Мазмұны кіріспе 3 i-тарау



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,71 Mb.
#5169
1   2   3

1. Қызығушылығын ояту.

2. Мағынаны түсіну.

3. Ой толғау.

Венн диаграммалары арқылы оқушының оқуға деген қызығушылығының арта түсетінін байқаймыз. Осының дәлелі ретінде «Ғажайып бақ» ертегісін түсіндіргім келеді.

Әкеден ұл тумай ма,

Әке жолын қумай ма.

Асан мен Қасеннің сөзге тоқтап үлкен қарияның кіші шәкіртінің даналық айтқан ақылына бас иіп, осы ақылы жөн екен-ау деп тоқтағанының өзі үлкен көрегенділікке, көпшіл екенін аңғартады.

Сабақтың мақсаты:

1. Балаларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу, арам пиғылдан, іштарлықтан бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу. Өз бетінше жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.

2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.

3. Туған жерін, табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, буклет, плакат, нақыл сөз, кеспе қағазы, венн диаграммасы, суреттер.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңаша білім беру.

Сабақтың өткізілу әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, кеспе қағазбен жұмыс, кітаппен жұмыс, дәптермен жұмыс.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Құлтума мен Асаубай, Сүйінбай мен Тәттіқыздың айтысын мәнерлеп жаттап келу екенін еске түсіреміз. Осы кезде сергіту сәтін айтамыз.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтгі күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй...!

Осыдан барып тақтаға жұп-жұптарымен шығып айтысты нақышына келтіріп мәнерлеп айтқыздым.

Үй тапсырмасын қортындылай отырып, айтыс туралы түсінік бердім. Сұрақ - жауап әдісі.



3. Жаңа сабақ.

Халық адамгершілік пен әділетті, ақылдықпен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгіме ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жамандық қатар көрсетіледі.

«Ғажайып бақ» ертегісінің оқиға желісі қызықты. Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасен қарапайым еңбек адамдары.Мәтінді түсіндіру.

а) Қызығушылықты оята отырып ой қозғау. Мәтінді бөлімге бөлеміз.

1-бөлім. Қасеннің жұтқа ұшырауы.

2-бөлім. Асанның достық көмегі.

3-бөлім. Алтын салынған қара қазан.

4-бөлім. Кедейлердің қарияға жүгінуі.

5-бөлім. Қарияның шешімі.

6-бөлім. Жас жігіттің рақымдылығы.

7-бөлім. Халықтың рақатқа кенелуі.

Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасенге адал, еңбекқор, достыққа берік деп, ал қарияға әділ шешім айта алатын шыншыл деп, ал қарияның үшінші шәкіртіне ақылды, қайырымды, елін сүйген -ер деп мінездеме беру арқылы түсіндіреміз. Ертегіде суреттелетін ғажайьш бақ көрінісін оқушылар жас шыбықтар көктеп өсіп, жапырағы жайнаған үлкен ағаш, жұпар иісі, қызыл нарттай алмалар, пісіп тұрған жүзім, бал татыған өрік, жарқыраған өзен, көкорай шалғын, арықтардың суы сылдырап, құстар бұлбұлша сайрайды деп түсінеді.

б) Кітаппен жұмыс жүргізу.

Мәтінді оқу арқылы сұрақтарға жауап беру.

в) Қиын сөздерге талдау жасау. Шегендеу-қалау, жинау. Кіріптарлық-жоқшылық, қиыншылық

Ширегіне келмеді-теңесе алмады.



4. Түртіп алу белгісімен жұмыс жүргізу.

V - білемін

+ - жаңалық

? - түсіндіріңіз, зерттеймін.



5. Ой толғаныс. Венн диаграммасы ойыны.

3 оқушы шығып жеміс ағаштары, жемісі жоқ ағаштарын жазу. Сосын екеуінің ортақ қасиетін жазу.

Жеміс ағаштар

Жемісі жоқ ағаштар



Басты кейіпкер Асан мен Қасенге мінездеме беру


Жаңа тақырыпқа 4 шумақ өлең.

Мөлдір: Атамның ән-күйі ғажайьш,

Әжемнің әлдиі ғажайып.

Анамның мерейі ғажайьш,

Әкемнің пейілі ғажайып.

Шерхан: Әпкемнің ақылы ғажайьш,

Інімнің ниеті ғажайып.

Ағамның нақылы ғажайып,

Сіңлімнің ізеті ғажайып.

Жансая: Бөпемнің күлгені ғажайып,

Бәрінде білгенім ғажайып.

Бөлмеген іргені ғажайьш,

Үлгі алып жүргенім ғажайып.

Баһадүр: Осындай жақсы әдет ғажайьш.

Қалмасьн ешқашан азайып.

6. Қорытындылау.

Сабақты қорытындылай отырып, оқушылармен жеке-жеке кеспе қағазын беріп, жұмыс жүргіздім. Бүл жерде ертегідегі басты кейіпкер Асан мен Қасенге мінездеме беру.

Оқушылар өте қызықты етіп мінездеме берді.

7. Оқушыны бағалау.

Оқушылар өз дәрежесінде марапаттальш бағалаңды.



8. Үй тапсырмасы. Ғажайып бақ ертегісін түсініп оқып келу. Еңбек тақырыбына байланысты мақал-мәтел жаттап келу.

Екінші бөлім «Кім шапшаң?» деп аталады. Ертегіден үзінді үнтаспадан оқылады. Шарты - ертегінің атын табу және жалғастырып айту.

Үшінші бөлімді «Кім ойшыл?» деп атауға болады. Кез-келген ертегіден үзінді оқылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.

Сонымен, қазіргі заманғы мектептің мақсаты - оқушының тек қана «ең таяу даму аймағына» қол жеткізуін камтамасыз ету және оның ой-өрісін дамыту ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретіндегі жан-жақты дамуын және бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау екендігін баса, айтады.Осы тұрғыда жазылған 4-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығы мазмұны және құрылымы жағынан да жаңартылды. Бұл сыныптағы оқушылардың назары көркем шығарманың сөз туындысы екеніне аударады. Көркем шығармада сан алуан кұбылыстар сөз арқылы өріліп, сөз аркылы бейнеленеді.,

Ертегі - бұл бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің отын маздататын самал жел. Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі - ойдан ертегі қүрастыру. Балалар ертегіні тек тыңдауды ғана жақсы көрмейді, олар өздері де ойлап шығарады. Ертегі шығару — мұғалім үшін балалармен рухани қарым-қатынас жасау болса, ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы болады. Олар ертегіге құмартады. Белгісіз, түсініксіз нәрсе. әсіресе ғажайып, фантастикалық нәрсенің бәрі баланы қызықтырып, өзіне тартады. Сондықтан балаларды өздерінің байқағандарынан ертегілер ойлап шығаруға үйрету керек.

Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін, осыған ұқсас ертек құрастырып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар армандауға, қиялдауға жетелейді. Өз ертегісін көрген бала қуанышты басынан кешеді. Айтылған ертегілердің суретін салу оқушылардың көз алдына ертегінің кейіпкерлерін елестетуге, ойында ұзақ сақтауға көмектеседі.

Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуте және қайратгы істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатында «Ертегілер еліне саяхат» сабағын өткізуге болады. Сондай-ақ «Ертегіні кім көп біледі?» сайыс сабағын ұйымдастыруға да болады. Сайысты бірнеше бөлімнен тұратын етіп, біріші бөлімді «Кім тапқыр?» деп атау керек. Ертегіден үзінді бойынша сахналық қойылым көрсетіліп, көрген ертектің атын, қай халық ертегісі екенін айтуы керек.



Қорытынды

Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, кайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажст:

1. Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде қайғырып, бірде қуанып, қиял көгіне көтеріледі, көңілденеді, қиялдау оларды армандауға үйретеді.

2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде де ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын белгілерді көрсетсе де анық түсінікті болып келеді.

3. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп, қысқаша айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.

4. Ертегі оқушыларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал 4- сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.

5. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.

6. Кейбір ертегілерді пъесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады

7. Ертегінің композициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету жұмыстары да үнемі іске асырылып отырғаны жөн.

8. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады .

Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда ертегілердің рөлі ерекше.



Ертегілерді меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды:

- Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуын;

- Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіре оқуға, интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына;

- Мәтінді мәнерлеп оқуға;

- Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауына;

- Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына;



- Балалардың түсініктерін мейлінше көркем тілмен өз сөздерімен айтып беруіне баса көңіл бөлу керек.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Аникин В.П. Фольклор как коллективное творчество народа. ─ М., 1969

  2. СоколовЮ. М. Значение фольклора и фольклористики (в конструктивный период). ─ М.,

  3. Радлов В. Алтын сандық. ─ Алматы, 1993. [15 б].

  4. Диваев Ә. Тарту. ─ Алматы,1992.[17-18б].

  5. Райымова Қ. Ертегінің тәрбиелік мәні. ─ // Бастауыш мектеп. ─ 1998. ─№4. ─ б. 20-21.

  6. Жұмабаев М. Педагогика. ─ Алматы, 1994

  7. Алпысбаев Т. Қазақ халық әдебиеті. Т.З; Ертегілер. ─ Алматы: Жазушы» 1975ж. 135-1846.

  8. Айдашаев А. Қазақ халық әдебиеті. Ертегілер. ─ Алматы: «Жазушы» 1979ж. 112-1466.

  9. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. ─Алматы: «Мектеп», 1983ж., 145-2016.

  10. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. ─ Алматы: Мектеп,1991ж. 3-376.

  11. Сабыров Т. С. Оқыту теориясының негіздері. ─ Алматы, 1993. ─ 64-бет.

  12. Әбдірасылова А.Ә. Әр түрді жанрдағы мәтіндерді оқыту. ─ Астана,2003. [18-21]

  13. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ─ Астана,2003. [60-61].

  14. Әуелбаев Ш., Ә.Наурызбаева, Р.Ізғыттынов, С.Тәжімбетова. Ана тілін оқыту әдістемесі. ─ Алматы,1998.

  15. Лесбаева С. Әдістемелік жұмыстарының жетістіктерінің диагностикасы. ─ //Мектеп. ─ 2006, №2. ─ б. 34-36.

  16. Егенова А. Ертегіні әңгімелеп беру немесе мәнерлеп оқу. ─ //Қазақстан мектебі. ─2004. ─ №5. ─ б. 13-15.

  17. Шәріпова Ж. Ана тілі сабағында ертегілерді оқыту. ─ //Қазақстан мектебі. ─2003. ─№2. ─ б. 20-21.

  18. Қазақ ертегілері: Аңыз, тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, хаиуанаттар туралы ертегілер. Алматы «Балауса» 2004ж. 27-346.

  19. Қалиев С. Халық ертегілері. ─ // Тәрбие құралы. ─ 2005. ─ №11. 3-76.

  20. Қалқабаева М. Балалар әдебиеті-тәрбие құралы. ─ Алматы: «Мектеп» 1976ж. 68-1016.

  21. Мұқанов С. Халық мұрасы. ─ Алматы: «Мектеп», 1980ж. 122-126 б.

  22. Сүйіншәлиев X. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. ─ Алматы: «Мектеп», 1967ж. 11-186.

  23. Тойшыбаев С., Дайрабаев Ғ. және Қожакеев Т. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту. ─ Алматы: «Мектеп», 1980ж. 80-886.

  24. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері. ─ Алматы: «Ғылым», 1979ж. 12-376

  25. Сайлыбаева Ж. Ауыз әдебиеті үлгі арқылы баланың тіл байлығын дамыту. ─ 2004. ─ №5. ─ 25-26 бет.'

  26. Бартаева О. Бастауыш сыныпта ертегілерді оқыту. // Бастауыш мектеп, 2004. № 11. ─ 18-20 бет.

23. Р. Берекенова «Ауыз әдебиетінің ғажап үлгілерінің бірі- ертегілер». // Ұлағат. ─ 2004. ─ №2 47-49 бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет