағыттарын анықтап, құқылық мәртебесін негіздедік. Тұжырымдаманың басты ерекшеліктері мынада:

  • мектептің оқу-тәрбие мазмұнын таза қазақ тілі мен ұлттық мәдениет құндылықтарына құру,

  • мектепке дейінгі тәрбиені мектептің өз құрылымында ұйымдастыру, әр отбасының психологиялық ахуалын есепке алу,

  • бастауыш сыныптарда пәндік жүйе мен оқытуды ендіру,

  • миектептің оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік тәсілмен басқару.Әлемдік озық педагогикалық технология мен ақпараттық жүйені кеңінен пайдалану.

Мектелптің әр бір саланың тәрбие мен оқу бағдарламаларын ғылыми негізделген біртұтас сабақтастық принципінде құрылған кафедралар жасайды.Кафедралар мен әдістемелік топтарды ғылыми-әдістемелік кеңес басқарады.Ол оқу-тәрбие процесінің стратегиясы мен тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу, сараптау, саралау, кіріктіру, ықтималды мүмкіндіктерді ашу, болжамдық және жылдық жоспарлау, мектепті әлеуметтендіру, моральдық-психологиялық оңды ахуал орнықтыру, оқу-тәрбие процесін ақпараттандыру т.б. жұмыстарды ұйымдастырып, басқарады және бақылайды.[68]

Тұжырымдаманы жүзеге асыруда,яки қазақ халық педагогикасы дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалануды ұйымдастыру нақты шаралар арқылы айқындалды:Оқыту мен тәрбие мазмұнын қазақ халық педагогикасы дәстүрлерінде қалыптастыру; оқу-тәрбие процесін халық педагогикасы дәстүрлері талаптарында ұйымдастыру; оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету.

Білім мазмұны қазақтың ұлттық философиясы негізінде қайта құрылды.пәндер мен тәрбие құрылымының ұлттық логикасын қалыптастыру, ұлттық этикалық, эстетикалық, моральдық нормаларды ғылыми негізделген заңдылықтарға айналдыру мәселесіне аса мән берілді.

Қоғам мен мектеп, мектеп пен ата-ана, мұғалім мен шәкірт, ата ана мен бала арасындағы ынтымақтастыққа, сабақтастыққа және үздіксіз тәрбие нысанасына, оның ұлттық ұстынына баса назар аударып, оқу тәрбие процесін отбасынан бастап үздіксіз демократиялық нысанда қалыптастыру.Оқу тәрбие үрдісінің ұлттық нысанда, халық педагогикасы дәстүрінде жүргізілмеуінен десек қателеспейміз.Өйткені, отбасы тәрбиесі тек қана отбасы иелерінің шаруасы, балабақшадағы тәрбие оның тәрбиешілерінің, ал, мектеп өз алдына тәрбие шараларын жүргізуі тиіс дейтін іс жүзіндегі бұл құрылым тәрбиенің үздіксіздігін қамтамасыз етудің орнына оларды бір-бірінен алшақтатып отыр.Бұл процес отбасы мен балабақшадан соң мектептің бастауыш сыныптарында одан әрі жаңа сипатта үдей түсті.[69]

Зерттеу барысында біз оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында халық педагогикасы дәстүрлері саласында жазылған ғалымдардың бағдарламаларын, тұжырымдамаларын, әдістемелік оқу құралдарын (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Ә.Табылдиев, З.Ахметова, С.Ғаббасов, М.Құрсағи т.б.)негізге алдық.Олардың ұл мен қыз қыздардың психологиялық, физиологиялық, хронобиологиялық және педагогикалық даму ерекшеліктері мен қасиеттерін зерделеуге назар аудардық.Әсіресе, қыздар мен ұлдарды жеке-дара оқыту және тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру мәселесіне мән бердік.Оларды жеке дара сыныптарда сыныптарда оқытып, тәрбиелеу үрдісінің себеп-салдарларын былайша сараладық:


  • ұлдар мен қыздардың физиологиялық жетілуі.

  • Ұлдар мен қыздардың психологиялық дамуы,

  • Жыныстық жетілу кезеңдеріңің әр түрлілігі,

  • Оларға қойылатын этикалық, эстетикалық, моральдық талаптардың өзгешелігі,

  • Олардың биоэнергетикалық қуатының әр түрлілігі,

  • Қойылатын педагогикалық талаптардың айырмашылығы, ұлдар мен қыздарды бірге оқытқан кездегі тәрбие шараларын ұйымдастырудың қиындықтары[70].


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Қазақстан Республикасының «Білім тұралы » Заңы. Алматы: Данекер, 2001.

2. Қазақстан Республикасында Білім беру 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы //Егеменді Қазақстан,2003.

3. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы //Егеменді Қазақстан,2003,26 желтоқсан.

4. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы // «12 жылдық білім беру»ғылыми-әдістемелік басылым.-Алматы,2006, №1.- б.6-11.

5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.Қазақстан халқында жолдауы // Егеменді Қазақстан,2007.1 наурыз.

6. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы: Ғылым, 2004.

7. Жұмабаев М.Педогогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 13 – 14 б.

8. Рубинштейн С.Л. Основы опщей психологии.Изд.2-е-М,1946.

9. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.: Педагогика,1972.

10. Ананьев Б.Т. Избранные психологические труды.:В 2т.М.,1980.

11. Бабаев С.Б., Оңалбек Н.И. Жалпы педагогика. – Алматы: Заң мектебі, 2005

12. Аймауытұлы. Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995.

13. Аймауытұлы .Ж. Психология. – Алматы: Рауан, 1995.-325б.

14. Қоңыратбаева Т.Ә. Халық педогогикасы және оны оқу – тәрбие ісіне ендіру жолдары. Пед. ғыл. канд. дисс.автореф.-Алматы,1993.-29 б.

15. Елікбаев Н. Қазақ ұлтының психологиясы. – Қарағанды,2000.

16.Бабаев С.Б., Оңалбек Н.И.Жалпы педогогика.-Алматы:Заң мектебі,2005.

17. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы: Ғылым, 2004.

18. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көленкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№5(11).

19. Жанғозиева М.С. Ұлт психологиясы этнопсихологияның негізгі мәселесі//Бастауыш мектеп,2007, №7-б. 26-28.

20. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы, оның күнгей және көленкелі жақтары//Мектептегі психология, 2007,№6(11).

21. Писаренко В.И. О когнитивной лингвистике и семантике термина

«когнитивный».


  1. Меркулов И.П. Когнитивная наука // Новая философская

энциклопедия в 4-х томах. Т.2. - М., 2003.

23. Краткий словарь когнитивных терминов // Под общей редакцией

Е.С.Кубряковой. – М., 1996 – 245 с.

24. Леонтьев А.А. Язык, речь, речевая деятельность – М.: URSS,

КомКнига, 2005. – 216 с.

25. Демьянков В.З. Когнитивная лингвистика как разновидность интерпретирующего подхода //Вопросы языкознания. – М., 1994, №4. – С.17-33.

26. Краткий словарь когнитивных терминов // Под общей редакцией

Е.С.Кубряковой. – М., 1996 – 245 с.

27. Касавин И.Т., Порус В.Н. О некоторых итогах и перспективах анализа науки.

28. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8 том – Алматы: Ғылым, 1985. – 591 б

29. Общая психология /Под редакцией В.В.Богословского и др. – М.: Просвещение, 1981 – 350 с.

30. Солсо Р. Когнитивная психология- М., 1996.

31. Краткий словарь когнитивных терминов // Под общей редакцией

Е.С.Кубряковой. – М., 1996 – 245 с.

32. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім – Алматы:

Қазақ университеті, 2003. – 101 б.

33. Жарықбаев.Қазақ этнопсихологиясының қазіргі жағдайы//Мектеп психологиясы-2007 №5.

34. Абуова М. Танымдық қабілетті арттыру шарттары//Бастауыш мектеп, 2007, №12 35-36 б.

35. Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты.-Алматы. 1993.

36. Елікбаев Н.Қазақ ұлтының психологиясы.- Қарағанды.2000.

37. Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты.-Алматы. 1993.

38. Аймауытұлы Ж. Психология.-Алматы:Рауан 1995.

39. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары//Көмекші құрал.-Алматы: білім, 2000.

40. Елікбаев Н.Қазақ ұлтының психологиясы.- Қарағанды.2000. б 97-99.

41. Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. Зерттеулер,

мақалалар, пьесалар, әңгімелер т.б. І- том – Алматы: Алаш, 2005

42. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1999.

43. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1999.

44. Горелов И.Н., Седов К.Ф. Основы психолингвистики – М.: Лабиринт,2001.

45. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы – Алматы: Санат, 1994.

46. Тайжанов А.Т. Құдайберген Жұбанов және мәдени мұра // Жұбанов

тағылымы. VI Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005.

47. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: Ғылым, 1999.

48. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. Исследования по

казахскому языкознанию – Алма-Ата: Ғылым, 1987.

49. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері – Алматы: Ғылым, 2002

50. Сүлейменова Э.Д. Казахский и русский языки: основы контрастивной

лингвистики - Алматы: Демеу, 1996.

51. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан – Алматы: Мектеп, 1988.

52. Асқарова Г. Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру//Қазақстан мектебі.-2007. №2 - б.53.

53.Салпынова Қ.Танымдық қызығуды дамыту//Қазақстан мектебі.-2007

№4 –б.52


54. Ешмұратова Д. Елікбаев Н. Ұлттық психология мен ұлттық тәрбие хақында// Ақиқат.-2004. №1 –б.86-90.

55. Голустова О.В. Этнопсихология. – Москва. 2005.

56. Ниязова Ж. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері// Бастауыш мектеп, 2007, №1. –б. 8-11.

57. Ниязова Ж. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері// Бастауыш мектеп, 2007, №1. –б. 15-16.

58. Ниязова Ж Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері// Бастауыш мектеп, 2007, №1. –б.8-11.

59.Қалиұлы С.Қазақ этнопсихологиясының теориялық негіздері мен тарихы.Алматы «Білім»2003.

60.Жарықбаев Қ «Этнопсихология және Этнопедагогика»Алматы-2003.

61.Жарықбаев Ж «Этнопсихология»

62.Елікбаев Е «Халықтық психология»

63.Қалиев С «Қазақ тәлім тәрбиесі»

64.Жарықбаев Ж. «Ұлттық психология»

65.Байтабанова А. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру жолдары//Бастауыш білім,2004,N4.-б.6-9.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет