Мазмұны Кіріспе 3 1 БӨлім. Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері 4


БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ БАЛА ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДА ОНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ



бет4/6
Дата15.09.2017
өлшемі0,81 Mb.
#33120
1   2   3   4   5   6

2 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ БАЛА ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДА ОНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ




2.1 Ұлттық психология тұлғысыдан танымдық процестерді талдау

«Әлеумет тұрмысы», «жазбалы мағлұмат», «халықтың ащы тәжірибесі», «әлеумет көзі», «символика созидательная», «дүние қарасының теңізі», «киіз туырлықты қазақ» және т.б. осы сынды ұғымдар тізбегін ұсынған Қ.Кемеңгерұлының зерттеулері қазақ халқының кешегі өткен жолын бүгінгі тіршілігіне, ертеңгі болашағына сабақтастыруға бағытталды, сол себепті автор «Тарихи тексеруден екі мақсатқа бірден жетеміз: 1) қандай шарттардың қазақты қазіргі күйге келтіргенін білеміз; 2) бұдан былай қазаққа қандай болудың қолайлығын білеміз» деп тұжырымдады. Халықтық пәлсапа, ұлттық сана тіркестерін жанына медеу еткен ғалым шаруашылықтың «заман талқысымен» өзгеретінін, ал «салт-сананың өз заңымен» жүретінін ескертті. Оған дәлел ретінде автор ежелден сақталып келе жатқан үдерістерге, «көшпеліліктің дүние қарасының теңізіне құрылған философиясына» назар аударды. «Қазақ өмірін, қазақ тұрмысын», оларды «таныстыратын әңгімелер» мен «пәндерді», «сүгіреттерді» жоғары бағалаған ғалым тілтанымдық деректердің маңызына ерекше тоқталды, оларды өз еліңнің болсын, жат елдің болсын «мәдениеті, әдебиетімен ...танысу» амалы, «жер жүзіне тиісті нәрселерді» білу құралы деп таныды [41; 177-б.].



Ф. де Соссюрдің “тіл - қоғамдық құбылыс” деген көзқарасын қолдай отырып, тілші “тіл қоғам қатынастары жүйесінде ғана адам мен адам арасында ғана жарыққа шығады”,- деп атап көрсетті. Әр тілдік ұғымның кезеңдік даму ерекшеліктерін талдай келе, Қ.Жұбанов ой туралы, оның тіл білімінде зерттелуі жайлы бірнеше пікірлер келтірді. Атап өтсек, тілші еңбектерінде «осы күнгі «жан», «рух» мәселелерінің бүгінгідей психика, психология тұрғысында емес, мистика, спиритизм нысаны ретінде ғана сөз болғаны аталды [42; 77-б.]. “Формалистер “ой” десе-ақ зірк ете қалатын болды. Формалистер ”Сөйлем ойда болса болар, бірақ сөзде болмайды”- дейді. Мағынаны мүлде жауып қоятындарын осы ғалымдардың басқалары ультра-формалист деп атайды” деген тұжырымдардың тым біржақты сипат алғандығын дәлелдеу арқылы тілші «психологиялық қиялдау», «тану, ойлау, ат қою», «ойды сөзсіз ым арқылы жеткізу», «түрлі қасиеттерді біліп үйрену» секілді мәселелерге мән берді. Ғалым тілдік механизмдердің бір бөлшегі ретінде алынатын сөзді де, сөйлемді де ой жемісі ретінде, жеке ұғымдарды біріктіретін жиынтық есебінде түсіндірген дұрыс деп есептеді. “Сөздің құрылысы мағынаға сәйкес өзгереді. Бір мағынаның өзі әр жерде әр қырынан танылады. Сөйлем (суждение (мысль) осының сыртқы түрі (көрінісі). Әр сөз өз алдына жеке ұғым (представление)...” дей келе, осындағы «ұғым» сөзін автор заттың не болмаса құбылыстың «неше түрлі қасиеттерін біліп үйрену», сол арқылы «...үйренуіміздің жинағын ұғым (представление)» деп қабылдау қажеттігін дәйектеді. Айталық, ”Киіз үйдің түндігінен жарық түседі, терезе де жарық түсіреді. Сондықтан Алтай елінде терезені түндік дейді” [43; 95-б.] деген ұғым сипаттамасы халық қабылдауында орныққан баламалы танымның негізін құрайды. Мұндай “ұлттың немесе халықтың “ұжымдық санасындағы ассоциациялар” [44; 22-б.] арқылы тілші кез келген сөздің этноментальді ерекшелігін айқындады. Ұғымды қалыптастыратын белгілі бір орталар мен этникалық қауымдастықтар болатынын ескерсек, адам санасында туындайтын алуан түрлі сөздер мен сөз тіркестері де, бір жағынан, «үйрену арқылы» этнопсихологиялық танымнан нәр алса, екінші жағынан, әртүрлі жағдайларға тәуелденіп, белгілі бір эмоционалды-экспрессивті бояуларға немесе “көңіл райын” сипаттайтын ерекшеліктерге ие болады. Ғалым адам болмысының жаны, көңіл-күйі, олардың берілу амалдары туралы маңызды ой қорытындыларын “Көңіл одағайлары” деген бөлімінде түйіндеп берді.

Ой мен таным негіздері қатар жүретін өлшемдер болғандықтан, ғалымның интра- және экстралингвистикалық факторларды байланыстырған, шығыс елдерінің танымдық пәлсапасын саралаған тілдік деректеріне де ерекше мән беру қажет. Автордың “Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жәйлі” (тіл мен тарих деректері) деп аталатын мақаласы эстетикалық таным мен халықтық дәстүр ұғымдарын сабақтастыруға негізделген. Мұнда ғалым өзінің зерттеу, баяндау принциптерін келесі үлгіде түсіндірді: “Күйдің пайда болу тарихын зерттеу үшін, біздің ойымызша, мынадай материалдарды пайдалануымыз керек: Бірінші: біздің музыкамыз жайында түрлі мәдениетті елдердің жазып қалдырған тарихи деректері; екінші: халықтың музыкаға байланысты тарихи идеологиясы; үшінші: сол идеологияның бірі болған тіл материалдары. Тіл материалы дейтініміз – түрліше музыка терминдері, бұлар мен басқа сөздердің мағынасының арасындағы байланыстар; төртінші: ең маңыздысы – музыканың өз материалдары; бесінші: осы жоғарыда айтылған материалдарды топтағаннан кейін, қазақтың халық музыка шығармаларын басқа жұрттың шығармаларымен салыстырып, солармен арасындағы байланысын, бір-біріне жасаған ықпалын, бірі мен бірінің араласып айқасқанын тексеру” яғни әр халықтың мәдениеті, өнері сол этностың танымымен, тілімен, тарихымен тұтастықта дамитынына ғалым ерекше зер салды. Тек әуенге негізделетін күйдің де астарында ортаның пәлсапасы, мінез-құлқы көрініс табады деген ғалым ойларының желісі терең логикалық қорытындылармен дәйектеліп ұсынылды. “Халықтың музыкамен байланысты салт-санасын, идеологиясын зерттеген уақытта алдымен ескеріп өтетін нәрсеміз – сол музыканың өзінің шыққан ортасы” немесе “Әбдіқадыр әр елдің музыкасы сол елдің өзінің мінез-құлқына лайық болатынын айта келіп, жауынгер түрік музыкасы жауынгерлік рух беретін түрде болатынын айтады” [45; 276-б.] секілді тұжырымдар адамның өсіп-өнген ортада қалыптасатынын және оның ой мен сезім елегінен туған дүниелері сол әлемнің құндылықтарынан сусындайтынын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Музыка этникалық танымның құралы ғана емес, ол сол халықтың психологиясын, бар болмыс-бітімін әлемге таныстырушы символдық құрал болып табылары сөзсіз. Қ.Жұбанов күй негізін құрайтын сюжеттердің де наным-сенімнен, тылсым күштердің құдіретінен нәр ала пайда болатындығын ескертті: “Қазақтың өзінің түрлі күйлері, әндері жайындағы сөздерін алып қараған уақытта да музыкаға артықша ірі баға бергендігін, табиғаттан тыс күштерге ие қылып қойғанын көреміз… Табиғаттан сыртқы бір ірі күштер мен адамның астарласуына керек болған магиялық бір бөлшек екенін көреміз” [45; 280-б.]. Өнер атаулының магиялық құдіретін дәл жеткізу мақсатында ғалым күй мен көк сөздерінің өзара мағыналас табиғатын ұштастыра зерделеді, сол арқылы “аспан, көк” ұғымдарының асқақтығын, оған мифологиялық қабылдаудың тигізер әсерін, шығыс халықтарының философиялық ойлауын сұрыптауға тырысып, автор...“күй “деген сөздің арғы тегі “көкпен” байланысты болғанын біз баста айтып едік. Ендеше күйдің де көкпен, аспанмен байланысты болғанын көреміз. Көк пен су екеуі де бір кезде бір ұғым болған. Бірі – жоғары аспан, бірі – төменгі аспан болып саналған. Алғашқы адам ұғымында екеуі де космос. Бізде барлық табиғат адамнан сыртқы күш болып саналған. Музыканың алғашқы шығатын жері адамның сыртқы табиғатпен арпалысуы, сонымен байланысуы, астарласып, арпалысуы болса, мына сөздің өзінің аспан мағынасында болушылығы осы пікірді тағы да дәлелдеп өтеді” [45; 283-б.],-деп атап көрсетті. Қ.Жұбанов “түрліше музыка терминдерін” жалпы пәлсапалық танымның нысаны ретінде талдай отырып, тілдік бірліктердің мағыналық табиғатын космонимдік, тотемдік сенім элементтерінен өрбіте түсіндірді. Тіл сияқты музыка да халықтық ойлаудың, ұлттық-мәдени өркендеудің айрықша белгісі деп саналады. Екеуі де адамның ерекше жаратылысы мен қабілетін сабақтастыратын құралдар болып табылатындықтан, олардың танымдық бастауын қоршаған әлемдік бейне, орныққан символдық көрсеткіштер, аксиологиялық ұғымдар мен образдар құрайды. “…Музыка тіл сияқты әр ұлттың, әр халықтың тарихи мәдениет жөніндегі өзгешеліктеріне қарай өзгеше болады. Сондықтан әр ұлттың, әр халықтың өз музыкасы болады, өз музыкасы өзіне жақынырақ, ұғымдырақ болады” [45; 38-б.] деген пікірдің өзегін де адамның көру, есту, қабылдау, есте сақтау әрекеттері дәйектейді. Таным әлемнің тілдік бейнесін адам мен табиғат ұғымдарының байланысы арқылы уәждеуге көмектеседі, сол себепті “Бейнемен сөйлейтін” музыка тілінің этнотанымдық ерекшелігіне терең мән берген Қ.Жұбановтың аталмыш мақаласы, шын мәнінде, қазақ халқының бар болмыс-табиғатын, этнопсихологиялық әлемін, танымдық пәлсапасын тереңнен пайымдай түсінуге мүмкіндік беретін даралықтың тұғыры іспеттес.

Үшінші бөлімнің аты – “Мұра-хаттар”. Бас тақырыптан кейін кітап шығарушылар тарапынан шартты түрде ұсынылған тағы бір атау – “Түркі әдебиеттер тілінің танымы”. Пәлсапа ғылымдарының докторы А.Т.Тайжанов аталмыш зерттеуді: „Бұл рухани мұра - тек әдеби тіл танымы туралы еңбек емес, жалпы дүниетанымдық, этномәдениеттік бағыттағы туынды” [46; 72-б.],- деп жоғары бағалады. Ол „...халқымыздың әрісі мен берісін, диалектикалық тұрғыдан ұштастыра талдаған көрнекті ғалым – профессор Қ.Жұбанов тіл болмысын қоғам болмысымен, оның әдет-ғұрпымен, салт-санасымен қоса қарастыру арқылы қазақ топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдістерін жалғастырған ірі тұлғалар мен іргелі дәстүрлер туралы этно-мәдениеттік таным жолын ұстана отырып терең шығармалар берген” [46; 83-б.],- деп атап көрсетті. Қ.Жұбанов Қожа Ахмет Иассауи шығармаларының идеялық мазмұнына тоқталып, халық танымы, пәлсапасы, тарихы туралы маңызды тұжырымдар жасады. Тілші Қожа Ахмет Иассауидің тегіне, есімінің шығу төркініне зер салды, сөйтіп, тілдік амалдардың формалық және мазмұндық ерекшеліктерін байланыстырудың жаңа үлгісін танытты. Мысалы, автор “Иассауи” сөзінің мәнін түсіндіру кезінде “ясса” немесе “ясси”соңына жалғанған “и”жұрнағының қызметіне, яғни “парсы изафетінің”функционалдық меншіктеу ерекшелігіне көңіл бөлді, ал “қожа”сөзінің мағынасын халықтық қабылдау тұрғысынан пайымдады. “Міне, осы “Хожа Ахмет Яссауи” деген атаудағы “хожа” деген сөз осы нәсілдік текті (сүйекті) білдіру үшін қолданылатын айқындауыш. Ол кездерде “хожа”деген атақ қауымдар арасында беделді, мақтанышты лауазым болып келген сияқты…” [47; 291-б.] немесе “Тарих кітаптарының айтуына қарағанда Орта Азияға ислам дінінің тарала бастауы VII-VIII ғасырларда болса керек…Алғашқы кезде жергілікті халықтар дін үйретуші хожаларды жай адам деп те ойламайды. Оларды керемет иесі, құдаймен тілдес адамдар деп те есептейді. Күні кешеге дейін жаңа туған балалардың атын “хожа” атымен байланыстырып: “Хожамберді”, “Хожағұл”…тағысын-тағылар деп қоюларының мәнісі де осы еді” [47; 295-б.] деген ғалым топшылаулары соған дәлел. Тарихи деректерге сүйене жасалған бұл тұжырымдамалар негізінде тілші қазақ елінің көнеден келе жатқан діни-философиялық дүниетанымын баяндады, А.Йассауи трактаттарын да сол терең қабылдаудың үлгісі деп таныды. Тіл мен тарих, халық пен таным ұғымдарын тығыз сабақтастырған Қ.Жұбанов “Хожа Ахмет Яссауидың 95-толғауы туралы” деген бөлімшесін қазақ халқының өткенімен, салт-дәстүрімен яки ғалымның өз сөзімен айтсақ, “Қазақстан халқының бір бөлігінің тарихымен” байланыстырды. Ақын шығармасында баяндалған қара қытайлардың жаулап алу әрекеттері, Шыңғыс ханның шапқыншылығы сол кездегі халықтың тыныс-тіршілігін, жай-күйін сипаттаумен ұласқан. Ғалым ақын шығармаларының тілі мен стилін талдауда тың пікірлер айтумен қатар, қазіргі қазақ тіл білімінде өзектеліп жүрген психологиялық, әлеуметтік, танымдық идеялардың тілдік құралдармен сабақтаса байланысуын өзгеше дәлелдеп берді. Тілші сөз өнерінің кез келген туындысын, әсіресе, ескі шығармаларды “өз кезінде қоғамның өмір-тіршілігін көрсететін жақсы құрал” ретінде бағалай білудің қажеттігін ескертті.

„Когнитивтік лингвистикада тіл арқылы адамды, адам арқылы тілді тануға бағытталса, Қ.Жұбановта мұның бір жағы субстанцияның миға әсері, сыртқы дүниенің танымдық бейне жасауға ықпалы жағын беруі басым болған...Тілдің танымдық қасиетін, қиюын тауып, қиыстыра зерделеген Қ.Жұбанов еңбектерінен когнитивті лингвистиканың қай жағы да табылатынына көз жеткізу қиын емес” [48; 139-б.],- деп зерттеуші Ж.Кемерова атап көрсеткендей, Қ.Жұбанов қабылдауындағы тіл ғылымының танымдық негіздері „тірі тіл арқылы көрініс табатын адамзаттың тарихи қорымен” әрі оның дамуын дәйектейтін „факторлар мен жалпы тілдік заңдылықтардың” [48; 398-б., 400-б.] әсерімен тығыз байланыста қарастырылды, сол себепті ғалым тілдік өзгерістерді „экономика мен қоғамдық қатынастарда байқалатын өзгерістермен” [48; 402-б.] сабақтастыру қажет деп есептеді. Тілдік материалды тарихи тұрғыдан зерттеу оның „өткенін білумен” шектелмей, „қазіргі жағдайын түсіну үшін, сөйтіп, оған саналы түрде әсер ету” үшін керек болатындығын негізге алған Қ.Жұбанов лексикалық сөздер мен тіркестерді уақыт өте қалыптасатын белгілі бір „дүниетанымның” жемісі ретінде бағалау керектігіне өзгеше мән берді. „Өз ерекшелігіне орай кез келген тілде көнерген сөздер (архаизмдер) орын алады. Олар қазіргі заманның ойлау үлгісіне сәйкес келмей, адамдардың өткен дәуірдегі көзқарастарынан хабар беретіндей болады. Айталық, қазақ тілінде қолданылатын күн көру, кү елту – „өмір сүру” сынды тіркестер сөзбе сөз аударғанда „күнді көру, өзімен бірге күнді алып жүру, күнді қасында ұстау” (автор қаламынан туған орысша нұсқасында „...в казахском словоупотреблении выражения кун кору, кун елту – «прожить жизнь», подлинно означающие «видеть (кору) день (кун) или солнце», «нести с собой день-солнце», «иметь при себе солнце» делінген) мағыналарын білдірсе де, бүгінгі күні қазақтар оны тек „өмір сүру” деп қолданып, „күн”, „көру” „алып жүру”сияқты сөздермен байланыстырмайды...Дегенмен бұл тіркестер көне дәуірдің дүниетанымдық негізін құрай отырып, қоршаған әлем құбылыстарын қабылдаудың тек анимистік қана емес, космикалық әрі микрокосмикалық кезеңдері арқылы түсіндірілетін болған” [48; 402-б.],- деп тұжырымдаған ғалым сөз мағынасының „...уақыт пен кеңістікке тәуелді және, ең бастысы, адамзат қоғамының әр кезеңіне қатысты қалыптасқан дүниені қабылдап түсінуге (миропонимание) байланысты заттар мен құбылыстарға әр түрлі мән-мағыналар беру” [48; 408-б.] арқылы дамитындығын ескертті. Қ.Жұбанов тілдік дерек пен оның қабылдануын айғақтайтын тарихи-танымдық ұстанымдарды өзектей отырып, „лингвистикалық фактілер тілдік ғұмырдың (языковая жизнь) өзге салаларымен тығыз қатынаста зерттелу керек, бұл орайда тілдің қоғам дамуымен, оның экономикасымен, әлеуметтік құрылымымен және дүниетанымымен байланысын анықтаған дұрыс” [48; 406-б.] деген қорытынды жасады.



Адам танымының сатылы дамуын түсіндіруге талпынған С.Аманжолов қабылдау, тану нормаларының ойлау жүйесіндегі, тілдегі көрінісін лингвистикалық факторлармен сабақтастыра баяндады. Тілші затқа, кісіге яки жер-суға қойылатын аттардың себеп-салдарын анықтау кезінде немесе сөз мағынасы мен мазмұнын сипаттау барысында адамдардың бойындағы танымдық функциялардың іске қосылатынын дәл сұрыптады. ”…жаңа заттың аты семантиканың үш заңы бойынша аталады: функциясына қарай, ұқсастығына қарай, бүтіннің бөлшегі есебінде” [49; 53-б.] деген тұжырымнан кейін С.Аманжолов “Семасиологияның мәселелерін” сана арқылы қабылдау, ойлау жүйесі негізінде тану, алуан түрлі ассоциативті белгілерге сүйене отырып қолдану ұстанымдарына сәйкес талдап көрсетті. Қабылдау – бұл философияда да, физиологияда да әрі нейроғылымдарда да кеңінен қарастырылатын, психология мен когнитивтік ғылымның басты ұғымдарын құрайтын, барша информацияларды (хабарларды), әртүрлі обьектілерді, процестерді адамдардың сезім мүшелерінен өткізетін не шынайы белгілерін, сапаларын айқындайтын мүмкіндіктері, ал ассоциация дегеніміз – екі түрлі ұғымдарды немесе құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру екендігін ескерер болсақ, ғалым келтірген кісі аттарының жасалу үлгілері мен заңдылықтары сол когнитивтік модельдердің, концептуалды жүйелердің принциптеріне негізделгеніне көз жеткізу қиынға соқпайды. Тілші назарына іліккен әр мысал адамның қабылдау ерекшелігінен және ұлттық-мәдени, физио-әлеуметтік тәжірибесінен бастау ала түсіндірілген, ал адам санасында туындаған әр ой қалыпты жағдайдан асып, образды пайымдауға сүйене берілген. “Жоғарыда келтірген жер мен су аттарын алсақ та, кісі аттарын алсақ та олардың жасалуында белгілі заңдылық барын байқаймыз. Мұндағы кісі атының өзі тоғыз жол яки тоғыз мақсатқа тірелетін көрінеді. Тоғыз жол дегендеріміздің бірі – адамзаттың жақсы өмір сүргісі келуіне байланысты. Бұл мақсатқа жету үшін ата-ана өз баласына ең жақсы, ең белгілі, атақты адамның атын қояды. Солай етсе, оның баласы да атақты болатындай көрінеді. Мысалы, ислам дінін қабылдаған жұрт үшін қадірлі, атақты адам сол діннің бастықтары, я сол дін үшін күрескендер болып көрінеді. Сондықтан мұсылман діндегілердің аты бірде таза Мұхамед, Ғали, Омар, Оспан, Ахмет, Садық…болып келеді, бірде солардың басқа сөзбен қосындысы болып келеді (Мұхамедсадық, Сапарғали, Қожахмет, т.б.)» деген талдаулардың астарында да сол этникалық әлемнің дерекнамалық негізі мен ұлттық құндылықтары көрініс тапқан. Халықтық танымның ең үздік көрсеткішін, шын мәнінде, адамдардың есімдері, олардың қойылу тарихы құрайды. Сәбиге атты сол әулеттегі үлкен не болмаса аса беделді адамдарға қойдырудың себебі де этникалық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың айғағы екенін дәл байқаған ғалым қазақ есімдерінің түптөркінін, уәжділігін жан-жақты зерттеп, семалық талдауларына арқау еткен. «Тоғыз жолдың үшіншісі – баланың мінез-құлқы жақсы болуын тілеуден туатын аттар. Мысалы, жібектей болсын десе, қыздың атын Жібек қояды. Жомарт болсын десе, баласына “Жомарт”я “Мырза” деген атты қояды…”[49; 75-76-бб.],- деп келген ономастикалық бірліктерді С.Аманжолов әрі танымның, әрі психологиялық қабылдаудың нысаны деп қарастырды. Тілек-арманнан бастау алған әрбір ат сол халықтың тарихын, этностық даму ерекшелігін сипаттаумен қатар, жеке адамдардың субьективті-индивидуалды сезімдерін, құндылықтарды бағалау ерекшеліктерін, қабылдау-тану өрістерін және өмірлік тәжірибелерін сұрыптауға мүмкіндік беретіндіктен,. «Әлемнің бейнесі – бұл ойлау әрекетінің нәтижесі және шарты. Тіл бойына табиғи, климаттық, мәдени және өзге де адам өмірінің шарттарын білдірер өзгешеліктерді сіңіру арқылы дамитындықтан, ат қою жүйесінің өзі әлемнің шексіз болмысын бейнелеуден туындайды...» [50; 89-б.] деген Э.Д.Сүлейменованың тұжырымына сүйенер болсақ, адамзат тіршілігінің ажырамас бөлігін құрайтын ат қою процесінің негізінде де танымдық әрекеттің басты ұстанымдары жүзеге асатыны дау тудырмайды. Тілдік қатынастағы мұндай ішкі ассоциациялар мен интерпретациялар табиғатын зерделеген ғалым Э.Каминская “…тіл иесінің ассоциативті-вербалды жүйесіндегі сөзді ұқсата қолдану әрекеті адамның ішкі лексиконындағы атүсті немесе терең айқындалатын арнайы мәтінге, оның жеке субъективті сезіну ерекшелігіне әрі өзінің жеке және әлеуметтік тәжірибесіне сүйенген дайындығына, микросоциумның ықпалымен қалыптасатын мәдени нормаларына және тұлғаның эмоционалды-бағалағыштық қалыптары арқылы қабылданатын хабарлар базасына байланысты болады»,- деп тұжырымдады, яғни адамның ішкі әлемі оның ойлау, сезіну, бақылау, қабылдау, тану және т.б. әрекеттеріне қатысты айқындала отырып, дуалистік дамудың көрсеткішін құрайды: бір жағынан, ол жеке субьективті психологиялық, антропоцентристік ерекшеліктен тұрса, екінші жағынан, әлеуметтік-қоғамдық факторлардың сабақтасқан бірлігімен түсіндірілетін белгілер жиынтығы деп танылады. «...сөз, сөйлем ойдың көрінісі, суреті болғандықтан, сөздер, сөйлемдер адамның ой-санасының тарихын, ізін, жолын көрсететін деректер» [51; 301-б.] деген тұжырым негізінде ғалым тілдің сатылы дамуын танымның сатылы қалыптасуымен сабақтастыра отырып, тың лингвистикалық бағытты өзектеумен қатар, адамның ой-санасының космикалық кезеңнен қазірге жеткен өзгешелігін сұрыптауға, оның білім мен тәжірибелік жолын зерделеуге әрі «сана көріністерін» айқындауға мүмкіндік берді. Қазақ тілтанымының іргетасын қалауға ат салысқан С.Аманжолов зерттеулері, шын мәнінде, терең пәлсапалық түйіндерден, тарихи фактілерге, адамзат қоғамының негізгі заңдылықтарына негізделген деректерден, өзгеше пайым-түсініктерден жинақталған тұжырымдар қатарын құрары сөзсіз. «Мыңдаған жыл өмір сүрген адам баласының дүние тануына үнемі қызмет еткен тілді» [51; 92-б.] маңызды тілдік талдауларының өзегіне айналдырған ғалым оның этникалық, мәдени, әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктерін диалектикалық таным ұстанымдарымен сұрыптады, сондықтан ол «адам баласының ұзақ өміріндегі....жасаған тәжірибелерін», «ойлауының ұзақ уақыт абстракциялануы арқасында топшыланған жетістіктерін қорытқан білімін» [51; 92-б.] ескеру қажеттігіне өзгеше зейін қойды. С.Аманжолов тілді «ойдан құралып, мидың талқысынан шыққан абстракт зат» [51; 64-б.],- деп сипаттай келе, тіл мен таным ұғымдарының ажырамас одағын айқындады, сол арқылы аса құнды тілтанымдық қорытындылар жасады.

Адамзат тарихы түралы әлеуметттік экономикалық саяси дәуірлерді бастан

өткергені мәлім.Оның табиғаты қарама-қайшылығы мол әрі күрделі құбылыстардан құралған.

Қазіргі уақытта өзіміз қолданып жүрген ғылыми пайымдарға қарағанда әлемде 2300-ден астам ұлттар мен ұлыстар,этнографиялық топтар,сонымен бірге төрт мыңнан аса ұлттық тілдер,түрлі диалекттер өмір сүруде.Осының ьарлығы тарих пен табиғат тауқыметінің нәтіжесі.Әрбір тарихи кезең өз өрнегімен сипатталып,халық тағдырына тиісті ықпал етеді.Сондықтан әрбір ұлттың өмірінде,мәдениеті мен рухани-психологиялық келбетінде өткен жолдың іздері анық байқалып,ұлттық қәдір-қасиет, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отырғаны мәлім.

Ұлттық психология оның құрамдас бөліктері, ұлттық дағды, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тарихи жағынан алғанда саяхатшылар, саяси күдікті ретінде елде болғандар және т.б. жазбаларында кездеседі. Дегенмен, қазақ халқының ұлттық психологиясы мен менталитетінің табиғаты жайлы кейінгі кезде ғана Н.Жанділдин, М.Сужиков, Қанағат Жүкеш, Н.В.Романова, Р.Сәбитов және т.б.еңбектерінен тиісті пікірлер тарады[52].

Ұлттық психология ерекшеліктерін түсіндірудің методологиялық негіздерінің бірі-оның табиғатын, жалпы адамзаттық,таптық-әлеуметтік және ұлттық арақатынасын ажырата білуде.Халықтардың психологиясы ұлттың рухани бейнесінің маңызды жағының бірі.Ұлттардың рухани бейнесінің екі жағы бар:идеологиялық және психологиялық.Оның идеологиялық жағына әдебиет,өнер,ғылым,философия,дін,т.б.жатқызамыз.Әрине,рухани бейненің бұл жақтары өзара шартты байланыста болады.Ұлттардың психологиялық ерекшеліктері адам санасында халықтардың табиғи-материалдық жағдайының нақты көріністерімен қалыптасады.Ол өзінің тұп тамырымен халықтар тарихының терең түкпірінен орын алып,оның пайда болған мезгілінен бастап дамуда.

Ұлттық психология мен ұлттық менталитет адамдардың біріккен өмірі мен күресінде,әлеуметтік,табиғи-географиялық,материалдық,мәдени жағдайының шарттарына лайық қалыптасады.Соның әсерінен ұлттың бойында мінез-құлықтың,сезімнің,талғам ерекшеліктерінің бірдей элементтері,дәстүрлер мен әдет-ғұрыптары пайда болды.

Ұлттық психологияның қалыптасуына мына факторлар әсер етеді.Белгілі бір әлеуметтік жағдайлар мен өзара қатынастар,еңбектің сипаты егіншілік,мал өсіру,балық аулау,т.б.белгілі бір халықтың ұзақ мекендеген географиялық ортасы;халықтың тарихи жолы,былайша айтқанда,халық «тағдыры»маңызды тарихи оқиғалар,мәселен,азаттық күреспен байланысты ортақ қуаныш,ортақ қайғы,күйзеліс т.б.;адамдар арасындағы әрине түрлі ұлттардың әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастары мен,өзара әрекеті[53].

Осы көрсетілген факторлар халықтардың омірінде түрлі реңкті психологиялық өзгешеліктердің пайда болуына ықпал жасайды.Соған сәйкес зерттеушілерден қатаң,адал ниетпен талап қоя білуді әрі материалдарды сұрыптап талдауды қажет етіп,мәселеге ғылыми тұрғыдан қарауды,сөйтіп оның,осы даму жағынан қарағанда,қазір қандай күйге айналғанын байқауды қажет етеді.

Сонымен ұлттық психологияның ерекшеліктері тарихи негізі бар әлеуметтік процес болып шықты.Оның қалыптасуы әрбір халықтың ұзақ өмірмен біте сіңіскен жан-жақты факторлардың нәтіжесінде туады.Сайып келгенде өнегелі қасиеттермен бірге қарама-қайшы психологиялық дғдылар да болады.Бұл айырмашылықтардың топтық негізі міндетті құбылыс.Әрбір халықтың өмір сүрген географиялық ортасы,айналысқан шаруашылық дәстүрі мен бейісделген дағдысы бір-бірінен оқшау тұрады.Онымен қоса түрлі халықтардың араластық-құраластық жағдайларын да ескеруіміз міндетті нәрсе.



Ұлттардың психологиясын туа біткен өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды.Қоғамдық дамуға,әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланыстыдамып,белгілі қасиеттерде жаңаланып отырады.Ұлттық мінез- құлықты кейбір жағдайда зерттеушілер оны адамдардың темпераментімен шатастырыды.И.И.Павловтың іліміне сәйкес темпераменттің /сангвиндік,флегматтық,холериктік және меланхоликтік/ типтері адамдардың жоғары нерв жүйесінің жұмысына байланысты болатыны белгілі.Ал,ұлттық мінез-құлық тарихи жағдайларын,объективті процестердің себептерімен әрі тәрбиенің ықпалымен қалыптасады.Жеке адамның мінез-құлқының ұлттық өзгешелігі темпераментке қарағанда жылжымалы.Өмірдің жағдайының өзгеруі жеке адамның мінезінде қалыптасқан ұлттық келбетті сапалы өзгертіп жіберуге қабілетті.Ал олардың ересек адам темпераментін түбірінен өзгерте қоюы беймәлім,егер ол нерв жүйесі тұрпатының озгеруіне байланысты болса.Көптеген зерттеушілер кейбір халықтардың өзіне тән темпераменттерін атап көрсеткен болатын.[54;86-90бет]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет