Ай фазасы
Ай пішіндерінің өзгеруі. Қалыпты жағдайда аспан әлемінде байқалатын ай тұрақсыз күйде болады. Ол, біресе шар тәріздес домалақ күйде жарқырайды, біресе орақ тәріздес күйде кішірейебастайды, біресе аспан денесінен мүлдем жойылып кетіп, кейінірек орақ тәріздес күйде өсуші пішінге айналып отырады.
Мұндай барлығына белгілі ай пішіндерінің өзгеріске ұшырауы, ай фазаларының ауысымы деп аталады.
Ай фазалары-жер бетінен байқалатын, күн сәулелерінің бағыттарының өзгеруінен, айдың көрінетін бөлігінің әр түрлі пішіні. Ай түрінің өзгеруі оның Жерге және өзіне жарық түсіретін Күнге қатысты әр түрлі қалыпта орналасуы.
Айды бақылағанда әртүрлі көруіне байланысты 7 фаза, көрінбей тұрғандағысын қосса 8 фазаны ажыратады.Олар:Жаңа ай,Толысқан жарты ай, Бірінші тоқсан, Толысқан дөңес ай, Толық ай, Дөңес ай, Үшінші тоқсан, Кішірейіп жатқан фазалар Айдың Күнге қатысты тәуелдігіне байланысты анықталатындықтан, қолдануға маңызды ретінде 4 фаза қарастырылады. Олар: жаңа ай, толған ай, өсуші ай, кемуші ай.
Сонымен солтүстік жарты шарда ай фазаларын бір-бірінен ажырату үшін, төменгі ережені қолдануға болады. Өсуші ай мен кемуші айды ажырату үшін, егер ай орақ сияқты «С» әріпі болып көрінсе, онда ол кемуші ай, ал «Ɔ» кері аударса, немесе көзбен, ойша бір сызық сызғанда «Р» әрібі болып көрінсе, онда ол өсуші ай болады.
Жалпы өсуші айды кешке, ал кемуші айды ертеңгісін бақылайды.
Ай фазасын көру үшін мынадай қарапайым тәжірибе жасадым. Ол үшін шарды ұрлеп, бөлменін шамын өшіріп, фонарикатің көмегімен, бұл жерде фонар Күннің рольінде, шарға қарап, әртүрлі фазаларды көріп, бақыладым.
Достарыңызбен бөлісу: |