Мазмұны кіріспе 6 1 электрондық ОҚулықтарды пайдалану 8



бет6/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,27 Mb.
#36462
1   2   3   4   5   6   7   8

Бұл Form11 форманың үстіне PageControl1 компонентін VCL библиотеканың WIN32 бетінен алып қоямыз. Одан кейін PageControl1 компоненттті белгілеп қойып, тышқанның оң кнопкасына басып NewPage командасымен жаңа парақтарды қосып аламыз. Әр қосылған парақ TabSheet1, TabSheet2, . . . болып келеді. Олардың әр қайсысын жеке белгілеп, Caption қасиет арқылы тақырыптарды жазамыз Мысал1, Мысал2, .... 14 суретте көрсетіліп түрған мысалды құру үшін Мысал1 – бетін белгілеп, бұл беттің үстіне Label, RichEdit, Image және Button компоненттерін қоямыз. Программа жұмыс істеп тұрған кезде RichEdit редактордың ішіне мысалдың программасың шығару үшін TabSheet1 –нің onShow оқиғасына мына командаларды жазамыз:

procedure TForm11.TabSheet1Show(Sender: TObject);

begin

RichEdit1.Visible:=true;



RichEdit1.Lines.Clear;

RichEdit1.Lines.LoadFromFile('C:\Dip_Ci\Progr\Разветв\Ex1_if.rtf');

end;

TabSheet2 және TabSheet3 үшін дәл осы сияқты командаларын жазамыз, тек соңғы командаға басқа файлдардың аттары қойылады. Label компонентіне есептің мазмұны жазылады. Бірақ бұл компонент арқылы формуланы көрсету мүмкін емес. Сондықтан, формула суретін MS Paint программасында дайындап алып, Image компонент арқылы экранға шығарамыз. “Программаны орындауға жіберу” батырмасын шертіп, 15-ші суреттегідей терезені ашып аламыз. Бұл батырманың программалық модуліндегі командалары мұндай болады:



procedure TForm11.Button1Click(Sender: TObject);

begin


winexec('C:\Dip_Ci\Progr\Разветв\Ex\Ex1_if.exe',1);

end;


15 сурет. Мысал программасы орындалып жатыр


Электрондық оқулық мазмұнының келесі батырмасы – “Циклдер”. Бұл батырманың программалық коды келесі:

procedure TForm8.Button1Click(Sender: TObject);

begin

Form13.ShowModal;



end;

Программа жұмыс істеп тұрған кезде “Циклдер” батырмасын шертіп, 16 суреттегідей терезені ашып аламыз. Бұл терезенің Form8 формасының үстіне WebBrowser, GroupBox, 5 RadioButton және 2 Button компоненттері оқойылған. Олардың орналасуы 16 суретте көрсетіліп тұр. Керек RadioButton батырманы шертіп “Қайталау операторлар” тақырыбының керек бөлімін WebBrowser терезесіне көрсетуге болады.



16 сурет. Қайталау операторлар терезесі

Мысалы,

procedure TForm8.RadioButton2Click(Sender: TObject);

begin

WebBrowser1.Navigate('C:\Dip_Ci\Progr\Циклы\2_3_2.doc');



end;

командаларды RadioButton2 батырмаға жазып, программа жұмыс істеп тұрған кезде осы батырманы шертіп, 16 суретте көрсетілген файлды экранға шығарамыз.

“Мысалдар” батырманың программалық модульге жазылған командалары келесі:

procedure TForm8.Button1Click(Sender: TObject);

begin

Form13.ShowModal;



end;
“Шығу” батырманың программалық модуліне мынадай командалар жазылады:

procedure TForm8.Button2Click(Sender: TObject);

begin

WebBrowser1.Stop;



Close;

end;
Бұл жерде WebBrowser1.Stop; команда арқылы WebBrowser1 өзінің жұмысын тоқтатады, ал Close; команда терезені жауып қояды.

“Мысалдар” батырманы шерткен кезде 17 суретте көрсетіліп тұрған терезе ашылады. Бүл терезеге программада Form формасы сәйкес келеді. Бұл форманың үстіне екі компонент қойылған, олар – PageControl және Button компоненттер. “Мысалдар” терезенің ішінде төрт мысалдар көрсетілген – 3 мысал бір есептің шешуінің 3 жолын көрсетеді. Бір есеп 3 әртүрлі қайталау операторлар арқылы шешілген, олар – параметрі бар цикл for операторы (17 сурет), шарт денесінің while операторы, шарт денесінің do…while операторы. Ал төртінші мысалда факториалды есептейтін программа көрсетілген. Есетердің программаларын алдымен тексттік редакторында дайындап аламыз. Оларды *.rtf форматында төрт файлға сақтап қоямыз. Әр мысалдың программасын Turbo C программалау ортасында компиляциядан өткізіп алып, олардың *.exe файлдарын дайындап аламыз.

PageControl компонентті белгілеп қойып, тышқанның оң жақтағы батырмасын басып, контекстті менюін ашамыз. Сол менюдің NewPage командасын таңдап алып, PageControl-ға төрт бетті қосып аламыз. Олардың тақырыптарын Мысал1, Мысал2, Мысал3 және Мысал4 деп жазамыз. Бұларды PageControl беттердің ярлыктері деп айтамыз. Сол ярлыктерін үстінен шертіп, керек бетті таңдап алуға болады. 17 суретте Мысал1 парағы көрсетіліп тұр. Бұл бетті құру үшін осы парақтың үстіне 2 Label, 1 RichEdit, 1 Image, GroupBox, 2 RadioButton және Button компоненттері VCL кітапханасынан әкеліп қойылған.



17 сурет. Қайталау операторлар мысалдарының 1 мысал терезесі


Бұл бетте орналасқан компоненттеріне қандай өзгеріс беріліп және қандай командалар жазылатыны жоғарыда көрсетілген мысалдардан түсінікті.

18 сурет. Мысалдың блок-схемасын көрсету

Бұл беттің – өзгешілігі RadioButton батырмаларын ауыстырып басып, есептің программасы мен блок-схемасын ауыстырып көрсетуге болады. Бірінші RadioButton батырмаға жазылған командалар:

procedure TForm13.RadioButton1Click(Sender: TObject);

begin

Image1.Visible:=RadioButton1.Checked;



RichEdit1.Visible:=RadioButton2.Checked;

end;


Екінші RadioButton батырмаға жазылған командалар:

procedure TForm13.RadioButton2Click(Sender: TObject);

begin

Image1.Visible:=RadioButton1.Checked;



RichEdit1.Visible:=RadioButton2.Checked;

end;


Бұл командалардың жұмыс істеуі түсінікті болу үшін RadioGroup, GroupBox және RadioButton компоненттер қасиеттеріне тоқтап шығайық. Радиобатырмалар өз ара байланысқан индикаторлар тобын құрады. Әдетте олардың арасынан тек қана біреуін таңдап алуға болады. Оларды бір бірімен қосылып тұрамайтын альтернативалардың біреуін пайдаланышуға таңдау қажет болған жағдайда қолданадады.

Алдымен Radiogroup компонентін қарайық. Ол - радиобатырмалар тобының панелі. Бұл панельде тек қана қатарлар немесе бағаналар бойынша радиобатырмалар тұру мүмкін. Бұл панельдің сол жақтағы жоғарғы бұрышындағы жазуын Caption қасиет арқылы береді. Ал батырмалардың жазбалары мен олардың саны Items қасиет арқылы анықталады. Бұл қасиеттің түрі Tstrings болады. Object Inspector терезеде осы қасиеттің жанындағы көпнүктелікті шертіп мәтін жолдарының редакторының ішіне кіреміз. Бұл редактор RichEdit компоненттің редактор терезесіне ұқсас. Бұл редактордың ішіне радиобатырмалардың жанында бір қатардан тұратын жазуларды енгізу керек. Қаншама қатарлар жазылатын болса, соншама радиобатырмалар шығады. Мысалы Items қасиеттің ішіне былай жазылатын болса:

Мысал 1

Мысал 2


Мысал 3

Мысал 4


Бір бағанада тұратын 4 радиобатырмалар пайда болады. Columns қасиетіне белгілі мән беріп, оларды бірнеше бағаналарға жазуға болады (бағаналардың саны 17 аспайтын болу керек). Үнсіз бойынша бағаналар саны Columns = 1, яғни батырмалар бір бірінің астында орналасады.

Пайдаланушы батырманың қайсысын таңдағанын ItemIndex қасиет арқылы білуге болады. Delphi –де индекстер, әдеттегідей, 0-ден басталады.

Radiogroup компоненті қанша да ыңғайлы болса да оның кейбір кемшіліктері бар. Мысалы, радиобатырмалардың жанындағы жазулардың ұзындығы әртүрлі болса, немесе бағаналарда батырмалардың саны әртүрлі болса, онда Radiogroup компонентінің орнына GroupBox панель арқылы жинақталған RadioButton компоненттері қолайлы болады. Сол жақтағы жоғарғы бұрыштағы жазу Caption қасиетімен анықталады. - өз бетінше – бос. Бұл компонент басқа басқару компоненттер, мысалы RadioButton компоненттер үшін, контейнер қызметін атқарады. Жеке RadioButton батырманың еш қандай маңызы жоқ. Бірлесіп әрекет қылғанда ғана RadioButton батырмалардың мағынасы болады. Бұл топты біріктіріп тұратын GroupBox панелі.

Енді RadioButton батырманың қасиеттерін қарастырайық. Caption қасиетімен батырманың жанында көрсетіліен жазу анықталады. Alignment –бұл қасиет жазу батырманың қай жағынан шығатынын белгілейді – taLeftJustify – сол жағынан, taLeftJustify - оң жағынан (үнсіз бойынша беріледі). Checked - бұл қасиет пайдаланушы батырманы таңдағанын анықтайды. Егер батырманы басқалардың арасынан таңдап алу қажет болса, онда оның Checked қасиетін true-ға тұрғызып қою керек. Батырмалардың біреуі ақ таңдап алынатын себебінен, олардың тек қана біреуінің Checked қасиеті true-ға тең болу мүмкін. GroupBox панелінде орналастырылған RadioButton батырмалар еркін тұрады. Негізінде бұл батырмаларды кез келген контейнердің ішіне, мысалы, форманың үстіне, қоюға болады. Форманың үстіне орналастырып қойылған батырмалар бір топ болып жұымс істейді, яғни олардың тек біреуінің Checked қасиетін true-ға апарып қоюға болады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет