Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9



бет3/3
Дата23.10.2016
өлшемі0,64 Mb.
1   2   3

Қорытынды
Әдебиеттану пәнінің негізгі предметі – адам болғандықтан, оның сыртқы дүниемен байланысы, рухани-психологиялық табиғаты, адамгершілік сапасы және басқа да қасиеттерін бейнелеп көрсетудің сан ғасырлық тәжірибесі бар. Әйтсе де, қоғам алға жылжып, уақыт өзгерген сайын танымы қиын жаратылыс – адам турасында жаңа білімдер жинақталады, өзіндік жаңа көзқарастар туады.

Қоғамды жасақтаушы адам тұлғасын, оның ішкі дүниесін, ой әлемін, барша жұмбақты болмысын зерттеп қана қоймай, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына, рухани игіліктерді бойына жинақтауға ықпал ететінімен ерекшелетіні рас.

Адам – қоғамдық та, рухани да құбылыс. Қоғамның дамуындағы өзгерістер адам санасына ықпал етпей қоймайды. Сол себепті адамның қоғамдық қыры мен индивид ретіндегі жеке психологиясы бір-біріне тәуелді қарастырылады. Адамның жеке басында жүріп жататын мінездік ерекшеліктер, ішкі қайшылықтар өміріндегі кейбір оқиғалар автордың концепциясынан туындайды. Автор кейіпкер арқылы өзі мұрат еткен идеяны жеткізуге тырысады. Сондықтан да кейіпкер бойындағы авторға тән кейбір мінез-құлықтар осыған байланысты. Ол көбіне кейіпкерді ішкі түйсігі арқылы сезініп, бағалап, жүйелеп, типтендіріп алып сомдайды. Адам табиғатына уақыт ағымы мен қоғамдығы ірі өзгерістердің тигізетін ықпал-әсері айрықша. Осыдан авторға айналған кейіпкер қоғам аясында жеке тіршілік ете бастайды.

Жұмысымыздың негізгі арқауы ретінде қарастырылған жазушылар Т.Нұрмағамбетов, Т.Ахметжан, А.Алтай, Қ.Түменбай шығармаларында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады.

Әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы нәзік те сырлы әрі лиризм, психологиялық күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. Сонымен қатар, қазіргі әңгімелердің бір ерекшелігі кейіпкер саны екіден аса қоймайды, сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласатынын мысалдармен дәлелдедік. Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкендігіне көз жеткіздік. Адамның мінез – қырларын белгілі бір сәттердегі сезім – күйлерін тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалогтың ерекше тәсіл екендігіне мән бердік. Жұмысымыздың екінші тарауында:

Аталған қаламгерлер прозаларындағы кейіпкерлерінің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру ерекшеліктерін, сол сәтті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздерді пайдалану шеберлігін қарастырдық. Сонымен бірге көркем әдебиеттегі психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәсілдері, ішкі монолог, ой ағысының пейзаж, портрет, көзқарас мимикасы (ымдау) ишара түс көру т.б. бұлардың бәрі ішкі монологтың элементтері даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз қазіргі қазақ прозасынанда байқай аламыз. Аталмыш авторлардың повестері белгілі бір оқиғаға құрылмай ішкі ой арпалысымен жалғасып жататындығына мән береміз. Сондай-ақ, жазушы әңгіме - повестерінде түс көру тәсілін кейіпкердің ішкі жан әлеміне тереңдей еніп, оның ойлау жүйесінің ерекшелігін айқындайтын психологиялық бейнелеу құралы ретінде қолданатындығын мысал арқылы дәлелдеп отырдық.

Характерология жалпы психологияның бір тармағы болғандықтан, көркем көркем туындыдағы авторлық мінездемелердің орны бөлек. Әдебиет сабағында осы мәселеге арнайы көңіл аудару қажет, - дейді ғалым Б.Майтанов. ( 13. 8 )

Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жинытығы. Авторлық мінездеме дегеніміз біздің түсінуімізше автордың төл шығармасында орын алған кейіпкерлерге берген анықтамасы. Мінез жоқ жерде, Л.И.Тимофеевше айтсақ, ақиқатты «адамдандыру» мүмкін емес. Ал біз әдебиетте ақиқат шындықты тек адамдар арқылы ғана танитынымыз белгілі. Сондықтан өз шығармасында «өндірістік процестерді суреттеудің тасасынан болар – болмас бұлдырап көрінетін кері ауызданған мәнекендер», емес толық қанды көркем обрыздар жасағысы келген суреткер бар шеберлігін өмір шындығын жинақтаумен қатар адам мінезін даралауға жұмсайды. Суреткер үшін керемет қиын нәрсе «адамның жаны мен жүрегіндегі көзге ілінбес көп иірімдерді» (Гоголь) табу, тану және жазу. Сезімнің тілі – бір түрлі, тілсіз тіл. Сол тілсіз сезімге тіл бітіргендей, қағаз бетін адамның ішкі күйінің суретіне, құбылысына, қимылына айналдыру - суреткерден қаншылық нәзіктікті, шеберлікті қажет ететіні түсінікті болуға тиіс.

А.Г. Цейтлиннің зерттеуне қарағанда, адамның мінезін – сезім «иірімдерін» суреттеу – Жорж Сандтың қолынан келмеген нәрсе де, Писемскийдің ең осал жері. Пушкин Вольтерді «алпыс жыл жазса адамында жібі түзу мінез жоқ, оңды – солды лепірген құр сөз ғана бар» деп ажуалаған. Бұл да тегін емес. Ал Лев Толстой үшін «ең басты нәрсе – адамның жан тіршілігі». Сондықтан ол «Соғыс пен бейбітшілікті» жазу үстінде эпопея қаһармандарының әрқайсысына алдын ала жан – жақты «мінездеме» жазып, әр алуан «психологиялық паспорт» толтырып отырған. Қызық жері - әр кейіпкердің мінез – құлқындағы алты түрлі (дәулет, қоғамдық, махаббат, ақындық, парасат және семьялық) ерекшелікке баса назар аударған. Мінездеу, жагама мінездеу, адамға тән күйініш, сүйініш сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог) немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру – осылардың бәрі жеке – жеке тұрған, біріне – бірінің қатысы жоқ дара мақсатты (самоцель) нәрселер емес. Керісінше, бірін – бірі толықтырып, бірінен – бірі туып, біріне – бірі жалғасып жатқан дүниелер.. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасында жасай алмаған болар еді. Бұл – академик, ғалым Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабында берілген анықтама. ( 1. 95 )

Жазушы өз геройының қимылын жеке – дара алмай, оның сөйлеген сөзімен ұштастыра суреттеп, оған өзінің авторлық көзқарасын (эстетикалық бағасын) білдіріп еді, бұл геройдың кім екенін, қандай мінез – құлықтың адамы екенін, қандай мінез құлықтың адамы екенін тасқа таңбалағандай білдік те алдық.

Қысқасы, әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз – ақ, жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінгшен жөн. Әйтпесе, портретте – самоцель емес. Оқырман өзі оқыған белгілі бір көркем шығармадағы геройлардың мінезін біліп, сөзін ести тұра сырт пішінін, кескін кейпін де көргісі келеді. Портрет тәсілі осыдан туған. Портрет дегенде біздің көз алдымызға кескін өнеріндегі (живописьтегі) портрет елестейді. Бұл – кескін өнеріндегі портрет. Бұл портреттің ерекшелігі - өзгермейтіні, қозғалмайтыны, қашан көрсек те бір қалыпта ғана тұратыны белгілі. Ал сөз өнеріндегі портрет бұлай емес, ол – бір қалыпта қатып тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. (1. 110 )

Біө бүгінгі бітіру жұмысымызда қазіргі қазақ әңгіме-повестерін, оның бүгінгі хал-ахуалын, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік проблемаларын сөз еттік. Бүгінгі қазақ шағын прозасында жаңалықтар баршылық, ол өмір жаңалықтарына жедел ілесуімен, оның бір қырын көрстсе де, бірегей көрсетуімен, басқаша айтсақ, көркемдік-идеялық деңгейінің өсуімен көзге түседі. Түйіндей айтқанда, қазақ прозасы - өсу, толысу, даму үстіндегі жанр. сөз еттік.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Қазақ университеті, 1992 -350 бет.

  2. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы: Санат, 1996 -333 бет.

  3. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – А: жазушы, 1991.

  4. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – М: Просвещение, 1971.

  5. Майтанов Б. Суреттеу мен мінездеу. – А: Жазушы, 1991

  6. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. Алматы: Алаш, 2003 – 327 бет.

  7. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – А: Жазушы, 1987. – 232б.

  8. Ержанова Г. Қазіргі қазақ әңгімесі. Фил. ғылым. канд. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Алматы, 1999 - 125 бет.

  9. Қабдолов З. Жанр сыры. —Алматы: Жалын, 1964 - 214 бет.

  10. Әдебиеттану терминдер сөздігі. —Алматы: Ана тілі, 1998. – 321 бет.

  11. Омаров Т. Әдебиет жайлы ойлар. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. —352 бет.

  12. Ахметжан Т. О дүниенің қонағы. – Астана: елорда, 2001.

  13. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. —Алматы: Рауан, 1994. —224 бет.

  14. Гинзбург Л. О психологической прозе. – Москва: худож литература, 1977.

  15. Асылбекұлы С. Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы. Филология филология ғылымдарының кандидатығылыми атағын алу үшін дайындаған диссертация. —Алматы, 1997. 120 бет.

  16. Алтай Асқар. Қызыл бөлтірік. – Алматы: Жазушы, 1996.

  17. Пірәлиева А. Ішкі монолог. - Алматы: 1995 – 170 бет.

  18. Сөзстан. 5- кітап. Алматы: Жалын, 1984, 220 бет.

  19. Нұрмағамбетов Т. Тұнық су. - Алматы: Жазушы, 1991.

  20. Керейқұлов Қ . Теңізге түскен желқайық. – А: жазушы, 1991.

  21. Аязбеков Ж. Рух дерті // Қазақ әдебиеті. 07.04.2006.

  22. Түменбай Қуандық. Көз . – А: Зерде, 1999.


Қосымша әдебиеттер:


  1. Борев Ю. Художественные направления в искуссстве ХХ века. Киев, 1986 131 стр.

  2. Храпченко М. Мировозрение и творчество (Проблемы теории литературы. Москва., 1958.

  3. Бехер И. О литературе и искусстве. Москва: МГУ, 1981, 200стр.

  4. Борев Ю. Эстетика. Москва: Сов.Росс., 1981, 318стр.

  5. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. Алматы: Жазушы, 1982, 265б.

  6. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе. Алматы: Ана тілі, 1991, 198б.

  7. Серғалиев М. Сөз сарасы. Алматы: Мектеп, 1989, 274б.

  8. Храпченко М. Горизонты художественного образа. Москва: 1982, 324стр.

  9. Гинзбург Л. О психологической прозе. Москва: Худлит. 1977, 433стр.

  10. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. Алматы: Қазақ университеті, 2001, 200б.

  11. Исмакова А. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль. Алматы: Ғылым, 1998, 398б.

  12. Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. Алматы: Жалын, 1970, 244б.

13. Әдібаев Х. Талант, талғам, тағдыр. Алматы: Жазушы, 1971. 256 бет.

14. Щепилова Л. Введение в литературоведение. Москва: Сов. Писатель, 1968 – 280 стр.

15. Гей Н. Время и пространство в структуре произведения. Москва: Наука, 1975 – 232 стр.

16. Жұмағалиев З. Шындық және көркем әдебиет. Қарағанды, ҚарМу, 1993 -215 бет.

17..Борев Ю. Методология анализа литературного произведения. Москва: Наука, 1988 -348 стр.


  1. Балтабаева Г. Қазіргі қазақ әңгімесі (1980-1990). Филология ғылымдарының кандидаттығын ғылыми дәрежесі алу үшін дайындалған диссертация. —Алматы, 1999 – 121 бет.

19. Ахметжан Т. Тұма. Астана: Фолиант, 2004 – 124 бет.

20..Нағыметов А. Қазіргі повесть және көркемдік ізденіс. —Алматы, 1961 – 142 бет.



21..Әбдезұлы Қ. Жазушы жєне заман шындығы. —Алматы: Қазақ университеті, 2003. —185 бет.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі
2013 -> 1. 2 "Айқап" журналы және "Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу