Мазмұны кіріспе 3 1 тарау. Туризи – табиғатты тану 7


"Табиғат - ортақ үйіміз" атты тақырыбында өткізілген



бет2/2
Дата08.06.2018
өлшемі494 Kb.
#42068
1   2

2.3."Табиғат - ортақ үйіміз" атты тақырыбында өткізілген

туристік - экологиялық жарыс



Жарыстың мақсаты: Өз туған өлкесінің табиғатына саяхат жасатып, тамашалау барысында оқушылардың экологиялық білімдерін одан әрі жетілдіріп, табиғатты қорғауға, аялауға, табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелөу.

Жарыстың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі. Жарыс басталатын пунктке келіп, оқушылар төрешілермен танысты. Бас төреші жеребе тастады. "Атамекен" тобы бірінші болып жарысқа аттанатын болды. Жарыс сағат 10:10минутта басталды.

2) "Табиғат - ортақ үйіміз" атты туристік - экологиялық жарыс. І-пункт. Таныстыру.

Екі топтың басшылары топтың атын атап, кейін топ өздерінң ұранын айтты. Топ басшылары топ құрамы жазылған парақпен белгісін төрешіге әкеліп берді.



ІІ-пункт. Арқа қоржын жинау.

Бұл пунктке келгеннен соң оқушылар шашылып жатқан заттарды арқа қоржынға ретімен салды.



Атамекен тобы арқа қоржынды мынадай ретпен жинады: көрпе ішіне табақты орап салды. Киім-кешекті бүктеп арасына туалет бұйымдарын орады. Сағат пен компасты арқа қоржын қалтасына салды. Шыны аяқты арқа қоржынға салды. Бұл топқа төреші 5 деген баға қойды.

Жер-ана тобы мынадай ретпен жинады. Көрпе ішіне табақты фотоаппаратты салды. Сағат пен компасты киімдердің арасына жинады. Әжетхана бұйымдарын арқа қоржын қалтасына салды.

Шыныаяқты, қасықты арқа қоржынның ішіне салды. Бұл топқа төреші 3 деген баға қойды.



ІІІ-пункт. Картография.

Оқушылар бұл пунктке келген соң тақтадағы топография шартты белгілердің қандай жерлер (ормандар, шалғындар. Бұлақ, көпір, жол, жемісті бау-бақша, төбелер, электр желісі екендігін анықтады.



Атамекен тобы 30 белгіні анықтады.

Төреші бұл топқа 4 деген баға қойды.



Жер-ана тобы 35 белгіні таба білді. Төреші бұл топқа 5 деген баға қойды.

ІV -пункт. Метеорология.

Бұл пунктте оқушылар атмосфералық құбылыстарды табады.

Шартты белгілер мынадай : қар, ашық күн, бұршақ, қырау, найзағай, бұлтты күн, сіркіреуік жаңбыр, шық, көктайғақ, туман.

Атамекен тобы белгілердің барлығын тапты.

Жер-ана тобы 10 белгінің 8-ін дұрыс тапты.

Төреші мынадай тапсырма берді. Халық арасында айтылып жүрген ауа-райы туралы болжамдардан мысалдар келтіру. Мысалдың көптігіне байланысты бағаланады.

Атамекен тобының мысалдары: 1) егер жаңа туған ай шалқалап туса, ол айда ауа-райы малға жайсыз, ал жаңа ай тік туса, ауа-райы жайлы болады.

2) Жауын құрты жер бетіне шыса жаңбыр жауады.

3) торғайлар топталық, қайта-қайта ұшып-қонып бүрісіп, сілкілене берсе, күн суытады.

4) Бақа кешке көп бақылдаса, ертеңіне күн ашық болады.

5) егер қойлар қыстың күні қораға еркін кірсе, ауа-райы жақсы болады.

6) Егер күн қызарып батса, онда ертеңіне ауа-райы ашық болады.

7) жаңбыр жұма күні жауса, онда ұзаққа созылады. Атамекен тобы 7 мысал айтты. Жер ана тобының мысалдары:

1) қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады.

2) Балықтар су бетіне шаршып шығып, ойнай бастаса, көп ұзамай жаңбыр жауады.

3) Мысық керіліп, ұйқыға берілсе, онда ұзақ уақыт ауа-райы жайлы болады.

4) Ай туғанда шалқайып туса, онда өзіне жайлы, шаруаға жайсыз. Ал тік туса, онда өзіне жайсыз шаруаға жайлы.

5) Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылайын дегені, ал бұлт шетінен бұзылса, ауа-райы оңалуға бет алғаны.

6) Жаңбыр жауғанда көлшік судың бетінде көпіршіктер пайда болса, ұзаққа созылады.

Жер-ана тобы 6 мысал айтты.



V -пункт. Ботаника.

Бұл пунктте екі топ оқушылары төреші қойған сұрақтарға жауап берді.



Атамекен тобына мынадай сұрақтар қойылды:

Табиғаттағы жасыл өсімдіктердің рөлі:

Жауап:

Әр тірі ағза өмір сүру қажетіне сай энергиямен қамтамасыз етуді талап етеді, ал ол энергияның қайнар көзі - күн. Тірі ағзаның кезкелгені күн энергиясын пайдалана алмайды. Ал жасыл өсімдіктер ғана күн энергиясын тікелей пайдалануға қабілетті. Органикалық заттарды дайындай отырып, жасыл өсімдіктер СО, сіңіріп, ауаның О2 мен қаматмасыз етеді. Тас көмір, шымтезектер бұрынғы геологиялық дәуірлердегі жасыл өсімдіктер дайындаған заттар.



Өсімдіктөрдің құрылысы:

өсімдіктің әр түрлі қызмет атқаратын мүшелері тамырларға, сабақтарға, жапырақтарға бөлінеді. Жапырақ, сабақ, тамыр, вегатативті мүшелерге, ал гүл, жеміс пен тұқым көбею мүшелеріне жатады. Тамыр арқылы сабаққа, жапыраққа, гүлге, жеміске су, суда еріген заттар және жапырақта түзілген. Органикалық зат ерітінділері өсімдік бойына тарайды. Сабақ буындардан тұрады, одан бұтақ, жапырақ, гүл, жеміс өседі.

Астық тұқымдас өсімдіктер және олардың маңызы.

Бидай. "Ас атасы нан" демекші бидайдан тартып, нан пісіреді. Кебегін пайдаланады.

Арпа. Арпадан жоғарлы сапалы сыра ашытылады. Жармасын малға береді.

Сұлы сұлыдан жарма, ботқа дайындайды. Сұлы дәні – малдың құнарлы жемісі.

Жолжелкен өсімдігін тауып, тамыр формасын, жапырақ жүйкеленуін анықтап, өсімдіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Жолжелкен көпжылдық өсімдік. Тамыры шашақ тамырлы, жапырақ жүйкеленуі паралель орналасқан. Жапырағын, тамырын, дәрі ретінде пайдаланады. Негізгі өсетін жері - жол жиегі. Қан тоқтатуға, іріңді жараның жарылуын тездетуге қолданады.

Адыраспанның емдік қасиеті. Адыраспан улы дәріге жатады. Жүйке ауруына, сал ауруына шалдыққанда қолданылады. Сүйек сырқырап ауырғанда жапырақтармен булайды. Өкпе туберкулезіне, демікпе, ентікпе т.б. өкпе ауруларына ем.



Жерана тобына мынадай сүрақтар қойылды:

Өсімдіктердің адам өміріндегі рөлі.

Жауап: Өсімдіктің адам өмірінде маңызы зор, олардың 20 мыңға жуық түрі пайдаланылады. Өсімдіктерден азық - түлік (астық, қант, өсімдік майы т.б.) алынады, мал азығы, әртүрлі дәрумендер, дәрі-дәрмек жасалады, әсемдік үшін өсіреледі. өсімдіктің ауру тарататын (бактериялар, саңырауқұлақтар) және улы түрлері бар. Өсімдіктердің көбеюі.

Өсімдіктер жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею бір клеткалы, көп клеткалы өсімдікте кездеседі. Жыныссыз көбеюдің бөліну, бүршіктену, вегатативті көбею түрлері болады. Вегатативті көбеюге телу, қалемшелер арқылы жатады. Жынысты көбею жолында жаңа ағза әдетте, аналық және аталық жыныс ағзаларының бастамалары (гаметалардың) қосылуымен жүзеге асады.

Майлы өсімдіктердің және олардың маңызы.

Күнбағыс. Күнбағыстың майлы сорттарында 50-52%дейін май болады. Ол маргарин, әр түрлі бояулар, сабын жасау салаларында қолданылады.

Мақта. Мақта шитінен май алынады. Мақсары дәнінде 25%-ке дейін май болады. Бұлардан басқа зығыр, зәйтүн, сәбізден май алынады. Шайқурай өсімдігін тауып, оның морфологиясын, адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Шайқурай жапырағы сопақша, гүлдері сыпырғы, кейде қалқанша гүл шоғырын құрайды. Шайқурай 99 ауруға ем дейді. Тыныс жолдары қабынғанда, аяқ қол сырқырағанда, бауыр өкпе, бүйрек, ауырғанда ем ретінде қолданады.

Өгейшөптің емдік қасиеті. Тамырын, жапырағын пайдаланады. Жапырағы тер шығарады. /8,6/ Қабынуға қарсы әсер етеді, қақырық түсіреді. Дене сыртындағы іріңді жараларды, ісіктерді емдейді.

Төреші тапсырма берді. Әр топ өздері білетін есімдіктер жайында мақал-мәтелдерді айту. Қай топ көп мақал-мәтел айтса, сол топ жоғары ұпай алады. Атамекен тобының мақал-мәтелдері.

1 Алтын - күміс тас екен, арпа - бидай ас екен.

2 Тікен гүлін қорғайды, балқурай бүрін қорғайды.

3 Баласыз ана - гүлсіз алма.

4 Бетегеден биік, жусаннан аласа.

5 Ердің ұялғаны - өлгені.

6 Түйенің сүйген асы жантақ, тиіннің сүйген асы жаңғақ.

7 Қына тасқа бітеді, ақыл жасқа бітеді.

8 Қоға гүлге бітеді, көк жантақ шөлге бітеді.

9 Ала көркі - мал, өзен көркі - тал.

Төреші 4 деген бағасын Атамекен тобына қойды. Жер - ана тобының мақал - мәтелдері.

1. Арша өскен жерінде, адамзат өскен елінде.

2. Арпасыз ат жүрмейді.

3. Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.

4. Жетімге жеті бидай да тамақ.

5. Көлден кетсе жалбыз мұң, елден кетсе жалғыз мұң.

6. Жақсы адам - елдің көркі, жауқазын гүл жердің көркі.

7. күріш арқасында күрмек су ішеді.

8. Қарағайға қарап тал өсер, құрбысына қарап бала өсер.

9. Тары жеген тарықпас.

10.Түйе атасы - нар, ағаш атасы - шынар.

11. Өзен талмен көрікті, өріс малмен көрікті.

Жер - ана тобына 5 деген баға қойылды.

VІ -пункт. Геометрия.

Геометрия пунктіне келгеннен соң оқушылар өздерінен қашық тұрған жердегі ағаш немесе тас т.б. заттардың ара қашықтығын өлшеді. Бұл кезде олар туризм кезінде қолданатын амалдарды пайдаланды.



Атамекен тобына төреші мынадай тапсырма берді.

Біз мына өткелі жоқ суға бөрене тастап, ары қарай өтуіміз керек бірақ өзен ені неше метр екенін білмейміз, соны табуымыз керек.

Оқушылар дереу өздерінің спроттық бас киімдерінің күнқағарымен өлшеп өзен енін тапты. Ені жуықтап алғанда 4,5 метр болады екен,

Жер - ана тобына мынадай тапсырма берді.

Өзеннің арғы бетінде тұрған бақа терек пен мына біз тұрған жердегі тас арасының қашықтығын табу керек. Жер -ана тобының оқушылары да спроттық бас киімдерінің күнқағарымен өлшеп ағаш пен тас арсындағы қашықтықты тапты. Арасы жуықтап алғанда 8 метр болды.



VІІ-пункт. Гидрология.

Оқушылар өзен маңына келеді. Төреші тапсырма береді. 1-тапсырма. Судың жылдамдығын анықтау.

Екі топ та судың жылдамдығын анықтады. Ол үшін су жиегінен 10 метр өлшеп алды. Кейіннен 1 оқушы суға жапырақ жерді 50 секундта жүріп өтті. 10м/50сек = 0,2м/сек.

2-тапсырма. Ағысы қатты судан өту.

Екі топ та судан еш қиындықсыз өтті. Судан өткенде олар бір-бірінің мойнынан құшақтап, шеңбер жасап айналып өтті.

3-тапсырма. Судың тереңдігін өлшеу.



Атамекен тобы ұзын ағаш тауып әкеліп, оған жіп байлады. Жіптің ұшына тас байлап өзенге тасты батырды. Жіптің су болған жерін өлшеді – 60 см.

Жер - ана тобынан бір оқушы шығып шалбарының балағын түріп, суға түсті. Судың тереңдігін аяғының су болған жері арқылы анықтады.

Төреші екі топқа да 5 деген баға қойды.



VІІІ-пункт. Орнитология.

Төреші жанындағы тақташада 5 экологиялық топқа жататын құстардың суреттері араластырылып қойылған. Әр экологиялық құстарды өз орындарына тез арада орналастыру керек.

1.Мекен-жайды төңіректейтін құстар: бәбісек, сауысқан, қарлығаш.

2.Ашық жерлер мөн су маңында мекендейтін құстар: дуадақ, түйеқұс, тырна.

3. Суда жүзетін құстар: бірқазан, аққу, пингвин.

4. Орман құстары: тауыс, құр, тоқылдақ.

5. Жыртқыш құстары: хатшықұс, бүркіт, жапалақ. Атамекен тобы құстардың экологиялық топтарын 3 минутта құрастырды. 2 құстың орнынан шатасты.

Жер -ана тобы 3 минут 5 секундта құрастырды. 3 құсты қате орналастырды.

Төреші мынадай сұрақтар қойды.

Жыртқыш құстардың сыртқы құрылысында қандай ерекшелік бар?

Тұмсық үстінде балсірі болады, тұмсығы өтө имек мықты болып келеді. Аяғы онша ұзын емес, ұшында өткір тырнақтары бар.

Құстардың өсімдіктер әлеміндегі рөлі.

Құстар арқылы өсімдіктердің тұқым мен ұрықтары таралады. Олар тұмсығымен шоқып басқа жерге апарып тастайды. Сол жерден өсімдік өсіп шығады. Құстардың саңғырығын өсімдіктерге тыңайтқыш есебінде пайдаланады, себебі құрамында азот көп. Ал азот өсімдіктің өсуіне өте қажет элементтің бірі.

Суда жүзетін құстардың сыртқы құрылысында қандай ерекшелік бар?

Денелері жұмыр, мамығы құйымшақ безі жақсы дамыған, саусақтарының арасында керілген терілі жарғақтары болады.

Құстардың жануарлар тіршілігіндегі рөлі.

Құстар, оның ішінде жыртқыш құстар өлекселерді жейді және ауру таратушы ұсақ кемірушілермен, егістік жауы шегіртке, құрт-қүмырсқапармен қоректенеді. Орман құстары ағаш діңіндегі бунақденелілерді жеп, өсімдіктің жақсы өсуіне жағдай жасайды. Төреші мынадай тапсырма берді. Осы төңіректегі ағаштардың басынан құстың ұясын тауып, ол қандай құстың ұясы екенін анықтау.

Атамекен тобы бұл тапсырманы былай орындады. Төңіректегі ағаштың басынан торғайдың ұясын тапты.

Жер -ана тобы да өз кезегінде осы ұяны тапты. Сонымен бірге тағы бір ұя -құрқылтайдың ұясын тапты.

Төреші жанында жұмбақ сурет тұрады. Жұмбақ суреттің әр бөлігінде дөңгелекшелермен қоса суреттер берілген әр бөлікте қай құстардың аты жасырылғанын табу керек.

Жұмбақсуреттің шешуі: 1-қарға, 2-үйрек, 3-тауық, 4-жапалақ, 5-күйкентай, 6-қызғыш, 7-сауысқан, 8-ителгі, 9-бірқазан, 10-нанду, 11-әупілдек, 12-оқпан, 13-түйеқұс, 14-тоты, 15-бөктөргі;

Атамекен тобы 15 құстың 12-сін дұрыс тапты.

Жер - ана тобы 10-н дұрыс тапты.

ІХ-пункт. Айналаны бағдарлау.

Бұл пунктке келгеннен соң, төреші мынадай сұрақ қойды. Компас деген не?

Компас деп - тұстарды (солтүстік, оңтүсік) көрсететін аспапты айтамыз. Компастың магнитті тілшесінің бір жағы солтүстікті, екі жағы оңтүстікті көрсетеді. Азимут деген не?

Азимут - меридиан жазықтығы мен белгілі бір жақтың тік жазықтығының бұрышы. Егер компас арқылы солтүстік тұсты тауып айналадағы кез-келген бір затты алсақ, арасындағы бұрыш азимут деп аталады.

Компассыз, тұстарды қалай анықтауға болады?

• Күн енді шығып келе жатқанда күнге бет қаратып тұрсақ, сол қол жағымсыз солтүстікті, оң қол жағымсыз оңтүстікті көрсөтеді.

• Жеке өсіп тұрған ағаштың бұтақтары көп жағы оңтүстік, аз жағы солтүстікті көрсетеді.

• Кесілген ағаштың діңінің сақиналарын солтүстікте жіңішке, оңтүстікте жуан болады.

• Көптеген жануарлардың інінің аузы оңтүстікке қарап тұрады. Атмекен тобы сұрақтарға жауап беріп, 5 деген бағаға ие болды. Жер -ана тобы толық жауап бермей, 4 деген бағаға ие болды.

Х-пункт. Зоология.

Бұл пунктке келгенде оқушыларға мынадай тапсырма берілді. Жануарлар әлемін жіктеу, яғни бір жасушалы жәндіктер мен көпжасушалы жануарларға кіретін типтердің өкілдері қай класқа жататынын анықтау.

Бір жасушалы жәндіктерге қарапайымдар типі кіреді. Бұл типтің үш класы бар:

1. Жалғанаяқтылар класы, өкілі -амеба;

2. Талшықтылар класы, өкілі - эвглена;

3. Кірпекшелілер класы, өкілі - инфузория;

Көпжасушалы жануарларды құрайтын типтер мен кластар, өкілдер мыналар.

Ішекқуыстылар типі, өкілі - гидра;

Жалпақ қүрттар типі:

1. Кірпекшелі құрттар класы, өкілі - ақ сұлама;

2. Сарғыш құрттар класы, өкілі - бауырсорғыш;

3. Таспа құрттар класы, өкілі - сиыр цепені;

Жұмыр құрттар типі, өкілі - ішексорғы; Буылтық құрттар типі;

1. Сирекқылтанды құрттар класы, өкілі - шұбалшаң;

2. Көпқылтанды құрттар класы, өкілі - құмқазар; Былқылдақ денелілер типі:

1. Бауыраяқтылар класы, өкілі - үлкен таспаұлу;

2. Қосжақтаулылар класы, өкілі - айқұлақ; Буынаяқтылар типі:

1. Шаянтәрізділер класы, өкілі - өзен шаяны;

2. Өрмекшітәрізділер класы, өкілі - өрмекші;

3. Бунақденелілер класы, өкілі - көбелек; Желілер типі:

1. Сүйекті балықтар класы, өкілі - құрбақа;

2. Қосмекенділер класы, өкілі - құрбақа;

3. Жорғалаушылар класы, өкілі - сұр кесіртке;

4. Құстар класы, өкілі - аққу;

5. Сүтқорктілер класы, өкілі - арыстан;

Атамекен тобы жануарларды өте тиянақты қатесіз жіктеді. Әр типке жататын өкілдерді дұрыс орналастырды. Әр өкіл қай класқа жататынын дәлме-дәл анықтар берді.

Жер- ана тобы жануарларды жіктегенде қателік жіберді.

Былқылдақденелілер мен буынаяқтылар типі өкілдерін шатастырып алды. Құмқазардың көп қылтанды құрттар класына жататынын таба алмады.

Екі топқа да мынадай тапсырма беріледі. Атамекен тобына – топырақ арасынан, Жер - ана тобына - су астынан бір жәндік тауып, оның класқа жататынын, тіршілік ортасы мен сыртқы құрылысына сипаттама беру және табиғаттағы маңызын айту.

Атамекен тобы топырақ арасынан шұбалшаңды тапты. Шұбалшаң топырағы құнарлы, ылғалды жерлерде тіршілк етеді. Денесі жұмыр, созылыңқы, бірнеше қысқа қылтандары болады. Сол қылтандары арқылы қозғалады. Шұбалшаң топырақ арасына ін қазып, топырақты ауамен қамтамасыз етеді. Ол топырақты жапырақ қалдықтарымен қоса жейді де, сыртқа шыққан топырақ құнарланады.

Атамекен тобы 5 деген баға алды.



Жер - ана тобы су астынан сүлікті алды. Сүлік су астында, суы тартылып қалған тоқтау суларда тіршілік етеді. Денесінің бір жағы жалпақ денесінде өте ұсақ бүртіктер болады, денесінің екі жағында да сорғыштары бар. Сол сорғыштары арқылы адымдап, қозғалады.

Сүлікті медицинада қолданады. Сүлік жақтарымен тістеген кезде ауыздан гирудин деген сілекей бөлінеді. Гирудин қанды ұйытпай, сұйылтатын зат.

Жер - ана тобы 3 деген баға алды.

ХІХ-пункт. Арқан байлау.

Арқан байлау пунктіне келен соң, оқушылар арқан (жіп) байлаудың көптеген түрлерін пайдаланып сақтандыру шараларын қалай жүргізуге болатынын үйрөнді.

І-топ арқан байлаудың көптеген түрлерін біледі екен:

1.Тура түйін. Екі жіпті жалғау арқылы түйіндерді шешілместей етіп байлады.

2. Өткізіп байлау тәсілін тасқа байлап көрсетті.

3. Буындырып байлауды ағашқа байлап көрсетті.

4. Айқастырып байлаудың 2 түрі бар екенін айтып байлап көрсетті.

5. Үзөңгі байлауды I топ қалай байлану ережесін айта алмады.бүдан соң, I топ оқушылары тоқыма байлау, көкірекке байлау тәсілдерін көрсетіп қандай жағдайларда қолданатынын айтты.

Төреші I топқа 4 деген баға бөрді.

ІІ-топ та І-топтан қалыспады. Олардың байлаған жіптерінің түрлері мынадай:

1. Бұл топ та тура түйін байлап көрсетті. Бұлар тура түйіннің көптеген түрлерін байлады.

2. ІІ-топ та өткізіп байлауды жартасқа байлап көрсетті.

3. Буындырып байлауды жақсы байлап көрсете алмады.

4. Айқастырып байлаудың 2 түрін де жақсы байлап көрсетті.

5. Үзеңгі байлауды қалай байлайтынын, жарақаттанушыны жардан төмен түсіру үшін байланатынын айтып, бір оқушыны байлап көрсетті.

II - топ оқушылары бұл тәсілдерден басқа қазық шалу тәсілін байлап көрсетті.

II- топқа салыстырмалы түрде 5 деген баға берді.

ХІІ-пункт. Этнография.

Оқушылар ашық алаңқайға келді. Мынадай тақарапқа мақал - мәтелдер айту керек.

1. Жер туралы.

2. Су туралы.

3. Жасыл - желек туралы.

4. Аң мен құс туралы.

5. Жалпы табиғат туралы.

6. Табиғатты қорғау, күту туралы.

Осы жазылған тақырыптардың барлығына топ оқушылары мақал- мәтел айтты. Қай топ көп мақал-мәтел айтса сол топқа жоғары баға қойылады.

Атамекен тобының мақал-мәтелдері:

Жері байдың елі бай; Жер байлықтың көзі; Су бар жерде өмір бар; Су - дүниенің басы; Сулы жер - нулы жер; Жер - әке, су қамқоршы ана; Бұлақты жер - тұрақты жер; Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын; Арманымен ер сұлу, орманымен жер сұлу; Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті; Көк құрақ-көлдің сәулеті, құс пен аң-елдің дәулеті; Аққу, қазсыз - көл жөтім; Қарға баптанып, сұңқар болмас, есек мақтанып, тұлпар болмас; Табиғат - адамның алтын бесігі; Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ; Бұлақ көрсең, көзін аш, құдық көрсең -басына тал ек; Күте білсең жер жомарт; Бір тал ағаш өсірсең, еңбегіңнің жанғаны, абзал адам өсірсең, басыңа бақ қонғаны; Атамекен тобы 18 мақал -мәтел айтып, 4 деген баға алды.



Жер -ана тобының мақал - мәтелдері:

Жер ырыстың кіндігі; Жаман - әйел ер қадірін білмес, жаман адам - жер қадірін білмес; Су - тіршілік тірегі; Су анасы - бұлақ; Су ішкен құдығыңа түкірме; Су - ырыстың көзі; Еңбек - кірістің көзі; Жер - қазына су алтын; Сусыз жердің шөбі сұйық, суайт адамның сөзі сұйық; Бір тал кессең, он тал ек; Дана көркі - шал, өзен көркі -тал; Ер - елдің көркі, орман - тоғай жердің көркі; Үш іс тындырған адам бала өсірген кісі, тал өсірген кісі және кітап жазған кісі өлмейді; Қаз ұшып кетсе - көлді үйрек жағалар; Өлеңге енсе, сөз сұлу, аққу жүзсе, көл сұлу; Топырағым түгілі, жапырағымды сатпаймын; Қара жерге не ексең соны орасың, табиғаттан алсаң қарыз боласың; Таза ауа ас емес, астан бірақ пәс емес; Жылап жүріп арық қазсаң, күліп жүріп су ішерсің; Қара жер қарыз арқаламайды; Ғұмыр жасыңды ұзартқың келсе - ағаш ек; Адамгершіліктің үш сауабы - шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған және жолға ағаш еккен;

Жер -ана тобы жарысу барысында 23 мақал -мәтелдер айтып, өздеріне 5 деген бағаны алды.

ХІV -пункт. Ас адамның арқауы.

Бұл соңғы пункт . Бұл пунктте екі топта ашық алаңға жиналып өздері алып келген азық -түліктен ас әзірлеуге кірісті. Төреші екі топқа да тапсырма берді.

1. Тапсырма. Ошақ қазып қазан орнату.

2. Тапсырма. Ас пісіру жолдары .

Оқышылар осы тапсырмаларды орындады.Тамақтанып болған соң, төрешілөр екі топтың да дайындаған тағамдарына өте жақсы деген баға берді.

3. Жарысты қорытындылау .

Шешуші кезең келіп жетті.төрешілер жиналып жарыс қорытындысын шығарды.Топ басшыларының қолындағы әр пункттегі төрешілер қойған бағаларды есептеді .Атамекен тобы 61 ұпай жинап жеңіске ие болды. Жөр - ана тобы 59 ұпай жинады. Жарыс 1430 сағат аяқталды /17/.

2.4. Жас табиғатшылар үйірмесі

Географиядан орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың ішінде, негізгі орынды алатын жас табиғатшылар үйірмесі. Жас табиғатшылар үйірмесінің негізгі мақсаты - оқушылардың пәнгө қызығушылығын арттырып, білім деңгейлерін көтеру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және бақылау, зерттеу, эксперимент жұмыстарын орындау икемдағдыларын қалыптастыру.

Жас табиғатшылар үйірмесінің жұмысы жүйелі түрде, нақты құрылған жоспармен жүргізіледі. Оқушылар саны тұрақты, өз еріктерімен қатысады.

Мектеп тәжірибесінде әр сыныптарда жас ерекшеліктеріне байланысты арнайы үйірмелер болады:

• 6-7 сыныптарда "жас ботаниктер" үйірмесі.

• 7-8 сыныптарда "жас физиолог" үйірмесі.

• 10-11 сыныптарда "жас георафия" үйірмесі.

Бұлардың барлығы "жас табиғатшылар" үйірмесі деп аталады. Барлық топтағы үйірмелердің бір-бірімен тығыз байланыста болуы, көпшілік іс-шаралар мен пайдалы жұмыстар жүргізген кезде жеңілдік туғызады.

Үйірмеде орындалатын жұмыстарды сабақ кезінде пайдалануға болады. Үйірме жұмыстарын дайындауда оқушылар еңбек етуге, этикалық тәрбиеге дайындалады. Ұжымдық еңбек етуге үйренеді.

Үйірмедегі әрбір оқушының жеке жұмысын, ұжымдық, көпшілік жұмыстармен сәйкестендіру, оқушылардың көпшілік сезімін дамытады. Орта буын оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, үйірме жұмысының алуан түрлі болуын, оқушылардың қызғушылығын дамытып, шығармашылықтарын көтеретіндей болуын көздеу керек.

Үйірме жұмыстары қатысатын оқушылар саны 15-20-дан жоғары болмауы көрек. Одан асса екінші топ ұйымдастырған жөн. Үйірме жұмысы аптасына 1 рет немесе айына 2 рет ұйымдастырылады. Үйірме жұмыстары жалпы тақырыпты қамтиды, әдебиеттермен танысу, эксперимент жұмыстары жекеше және ұжымдық жұмыстар жүргізудің әртүрлі тәсілдерін қамтып орындалады.

Өсімдіктану пәнінен үйірме жұмыстарында мына тақырыптар бойынша жұмыс жүгізуге болады: "Орман байлықтары" (қазан айы), "Терезе алдындағы бақ" (қараша, желтоқсан айлары), "Жасыл құрылыс" (наурыз, сәуір, мамыр), "Мәдени өсімдіктер" (қыркүйек, қазан), "Көзге көрінбейтін тасадағы әлем" (желтоқсан, қаңтар).

Жануар пәнінен: "Бір тамшы судағы тіршілік", "Ауру жануралар", "Теңіз түбіндегі тіршілік", "Тоғандағы тіршілік", "Қауіпті бауырымен жорғалаушылар", "Жойылған ғажаптар", "Қанатты достарды қорғау", "Біздің құстар", "Тамаша зоология жаңалықтары" "Жануарлардың мінез-қылықтарын басқару құпиясы" тақырыптарын қарастырамыз.

Тәнтану пәнінен үйірме жұмыстарында қарастырылатын тақырыптар: "Адам денсаулығы және өмірі үшін күрес" (Қан құю, жүрекке жасалатын ота, иммунитет туралы, мүшелерді алмастыру, ағзаны тірілту, эмбриондарды тасымалдау т.б.). "Адам миының құпиялары" (ұйқы және гипноз, инстинкт және сана, тежелу процесінің адам және жануар тіршілігі үшін маңызы), "Ғылымның даму тарихы" (Ұлы физиолог ғалымдар И.М.Сөчөнов, И.П.Павлов т.б.)

Тіршіліктану пәнінен үйірме жұмыстарының жоспарында жоғарғы сынып оқушыларының дүниеге көзқарасын, ғылымға, табиғатқа, қоғамға қарым-қатынастары мен көзқарастарын тәрбиелейтін тақырыптарды біріктіру керек. Мысалы, "Жер және адамның өткендегі дәуіріне саяхат", "Табиғат зерттеуші - үлы ғалымдар", "Тірі жасушаның тіршілігі", "Мендель заңдары", "Табиғаттағы қоректік тізбек", "Биология және келешек", "Космостық биология", "Биосфераны қорғау", "Дүниежүзілік мұхиттарды зерттеу".

Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ішінде танымжорықтық (экскурсия) өзіндік орны бар.

Танымжорық ол орыс тілінде "экскурсия", латынша "excurcion" (сапар, серуен) ғылыми, білім беру, мәдени ағарту мақсатында белгілі орындарға ұйымдастырылған ұжымдық сапар және жорық.

Танымжорық оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімін, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруы, табиғаттың даму заңдарын жеңіл түрде ұғындырумен қатар, идеялық тәрбие жұмысының біршама дербес формасы, ол адамның рухани байлықты игеруіне көмегін тигізеді және көзделген мақсатқа жету үшін қолданылатын көмекші иллюстриялық құрал рөлін атқарады. Танымжорық арқылы оқушылардың ой-өрісінің кеңеюін айналамызды қоршаған дүниө жайлы олардың құбылыстардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы туралы білімдерінің молаюы, танымдық мүдделердің дамытылуы сияқты дидактикалық міндеттерді шешуге болады.

Танымжорық әлеуметтік психологиялық - педагогикалық тәрбие береді. Олар эстетикалық, этикалық, адамгершілік, денешынықтыру, еңбекке баулу, экологиялық тәрбие берумен қатар оқушылардың белгілі бір пәннен сабақ үстінде алған білімін толықтырып, тереңдетуге мүмкіндік береді. Баланы қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай беруге үйретеді.

Танымжорық мақсаты - оқушылардың сана-сезімін толықтырып, ой-өрісін кеңейту үшін арналған қосымша сабақ ретінде мектеп бағдарламасында міндетті түрде өту, яғни оқушылардың сана-сезімін толықтыру, келесі сабақтарда осы өткізілген танымжорықтар жөнінде әңгімелесу арқылы олардың есте сақтау қабілетін байқау.

Белгілі педагог, әдіскер К.Г.Ягодовский XX ғасырдың басында танымжорық жүргізіудің негізгі ұстанымдарын ұсынды, ол "Танымжорықтың негізгі мақсаты оқушыларға тірі заттардың аттарын жаттату емес, табиғатты бақылауға (көруге) үйрету",- деді. А.А.Коменскийдің пікірі бойынша "адам баласы мүмкіндігінше білімді кітаптан емөс, аспаннан, жерден, еменнен, үйеңкідөн т.б. білетін болу керек. Заттар туралы бөгде біреудің байқаулары мен куәландіруінен емес, тікелей заттың өзінен үйренетін болуы тиіс".

Табиғатқа жасалған танымжорықтың маңызды міндеттерінің бірі - табиғатты қорғау, табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарау мәселелерін барынша насихаттау. Мысалы, жануларлар дүниесіне саяхат жасалатын болса, онда танымжорыққа шығар алдында аңшылардың ережесі, броконьерлермен күрес жолдары, жануарлардың, құс пен балықтардың "Қызыл кітапқа" жазылған, құрып бара жатқан түрлері таныстырылады. Мысалы, зоопаркке барған кезде оқушылар өздерін қалай ұстауға, оларды мазалауға болмайтыны айтылады. Ал өсімдіктанудан танымжорық кезінде өсімдіктердің жағдайын мысалы, ағаштардың құрал қалғаны, гүлді өсімдіктердің солуы жөнінде балаларға түсіндіріп, оған адамдардың кінәлі екенін өсімдіктерді қорғау керектігін түсіндіріп беру тиімді болады.

Танымжорыққа шығар алдында оқушыларға нені бақылау керегі, яғни бақылауға алынған объектіні таңдап алуды, жинақтамаға нені жинайтыны, табиғат аясында өзін-өзі ұстауға ескертіледі. Оқушыларды бақылауға, зерттеуге үйрету үшін олардың көзіне айқын түсетін ең жақын, ең таныс жергілікті объектілерді бастаған жөн. Оқушылар табиғат құбылыстарының өзгеру, даму ерекшеліктерін өздері қатысып байқау, бақылау нәтижесінде түсінетін болса, кейін бүкіл табиғат заңдылықтарын түсіну дәрежесіне көтеріледі. Өздеріне белгілі тіршілік пен құбылысты таныстырудан бастап, соған негізден оқыту оқушылар ойының саналы түрде дамуына жағдай жасайды.

Оқушыларды төңіректегі әлеммен таныстыруды олар үшін белгілі де түсінікті және таныс мәселелерден бастау керек. Танымжорық кезінде балалар әртүрлі сұрақтарға жауап табады. Оқушының ойлау, көз алдына елестету қабілетін, сезімдерін дамытуға табиғаттың әсері өте күшті. Оқушы табиғатты алғашқыда өте сезімталдықпен қабылдайды. Оның көз алдында төңіректегі сұлулығы ашылады. Танымжорық бүкіл оқу жылы бойына өткізіліп тұрады, олар оқушыларды айнала қоршаған ортамен таныстырады. Танымжорық жылдың кез-келген мезгілінде өткізіле береді. Қысқы жылдың кез-келген мезгілінде оқушылар өздері күзде болған таныс жерлерін аралайды. Орман ішінде болған өзгерістерді байқайды. Неліктен қар жауатынын, шырша мен қарағайдың қыста неліктен бұрынғысынша жап-жасыл болып тұратыны жөніндегі сұрақтарға мұғаліммен бірге жауап іздестіріп табады.

Қысқы танымжорық кезінде оқушылар өсімдіктерді, қыста қалатын құстарды бақылайды. Оқушылар мынадай тапсырма алады. Қысқы орман қандай болатынын бақылау және танымжорықтан кейін алған өз әсерлерін бейнелеу.

Көктемде бақ ішіне танымжорыққа шығуға болады. Мұнда оқушылар көктемнің май айында гүлдеп тұрған алма, шие, алмұрт, қызыл шие ағаштарын көреді, көктемнің белгілерін байқайды. Олардың назарын қаулап өсе бастаған шөпке, оның ашық жасыл түсіне аудару қажет. Орман ішіндегі ағаштар көктемгі сәніне енеді. Көктемгі орманның үнін, құстардың сайрағанын тыңдауға болады.

Күзгі орманға жасалатын танымжорық тапсырмалары мынадай болуы мүмкін. Күзгі букет, гербарий үшін ағаштар мен бұталардың жапырақтарын жинау, танымжорықта алған өз әсерлерін жазу, өсімдік түрлерін бақылау, материал жинау және көркемдеу үшін оқушылар топтарға бөлінеді.

Танымжорыққа қорытынды жасай отырып, мұғалім табиғат байлықтары жөнінде білім қалыптастырады. Оқушылардың білім жетістіктерінен биология мұғалімінің өз білімін оқушыларға бере білуі тәрбиесіндегілерді пәнге қызықтыра білудегі үлкен еңбегі көрінеді.



Б) Экологиялық соқпақтар.

Оқушылардың экологиялық тәрбие беру жұмысында экологиялық соқпақтың да өзіндік орны бар. /15/Экологиялық соқпақтың танымдық, тәрбиелік және ұйымдастырушылық маңызы ерекше. Баланы табиғи ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге үйретеді. Экологиялық соқпақ ұйымдастыратын аймақ алдын-ала тексеріліп, ондағы табиғи жағдайлар ескеріледі, оған қатысқан әрбір оқушының бойында табиғатқа аяушылық сүйіспеншілік сезім, дүниетанымы қалыптасады, сол арқылы өз құрбыларына ерекше ықпал жасайды. Оқушылардың экологиялық білімін тереңдете түсуде табиғат аясының рөлі өте зор. Өйткені, табиғат аясында білімдерін практикамен ұштастыра түседі. Сыныптарда оқыған, көрген өсімдіктер мен жануарлар дүниесін өз көздөрімен көріп, олардың биологиялық және экологиялық тәрбие берудің мұндай түрлеріне мектеп жанындағы тәжірибе участоктері, ботаникалық бақ, зоопарк, ұлттық парктер, қорықтар, табиғат ескерткіштері, тарихи ескерткіштер т.б. жатады.

Оқушылар далалық саяхат барысында табиғат объектілерімен бетпе-бөт кездесе отырып, оның өзгеру себептерімен, организмдердің көптүрлігімен, қорғауды ұйымдастыру, табиғатты тиімді пайдалану, табиғатты аялау сияқты т.б. адам мен табиғат расындағы қарым-қатынасты терең сезініп оларға деген аяушылық сезімі мен жауапкершілігі арта түседі. Оның үстіне өзін табиғатта қалай ұстау керектігін, табиғат қорғау белгілері туралы, табиғатты пайдалану тәртібін, табиғат қорғау құқықтарын сезінеді.

Экологиялық соқпақты мұғалімдер ұжымы бірлесіп ұйымдастыруы қажет. Оның алдын-ала жоспары жасалып, картасымен танысып, оның бойындағы табиғат объектілері зерттелінеді. Экологиялық соқпаққа география, биология, экология, химия, тарих пәндерінің мұғалімдері қатысса, ол өте жоғары деңгейде өтеді.

Экологиялық соқпақтың негізгі мақсаты оқушылардың табиғат ортадағы мінез-құлқын, этикасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру болғандықтан оның жауапкершілігі жоғары болады.

Экологиялық соқпақ негізінен саяхатшылардың 3 категориясын қамтиды:

1. Педагогтар мен тәлімгер;

2. Оқушылар;

3. Табиғатты сүюші көпшілік қауым.

Әрбір экологиялық соқпақ оқушының қызығатын, әрі қимайтын орнына айналуы тиіс, Экологиялық соқпақтың ұзындығы 1,5-2 шақырымнан аспағаны жөн, егер одан ұзақ болса, оқушыларды жалықтырып жібереді. Экологиялық соқпақтың мектеп маңында болғаны жөн. Экологиялық соқпақ өтетін табиғат алқабында әр түрлі ландшафтар қамтылып, онда сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері болуы тиіс. Сонымен бірге эколгиялық соқпақ өтетін жер антропогендік әсерлерге ұшыраған алқаптарды да қамтығаны жөн, ластанған су айдыны, қоқыс-қалдықтар, эрозияға ұшыраған жер, карьер, өртенген орман алқабы немесе дала т.б. жерлер болса, сол арқылы адамдардың табиғатқа әсеріне оқушылардың көзін жеткізуге болады.

Экологиялық соқпақ ететін жер алдын-ала тексеріліп, жергілікті шаруашылық иелерімен келісіп, шарт жасасып, заңдастырылады. Экологиялық соқпақтың ашылуына ерекше көңіл бөлу керек, әрбір оқушының есінде өмір бойы ұмытылмайтын әсер қалдыратындай салтанатты түрде өткізілсе ғана оқушы табиғат алдында жауапкершілігін сезіне алады. /10,12/ Экологиялық соқпақтың оқушыларға пайдасы:

• Пәннен алған табиғат туралы білімін толықтыруға әсер етеді;

• Табиғатқа деген сүйіспеншілік артып, тек сабақ үрдісінде алған біліміне сүйенбей, оқушы экологиялық соқпақ кезіндегі алған іс-тәжірибелеріне сүйенуіне мүмкіндік алады;

• Табиғатпен, айналадағы ортамен тікелей қарым-қатынастың нәтижесінде оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігі, жанашырлығы, аяушылық сезімі, экологиялық санасы қалыптасады;

• Оқушылардың табиғат байлықтарын күтіп-баптау жөнінде, оларды ұқыпты, үнемді пайдалану туралы түсініктері қалыптасады.

Экологиялық соқпақтан келгеннен кейін өз көрген білгендері, атқарған жұмыстары жөнінде шығарма жаздырып, оқушылардың табиғатқа қары-қатынасын білуге болады.



3 ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ



3.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-

педагогикалық негіздері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында "Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті" делінген. 1997 жылдың тамыз айынан бастап Республикамызда табиғат қорғау туралы жаңа заң күшіне енді. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экономикалық, практикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп берді. Ол мынадай тармақтардан тұрады:

I. Республикада халыққа білім беру орындары табиғат жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесін жүзеге асыру.

2. Жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің орта, арнаулы, жоғарғы оқу орындарында олардың біліктілігін арттырудың барлық мүмкіндіктерін жасау.

3. 64-бапта айтылғандай оқу орындарында міндетті түрде экологиялық білім берудің қажеттілігі бойынша азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті экологиялық білім мазмұнын ашу үшін, оқу орындарының ұстаған бағдарына қарамастан, барлық жоғары және арнаулы оқу мекемелерінде экологиялық білім негіздерін түрде оқыту.

Қазіргі кездегі білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің бірі - жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мөн тәрбиесі орта және арнаулы білім беру ордаларында қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.

Әлөмдік ғылымдар саласында ғылыми - техникалық үрдісі әлдеқашан экология, табиғаттану табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда.

Соңғы кезде экологияны биология ғылымының саласы, бөлімі ретінде емөс, жеке ғылым тұрғысынан да қарастырып жүр.

Сондықтан әртүрлі экологиялық мәсөлелөрді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы қамтиды да, әрқайсысы өз ілімі саласынан зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы, биосфера туралы ілім, экожүйе, биоэкология, қоршаған ортаның экологиялық дағдарысы туралы зерттесе, ал тиімді пайдалану мен қорғау, географиялық орта мен геожүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылық қызметіне тигізетін әсөрін зерттейді.

Табиғат қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында:

"Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіріп жүзеге асыру" - деп көрсетеді. Осыған байланысты республикамыздың үздіксіз білім беру жүйөсінде, яғни бала-бақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білімдер беруді жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыру міндетті. Оқушыларға, студенттергө экологиялық білім және тәрбие беру проблемаларын Х\/І-Х\/ІІІ ғасырлары ұлы педагогтар: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоццы, Ф.Дистервег, А.Гумбольдт тағы басқа прогресшіл ой-пікірлері классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді.

XIX ғасырдың демократ-ағартушылары: В.Г.Белинский, А.Н.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев мектепте табиғат туралы саналы білім беру және адамның табиғаттағы мінез-құлқын айқындайтын моральдық санасының қалыптасуына әсер ететіндігіне ерөкше мән берді.

Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары: Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарастарының негізі - көшпенді елдің өмірінө, ата-ананың шаруашылығына бейімделгөн егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға қайту, аң аулау көздерін еске ұстап, табиғаттың тепе - теңдігін сақтауға ақыл - кеңестер берген.

Халқымыздың табиғатқа дегөн сүйіспеншілігі және оның көзінің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана ұғымдар, мақал - мәтелдер, нақыл сөз, аңыз әңгімелер арқылы жетіп отырған. Сондықтан әрбір ұстаз, әрбір тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халақтық педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, оны тиімді пайдалану білуі тиіс.

Мектөп тәжірибесінде экологиялық тәрбиенің қажеттігі Ресей педагогы В.А.Сухомлинский балалардың бойында табиғатқа сүйіспөншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айыр бастауға болмайтынын тәрбиенің негізі деп, есептеді. "Табиғат, жер табиғаты -бұл жәй кішкентай өсетін және жер бетінде алғаш қадамдарын жасайтын орта ғана емес, он мыңдаған өте жіңішке тамырлары қуат алып, шырынын бұтақтары мен жапырақтарына тарататын құдіретті адам - ағаштың өркен жаятын ортасы" - деп, эмоциялық тұрғыдан берген.

Профессор В.Н.Скалон "Гүлденген, бай табиғат - арман емес, бұл шындық, бірақ оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу іскерлігімізге байланысты. Баланы жастайынан тірі затты аяушылыққа дағдыландыру керек, мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік болсын" - деп айтқан.

Жоғарыда айтылып кеткен ұлы ағартушылар мен педагог -ғалымдардың табиғатты қорғау, оған деген жанашырлық сипаттағы наным - сенімдерді қалыптастыру мәселелері бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Олар табиғат арқылы жасөспірімдөрдің табиғатты қорғау, аялау, соның барысында ішкі жан сұлулығын дамыту, ізгілікті ұлтжандылық ниеттерін қалыптастыру мақсат міндеттерін көкейкесті мәселе ретінде қоя білді.

Қазіргі уақытта "Экология" деген ұғым, үлкен теориялық және практикалық маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған саласының біріне айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми - теориялық негізі. Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады. Экологиялық білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ол үшін арнайы мамандар дайындау - жалпы білім беру жүйесінің алғы шарты.

Экологиялық білім және тәрбие беруде төмендегі қағидалар басшылыққа алынады:

1. Гуманистік қағида - адамзат қолайлы ортада өмір сүруі тиіс. Ол үшін экологиялық білімді қалыптастыру арқылы рухани ізгілік пен заңдылыққа сүйенетін жер бетіндегі өмірді сақтап қала алатын, экологиялық апаттарды болдырмайтын саналы тұлғаны тәрбиелеу.



2. Ғылыми қағида - білім беру барысында ұстаздардың табиғат пен экожүйенің даму заңдылықтарын терең ұғындыра білуі.

3.Болжам жасау қағидасы - ұрпақтар санасына болашақ туралы ой салып адамзаттың даму жолдары туралы биолгиялық әр тіршілікті, генетикалық қорды, адам популяциясын сақтау жолдарын болжауға, негіздөуге ұмтылдыру.

4.Жалғастық қағидасы - экологиялық білім беру толассыз жүруі тиіс. Білім беру мектепке дейін де, мектептен кейін де үзіліссіз жүруі керек. Білім деңгейі әрдайым жоғарылап, тереңдеуі тиіс.

5.Жүйелендіру қағидасы - экологиялық білімді көтерудің жүйелі түрде жүруін әр түрлі тәсілдерді жан - жақты қолдана отырып, ұйымдастыру үлгісін әрдайым жетілдіре беру керек.

Бүгінгі таңда педагогика ғылымының салалары экологиялық білім мен тәрбиенің ғылыми негіздерін, ұстанымдары мен міндеттерін толық анықтауға ұмтылуда. Мектептегі экологиялық білім беру әдістемелік және теориялық тұрғыдан зерттелуде.

Экологиялық білім мен тәрбие беруді барлық пәндердің нақтылы мазмұнына сүйене отырып жүргізу мүмкіндіктерін зерттеу - басты мәселе. Ал, пәндерді экологияландыруда оқушыларға табиғат жайлы білім негіздерін беріп қана қоймай, әр пәннің оқушыларды қоршаған ортасын сүюге баулудағы тәрбиелік орнын, қуатын аша отырып оқыту, сол арқылы оқушының дүние танымын, эстетикалық сезімін, мейірімділік, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін дамытуға, яғни қоршаған ортасына қиянат жасамауға, оның заңдылықтарын ескере отырып, жаңартуға, қорғауға атсалысуына басты назар аударылады.

Табиғатқа адамзат әрекетінің күшеюі экологиялық мәселөні туындатуда. Ал оған теорияның және іс жүзінде мән берілуі - табиғат пен практиканы дамытудың қажеттілігі керек. Жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажет. Бірақ қазіргі мектеп практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалуда. Сол себепті экологиялық сауатты, тәрбиелі жастарды дайындауды толықтай қамтамасыз ете алмай отыр./8/ Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, мұндай жағдайлардың туындалуындағы басты себептердің бірі - гуманитарлық циклді пәндер мазмұнында әлеуметтік экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі. Сондай-ақ экологиялық мазмұндағы гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының бір-бірімен байланыстылығының болмауы деп түсіндіріледі.

Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселөсінің қандай да болмасын бір ғана мектеп пәні арқалы шешілуі мүмкін еместігі айқын. Шын мәнінде қоршаған ортаны қорғау идеяларының мазмұнын ашатын бірдө-бір пән жоқ. Мектептегі экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесінің жеке пәндерде біріктірілген мазмұны болуының мүмкіндігі оны әрбір пәннің өз тұрғысынан қарастыруын, зөрттелуін қажет етеді.

Қазіргі заман талабына сай мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты мынадай міндеттерді шешу талап етіледі:

І.Оқушының психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерімен санасу.

2.Экологиялық тәрбиені пәнаралық байланыстар негізінде іске асыру.

З.Оқу курстарының жүйесі мен өзіндік құрылымы, оны оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін басшылыққа алу.

4. оқулықтағы экологиялық сипаты бар материалды іріктей білу.

Оқушылардың экологиялық тәрбиесін бағалауда /25/ іс - тәжірибеде қолданылып жүрген мынадай мотивтерді жіктеп көрсетуге болады:

1. Адамзаттық - патриоттық себеп (мотив) - табиғат байлығын байыта түсуге ынталануы, табиғатты қорғауды қоғам алдындағы борышы деп ұғынуы.

2. Эстетикалық себеп - табиғат сұлулығын ұғынып, ол арқылы рухани күш алуы.

3. Гуманистік себеп - оқушылардың іс - әрекеттері мен қылықтарында барлық тіршілікті қорғауға ынталандыруы, жақсылық жасау, жамандыққа күйіну сезімінің көрінісі.

4. Ғылыми - танымдық себеп - табиғи ресурстарды адамның тұрмыс тіршілігінің көзі екенін, оның маңыздылығын бағалай білу.

5. Экономикалық себеп -практикалық себеп - табиғи ресурстарды адамның тұрмыс тіршілігінің көзі екенін, оның маңыздылығын бағалай білу.

6. Гигиеналық себеп - табиғаттың адам денсаулығына пайдасын ұғыну және зиян келтірмеуге тырысу.

Экологиялық білім беру қажеттілігі "адам - қоғам - табиғат" жүйесіндегі өзара әсерлесудің диалектикалық сипатынан туындайды. Қоғам мен табиғат арасынадғы күрделі қатынаста адамды, табиғатты өзгертіп әсер етуші субъект әрі сол іс-әрекетінің жағымды және жағымсыз нәтижелері өзіне қайта айналып сағатын объект ретінде қарастыру қажет. Осы екі жоқтылық пен қайшылықтың дүниеге ғылыми экологиялық, көзқарас қалыптастырудағы маңызы зор. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған экологиялық проблемалардың жинақталған түрі 1-кестеде келтірілді. Кестеде келтірілген мәселелерді әлемдік деңгейде тиімді шешу антропогендік фактордың жағымсыз әсерін азайтады, жағымды жақтарын молайтады. Кестеден экологиялық білім мен тәрбие беру экологиялық проблөмаларды шешудің бір жолы екені көрінеді.

Экологиялық білім мен тәрбие мына бөліктерден тұрады:

а) адам мен табиғаттың бір- біріне әсері жөнідегі білім;

ә) жасөспірімде экологиялық құндылықтар жөнінде білім қалыптастыру;

б) экологиялық этика қалыптастыру;

в) табиғатты білу мен қорғаудың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

Экологиялық білім мазмұнының құрам бөліктері бір пәннің тіпті бір мектептің деңгейінде қалыптасуы мүмкін емес. Қазіргі кездегі педагогикалық әдістемелік әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде экологиялық білім берудің мынадай ұстанымдары айқындалған.

1. Экологиялық білімді пән аралық байланысты жүзеге асыра отырып беру. Мұның әдістемелік негізі "адам - қоғам - табиғат" жүйесінің бірлігінде, жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдардың бір - бірімен байланыстылығында жатыр.

Экологиялық білім беруде осы ғылымдардың бәрінің қолы жеткен жетістіктері іске жаратылады. Бұған қарағанда пән аралық байланысты жүзеге асыратын экологиялық көзқарас мектепте оқылатын барлық пәндердің басын біріктіретін жинақтаушы идея ретінде қызмет атқаруы тиіс. Осы кезге дейін жек дара жүргізіліп, әр пән өз қазанында қайнап олардың бәрін біріктіретін жетекші идеяның болағаны белгілі. Ендігі жерде жеке пәндерді экологияландыра оқыту мен тәрбие беру үрдістерінің бірлігін қамтамасыз ету керек.

2. Экологиялық білім беруде жүйелілік және үздіксіздік ұстанымдарын қолдану. Мұның мәнісі тәрбие беру адам дүниеге келген күнінен отбасында басталып, бүкір ғұмыры бойында жалғасын табуы тиіс. Ол үшін жүйелілік тәсілін қолдана отырып, әр буында берілетін экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы, тиімді әдістері мен ұйымдастыру формалары анықталады.

3. Оқушылардың табиғатты танып білу, сақтау және жақсарту бағытындағы ақыл-ой және сезім-ерік әрекеттерінің бірлігін, үйлесімділігін қамтамасыз ету. Мұның өзі экологиялық сана және мәдениет қалыптастыру мен тығыз байланысты. Табиғаттың тамаша көріністері оқушыда эстетикалық қуаныш, ал бүлінуі аяныш сезімін туғызып, нақтылы іс-әрекеттерге итермелейтін күйге жеткізу. /8/

4. Табиғатты сақтау мен көркейтуге байланысты экологиялық мәселелерді әлемдік, жеке елдік және өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге жеткізу, оқыту үрдісінде олардың өзара байланысын алып көрсетуге байланысты экологиялық мәселелерді әлемдік, жеке елдік өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге жеткізу, оқыту үрдісінде олардың өзара байланысын ашып көрсету.

Осы ұстанымдарға сәйкес экологиялық білім берудің бағыттары мен үлгілері қалыптасып келеді:

1.Оқушыларда экологиялық ғылыми көзқарас қалыптастыру. Ол үшін адам мен табиғат арасынадағы қатынастардың философиялық проблемаларына көңіл аудару.

2. Айналадғы ортаға байланысты жек аймақтарда және салаларда жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелерін экологиялық білім беруге пайдалану.

3. Жеке пәндерден берілетін ғылым негізін экологиялық материалдармен толықтырды.

4. Орта мектепте экологиядан жүйелі білім беретін арнайы пән енгізу.

5. Экология мен басқа ғылымдардың негіздерін біріктіріп оқытатын міндетті, арнайы және факультативті курстар жасау.

Экологиялық білім берудің құрамы ұстанымдары және бағыттарынан мынадай міндеттер туындайды.

• Экология ғылымының негізін құрайтын деректерді, ұғымдарды, заңдар мен заңдылықтарды, жетекші идеяларды игеру;

• Экологияға байланысты практикалық білімді, біліктерді және дағдыларды үйрену, оларды күнделікті өмірде табиғатты қорғауға қолдана білу, өзінің іс-әрөкетінің табиғатқа тигізетін әсерінің салдарын алдын-ала болжай білу;

• Табиғат және оның байлығы туралы құндылықтарды нақты білу, қадірлеу және қастерлеу;

• Табиғатты сақтау және қорғау туралы заңды және адамгершілік нормаларын, құқық пен міндетөрді білу және мүлтіксіз жүзеге асыру, немқұрайлыққа қарсы күресе білу;

• Айналадағы ортаны жақсарту іс-әрекетінің барлық түрлеріне белсене қатынасу, табиғатты қорғау қажеттігін насихаттау;

Экологиялық тәрбие беруді арнайы бір жүйе арқылы іске асыруға болады. Ол үшін жүйеге белгілі бір мазмұн, әдіс оқыту құралдаы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру формаларымен бірге жалпы педагогикалық ұстанымдары енгізу керек. Жүйеде әрбір элементтің мазмұны, әдісі, оқу құралы, оқыту формасының өзіндік қызметі, орны болуы тиіс. Бірақ олардың ішіндегі ең басты, шешуші элемент - оқылатын оқулықтың мазмұны. Қазіргі мектептерде экологиялық тәрбие беруге толық мүмкіндіктер болмай отыр. Бұл мәселеге төмендегідей фактілер қиыншылықтар келтіруде:

1. Оқу үрдісінде экологиялық тәрбие беру міндеттерін іске асыру үшін пән мұғалымдеріне қажетті ұсыныс, бағдарламалардың жеткіліксіздігі.

2. Арнайы әдістемелік нұсқаулардың болмауы.

3. Сабақтағы экологиялық материалдардың көпшілік жағдайы сыныптан және мектептен тыс жұмыстармен байланыстың жетімсіздігі.

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде өз туған өлкесінің табиғатын оқып үйренуінің өзіндік мәні бар. Экологиялық білім беру жүйесінде оқушыларды экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін мұғалімнің атқаратын рөлі ерекше.




3.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан

тыс орындалатын жұмыстар


Биологиядан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар, оқушылардың өз қалауы мен еркі, мұғалімнің жетекшілігімен, олардың танымдық қызықшылығын белсендіріп, анықтау және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту барысында жүргізілетін іс-шаралар мен оқытудың бір формасы болып табылады.

Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар арқылы, мұғалімнің шығармашылық мүмкіншіліктерімен бірге оқушылардың танымдық белсенділіктері анықталып, тәрбиелеу жұмыстары да жүзеге асады. Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушылардың жануарлармен, өсімдіктермен жұмыс жасауға қызығушылығы сабақ үстінде туындайды. Өте қызығатын оқушылар мұғалімнің тапсырмасынан бөлек, өз еріктерімен өте күрделі жұмыстарды да орындайды.

Пәнге қызығушылығы жоғары сынып оқушыларды мұғалім үйірме жұмыстарына біріктіреді. Үйірме жұмысының немесе топқа біріктірілген оқушылардың жұмысын мұғалім сабақ кезінде ғана емес, көпшілік іс-шараларда да пайдаланып, көпшілікке танымал етеді. /22/ Мысалы, кештерде, конференцияларда, көрмелерде т.б. іс-шараларда.

Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың барлық түрлерінің принципі - тәрбиелеп оқыту, жүйелі түрде дамыту.


Географиядан орындалатын сыныптан тыс жұмыстар.


І.Топпен орындалатын жұмыстар

Жас табиғатшылар үйірмесі.

ІІ.Көпшілікпен орындалатын жұмыстар

Табиғатта жасалатын таным-жорықтар мен топсеруендер, Ғылыми конференциялар мен кештер, оқушылардың жасаған жұмыстарының көрмесі. Журналдар, қабырға газеттерін шығару. Кампаниялар: сабан той, Бақ аптасы, құстар күні, Биология аптасы т.б.

ІІІ.Жөкеше

орындалатын жұмыстар



Тірі табиғат мүйісіндө орындалатын жұмыстар.

Оқу-тәжірибие учаскесінде орындалатын жұмыстар. Сыныптан тыс оқу. Ғылыми зерттеу жұмыстары.




ҚОРЫТЫНДЫ

Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам - адам болып туып адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар ролі зор, өйткені адамда табиғаттың бір мүшесі. Табиғат бөлшектері: жан-жануаралар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала, бәрі-бәрі адамдардың ойына-сана, денесіне - қуат, бойына - күш, өнеріне шабыт, көңіліне қанат бөреді.

Ерте замандардан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып келді. Табиғат байлығын тоздырмай, ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз да сондықтан.

Қазіргі кезде адам табиғат байлықтарын өз керегінше алып, пайдаға заратып қоймай, олардың табиғи түріне ірі-ірі өзгерістер енгізуде. Біздің көбіміз күнделікті тіршілікпен жүріп, өзіміздің айнала қоршаған ортаның күн санап жұтаң тартып, өзінің бірте-бірте табиғи кейпінен айырылып бара жатқанын байқаймыз.

Қазіргі таңда біздің ғаламшарымызды келешекте адам өмір сүруге жарайтын күйде сақтап қалудың негізгі бір-ақ жолы қалды. Ол - бүкіл халыққа экологиялық білім беру мен оларды табиғат қорғауға тәрбиелеу. Соның арқасында әрбір азамат өзі тұратын өлкенің өлі және тірі табиғатын ластап - улануына, қорының ысырап болып, шашылып - төгілуіне, көркемдігінің тапталуына саналы түрде іс жүзінде қарсы тұруға үлес қоса алады.

Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге табиғи тірек болып тұрған - болмыс, әлем, бар дүние. Адам баласы өмірінің, материалдық және рухани тіршілігінің бір-ақ табиғи тірегі бар. Ол - табиғат. Табиғатсыз адам жоқ. Онсыз адам жайлы сөз етуге болмайды.

Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен ластанып, уланбаған болуы тиіс.

Ғалымдардың зерттеу жұмыстары табиғат адам баласының барлық материалдық және рухани қажетін тек таза болса ғана, адам баласының қолымен ластанып - уланбағанда ғана атқара алатындығын көрсетіп отыр. өз қолымызбен ластанып уланған табиғатты өзіміз пайдалануымыз - біздің сорымз. Ол бізге жазылмас ауру, айықпас дерт әкеледі.

Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып-төгетін - адам, адам-құрайтын қоғам. Сондықтан қазір адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі - туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.

Қорыта айтқанда, туристік білім- оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше жүргізу икем дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мен мәселе көтеру дағдыларын дамытады.


ПАЙДАНЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Арбит А.Е. Луговьер Д.А. Фотография и киносьемка в

путешествий.-м., 1988ж.

2. Әлімқұлова Р. Өсімдіктану.-Алматы, 1995 ж.

3. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. -

Алматы, 2001ж.

4. Беркімбай 0., Муталиөв Ә. Жануарлар экологиясы.-Шымкент,

1999ж.

5. Биология, химия, география №2, 1998; №3, 6 1999; №2,5 2000ж.



6. Брем Альфред Птицы.-М.,1999ж.

7. Верзилин Н.М, Корсунская В.М. Общая методика преподавания

биологий.-М., 1983ж.

8. Вербе И.А., Голыцин С.М. Туризм в школе.-М. 2003ж.

9. Вуколов В.Н.Основы төхники и тактики активных видов туризма.-

Алматы, 1996 ж.

10. Грин Н, Стаут У. Биология в 3-хтомах-М.1990ж.

11. Гировка Н.Н. Туристско-рекреационные ресурсы Семиречья и

опасные экзогенные процессы. - Алматы, 1996 ж.

12. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. - Алматы, 1989 ж.

13. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика прөподавания.-

Алматы, 1998 ж.

14. Ердавлетов С.Р. Казахстан туристский.-Алматы, 1989 ж.

15. Кабушкин Н.И. Менеджменттуризма.-Мин

16. Ковшар А.Ф Мирптиц Казахстана.-Алматы, 1988 ж.

17. Қалиүлы Б. Өсімдік атаулары. Орысша-қазақша сөздік.-Алматы,

1993.

18. Қайым Қ. Жануартанудан танымдық ойындар.-Алматы, 1995ж.



19. Қайым Қ. Жануартану.-Алматы, 2001ж.

20. Қасымбекова Т Тіршіліктану.-Алматы, 1993ж.

21. Қуанышова С.Е. Өсімдіктану пәнінен табиғатта өткізілетін

танымжорықтар.-ОҚМУ, 2000ж.

22. Қуанышова С.Е. Халықтық педагогика элөменттерін биология

сабақтарында қолдану. -ОҚМУ, 2000ж.

23. Қуанышова. С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі.-ОҚМУ, 2003ж.

24. Остапенко В.А. Птицы и звөри в вашөм домө.-М.,1992ж.



25. Терещук В.А. Спутниктуриста.-Алматы,1997ж.

26. Шілдебаөв Ж.Б. Қызықты экология.-2000ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет